Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет44/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

Барлығына ойындағысын айту мүмкіндігін беріңіз. Егер 
бала белгілі бір ереженің жасалуына қатысса, сол ереже 
бұзылмауын қамтамасыз етуге тырысады. Бірақ, егер 
ереже оған жоғарыдан күштеп міндеттелсе, ол оны 
бәрібір бұзуға тырысатыны әбден мүмкін. Жаңа ереже-
лерді отбасы ішінде пысықтаңыз. Егер ережеге сәйкес 
«төбелесуге болмаса», оны бұзғаны үшін тәртіптік жаза 
ретінде уақытша ойынды тоқтату қолданылуы тиіс. Бұл – 
өте тиімді тәсіл. Балалар төбелесе бастағанда ата-анасы: 
«Бұл үйде төбелесуге болмайды. Сен мұнда, ал сен ана 
жерге отыр». Орындықтар қабырғаға тақалып, балалар 
бірін-бірі көре алмайтындай қойылуы керек. Бес минут 
күтіп, балалармен төбелес туралы сөйлесіңіз. Осы уақыт 
өткенше олар сабырға келген болар – төбелеске қисынды 
баламалар жайын талқылаудың ең қолайлы сәті де осы.
СЕЗІМДЕР 
Балалар бір-біріне қатысты өз сезімдерінен қорықпай, 
кейде ұрсысып қалуы мүмкін екенін, мұның қалыпты 
жағдай екенін түсінуі үшін олармен осы туралы сөй-
лесіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шақтағы 
уайым-қайғыларыңыз, бауырларыңызбен ұрыс-кері-
стеріңіз жайлы айтып беруге болады. Егер сіз отбасында 
жалғыз бала болсаңыз, бөле-жиендеріңізбен араласқан 
шығарсыз немесе үнемі бауырыңыз болғанын арман-
даған шығарсыз. Балаларға олардың бірге сүріп жатқан 
өмірлерінің ұнамды жақтарын көрсетіңіз, кейде оларға 
ортақ тапсырмалар беріңіз, олардың әрқайсына бір-
дей қарауға тырысыңыз. Балалар бір жынысты болса, 
әрқайсысының өзіне ұнайтын ермек ісі (хобби), дарыны 
немесе әуестігі болғаны дұрыс, сонда олар бір-бірімен аз 
жарысатын болады.
175
БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
25


Көп мәселелер ата-ана мінез-құлқына байланысты. 
Әсіресе, балаларға бірін-бірі жамандауға рұқсат бермеу керек. 
Ол үшін: 
а)  бауырларды тікелей байланысты қолдануға үйретіңіз, яғни, 
қызғанышын ата-анасына, жанама түрде емес, бір-біріне, 
сөзбен, ашық жеткізсін: «Менімен төбелескенің маған 
мүлдем ұнамайды...», «Сен менің заттарымды алғанда мен 
ренжимін...» Мұндай мәлімдемелер балаларға бірін-бірі 
«қағытпай», жаңа, сауатты тілдесу жолдарын іздеуге итер-
мелейді;
б)  балалардың бөлмеден шығып, шыққан дауды өз арасында 
шешуін өтініңіз.
Балаларыңыз әртүрлі және әрқайсысы өзінше жақсы 
екенін қабылдауға тырысыңыз. Сондықтан, оларды 
бірін-бірі елжіреп жақсы көруге, әрдайым бірге болуға 
және үнемі бірлесіп әрекет етуге мәжбүрлемеңіз. Мін-
деттелген махаббат ұзақ және шынайы бола бермейді. 
Сіздің тарапыңыздан ешбір қысым көрсетусіз бірге болу 
оларға қызықты болатын да уақыт келер. Сонда олар 
өздерін туыс емес, дос екенін сезінуі, бәсекелестікті 
ынтымақтастыққа алмастыруы және осы баға жетпес 
тәжірибесін өз балаларына беруі әбден мүмкін. Күн-
дердің бір күні бауырымен қалай қатты төбелескенін 
езу тартып айтып та отыратын шығар.  
176
БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
25


26
БАЛАҢЫЗ 
МЕКТЕПКЕ 
ДАЙЫН БА
177


МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ ДЕГЕН НЕ?
Мектепке дайындық – баланың дамып-жетілгендігінің 
көрсеткіші емес, бұл, бірінші кезекте, оның психофизио-
логиялық жетілгендігінің белгілі бір деңгейі.
«БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ҚАШАН БЕРУ КЕРЕК?» ДЕГЕН 
СҰРАҚТЫҢ ЖАУАБЫ БІРЕУ – БАЛА МЕКТЕПКЕ ДАЙЫН 
БОЛҒАНДА. БАЛА ҚАНШАЛЫҚТЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫН 
БОЛСА, ОНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ ТАБЫСТЫЛЫҒЫ ДА СОН-
ШАЛЫҚТЫ БОЛАДЫ.
M
ектеп – әр бала өміріндегі ең маңызды кезеңдердің 
бірі. Балабақша барлық ересектердің есінде қалмаса 
да, олардың әрқайсысы дерлік мектеп қабырғасындағы 
өмірін ұмытпайды.
Әрі әркім әрқалай ұмытпайды.  Біреуі үшін мектеп 
думан-мереке болса, екіншісі үшін түрмемен тең болған. 
Біреуінің сенімді достары пайда болған, ал енді біреуі 
өзін басқалардың арасында бөтен сезінген. «Мектептегі 
табыстылық» неге байланысты? 
Бүгінгі таңда білім беру бағдарламасы жиі қайта қара-
ларды, өзгеріске түседі, жаңа басымдылықтар анықта-
лады, «баланы қашан мектепке берген дұрыс: 6 немесе 
7 жасында ма?» «баланы мектепке арнайы дайындау 
қажет пе және онымен кім айналысуы тиіс: балабақша 
тәрбиешілері, ата-аналар, мамандар ма?» деген сияқты 
мәселелер айналасында қызу пікірталас жүреді.
Дәрігелер, психологтар және педагогтар соңғы уақытта 
мектепке бейімделе алмайтын, мектеп жүктемесін еңсере 
алмайтын және балабақшаға қайта оралуға мәжбүр 
бастауыш сынып оқушыларының саны артып кеткенін 
айтады, бұл өз кезегінде бала мен оның отбасын жабы-
рқататын жайт.
178
БАЛАҢЫЗ МЕКТЕПКЕ
ДАЙЫН БА
26


Иә, ол оқи алуы мүмкін, жазу жаза алуы және тіпті есеп 
те шығара алуы мүмкін, бірақ мектепке дайын болмауы 
да ықтимал. Ең алдымен, жақсырақ түсіну үшін «мек-
тепке дайындық» ұғымын «оқуға дайындық» ұғымына 
өзгертейік.
Міне, оқуға дайындық бірнеше құрамдас бөліктен 
тұрады, оларды бағынышсатының бойына тізіп, қайсысы 
маңыздырақ екенін айтуға болмайды, керісінше, барлық 
осы құрамдас бөліктердің үйлесімі сол дайындықты 
анықтайды. Бұл құрамдас бөліктерге келесі атаулар 
берейік: «Бала оқығысы келеді» (ынталану). «Бала оқи 
алады» (эмоционалдық-ерік-жігер саласының жетілген-
дігі, ой-өрісінің жеткілікті даму деңгейі).
«Бала оқығысы келуші ме еді?» Белгілі бір даму ке-
зеңінде (негізінен 7 жаста) дені сау бала үшін таным-
дық немесе оқу ынтасы алға шығады, оның қоғамда 
жаңа орынға ие болуы, есейе түсу ниеті пайда болады. 
Егер осы кезге дейін баланың санасында мектептің 
жағымсыз бейнесі (баланың кез-келген олқылығына 
«Мына түріңмен мектепте қалай оқисың?» дей бе-
ретін «қамқор» ата-ананың арқасында) қалыптаспаса, 
ол сөзсіз мектепке барғысы келеді. «Иә, ол мектепке 
қатты барғысы келеді», - дейді қабылдауда ата-аналар-
дың көпшілігі. Бұл ретте бала неге мектепке барғысы 
келетінін түсіну үшін баланың мектеп жайлы түсінігін 
білу маңызды. Балалардың көпшілігі мектепте үзіліс 
кезінде ойнайтынын (ойнау ынтасы басым түседі); жаңа 
достар табатынын (алдыңғысынан тәуірірек, бірақ әлі 
де оқу ынтасынан алыс); оқитынын (жақсы, бірақ оқу 
ынтасы деуге келмес) айтады. Бала «оқығысы келген-
де» мектепте оны әлдебір жаңа дағдыларды үйрену, 
әлі қолынан келмейтінін үйрену қызықтырады. Кейде 
мектепте не істейтінінен мүлдем бейхабар балалар да 
болады (мұндай жағдайда олардың ата-анасы жақсылап 
ойланғаны жөн).
179
БАЛАҢЫЗ МЕКТЕПКЕ
ДАЙЫН БА
26


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау