20
БАЛАЛАРДЫҢ
ҰРЛЫҚ ЖАСАУЫ
129
Мұндай жағдай бала үйде де және өзге балалардың ор-
тасында да өзінің кемсітілгенін, қауқарсыздығын сезін-
генде туындауы мүмкін. Ұрланған заттар қатарластары
арасында «мәртебе сатып алуға» жұмсалады. Балалар
өз аға-інілерінің және әпке-сіңілі-қарындастарының
заттарын қызғаныштан ұрлауы мүмкін. Жасөспірімдер
ұрлықты жан түршіктірер әсерлер алу үшін немесе
өздерін «мықты» сезіну үшін жасауы мүмкін. Баланы
ұрлық жасауға өзі араласатын ортасының нашар болуы
итермелеуі мүмкін.
Ұрлық ерік-жігер қасиеттерінің жеткілікті дамымауымен байла-
нысты болуы мүмкін: егер әлденені жан-тәнімен қаласа, өз-өзіне
«жоқ» деп айта алмайды. Мұндай балаларға өз әрекеті үшін
ұялса да, қызығушылығын жеңу қиынға соғады.
Кейде ұрлық ақша
және құнды заттар көз
алдында жатып, бала
үшін тым қызықты
болғандықтан жаса-
лады.
Көптеген балалар өздерін ешкім жақсы көрмейді деп ойлаған-
да және өздерін ешкімге керексіз сезінгенде ұрлық жасай
бастайды. Олар өздеріне ешкім қамқорлық көрсетпегендіктен,
айналасындағыларға зиян келтіруге құқылы деп есептейді.
БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ ӨМІРІНДЕ БІР РЕТ ТЕ БОЛСА,
ҰРЛЫҚ ЖАСАП КӨРЕДІ.
ЕГЕР БАЛА КӨЗІНЕ ТҮСКЕННІҢ
БАРЛЫҒЫН АЛА БЕРЕТІН БОЛ-
СА, БҰЛ – қауіпті белгі. Көбінесе,
ол затты қашан және кімнен алға-
нын есіне түсіре алмайды, не үшін
алғанын да түсіндіре алмайды.
Өзіне мүлдем қажетсіз заттарды
да алады, алған бетте тастай са-
лады немесе жоғалтып алады. Бұл
жүйке жүйесіндегі бірқатар бұ-
зылушылықтардың көрінісі болуы
мүмкін, сондықтан, дәрігер-психи-
атр көмегіне жүгінген жөн.
8
жасқа дейін, әдетте, бұл тек баланың жеткілікті дәреже-
де жетілмегенін ғана білдіреді. Ол жеке меншік ұғымын
әлі түсінбейді, өзінің әрекеті сырттан қалай көрінетінін
және оған қандай жаза қолданылатынын ұғына бермейді.
Оның түсінігінде ол тек өзіне ұнағанды ғана алады және
бұл әрекетінен ешбір сөкеттік таппайды (ал жасөспірім-
дер, керісінше, теріс қылық жасағанын түсінеді).).
130
БАЛАЛАРДЫҢ ҰРЛЫҚ
ЖАСАУЫ
20
БАЛАЛАР ӨЗДЕРІН ЕШБІР ТЕРІС ҚЫЛЫҚ ЖАСАП ЖҮРГЕН
ЖОҚ ДЕП САНАЙДЫ, СЕБЕБІ, АТА-АНАСЫ ӨЗДЕРІ ДҰРЫС
ҮЛГІ БОЛА АЛМАУЫ МҮМКІН, МЫСАЛЫ, БІРЕУДІ АЛДАП
СОҚҚАНЫН, ТАҚЫРҒА ОТЫРҒЫЗЫП КЕТКЕНІН ӘҢГІМЕ-
ЛЕУІ МҮМКІН, АЛ БАЛА СОЛ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТҮРІН ӨЗ
«ҚАРУЫНА» АЙНАЛДЫРУЫ МҮМКІН.
!
!
!
Ата-ана баласының ұрлық жасағанын білгенде көбінесе
зәресі кетеді, байбалам салып, баласы – нағыз бауке-
спе ұры және қылмыскер деп ойлай бастайды, әрі аса
ауыр шаралар қолданады: ұялтады, жазалайды, полиция
шақырамыз деп қорқытады, болашақ өмірін алуан түрлі
сұмдықтарға толы етіп сипаттайды. Бірақ сынап-мі-
неу және жазалау жағдайды тек өршіте түседі, себебі,
ұрлыққа итермелейтін себептерді жоюға бағытталмай,
орын алған оқиғаға қатысты болып кетеді.
Кішкентай кезінде балалардың барлығы дерлік ара-
тұра басқалардың ойыншықтарын алады. Бұл – қалыпты
жағдай, алайда, балаға жақсы сабақ беруге орынды
сылтау бола алады. Балаңызбен бірге барып, алған
бөтен біреудің затын қайтарып беріңіздер. Балаға
«өзімдікі» және «өзгенікі» деген не екенін түсіндіріңіз.
Түсінікті болуы үшін баланың өз қалауынша иелік етуге
(сыйлауға, беруге, сындыруға және тіпті тастауға) толық
құқығы бар өзінің жеке меншік заттары болуы тиіс. Тек
жеке меншік құқығы болғанда ғана бала өзгенің жеке
меншігін бағалауды үйренеді.
Егер бала әмияныңызды
ақтарса, ештеңе байқамаған
сыңай танытыңыз. Оған ескерту
жасаңыз, әмиян сіздікі екенін
және оны тек сіздің рұқсатыңы-
збен ғана алуға болатынын
түсіндіріңіз.
131
БАЛАЛАРДЫҢ ҰРЛЫҚ
ЖАСАУЫ
20
Балаға майда-шүйде шығындарына ақша беріңіз, одан
қаржылық қажеттіліктері туралы сұрай жүріңіз. Ақша мен
құнды заттарды баланың қолы жетпейтін жерлерде ұстаңыз.
Егер әлдебір бұйымыңыз жоғалса, «қылмыскерді» ұстауға емес,
сол бұйымның орнын толтыруға көбірек назар аударыңыз.
Балаға күнделікті майда-шүйде шығындарына берілетін ақша
сомасын қысқартсаңыз болады немесе сатып алғалы отырған
жаңа затты алмай қоюыңызға болады. Балаға ұрланған затты
қайтаруға және абыройын сақтап қалуға мүмкіндік беріңіз.
Ешкімді айыптамай: «Бұл затты кім алғанын білгім де келмейді,
бірақ, ол қайтарылуы тиіс. Ол бір сағат ішінде табылады деп
үміттенемін» деп айтыңыз.
Балаңызға деген сүйіспеншілігіңізді көрсету жолын табыңыз.
Балалар мен ата-аналар арасында өзара сенім және құрмет
болуы маңызды – тек сонда ғана сіз балаңыз үшін беделді
тұлға бола аласыз және бойына адамгершілік және адалдық
қасиеттерін сіңдіре аласыз. Балаға барлығының көзінше ұрсуға,
оны масқаралауға болмайды, әйтпесе, бір рет жаза басқан әре-
кет тұлғаның болмысына айналады – «үлкендер айтса, демек,
мен шын мәнінде сондай жаманмын». Кейін өз-өзіне сенбеу,
ызақорлық, өзінің бұзылғанына сенімділігі өршіп кетуі мүмкін.
Балалар ата-анасының махаббаты
мен құрметінен айырылмай, қатесін
түзете алатынын және абыройын
сақтап қала алатынын сезінуі тиіс.
Олар, сондай-ақ, жаман адамға
айналғанын емес, тек жаман
қылық жасағанын түсінуі тиіс.
БАЛАҢЫЗ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАНЫНА СЕНІМДІ БОЛСАҢЫЗ,
«ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН СЕНСІҢ БЕ? ҚАЛАЙ ҒАНА ДӘТІҢ
БАРДЫ!» ДЕП, ОНЫ ТЕРГЕУГЕ АЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ.
Жай ғана келесідей айтыңыз: «Ол затты сен алғаның-
ды білемін. Мен де бала кезімде солай істегенмін. Бірақ
істегеніме қатты ұялдым, қатты қысылдым! Сен де өзіңді
солай сезініп тұрсың ба?». Баланы айыптамай, орын алған
жайтқа қатысты оның сезімдері және көзқарасы туралы
сұрақтар қойыңыз. Көбінесе, балалар бір сәттік қызба-
лықпен өзге адамдардың сезімдері туралы біле бермейді
және ойланбайды.
БАЛАНЫ ҰРЛАҒАН ЗАТЫН ИЕСІНЕ ҚАЙТАРЫП БЕРУ-
ГЕ КӨНДІРІҢІЗ. ЖАЗАЛАУДЫҢ ЖӘНЕ АЙЫПТАУДЫҢ
ОРНЫНА ОНЫҢ ҚАТТЫ ҰЯЛАТЫНЫН ЖӘНЕ ҚИНАЛА-
ТЫНЫН ТҮСІНЕТІНІҢІЗДІ КӨРСЕТІҢІЗ.
АТА-АНАҒА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
132
БАЛАЛАРДЫҢ ҰРЛЫҚ
ЖАСАУЫ
20
Достарыңызбен бөлісу: |