БАЛАЛАР
ЖӘНЕ
КОМПЬЮТЕР
21
133
ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТЫ, ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРДЫ ПАЙДА-
ЛАНАТЫН ҚИСЫНДЫ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРДІҢ ДАМУЫНА, СТРА-
ТЕГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАКТИКАЛЫҚ ОЙДЫ ПАЙДАЛАНУҒА
ЫҚПАЛ ЕТЕДІ, ӘРТҮРЛІ ХАЛЫҚТАРДЫҢ САЛТ-ДӘСТҮР-
ЛЕРІМЕН ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ ТҮРЛЕРІМЕН
ТАНЫСТЫРАДЫ.
Компьютерде жұмыс жасау баланы оқыту барысында
көп пайда тигізуі мүмкін. Компьютерде ақпарат серпінді,
көрнекі етіп беріледі, мәтін сүреттермен және график-
термен үйлесіп тұрады, мультипликация қолданылады,
түс пен дыбыс әсері артады, көптеген үйлестік/ұқсату
байланыстары іске қосылады.
Осының барлығы бала психикасының эмоционалдық
және ерік-жігер саласына оң әсер етеді, жоғары жүйке
жүйесінің қызметін шапшаңдатады, зейін мен дәлдікті
дамытады. Ми көп уақыт алатын, зеріктіретін жұмыстан
босайды және осының арқасында жасампаздық үдерісі
қарқындырақ жүреді.
КОМПЬЮТЕР БАЛАҒА
– ЗИЯНДЫ МА НЕМЕСЕ ПАЙДАЛЫ МА?
К
омпьютер – ХХ ғасырдағы адамзат ойының жемісі,
оған жаңа мыңжылдықтағы адамзаттың келешек
жетістіктеріне деген үміт артылады. Осы жетістіктерге
қол жеткізетін жас ұрпаққа оның әсері қандай? Ата-ана
баласына компьютер қолдануға рұқсат бергенде келе-
сілерді ескеруі тиіс.
ПАЙДАЛЫ ТҰСТАРЫ
134
БАЛАЛАР ЖӘНЕ
КОМПЬЮТЕР
21
Компьютерде ойын ойнағанда адам зейіні экранда
көрсетіліп жатқан әрекетке барынша шоғырланатыны
соншалық, өзгеше бір транс күйі орын алады және нақты
уақытты сезіну қабілеті жоғалады. Бала компьютер
экранынан бірнеше сағаттап көз ала алмайтын, «ком-
пьютерде шырмалу» мәселесі туындайды. Осындай жайт
жиі қайталанған сайын компьютерге тәуелділік туындау
қаупі пайда болады.
Оқу барысында компьютер пайдаланудың тағы бір оң әсері - өз
қателіктерімізге қатысты көзқарасты өзгерту. Түйсік деңгейін-
де адамның қателіктерге жол бермеу ниеті болады, ал бұрын
қателіктер жасаумен байланысты тәжірибесі болса – қателік
жасау алдында қорқыныш сезімі де болады. Оған қоса, қате
жіберу қорқынышы жасампаздықтың, жаңа дүниелерді игеруге
деген ұмтылыстың жолын бөгейді. Белгілі бір қалыпты шешім-
дерді тауып алып, бала жаңа нұсқалар іздеуді тоқтатады, себебі,
қателіктерге жағымсыз сезімдер ілесе жүреді.
Компьютермен жұмыс жасауда қателіктерді түзету оңай және
жалпы компьютер өзінің негізгі пайдалы қызметін атқара
бастайды – дұрыс жолдан тайдырмайды. Дәл осындай көзқарас
шығармашылық тұрғыдан дарынды және мақсатына берік
тұлғаларға тән. Шынайы өмірде жасалатын қателіктерді тез тү-
зету көбінесе мүмкін емес, сондықтан, орын алған қателіктердің
салдары араға біраз уақыт салып барып көрінеді (бақылау
жұмысы үшін екі алу). Компьютер болса, қателіктермен тез
байланыс орнатуды ұйымдастырады, әрі мұндай жағдайда
қорлайтын салдарға алып келмейді.
ЕГЕР ҚҰРБАН РЕТІНДЕ АДАМДАР КӨРСЕТІЛЕТІН, ОҚИҒА
ЖЕЛІСІНЕ ТЕК ҚУҒЫН-СҮРГІН МЕН ӨЛІМ/ӨЛТІРУ ҒАНА
КІРЕТІН ТӨМЕН САПАЛЫ ОЙЫНДАР ҚОЛДАНЫЛСА,
ОСЫНДАЙ ӘРЕКЕТТЕРГЕ БАРУДАН САҚТАЙТЫН ПСИХО-
ЛОГИЯЛЫҚ КЕДЕРГІ КҮРТ ТӨМЕНДЕП КЕТУІ МҮМКІН.
Виртуалдық өмірде виртуалды жауапкершілік бар. Осы іспеттес
ойындар жиі және ұзақ ойналса, зорлық-зомбылыққа қатысты
қарым-қатынас түйсік деңгейіне көшіп, шынайы өмірде бала
қандай да бір теріс қылық жасағанда жауапкершілігін күрт
төмендетіп жіберуі мүмкін.
АЛАЙДА, БҰЛ ЖЕРДЕГІ ТЕРІС ӘСЕР МӘНІ МЫНАДА:
КОМПЬЮТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА ҚАТЕЛІКТЕРДІ
ТҮЗЕТУ ОҢАЙ ЕКЕНІНЕ БОЙЫ ҮЙРЕНІП, БАЛА ОСЫ
ӘДЕТІН ТОЛЫҒЫМЕН ӨМІРІНЕ ЕНГІЗІП АЛЫП, НЕГІЗ-
СІЗ ҚАУІП-ҚАТЕРГЕ БАРУҒА ЖӘНЕ ЖАУАПСЫЗ ӘРЕКЕТ
ЕТУГЕ БЕЙІМДІЛІККЕ ИЕ БОЛАДЫ.
ЗИЯНДЫ ТҰСТАРЫ
135
БАЛАЛАР ЖӘНЕ
КОМПЬЮТЕР
21
Компьютермен жұмыс жасау кезінде міндетті түрде
санитарлық нормалар сақталуы тиіс, әйтпесе, компью-
тердің тигізетін зияны әкелетін пайдасынан асып түсуі
мүмкін.
Монитор алдында ұзақ уақыт бойы жұмыс жасағанда
көзге, омыртқаға, кейбір арқа бұлшық еттеріне, қол
бұлшық еттеріне шамадан тыс күш түседі, қажуға алып
келеді, ал көп сағат бойы жұмыс жасағанда – жүйке
жүйесі титықтайды.
ҚОРЫТЫНДЫЛАЙ КЕЛЕ АЙТАТЫНЫМЫЗ: АТА-АНА БАЛАСЫ-
НЫҢ ТАМАҒЫНЫҢ САПАЛЫ ЖӘНЕ ЖЕТКІЛІКТІ МӨЛШЕРДЕ
БОЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІНДЕЙ, БАЛА ТҰТЫНАТЫН
«КОМПЬЮТЕРЛІК ӨНІМ» МӨЛШЕРІН ДЕ ҚАДАҒАЛАУЫ ҚАЖЕТ;
БАЛАНЫ КІШКЕНТАЙ КЕЗІНЕН ҮЙРЕТУШІ ЖӘНЕ ДАМЫТУШЫ
ОЙЫНДАРҒА БАУЛУЫ ҚАЖЕТ, ТӨМЕН САПАЛЫ ОЙЫНДАРҒА
ЖОЛАТПАУЫ ҚАЖЕТ ЖӘНЕ БАЛА КОМПЬЮТЕР АЛДЫНДА ӨТКІ-
ЗЕТІН УАҚЫТТЫ ҚАДАҒАЛАП ОТЫРУЫ ҚАЖЕТ.
ОСЫНДАЙ ЗИЯНДЫ САЛДАРДЫ БОЛДЫРМАУ ҮШІН ӘР-
БІР 45 МИНУТ САЙЫН 10–15 МИНУТ ҮЗІЛІС (ЖОҒАРЫ
СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН) ЖАСАП ТҰРУ ҚАЖЕТ, АЛ
КІШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН КОМПЬЮТЕРДЕ ЖҰ-
МЫС ЖАСАУ УАҚЫТЫ 30–40 МИНУТТАН АСПАУЫ ТИІС.
Баланың қалыпты психикалық және әлеуметтік да-
муы үшін адамдармен қарым-қатынас қажет: бұл өзге
адамдарды, өзін, әлемдегі өз орнын және әлемнің өзін
түсінудің негізі болып табылады. Қарым-қатынас ай-
тарлықтай ұзақ және алуан түрлі болуы тиіс. Психикаға
арналған қарым-қатынас – денені азықпен қоректен-
дірумен тең. Баршамыз білеміз, қалыпты дамуы үшін
ағзаға майлар, ақуыздар, көмірсулар, дәрумендер мен
минералдар қажет.
Ал психика болса, шынайы өмірде әртүрлі жынысты
және әртүрлі жастағы, әртүрлі әлеуметтік топтардағы
және әртүрлі ұлтқа жататын адамдармен қарым-қатына-
сқа мұқтаж. «Дәмді» телебағдарламаны көріп, аш адам
көп калория мен дәрумен ала ма? Компьютер жалғыз
серігіне арналған баланың психикасы да дәл осындай
күйге түседі.
ӘЛЕУМЕТТІК ТҰСТАРЫ
136
БАЛАЛАР ЖӘНЕ
КОМПЬЮТЕР
21
Достарыңызбен бөлісу: |