Бағдарламасының желісімен Өтетін орны: акт залы Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салты



жүктеу 348,42 Kb.
бет1/2
Дата10.12.2017
өлшемі348,42 Kb.
#3665
түріБағдарламасы
  1   2

Тақырыбы: "Жасыл дәріхана" /7сынып/

Дайындаған: Ы.Сахиев



Түрі: Шоу (Евразия телеарнасындағы «Малахов плюс»

бағдарламасының желісімен)



Өтетін орны: АКТ залы

Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салты
Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жөніндегі ұғымын кеңейту, денсаулық - адам бақытының бірінші байлығы екенін, табиғат арқылы әркім өз денсаулығының корғаушысы екенін түсіндіру. Табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазынасы екенін, адам өмірінің қорғаушысы, қорғаны екенін оқушыларға ұғындыру.

Міндеті: Оқушыларды қоршаған орта, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. Табиғатта кездесетін өсімдіктер, жеміс - жидектер және емдік қасиеті бар табиғи заттар арқылы денсаулықты күтуге болатынын аша отырып, олардың сана - сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматтық жауапкершіліктерін нығайту.

Көрнекілігі: Тақырып, цитата сөздер жазылған плакаттар, жасыл жапқыш, екі жасыл орындық, жарнама бұрышы, "Жасыл дәріхана" бұрышы, жеміс - жидектер, өсімдік түрлері, емдік қасиеті бар табиғи заттар.

Жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі



  1. Оқушылардың сахна төріне орналасуын бақылау.

  2. Кіріспе. Тақырыптың мақсатын, міндетін және барысын түсіндіру.

II. "Жасыл дэріханадағы" пайдалы кеңестер

III. Қорытынды.



Барысы:

Мұғалімнің сөзі: Құрметті көрсрмендер! Бүгін 7в сыныбының ұйымдастыруымен Евразия телеарнасындағы "Малахов плюс" бағдарламасының желісімен өткізгелі отырған "Жасыл дәріхана" атты шоуды тамашалауға қош келдіңіздер!



I жүргізуші: Алдымен таныстырып өтейін. Алдарыңызда осы шоуды
ұйымдастырып отырған 7В сыныбының жетекшісі Ибрай ағайға қошемет.

II жүргізуші: Қасымда жүргізуші болып көмек көрсететін сыныбымның
үздік оқушысы Тәжиева Жадыраға қошемет көрсетіңіздер.

I жүргізуші: Мынау "Жасыл дәріхана" - табиғатта кездесетін барлық өсімдіктер мен жеміс — жидектер жэне тағы емге қолданылатын заттар жинағының орталығы. Жанға жайлы,ешбір зиянсыз, кез келген аурудың алдын алу шараларымен қамтылған.

II жүргізуші: Жадыра дені сау, денсаулығы мықты деп қандай адамдарды айтамыз?

I жүргізуші: Ауырмайтын, ең бастысы денсаулығын күтетін адамдар.

II жүргізуші: Ал, ауырмау үшін денсаулықты қалай күту керек?

  1. жүргізуші: Міне, осы сұраққа шоуды тамашалай отырып, көптеген пайдалы кеңестер ала отырып жауап ала аласыздар.

  2. жүргізуші:

"Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты казаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерлікті жерден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді", - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз тегіннен айтпаған.

Табиғат - осы бір жүркке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжыры мол ой жатыр десеңізші! Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, құт -берекесі.

I жүргізуші: Адам мен табиғат әркашан да егіз. Табиғатты өзіңді асырау үшін қамқоршың десең болады. Ата - бабамыз жер - қазына, су - алтын, мал - байлық деп өсиет айтып келгелі тегіннен-тегін емес. Күнделікті ішіп -жеген тамағымың, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ішер су, тыныс алар ауамыз да, ең бастысы ауырғанда пайдаланылатын дәрімізідің бәрі де жомарт табиғаттың тартқан сыйы.

II жүргізуші: Жадыра осы дәріханадағы медицинадағы қолданылатын дәрі – дәрмектен, инеден, әбден мезі болған бір қонағымыз келіп отыр. Сол адамды ортаға шақырсақ.

I жүргізуші: Ендеше "Жасыл дәріхана" шоу бағдарламасына табиғи жолмен денсаулықты күткім келеді деп, бізден пайдалы кеңестер сұрап отырған Алдамжарова Айдананы ортаға шакырамыз.

(Айдана сахнаға шығып амандасып, орындыққа орналасады).



Алдамжарова Айдана: Қазақта бір сөз бар: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын ем із дейді. Қазір қыс мезгілі. Әрі биылғы кыс қатты аяз. Менің жақын туыстарымның көпшілігі суық тиіп, тұмау болып тамағы ісіп мазалары кетіп жатады. Дәрігерге қаралып, ауруханаға жатайын десе науқас көп, орын жоқ, сосын укол инеден әбден мезі болып, кей кездерде ауылдағы бір ғана дәріханадан дәріні алайын деп барған бойда дәріні таба алмайсың, өтіп кетіп жатады. Мен ойлаймын, суық тимеу үшін ең бастысы жылы киініп жүру.

Ал, суыққа төтеп беру үшін, салқын тиюдің алдын алу үшін табиғи заттарды калай колданып жүруге болады?



II жүргізуші: Ендеше "Жасыл дәріханаға" жалпы ұзак өмір сүргің келсе, салқын сумен аязда шыныққан дұрыс деп кеңес беруші Жанжігітова Айдананың пікірін тыңдайық.

(Айдана сахнаға шығып амандасып, орындыққа орналасады).



Жанжігітова Айдана: Иә, суық тиіп сырқаттануда дәрі – дәрмек ішіп, азапқа түспей, таза ауада қыдыр - ақ құтылуға болады. Күніне екі рет табиғи суға шомылып, жалаң аяқ жерде тұрып, суды үстіңе ақтара сал. Су денеңді шынықтырады. Бойыңдағы теріс энергияны жерге ала кетеді. Денеңді ұйқыдан оятады, күш - қуат береді. Қыста қарда жалаң аяқ жүріп үйрен. Таза ауамен демалып ал да , ойша өзіңе және барлық адамдарға амандық тіле.

  1. жүргізуші: Айдана, сіз қаншама кеңестер айтып жатырсыз. Мына жерде түрып сіздің айтқаныңыздың өзінен - ақ ағай екеуміз тоңып тұрмыз.

  2. жүргізуші: Иә, бұл да жөн болар. Салқында қарды жалаң аяқ басу оңай шаруа емес. Қиындықты жеңсең ғана жақсылыққа жетесің.

Көрермендерің арасынан Айданаға сұрақ қоюшылар бар ма? Көрмен сұрағы: Осы жаттығуларды өзіңіз қолданасыз ба?

Жанжігітова Айдана: Мүмкіндігімше кейбіреуін колданамын.

II жүргізуші: Дұрыс, Айдана, шынықсаң шымыр боларсың.

I жүргізуші: Денсаулық - зор байлық екенін тағы да естеріңізге саламыз. Олай болса, "Жасыл дәріханаға" жол тартайық.

(Екі жүргізуші, Екі Айдана "Жасыл дәріханаға барады").



II жүргізуші: Мына жерде адам тұрмысындағы қолданатын көптеген заттар тұр. Олар туралы нелер айтар едіңіз.

Жанжігітова Айдана: Мен мына жердегі заттарды үнемі қолданамын: бал, сәуірдің майы. Бұл заттар салқын тиген кезде көп көмектеседі. Салқын тиген кезде кеудедегі қақырықты түсіру үшін қойдың сүтіне бал немесе сәуірдің майын қосып, азғантай тары салып, ысытып ішсе қақырықты түсіреді, дене қызуды басады. Тамақ ауырса, балды жылытып, тамаққа жағып, жауып кояды (компресс). Жалпы дүниедегі суық тиген жерге бал жағып демдеп қойса, суықты сорады. Ауырмай тұрып бал мен сәуірдің сары майын пайдалансаң ауырмайсың, ауруға шалдықпайсың.



I жүргізуші: Рахмет, бұл тамаша кеңес болды.

II жүргізуші: Сіз не айтар едіңіз? (Алдамжарова Айданаға сұрақ қойылады).

Алдамжарова Айдана: Сізге көп рахмет! Аурудың алдын алу туралы көп мәлімет алдым. Деніңіз сау болсын!

I жүргізуші: Олай болса, қонақтарымызды көрмендер арасына шығарып салайық. Сіздерге көп рахмет!

II жүргізуші:

Тазалық - саулык негізі,

Саулық - байлык негізі
I жүргізуші: Бүгінгі шоуға "тазалық - бастан, тырнақ пен шаштан", -деп ең бастысы жеке бас гигиенасын дұрыс ұстау деп кеңес берушілер Әсел мен Самалды қошеметпен ортаға шакырамыз.

(Әсел мен Самал ортаға шығып, орындыкқа орналасады.)



I жүргізуші: Самал сіздің бетіңіз нәзік, әрі таза, көзге әдемі боп көрінеді. Сыры неде?

Самал: Біз қазір жаспыз. Косметикалық кремдерді қолдануға болмайды. Тіпті өмір бойы да қолданбауға болады. Мен бет күтіміне баса назар аударамын. Бетті сабындап жылы сумен жуу қажет. Орамалмен қатты ыскыламай, жәй ғана сүртеді. Қатты сүртсе, орамалдағы жіп, тағы баска заттар терідегі тыныс алатын тесіктерді бітеп тастайды, содан бетке әжім түсу немесе тері зақымдануға әкеп соғады.

Тері 3 түрден тұрады: майлы, құрғақ және аралас тері. Бұл терілерді табиғи заттардан, жемістерден маска жасап күтуге болады.



I жүргізуші: Самал сізді "Жасыл дәріханаға" шакырамын. Мына жемістердің қай түрінен маска жасай аласыз. Мүмкін жасап көрсетерсіз. Қане
көрермендер ішінен кімге маска жасап көрсетейік.

(Көрермендер арасынан Арайға маска жасалады.)
II жүргізуші: Әсел, кезекті сізге берейін. Сіздің шашыңызға қарап көп
кісілер қызыға карайтын болар.

Әсел: Қазіргі кезде бұрымды қыздар сирек кездеседі. Көпшілігі қызыға қарайды.

II жүргізуші: Шашыңызды қалай күтесіз? Сыры неде? Бізге кішкене сырыңды ашсаңыз.

Әсел: Мен де "Жасыл дәріханаға" барып толығырақ айтайын. Шашыңыз қалың, тез өсу үшін мына өнімдерді колданыңыз: мында үй жүмыртқасының 2-еу, үй қаймағынан 1 қасық, бидай 3 қасық, осыларды араластырып, шашыңыздың түбіне жағыңыз.

¥зын шаштарға аптасына 2 рет, ал қыска шаштарға 3 рет жасаңыз. 10-15 минуттан соң жылы сумен шайып тастаңыз.



Көремендерден сұрақ: Шаш жиі түскенде шашты қалай күтуіміз керек?

Әсел: ол үшін бір шай қасық коньякқа бал мен пияз шырынын қосып өзіңіз де шашыңыздың түбіне әбден сіңіріп жағыңыз. Басқа пакет бас киім киіп, 2-3 сағат күтіңіз. Бас терісінің жыли бастағанын сезесіз. Сосын шашыңызды жуып, 2 жұмада 1 рет қайталап отырсаңыз шашыңыз орнына келеді.

I жүргізуші: Самал терінің әдемі болуын, ал сіз шаштың сұлулығын айтып жатырсыз. Сұлулықтың барлығы адамғакажет. Ал дене бітімі әдемі, сымбатты болып өсу үшін қандай кеңес айтасыз?

Әсел: Тал шыбықтай бұралған сымбатты болуды армандамайтын қыздар жоқ болар. Зерттеу корытындысына жүгінсек, кыз балалар 11 жаста 44%, ал 15 жаста 70%, өзін - өзі қолдан ашықтыруға (диетаға) отырады екен. Оның денсаулыққа, бүгінгіні былай койғанда келер ұрпактың саулығына зиян келтіретінін айтып, мұны дәрігерлер алдын ала ескерткен. Енді міне ашығуды алмастырып, артық салмақтан арашалап қана қоймай, сымбатыңа сымбат қосатын бір амал табылған сияқты. Ол кәдімгі би. Онымен күнделікті айналыстым дегенше, сымбатың сынға тартқандай болып, шыға келеді. Менің Сіздерге берер кеңесім, билей беріңіздер. Тек ерінбеңіз, колыңыз қалт етсе билей беріңіз.

II жүргізуші: Әсел мүмкін бізге би жаттығуларының 1-2-еуін орындап көрсетерсіз.

Әсел: Мен сіздерге ерекше жаттығу көпір салуды (мостик) көрсетейін.

II жүргізуші: Мүмкін көрермендер арасында жаттығу жасайтындар бар болар.

Көрермен Демежан: Күнде тәңертең секірпемен секіру жаттығуын жасаймын.

(Секірпемен секіріп көрсетеді.)



II жүргізуші: Міне тамаша, Демежан секіртпемен еш қиындықсыз, жеңіл секірді. Демежанға көп рахметімізді айта отырып, көрермендер арасынан орын алуын сұраймыз.

I жүргізуші: Самал, сіздің жасаған маскаңыздың нәтижесін Арайдан сұрайық.

Арай бет теріңізде өзгеріс бар ма?

Арай: Өзгеріс бар. Бетім үнемі құрғап тұратын. Қазір жұмсарып, ылғалданып тұр. Жақсы сезінемін.

жүргізуші: Арайға көп – көп рахмет! Беттеріңізді күтініп, әркез сұлу қалпыңызда жүре беріңіз деп көрермендер арасына шығарып саламыз.

Әсел мен Самалға көп рахмет! Әркез әдемі болып, әдемілікке үйретіңіздер!



І жүргізуші: Кезекті денсаулықтың жаңасын ақшаға қайдан табасың деп әркез шырын ішіп, денсаулығын жаңартып, жасартып жүрген Әсемді ортаға шақырайық.

II жүргізуші: Шәй ішсең, көңілің жай деп жар салған Мөлдірді де ортаға шақырамыз. Әсем мен Мөлдір "Жасыл дэріхан" бұрышына келеді.

II жүргізуші: Мына жерге жақындаңыздар. Мына жеміс - жидектердің шырыны қай сырқаттардан сақтайды. Қайсысын ішкен жөн қалай колданылады. Сол жөнінде айтып берсеңіз.

Әсем: Жеміс пен көкеніс шырының денсаулыққа пайдалы екені белгілі. Диетолог – дәрігерлер оларды аурудың алдын алуға да, емделіп жазуға да табиғи дәрумен ретінде ұсынады. Бірақ денсаулықты нығайту, сырқаттан айығу үшін ішілетін шырынға қойлатын талап бөлек. Сондай - ақ, мамандардың айтуы бойынша дәрумен ретінде шырынды күніне кемінде 600 гр үш мезгілгі тамақтың әрқайсысының алдында 30 минут бұрын ішу қажет.

Жүзім шырыны, қияр шырыны, алма шырыны, апелсин шырын, сәбіз бен кырыққабаттың шырыны: жүрек қан тамыры жүйесін нығайтады. Ақыл — ой қабілетін күшейтеді. Тәннен ауыр металлдарды қуады, бауырға, бүйрекке пайдалы. Оларды уыттан тазалайды. Жүйке жұқарып, күш - қайрат кемігенде әлденуге көмектеседі. Мен қазір алма шырынының калай жасалатынын көрсетейін.



II жүргізуші: Сіз жасап көрсетіңіз. Бізге Мөлдір қандай үсыныстар айтар екен.

Мөлдір: Шәйдің бүкіл ағзаға, тәндегі зат алмасу үрдісіне әсер етеді. Бойды сергітетін шипалы сусын екенін ғылым әлде қашан дәлелдеген. Кофейн, эфир майы, танин дегендердің сыртында С,В, Р дәрумендерін небір минералдарды осы шәйдің бойынан табасыз. Тек оны дұрыс баптап, сақтай біліңіз.

II жүргізуші: Шәйді калай қайнату керек?

Мөлдір: Суды соншалық сақылдатып қайнатудың жөні жоқ. Шәнекте не самаурында қайнаған суды аққұманға ағызып, үстіне шәй салып, қайтадан қайнатпау керек. Аққұманға су ағызып алғаннан кейін шәйнекті не самаурынды еселеп су құйып қайнатуға болмайды.

II жүргізуші: Қай уақытта шәй ішу колайлы?

Мөлдір: Әдетте қазақ тәңертең де, түсте де, кеште де шәй ішеді. Кешкілік негізгі тамақтың алдында не тамақтан кейін ішіледі.

II жүргізуші: Мөлдір, осы көк шай туаралы не йтар едіңіз?

Мөлдір: Көк шай да кәдімгі қара шай алынатын жапырақтан алынады. Халық оны қартайпайды, кісінің ғұмыр жасын ұзартады деп біледі. Көк шайдың қант қысымын төмендетін, артық түзды қуатынын қатерлі ісіктен сақтайтынын, емдік қасиеті бар. Асқазанның бұзылуы, ас қорыту ағзаларының сырқаты, дәрумен жетіспеушілігі, бүйректегі, қуықтағы тас, қан айналымының нашарлауы, темір жетіспеушілігі, күйік, терідегі жара т.б. ауруларға пайдалы.

I жүргізуші: Қане, Әсемнің шырыны дайын болған секілді. Ауыз тиіп көрейік. (Шырыннан ауыз тиеді.) Өте дәмді екен.

Әсем: Рахмет!

I жүргізуші: Сөдеріңізді тұжырымдай келе, дені сау болу үшін жемісті көп жеу керек. Жұмыс істеу қабілетің күшейеді. Уақытымен тамақтанып, шәй ішіп жүру керек.

II жүргізуші: Дұрыс айтасың, Жадыра! Мөлдір мен Әсемнің берген кеңестеріне көп рахмет айтамыз!

(Мөлдір мен Әсемді шығарып салады).



Түркімен биі. Орындайтын Еділов Қуанышбек пен Мыңбаева Әсел.

II жүргізуші: Психолог мамандардың айтуынша, аурудан аулақ болу үшін адамдарға амандық тілеп, амандас дейді. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.

I жүргізуші: Қызғаншақ болма, өз бойыңдағы жалқаулықты, көрсе қызарлықты, қорқақтықты, жалған намысқойлықты таста, біреудің әңгімесіне ерме. Жаман ойлардан аулақ бол.

II жүргізуші: Ауыра қалсаң, көп уайымдама, ауру - сырқау, өлім туралы ойла ма, бұл сенің жемісің.

I жүргізуші: Өзің білген, оқығандарыңды, өз тәжірибелеріңді өзгелерге айт, тарат, бірақ мақтанба, қарапайым бол!

II жүргізуші: Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтып кеткен. Ендеше ойға тоқыдық па, тоқысақ іс жүзіне асырайық. Бастаған істі аяқтайық.

I жүргізуші: Енді назарымызды "Жарнамалық" үзіліске аударайық.

Көрініс.

Атасы - Самат

Әжесі - Айбек

Немересі — Серік

Немересі атасының алдында отырады. Әжесі қасында ұршық иіріп отырады.


жүктеу 348,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау