БАЛАҒА ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАРАУ – ОДАН
ЕРЕСЕКТЕРДЕН СИЯҚТЫ ТАЛАП ЕТУДІ
БІЛДІРМЕЙДІ!
Бала – тұлға, оның да өз-өзіне деген құрметі, өз-өзіне
деген сүйіспеншілігі бар, оның да жаны ауырады, өзін
ыңғайсыз сезінеді, бойын қорқыныш билейді. Бұл тұрғы-
дан – ұрымталдығы тұрғысынан – ол кез-келгеніміз
сияқты дербес тұлға.
Егер балаға ілесіп, оның ісін қолдап-қолпаштауға
тырысса, онымен жақсы қарым-қатынас құру оңайырақ
болады. Баланың қажеттіліктері мен тілек-қалауларын
түсінуге, бастамашылдығын пайдалануға тырысыңыз.
Баламен қарым-қатынас мейлінше үйлесімді болуы үшін
оның хал-жағдайына, сезімдеріне және тілек-қалаулары-
на мұқият болу керек.
Есте сақтаған жөн, баланың жеке өміріне және жеке
кеңістігіне араласу мәселесі көбінесе бала кезекті даму
сатысына аяқ басқанда туындайды: ол кез-келген өре-
скел араласу әрекетіне әлдеқайда сезімтал бола түседі
және ересектердің көзімен қарағанда мүлдем маңызы
жоқ мәселелерде қамығуға және ашу шақыруға желеу
таба алады.
Өзара ізет-құрмет ата-ананың да, баланың да жеке-да-
ра және ешкім қол сұқпауы тиіс мәселелері болуы тиіс
екенін білдіреді, әрі ата-ана баладан ашық және адал
сөйлесуді қаласа – олар да бала жасына сай деңгейде
жауап қайтаруы тиіс.
СОНЫМЕН, БАЛА ТӘР-
БИЕСІНДЕ БАСТЫ ЕКІ
ЕРЕЖЕНІ ҰСТАНУҒА
ТЫРЫСЫҢЫЗ:
1. Ойланып көріңіз, егер
қиын мәселе туындаса,
сіз өзіңіз бәрін дұрыс
жасайсыз ба;
2. Тек өзара ізет-құрмет-
ке негізделген қарым-қа-
тынастар ғана баламен
жақсы қарым-қатынас
сақтауға және жасының
«күрделілігіне» қара-
мастан, оның ең жақын
адамы болып қалуға
көмектеседі.
194
БАЛАНЫҢ
ЖЕКЕ ӨМІРІ
28
Бала қызығушылық танытқан тақырыптарда сөйлесу ке-
рек, оны мақтау және мақұлдау керек, қолына алған оң
ісінің қаншалықты құнды екенін көрсету керек. Ұнамды
көзқарас пен түсіндірмелер арқылы бала жақсы және
дұрыс істерді игереді. Ол өзіне қойылған талаптарды,
өзінен күтілетін әрекеттерді де түсінуді үйренеді.
Балалар бірте-бірте дербестікке үйренуі тиіс. Бала әрі
қарайғы өмірін анықтайтын қандай да бір шешімдерді
өз бетінше қабылдауды қажет етеді. Шамамен 3 жаста-
ақ балада ерік-жігер, өзін-өзі басқару қабілеті қалып-
таса бастайды. Ал ата-анасы оған жауапкершілігін және
дербестігін дамытуға көмектесе алады. Оған бастапқыда
қарапайым болса да, бірлесіп шешім қабылдауға қаты-
стыру, оның пікіріне мұқият болу септесе алады.
Балаға неге оған қандай да бір тапсырма беретініңізді
түсіндіруге тырысыңыз. Әрі өз түсіндемелеріңізді өзіңіз
тыңдап көріңіз – олар орынсыз болып естілмей ме
– «өйткені, мен солай дедім». Кейде сіздің түсіндірме-
леріңіз өте қарапайым болуы мүмкін, мысалы, «өйткені,
сен осылай істесең, маған көмектесесің, мен бүгін қатты
шаршап қалдым».
195
БАЛАНЫҢ
ЖЕКЕ ӨМІРІ
28
Келесі қарапайым ережелерді сақтауға кеңес беріледі:
1. Баланың дұрыс мінез-құлқы үшін мақтауға қысылмау
керек.
2. Бала мүмкіндіктерінің шегінен шықпайтын, шамасы
жететін тапсырмалар беру керек.
3. Балаға қызығушылық білдірген ісінде жетістікке
жетуіне көмектесу керек.
4. Бала сәтсіздікке ұшыраса, қателіктерін түсіндіріп,
жігерлендіруге тырысу керек.
5. Дау-жанжалды мәселелерде таңдау мүмкіндігін беру
керек және келісімге келуге тырысу керек.
6. Тыйым салу қаншалықты қажет болса да, оларды өте
шектеулі мөлшерде қолдану керек. Бала тіл алмаған-
да оның көңілін басқаға аударуға тырысса, әлдеқай-
да көп жақсы нәтиже шығаруға болады.
7. Тәрбиелеу барысында рұқсат ету аясын нақты бел-
гілеу керек, сонда бала рұқсат етілетін мінез-құлық
шекарасын жақсырақ түсінетін болады. Есте сақтаған
жөн, балаға арналған қауіпсіз кеңістікті қамтамасыз
ету түгелдей оның ата-анасының мойнына артылады.
ҚАДАҒАЛАУДЫ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН
САҚТАУМЕН ҮЙЛЕСТІРІП ҚОЛДАНЫҢЫЗ!
196
БАЛАНЫҢ
ЖЕКЕ ӨМІРІ
28
29
БАЛАҚАЙМЕН
БІРГЕ
ТАҢҒАЖАЙЫП
ӨМІР
197
Б
ауыр еті балаға деген махаббат – ерекше сый. Оның
мәні балаға өз біліміңізді, қабілеттеріңізді және тәжіри-
беңізді беруде емес, «гүл сынды бүршік атып келе жатқан
жаңа өмірді сүйсіне бақылап, баланың жан-дүниесімен
жанасудан ләззат алуда» (М.Монтессори). Осыны біз
баламыздың жан-дүниесіне мұқият үңілгенде, ол үшін дәл
қазір ненің маңызды екенін сезгенде түсінеміз. Әрі оған
өз қарқынымен, өз жасына, өз дербес ерекшеліктеріне
сай өсіп-жетілуге көмектескенде түсінеміз.
Психология саласындағы сарапшы мамандармен бірге
сізге балаңызбен қарым-қатынастағы кейбір маңызды
сәттерді есіңізге салуға рұқсат етіңіз.
ТЫҢДАЙ БІЛІҢІЗ. Баланы тыңдау – оған көңіл бөлу,
оның сезімдері мен қабілеттерін құрметтеу. Бала үшін
қиын жағдайда оған бар керегі – өз сезімдерімен бөлісу
және орын алған жағдай туралы ойлану үшін сіздің аз
ғана уақытыңыз. Көбінесе, баланы тыңдап алу жеткілік-
ті, ал кейде тікелей «Не болды?» деген сұрақ балаға өз
сезімдерін жеткізуге және туындаған мәселені шешу үшін
өз ұстанымын қалыптастыруға көмектеседі. Осындай қа-
рым-қатынас тәсілі сіз бен балаңыз арасындағы байланы-
сыңызды күшейтеді және оны қиындықтарға төтеп беруге
үйретеді.
ТАҢДАУ МҮМКІНДІГІН БЕРІҢІЗ. Әдетте, біз баламен
қарым-қатынаста бұйрық райын көп қолданамыз: «Бөл-
меңді жина!», «Сабағыңды оқы!» және т.с.с. Бұйрығыңы-
зға бағынғанда бала өзінің дербестігін сезінуден қалады.
Бұл жағдайда ол өз бетінше таңдау жасауды және өз
өміріне өзі билік етуді үйрене алмайды.
Балаға таңдау мүмкіндігін бере отырып, сіз оны өз өмірін өзі
реттеуге және өзі үшін өзі жауап беруге үйретесіз. Баланың
қарсылығын тудырмауы үшін оған (бұйрық бергенше) таңдау
мүмкіндігін беріңіз. Мысалы: «Бөлмеңді қазір немесе серуендеп
келген соң жинап қоясың ба?» «Қайсысынан бастағың келеді –
математикадан ба, әлде ағылшыннан ба?»
Бала өзінің таңдау
мүмкіндігіне ие екенін
түсінсе, өзін еркін
сезінеді және әрбір өз
әрекетінің бастамашысы
өзі екенін сезеді, ал бұл,
өз кезегінде, оған өз-өзі-
не сенім сыйлайды және
өз бетінше әрекет ет
алатынын ұғындырады.
198
БАЛАҚАЙМЕН БІРГЕ
ТАҢҒАЖАЙЫП ӨМІР
29
БАЛАНЫҢ СЕЗІМДЕРІНЕ АТАУ БЕРІҢІЗ. Балаңыз үйге еңіреп
жылап келіп, басқа балалар өзіне тіл тигізгенін айтады. Баланың
жағдайы қаншалықты нашар екенін түсініп, біз ашуланамыз,
мәселені шешуге асығамыз, баламыз үшін ренжіткен адам-
нан кек алғымыз келеді. Біз орынды кеңес беруге тырысамыз
немесе жұбатамыз, немесе айыптаймыз. Таңқаларлық жайт, біз
баланы бар ынтамызбен жұбатқанда немесе мәселені шешуге
тырысқанда, бала өзін сыналып жатқандай, өзін ешкім түсін-
бейтіндей, жатсынып, сыртқа теуіп жатқандай сезімде қалады.
Мұндай қарым-қатынаста ол өз сезімдерін жасыра бастай-
ды, басына түскен қиындықтарымен бөлісуді
тоқтатады. Балаңыздың сезімдерін сөздермен
жеткізуге тырысыңыз. Мысалы: «Әрине,
басқалардың көзінше саған тіл тигізген
жаныңа батады».
Осындай жағдайлардың
көпшілігінде балаңызға керегі
– тек онымен бірге қамығу,
қиналу. Бұл оның өз-өзіне
сенімділігін арттырады, ал
сіздің тарапыңыздан түсіністік
тапқан соң, ол қиын мәсе-
лені еңсеруге дайындығын
сезінеді.
БІРГЕ УАҚЫТ ӨТКІЗІҢІЗДЕР. Балаңыз бұзақы, мектепте
төмен баға алады. Мұндайда ата-аналардың әдеттегі
әрекеті – ақыл айту және жазалау. Осылайша, біз баланы
түзу жолға қайтаратын сияқты боламыз, ал іс жүзінде
бар тапқанымыз: бала бізге сенуден қалады, тұйық
болып кетеді, арамызда араздық туады.
Күнделікті күйбең тіршілікте біз балаға тек іс арасын-
да ғана көңіл бөлеміз, біз оның тек мүлдем бұзылып
кетпеуін ғана қадағалаймыз. Егер ата-ана балаларына
уақыт таба алмаса, олар тез арада өздерін ата-анасын
қызықтырмайтындай етуп сезінеді. Сондықтан, өздері-
не тиесілі көңіл бөлінбесе, балалардың мінез-құлқы
еш өзгермейді. Әрі, баладан бастама күтудің де қажеті
жоқ – «алдымен ол өзгерсін, сонда ғана мен оған көңіл
бөлемін» деген қате пікір. Өзіңіз
ойлап көріңізші, гүл солып қалса,
сіз оған су құю үшін қайта гүлдеуін
күтпейсіз ғой?!
199
БАЛАҚАЙМЕН БІРГЕ
ТАҢҒАЖАЙЫП ӨМІР
29
МҰҚИЯТТЫЛЫҒЫҢЫЗДЫ КӨРСЕТІҢІЗ. Көбінесе, бала-
ларымыз бізбен кез-келген қуанышымен, жетістігімен
бөлісуге асығады: «Апа, қарашы, мен қандай сурет
салдым!» Біздің үйреншікті жауабымыз: «Қандай кере-
мет!», «Жарайсың!». Өкінішке орай, біздің жауабымыз
бағалау сипатына ие, әрі, тіпті ең жоғары бағаның өзі де
жай ғана баға болып қала береді. Бағалауға негізделген
пікірдің салдары сізге енді белгілі: баланың сондай
пікірге тәуелділігі, кемсінуі, күмәндары. Ата-ананың ба-
сты мақсаты – балаға өз-өзіне сенімділік сезімін ұялату,
сондықтан, бар көргеніңізді сөзбен сипаттаңыз, бар
егжей-тегжейін нақты жеткізіңіз. Көргеніңізді «баяндай»
отырып, сіз өзіңіздің шын мәнінде қызығушылық таны-
тып тұрғаныңызды көрсетесіз. Бала сіздің әрбір
сөзіңізді қалт жібермейді, өз жетістігінің құн-
дылығы ол үшін ата-анасы байқаған әрбір
иненің жасуындай бөлшекпен, яғни, өзіне
бөлінген ықылас-көңілмен өлшенеді.
БАЛАҒА ҚАНДАЙ ҮМІТ АРТАТЫНЫҢЫЗДЫ АЙТЫҢЫЗ.
Әдетте, шиеленісті жағдайда біз сөзімізді кінәлаудан
бастаймыз: «Сен тағы сабағыңды оқымапсың!», «Сен
мүлдем заттарыңа қарамайсың!», «Сен, сен, сен!» - ай-
ыптауды меңзейтін қарапайым есімдік. Үнемі қателік-
терін бетіне баса берсе, ешкімнің де сөйлесуге зауқы
соқпайды. Баланың ойлары мен күш-қайратын мәселені
шешуге бағыттаңыз. Баладан не күтетініңізді жеткізіңіз,
қателіктерін нұқып көрсете бермеңіз. Өз қажеттілік-
теріңізді және сезімдеріңізді сөзбен жеткізіңіз. Балаға
орынды мінез-құлық шектерін көрсету үшін өз ойыңы-
збен бөліскеннен артық амал жоқ: «Менің көңіл-күйім
жоқ, біраз тыныштықта отыра тұрғым келеді». Басты
назарда – сіздің қамығып тұрғаныңыз емес, қажеттілі-
гіңіз (тыныштық). Сонда бала өзіне қарсы емес, сіз үшін
бір іс жасауға қуанышты болады.
Әрдайым өз сезімдеріңізді сипаттаңыз. Сіз ашулануға
және ол туралы айтуға құқылысыз. Өз қажеттіліктеріңіз
туралы айтыңыз: «Заттар осылай шашылып жатқаны
маған мүлдем ұнамайды. Мен заттардың орын-орнына
жиналғанын күтемін».
200
БАЛАҚАЙМЕН БІРГЕ
ТАҢҒАЖАЙЫП ӨМІР
29
Өзара келісілген уағдаластықтың сақталуын қамтамасыз
етіңіз. Заманауи ақпараттық технологиялар әлемінде
доғаруын сұрасаңыз да, балаңыз үнемі компьютер
ойнаудан бас алмайтыны - жиі кездесетін мәселе. Бұл
жағдайда балаға дауыс көтеруге оқталатыныңыз анық.
Шарасыздық сезімі бізді көбінесе жазалау шарасын
теріс қылықтың ауырлығымен емес, өзіміздің ашуымыз-
бен өлшеуге мәжбүрлейді. Мұндай жаза баланы жауап-
кершіліктен босатады, ол сынап-мінеуді тіпті құлағына
ілмейді, айтқан ақылыңы-
здың еш әсері болмай-
ды. Мұндай жағдайда
баланы басқалары
туралы ойлауға және
өз әрекеттерінің әсерін
бағалай білуге үйрету
маңызды.
МӘСЕЛЕНІ БІРГЕ ШЕШІҢІЗДЕР. Әр отбасында баламен
қарым-қатынаста үнемі туындап тұратын мәселелер
жетерлік шығар. Ал біздің үнемі жасайтынымыз – ақыл
айту, айғайлау, қорқыту, жалыну, бұлардың ешбірі
мәселені шешпейді. Мәселе үнемі туындап отырса, оны
бірлесіп шешу үшін уақыт бөліңіз.
Балаңыздың сезімдері мен қажеттіліктерін сөзбен
жеткізуге тырысыңыз.
Балаға өз сезімдеріңіз бен қажеттіліктеріңізді жет-
кізіңіз.
Туындаған мәселенің ықтимал шешімдері туралы
бірге ойланыңыздар.
Оларды жазып алыңыз (бірақ, баға бермеңіз).
Шешімдердің бірін таңдаңыздар.
Жоспар құрып, оны жүзеге асыру тәртібін қарасты-
рыңыз.
«Түсінемін, саған тамақты бөлмеңде ішкен ұнайды, ал
маған бөлмеңнен кір ыдыс тапқан ұнамайды. Екеумізге
де оңтайлы шешім тауып көрейік. Кешкі ас алдында сөй-
лессек қайтеді?... Міне, қағаз. Ойымызға келген барлық
шешімдерді жазып алайық. Бірақ, бір-біріміздің
шешімдерімізге баға бермейміз. Жай ғана
оларды жазып алайық, бағасын кейін береміз».
201
БАЛАҚАЙМЕН БІРГЕ
ТАҢҒАЖАЙЫП ӨМІР
29
Сөзден іске көшіп көріңіз, бала өз мінез-құлқының сал-
дарын сезінсін. «Сен қайта ойнауға отырыпсың, ал мен
саған компьютерді өшір дегенмін. Мен тінтуірді алып
кетемін».
Келесі күні:
– Тінтуірді қайтып алуыма бола ма?
– Компьютер алдында екеуміз келіскеннен де ұзақ отырмайты-
ныңа сенімді болғанда ғана аласың.
– Компьютерді сен айтқанда қосамын…
– Жоқ, олай болмайды. Сен уақытқа қарап отыруың керек.
– Мен компьютердегі сағатқа қарап отырамын немесе қоңырау-
лы сағатты қойып қоямын.
– Жарайды!
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ОСЫ КІТАПШАНЫҢ
МАҚСАТЫ БОЛЫП БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ӨЗ
ӘРЕКЕТТЕРІМІЗДІҢ ДҰРЫСТЫҒЫНА КҮМӘН
ТУДЫРУ ТАБЫЛАДЫ. ӘЛБЕТТЕ, КЕЗ-КЕЛГЕН ЖАҢА
ДАҒДЫЛАРДЫ ИГЕРУ ЫНТА-ЫҚЫЛАСТЫ, КҮШ-
ЖІГЕРДІ, ЖӘНЕ, СӨЗСІЗ, УАҚЫТТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ.
Сынап-мінесуіз өз тәрбиелеу дағдыларыңыздың
қандай нәтиже беріп жатқанын бақылаңыз, сонда өз
қателіктеріңізден сабақ ала аласыз. Ал егер сізді осы кітапша
қызықтырған болса, айтылған мәселе туралы толығырақ
білгіңіз келсе, кітапшаның аяқ жағында әдебиеттер тізімінде
көрсетілген кітаптарды пайдалана аласыз. Аталмыш кітаптар
сізге тәрбиелеу мәселелеріне жаңа қырынан көз жіберуге
мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Сәттілік тілейміз!
12
6
9
3
202
БАЛАҚАЙМЕН БІРГЕ
ТАҢҒАЖАЙЫП ӨМІР
29
ӘДЕБИЕТ
Тарау 1
1.
Фельдчер Ш., Либерман С. 400 способов занять ребенка от 2 до 8 лет. —
СПб.: Питер Пресс, 1996 г.
2.
Ю.Б. Гиппенрейтер. Общаться с ребенком как? — М.: АСТ: Астрель, 2007.
3.
Экслайн Вирджиния. Игровая терапия. — М., «Психотерапия», 2007
Тарау 3
1.
К.С. Ладодо, Т.Э. Боровик, Н.Н. Семенова, А.В. Суржик. “Формирование
правильного пищевого поведения”.
2.
У. Эграс. “Расстройства пищевого поведения”.
Тарау 5
1.
Диагностика и коррекция психического развития дошкольника. Мн.,
1997.
2.
Закаляем волю // Мой ребенок, 08.2001.
3.
Подготовка ребенка к школе.Томск, 1994.
4.
Столяренко. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 1996.
Тарау 6
1.
Савенков А.И. Физическая активность и развитие интеллекта ребенка.
2.
Никитин Б.П., Никитина Л.А. Резервы здоровья наших детей.
Тарау 8
1.
С.К.Нартова-Бочавер, Г.К.Кислица, А.В.Потапова. «140 вопросов семей-
ному психологу», Москва, 2002 г.
2.
Джудит Трауэлл. «Вашему ребенку 3 года», Москва, 1996 г.
3.
«Развитие личности ребенка от года до трех», сост. В.Н.Ильина, Екате-
ринбург, 2004 г.
Тарау 16
1.
Г. Монина, Е. Лютова «Проблемы маленького ребенка».
Тарау 17
1.
Шишова Т. Застенчивый невидимка. — М.: «Искатель», 1997.
2.
Зимбардо Ф. Застенчивость. — М.: 1991.
Тарау 18
1.
Крайг Г., Бокум Д., Психология развития. — СПб.: «Питер», 2005.
2.
Развитие личности ребенка. /Под ред. Головей Л.А.—Екатеринбур-
г:«У-Фактория», 2006.
3.
Баркан А.И., Практическая психология для родителей. – М.: «АСТ-
ПРЕСС», 1999.
Тарау 20
1.
Нельсен Дж., Лот Л., Глен Ст. Воспитание без наказания. — Мн.: 1997.
2.
Фромм А. Азбука для родителей. — Л.: 1991.
3.
Клайн В. Как подготовить ребенка к жизни. — М.: 1991.
Тарау 22
1.
В.И. Гарбузов. «Неврозы у детей».
2.
А.И. Захаров. «Неврозы у детей и подростков».
Тарау 23
1.
Чейпи Дж. Готовность к школе: Как родители могут подготовить
детей к успешному обучению в школе. М., 1992.
2.
Лалаева Р.И. Нарушения чтения и пути их коррекции у младших
школьников. СПб., 1998.
Тарау 25
1.
Т.Д. Марцинковская, Т.М. Малютина,
2.
Т.Г. Стефаненко и др. Психология развития; М., «Академия», 2007.
3.
Оклендер В., Окна в мир ребенка, -М., Независимая фирма «Класс»,
1997.
4.
Баркан А.И., Как научиться понимать своего ребенка., -М, АСТ-ПРЕСС,
1999.
Тарау 26
1.
Волков Б.С., Волкова Н.В. Как подготовить ребенка к школе.
2.
Выготский Л.С. Кризис 7 лет.
Тарау 27
1.
И.Г. Малкина-Пых. Возрастные кризисы. Москва. ЭКСМО, 2005 г.
2.
И.Ю.Кулагина, В.Н.Колюцкий. Возрастная психология. Москва. ТЦ
«Сфера», 2001г.
Глава 28
1.
С.К. Нартова-Бочавер, Г.К. Кислица, А.В. Потапова. 40 вопросов семей-
ному психологу. 2002.
2.
Е. Черепанова. Психологический стресс, помоги себе и ребенку. 1997.
Глава 29
1.
Ю.Гиппенрейтер «Продолжаем общаться с ребенком. Так?»; АСТ, 2008
Ф.Дольто «На стороне подростка»; У-Фактория, 2004
2.
Х.Г.Гинот «Как подобрать к ребенку ключик. Трудный возраст»; Центр-
полиграф, 2008
1.
Э.Л.Шан «Когда ваш ребенок сводит вас с ума»; Прайм-Еврознак,
2006
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметті даму министрлігі
Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)
Беларусьтегі ЮНИСЕФ материалдары
негізінде әзірленді ©
Достарыңызбен бөлісу: |