Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы «___» ___________
№ _____ бұйрығымен бекітілген
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық
белгілеу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1.
Жалпы ережелер
1.
«Жетім
балаға
(жетім
балаларға)
және
ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық
белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік
көрсетілетін қызмет).
2.
Мемлекеттік
көрсетілетін
қызмет
стандартын
Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)
әзірлеген.
3.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы
қалаларының білім басқармалары, қалалық және аудандық білім бөлімдері
(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін
беру:
1)
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету
орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
3)
«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал)
www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.
2.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1)
көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттарды тапсырылған
сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз
күн ішінде;
2)
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін
күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
3)
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін
ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
5.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара
автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
6.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет
стандартына
1-қосымшаға
сәйкес
нысан
бойынша
ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім
балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы жергілікті
атқарушы органның қаулысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді
бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық форматта
ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті
қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық
форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті
беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесі көрсетілетін
қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің
уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ)
қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.
7.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8.
Жұмыс кестесі:
1)
көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден
бастап жұманы қоса алғанда көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген
жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі аралықтағы түскі
үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және оған жедел қызмет
көрсету қарастырылмаған;
2)
ХҚО-да: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда
белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз,
«электронды» кезек күті тәртібімен жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті
портал арқылы «брондауға» болады;
3)
порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты
техникалық үзілістерді қоспағанда).
9.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті
көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1)
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2)
егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған болса, жұбайының
(зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
3)
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған жағдайда,
жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық
қорытынды;
4)
көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды
расталған анықтама;
5)
көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеме;
6)
некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы
куәлігі (егер некеге тұрған болса);
7)
бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда, баланың туу
туралы куәлігі;
8)
баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және
баланың даму тарихынан үзінді;
9)
аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері
туралы мәлімет.
Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда, баланың туу туралы куәлігі
(бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда), баланың денсаулық
жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді,
баланың оқу орнынан анықтама, аға-інілері мен апа-қарындастары және
олардың тұрғылықты жері туралы мәлімет ұсыну талап етілмейді.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін
түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін
қызметті алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың
қабылданғаны туралы қолхат береді:
сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттар берілетін күні (уақыты) және орны;
көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды ресімдеуге өтінішті
қабылдаған қызметкерінің
аты-жөні, сондай-ақ болса, әкесінің аты;
көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні, сондай-ақ болса, әкесінің аты
және байланыс телефондары;
ХҚО-ға жүгінген кезде:
1)
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2)
егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған болса, жұбайының
(зайыбының) нотариалды расталған келісімі;
3)
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға
сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған жағдайда,
жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық
қорытынды;
4)
көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды
расталған анықтама;
5)
көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеме;
6)
некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы
куәлігі (егер некеге тұрған болса);
7)
бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда, баланың туу
туралы куәлігі;
8)
баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және
баланың даму тарихынан үзінді;
9)
аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері
туралы мәлімет.
ХҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті
алушыға мынадай мәліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны
туралы қолхат беріледі:
1)
сұраныстың нөмірі және қабылданған күні;
2)
сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;
3)
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4)
құжаттар берілетін күні (уақыты) мен орны;
5)
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің
аты, тегі, сондай-ақ болса әкесінің аты;
6)
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ болса,
әкесінің аты және байланыс телефондары.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттарының,
некеге тұру туралы куәліктің (2008 жылдан кейін некеге тұрған жағдайда),
баланың туу туралы куәлігінің мәліметтерін (бала 2007 жылғы 13 тамыздан
кейін туылған жағдайда) ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық
жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен
куәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік
қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық
жүйедегі мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО-ның қызметкері ХҚО-ның
ақпараттық жүйесіндегі деректерді көрсетілетін қызметті алушының
құжаттарының
түпнұсқаларымен
салыстырады
және
түпнұсқаларды
көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;
порталға:
1)
көрсетілетін
қызметті
алушының
ЭЦҚ
куәландырылған
электрондық құжат нысанындағы сұрау;
2)
осы мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан
бойынша көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған жағдайда, жұбайының
(зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының
электрондық көшірмесі;
3)
егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса,
нотариалды расталған анықтаманың электрондық көшірмесі;
4)
көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген
мінездеменің электрондық көшірмесі;
5)
некеге 2008 жылға дейін тұрған жағдайда некеге тұру туралы
куәлігінің (егер некеге тұрған болса) электрондық көшірмесі;
6)
бала 2007 жылға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы
куәлігінің электрондық көшірмесі;
7)
баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың
және баланың даму тарихынан үзіндінің электрондық көшірмесі;
8)
аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері
туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған білім беру ұйымдарында тұрған жағдайда, баланың туу туралы
куәлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда), баланың
денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың және баланың даму
тарихынан үзіндінің, баланың оқу орнынан анықтаманың, аға-інілері мен апа-
қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәліметтердің
электрондық көшірмелерін тіркеу талап етілмейді.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын
көрсетілген қызмет алушының жеке басын растайтын құжат деректерінің
мәліметтерін, көрсетілетін қызметті алушының сотталмағаны туралы
анықтаманы, некеге тұру туралы куәлікті (некеге 2008 жылдан кейін тұрған
жағдайда), баланың туу туралы куәлігін (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін
туылған жағдайда) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті
мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті
адамдардының ЭЦҚ куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе,
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік
қызметтерді көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық
жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке
кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін және
уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың
қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Баланы тәрбиеге алуға үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын
зерделеу актісі жоғарыда аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін дайындалады.
10.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:
1)
адамды соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі
деп тануы;
2)
адамды соттың ата-ана құқықтарынан айыруы немесе сот ата-ана
құқықтарын шектеуі;
3)
өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi
тиiсiнше орындамағаны
4)
үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген
адамдар;
5)
егер сот бала асырап алудың күшiн олардың кiнәсi бойынша жойса,
бұрынғы бала асырап алушылар;
6)
денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы
мiндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар.
3.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының,
сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының
және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің
басшысының атына не осы мемлекеттік қызмет стандартының 13-тармағында
көрсетілген мекенжай бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік)
басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті
берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның
аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілетін қызметті
берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні)
тіркелуі болып табылады.
ХҚО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым осы
стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар
бойынша ХҚО басшысының атына беріледі.
ХҚО-ның кеңсесіне қолма қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен
шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және
тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына
қойылады) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, әкімдіктің немесе ХҚО-ның
мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы
тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Шағымды қарастыру нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті
алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің,
әкімдіктің немесе ХҚО-ның кеңесесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда,
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау
және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі
уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының
шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға
жатады.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО-ның қызметкерлерінің
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы ақпаратты осы
мемлекеттік қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілетін мемлекеттік
қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны
бойынша алуға болады.
12. Көрсетілген
мемлекеттік
қызмет
нәтижелерімен
келіспеген
жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық форматта
көрсетілетін қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары
1)
Министрліктің www.edu.gov.kz;
2)
ХҚО-ның: www.con.gov.kz;
3)
порталда: www.e.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
14.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда,
көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды нысанда алуға
мүмкіндігі бар.
15.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
және жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде,
порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама
қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай
байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
16.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету
мәселесі бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің
www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет
көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы – 8-800-080-7777, 1414.
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаға
(балаларға) қамқоршылық немесе
қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Аудан (қала) әкімі қаулысына қосымшадан үзінді көшірме
елді мекен № ____________ 20__ жылғы «___» ________
Қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 120 және 121-баптарына
сәйкес (Т.А.Ә.) _____________________ өтінішінің және облыстардың, Астана,
Алматы ққ. білім басқармалары, аудандардың, қалалардың білім бөлімдері
құжаттарының негізінде _________ ауданының (қаласының) әкімі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық
белгіленсін
Р/с
№
Қамқоршы
(қорғаншы)
Қамқорлыққа
алынатын бала
Қамқоршылықты
және
қорғаншылықты
ресімдеу негізі
Т.А.Ә.
Қамқоршының
(қорғаншының)
Т.А.Ә., туған
жылы
2. Иелігіндегі тұрғын үйі _______________________________ бекітілсін.
Әкім _____________ (Т.А.Ә.)
қолы
М.О.
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаға
(балаларға) қамқоршылық немесе
қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Аудандық (қалалық) білім бөлімі
____________________________________
____________________________________
мекенжайы бойынша тұратын, телефоны
азамат (ша) ___________________________
(Т.А.Ә. толық, қысқартусыз, жеке басын
куәландыратын құжат бойынша)
Өтініш
Сізден
жетім
балаға
(жетім
балаларға)
және
ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаға (балаларға) қамқоршылық
немесе қорғаншылық белгілеуді сұраймын:
1.________________________________________________________________
(баланың Т.А.Ә. туған жылын, туу туралы куәлігінің № көрсету)
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
мекенжай бойынша тұрады:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
20__ ж. «___ » ____________
азаматтың
(азаматшаның) қолы
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балаға
(балаларға) қамқоршылық немесе
қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Жолдама
Қамқоршының (бала асырап алушының) денсаулық жағдайы туралы
қорытынды
Т.А.Ә._____________________________________________________________
Туған жылы__________________________________________________________
Үйінің мекенжайы_____________________________________________
Психиатр__________________________________________________________
Нарколог__________________________________________________________
Дерматовенеролог__________________________________________________
Кеуде клеткасының рентгеноскопиясы ________________________________
Терапевт___________________________________________________________
Қорытынды________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |