Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет37/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48

БАЛАҢЫЗ
НЕГЕ КІТАП
ОҚЫҒЫСЫ
КЕЛМЕЙДІ
23
149


C
оңғы жылдары кітап оқығысы келмейтін, орнына теле-
дидар мен компьютерге үйір балалар саны артып кетті. 
Ата-аналар абыржулы: бала кітап оқудан бас тартады! 
Оның себебі неде? Бұл жағдайды қалай өзгертуге бола-
ды?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін баланың ерте жастағы 
жай-күйіне, оның ата-анасымен өзара қарым-қатынасына 
үңілу керек.
Осы уақытқа дейін балалар оқуды мектепте үйренеді де-
ген пікір қалыптасқан болатын. Ал бүгін біз білеміз, оқып 
үйренуге қажетті білім қорын бала мектепке дейін ие-
ленеді. Зерттеушілер бала өмірінің алғышқы бес жылын 
«Ғажайыптар жылдары» деп атайды. Оқып үйренбестен 
бұрын бала сөйлеу қабілетін, тыңдай және сөйлей білуді 
жеткілікті дәрежеде меңгеруі тиіс. 
АТА-АНАДАН БАЛАНЫ ОҚЫП ҮЙРЕТУ ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ, 
ОЛАР БАЛАНЫҢ БОЙЫНДА ОҚУҒА ДЕГЕН ҚҰМАРЛЫҚТЫ 
ДАМЫТУЫ ТИІС!
Басты кезекте оқып үйренудің қажетті алғышарты ретін-
де ауызекі тілді дамытуға көп көңіл бөлу қажет.  
Оны бала дүниеге келген алғашқы күннен-ақ бастаған 
жөн. Сәбиді қолыңызға көтеріп, онымен сөйлескенде, сіз 
оған жылу мен қауіпсіздік сезімін бересіз (ал сізге бұл 
жаста ол мұны елемейтіндей көрінеді).
Әрдайым тыңдауға дайын екеніңізді көрсетіңіз. Балақай-
дың тіпті ең алғашқы әлсіз және былдырлап сөйлеуге 
тырысқан әрекеттерін қолпаштауға тырысыңыз. Егер 
шаршап немесе асығып тұрсаңыз, ұмытпаңыз: мектеп 
дейінгі жаста көрсеткен шыдамдылығыңыз болашақта 
жұмысыңызды әлдеқайда жеңілдетеді.
150
БАЛАҢЫЗ НЕГЕ КІТАП
ОҚЫҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ
23


БАЛАНЫҢ БӨЛМЕСІНДЕ ТЕЛЕДИДАР 
БОЛМАУЫ ТИІС
Балаға көбірек уақыт бөліңіз. Ерте балалық шақта ба-
ланың тілінің дамуына, танымдық дамуына және қоғам 
өміріне қатысуына отбасының ықпалы шешуші маңызға 
ие. Дәл осы мектепке дейінгі жаста үйден тыс өз-өзі-
не деген сенімділігі және тіл табыса білу қабілетінің 
іргетасы қаланады. Ерте балалық шақтағы тілдің даму 
деңгейіне баланың мектептегі жетістіктері, қатарласта-
ры арасында тіл табыса білуі байланысты болады.
Баланың оқып үйренуіне ең басты бәсекелес – теледи-
дар. Жағдай қалай жасалғанына байланысты теледидар 
мен бейнеақпарат дамуға түрткі де, тежеу де бола ала-
ды. Балаға теледидар алдында өткізуге болатын уақыт 
шектеулі болуы тиіс. Балаңызға көруге рұқсат ететін 
бағдарламаларды мұқият іріктеңіз.
Бала есейгенде таңдау мүмкіндігін беріңіз: апталық 
бағдарламаны бірге қарап отырып, көретін бағдарла-
малардың бірге таңдаңыздар. Балаға өзі қалағанын 
таңдауды ұсыныңыз. Үйде отбасылық хабарландыру-
лар тақтасына ұқсас бір орын болсын; таңдап алынған 
бағдарламалар тізімін осы тақтаға іліп қоюға болады.
Теледидарды және кез-келген бейнеақпаратты бала-
мен бірге көріңіз. Баланы не қызықтыратынын білуге 
тырысыңыз. Көргендеріңізді бірге талқылаңыздар. Сіз 
сұрақтар қоя аласыз, мысалы:
- Қалай ойлайсың, қандай жағдай орын алды?
- Оған қазір не болып жатыр?
- Сенің ойыңша, ол неге мұндай әрекетке барды?
- Қалай ойлайсың, әрі қарай не болады?
Ойынның басқа түрлерін ойнауға ынталандырыңыз – 
үйде де, таза ауада да. Дұрыс қолданылғанда теледидар 
да, бейнеақпарат та тиімді оқыту және көңіл көтеру 
құралдары бола алады.
151
БАЛАҢЫЗ НЕГЕ КІТАП
ОҚЫҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ
23


ОҚИ БІЛУ – БҰЛ СУ БЕТІНДЕ КӨРІНІП ТҰРҒАН
МҰЗТАУДЫҢ ТЕК ҰШЫ ҒАНА, ОЛ БАЛАҚАЙДЫҢ БҰРЫН 
ЖИНАҒАН ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘНЕ 
БАЛАНЫҢ ДЕНЕ БІТІМІНІҢ, АҚЫЛ-ОЙЫНЫҢ,
САНА-СЕЗІМІНІҢ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫНЫҢ 
НӘТИЖЕСІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Үйде оқи білу балаға жүру немесе сөйлеу сияқты табиғи 
жолмен келе алады. Балаға төменде келтірілген жағдайларды 
жасап, осы оқиғалардың табиғи үдерісін өрістетуге көмектесуге 
болады:
балаға үнемі санамақ, белгілі бір сөз тіркестері жиі қай-
таланатын, балаларға арналған тақпақтар, суреттері бар 
кітаптар, әртүрлі әңгімелер және т.с.с. дауыстап оқып беру;
балаға қызықты әңгімелер оқу: жануарлар, ойыншықтар, 
динозаврлар және т.б. туралы);
әрбір сөйлесу мүмкіндігін қолдану: баламен сөйлесу, оның 
кітаптар және басқалар туралы сұрақтарына жауап беру;
балаға қағазды, қарындаштарды, қайшыны және т.б. еркін 
пайдалануға рұқсат беру;
балаға арнап, күнделікті қайталанып отыратын сөздер 
жазылған карточкалар жасау;
бала айтып отыратын оқиғаларды жазып алу;
балаға үйдің айналасына және басқа да жерлерге саяхат 
ұйымдастыру және осы серуендерді саяхатқа дейін, бары-
сында және кейін талқылау;
үйдегі ахуал жайлы болуы тиіс – ата-ана шыдамды болуы 
қажет;
баланың оқи алуы үшін үйде үнемі жеткілікті оқу құралда-
ры болуы тиіс;
ата-ананың өзі кітап, газет, журнал оқып, үлгі көрсетуі тиіс;
ата-анасы ара-тұра балақайды өздерімен бірге кітап-
ханаға алып барғаны жөн, бала онда кітаптарды ақтара 
алады, бірнешеуін таңдап, үйге алып кете алады.
Әр баланың өз мінезі, өз қажеттіліктері, қызығушылық- 
тары, ұнататыны және ұнатпайтыны болады. Оның еш-
кімге ұқсаймайтын қасиетін құрметтеңіз. Өзіңізге және 
балаңызға қол жеткізуге мүмкін мақсаттар қойыңыз. 
Балаға бағыт беріңіз, жөн сілтеңіз – бірақ, итергіште-
меңіз. Бала махабаттан және алатын әсерлер сан-алуан-
дылығынан таршылық көрмеуін қамтамасыз етіңіз. 
Шындығында бала үшін оқу – өзін қоршаған адамдар-
дың денесінде және көздерімен саяхат жасау. Баламен 
сөйлескенде оның назарын барлық жерде қоршап 
тұрған нағыз «ғажайыптар еліне» аудару арқылы оған 
адамдар тілінің сиқыры ашылады. 
Оқылғанның мән-мазмұны есте сақтауға әсер етеді. Үш 
жаста-ақ балалар әлі сөзбен жеткізе алмаса да, себеп 
пен салдар арасындағы байланысты көре алады. Іс 
жүзінде үш жасар бала оқиғалар арасындағы байланы-
сты әртүрлі күрделі мәселелер
туралы ой толғай бастағаннан көп
бұрын үйренеді.
152
БАЛАҢЫЗ НЕГЕ КІТАП
ОҚЫҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ
23


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау