Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет7/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48

МАМАН КӨМЕГІ ҚАШАН ҚАЖЕТ? 
Бала ашушаңдығының келесі түрлері арнайы араласу 
шараларын қолдануды талап етеді:
1. Бес жастан асқан бала басқа балаларды және жануарларды 
азаптағаннан ләззат алады. Мұндай ашушаңдық түрі сирек кез-
деседі, бірақ әрдайым арнайы психоневролог емін қабылдауды 
талап етеді.
2. Гипербелсенді баланың ашушаңдығы. Мұндай бала мазасыз, 
ашушаң, барлығына тиіспесе тұра алмайды, ойран салғыш, 
арқалаған өкпе-реніштері тым көп. Оның мінез-құлқы албырт-
тығымен, ойланбай жасалған әрекеттермен, салынған тый-
ымдарды бұзумен ерекшеленеді. Мұндай бала негізі жүрегінің 
түкпірінде қамқор, кең пейілді, сүйкімді болуы мүмкін, бірақ бас 
миы қабығындағы биохимиялық тепе-теңдіктің жоқтығы оның 
мінез-құлқын шамадан тыс белсенді етеді, ал оны қадағалауды 
дәрігердің басты әуресіне айналдырады.
3. Бала ешбір себепсіз, ешбір негізсіз ашушаңдыққа бой алды-
рады, ал тәрбиелеу шаралары көмектеспейді.
4. Психофизикалық дамуын-
да ерекшеліктері бар бала-
лардың ашушаң мінез-құлқы.
БҰЛ ҚАШАН ДА ЖАМАН БА?
Жоқ. Ашушаңдықтың өмірге қажетті өзіндік пайдалы, 
тиімді белгілері бар – бұл табандылық, алға қойған 
мақсатына жетудегі қажырлылық, жеңіске ұмтылыс, 
кедергілерді еңсеру. Сондықтан, тәрбиелеу шаралары 
ашушаңдықты балалардың мінезінен түгелімен жоюға 
емес, оның жойқын, әлеуметке қарсы белгілерін шекте-
уге және бақылауда ұстауға, ал оң көріністерін мадақта-
уға бағытталуы тиіс.
БАЛАЛАР АШУШАҢДЫҒЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ  
Ашушаңдық келесі жағдайларда туындауы мүмкін: 
фрустрация (үрей) сезіміне жауап қайтару – бұл өз қажет-
тіліктерін қанағаттандыру, эмоционалдық тепе-теңдікке 
қол жеткізу жолындағы кедергілері еңсеруге талпыныс 
әрекеті;
бала өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың барлық басқа 
мүмкіндіктерін тауысқаннан кейінгі қолданған соңғы 
амал-шарғысы;
берілген үлгіні (ата-анасының, әдеби, кино- және телекей-
іпкерлердің мінез-құлқы) ұстана отырып, бала ашушаң-
дыққа бой алдырады, «жаттап алған» мінез-құлықты 
қайталайды.
Сондай-ақ, ашушаңдықтың көрініс беруіне биологиялық 
факторлар да әсер етеді (жүйке жүйесінің ерекшеліктері, тұқым 
қуалаушылық, биохимиялық факторлар).
23
БАЛАЛАР АШУШАҢДЫҒЫ
4


АШУШАҢДЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ 
Баланың шамадан тыс ашушаңдыққа бой алдырмауын 
қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі – оған деген сүй-
іспеншілікті көрсету.
Ата-ана баласының ашушаң мінез-құлқының себебін 
түсініп, оны жоюға тырысуы тиіс.
Балаға өз күш-қуатын сыртқа шығару мүмкіндігін беріңіз 
– жалғыз өзі немесе досымен асыр салсын; шамадан тыс 
белсенді баланы бос отырғызбаңыз – оның күш-қайраты 
«бейбіт» мақсаттарға жұмсалсын (спорт, ғылыми үйірме-
лер, шеберлер үйірмесі және т.с.с.). 
Зорлық-зомбылық пен қатігездік көрсетілетін фильмдерді 
және телебағдарламаларды көрсетпеу қажет.
Балаға дос табуға көмектесіңіз, оны құрдаста-
рымен тіл табысуға үйретіңіз – бірлескен 
дәрістерде балалар жалпыға ортақ мі-
нез-құлық ережелерін тез ұғып алады.
Дене жазалауын қолданбаңыз!
Балаға тиімді, ақ пейілді мінез-құлық 
үлгісін өзіңіз көрсетіңіз: 
баланың көзінше ашу 
шақырмаңыз, ызалан-
баңыз, ешкімді қорла-
маңыз, әлдебір ренжіткен 
адамдардан өш алу тура-
лы сөз етпеңіз және т.с.с. 
АШУШАҢДЫҚТЫ «ЕМДЕУ»
Балалардың ашушаң мінез-құлқын түзету үшін сол мі-
нез-құлықтың алдын алу тәсілдері де жарайды. Осындай 
балалардың ашу-ызасын бір ауыз жылы сөз қайтара 
алады. Баланы «бұзылған» деп сөкпеңіз. Егер солай ой-
лай бастасаңыз, баланы жатсыну, қабылдамау сезімі тууы 
мүмкін. Оны бала да сезіп қалуы мүмкін, ал ет-жақын-
дарының арасында өзін жалғыз сезіну баланың мінезін 
бұрынғыдан бетер күрделене түсуіне алып келуі мүмкін. 
Ашушаңдығынан бәрінен бұрын баланың өзі азап ше-
геді: ата-анасымен жанжалдасады, достарынан айыры-
лады, үнемі ашу үстінде, ал көбінесе қорқынышпен өмір 
сүреді. Осының барлығы баланы бақытсыз етеді. Мұндай 
бала үшін қамқорлық пен мейірім – таптырмас ем-ши-
па. Әрбір сәт сайын ол ата-анасы өзін жақсы көретінін, 
бағалайтынын және қабылдайтынын сезінуі тиіс. Бала 
өзінің сізге керек екенін және маңызды екенін көрсін. 
Бар амалыңыз таусылып, еш нәтиже шықпаса, келе-
сі мамандардың көмегіне жүгінуге болады: дәрігер 
психотерапевттер және психоневрологтар, психологтар, 
педагогтар.
24
БАЛАЛАР АШУШАҢДЫҒЫ
4


ЕРІК-ЖІГЕРДІ
ТӘРБИЕЛЕУ
5
25


Ата-аналар жүктілік, босану және бастапқы даму кезеңіндегі 
қиындықтармен байланысты «қауіп-қатер факторлары», соның 
ішінде төменде келтірілген жағдайлар орын алғанда баланың 
ерік-жігері мәселесіне айрықша көңіл бөлуі қажет:
гипоксия (бала миының оттегімен жеткілікті көлемде 
қоректендірілмеуі);
шала туылу;
нәрестелердің гипо- және гипертонус күйіне шалдығуы;
3 жасқа дейінгі жаста жұқпалы аурулардың күрделі өтуі;
гипербелсенділік және т.б.
Бақытқа орай, бала психикасы иілімді, әрі бастан өткерген 
«зиянды» жайттарға қарамастан, ми залал орнын толтыру 
қабілетіне ие. Бірақ, оған барынша толық қалпына келу үшін 
көмек қажет.
Тәрбие беру барысындағы белгілі бір қателіктер ерік-жігер 
қасиеттерінің қалыптасуына кедергі жасайды. Атап айтқанда: 
бала шамадан тыс ерке болып, аузынан шыққанның бәрі екі 
етпей орындалса немесе ересектердің қатал мінезі баланың 
еңсесін басып, ол өз бетінше шешім қабылдай алмаса, оның 
тілек-қалауы ескерілмесе. Ерік-жігер күшін баланы өзге ба-
лалармен салыстырып, оған теріс баға беру де басып тастауы 
мүмкін, мысалы: «Сен ештеңені аяғына дейін жеткізе алмай-
сың!», «Арман бәрін сенен жақсы істейді!».
K
емел тұлғаның мінезіндегі ең қалаулы қасиеттері ара-
сынан көпшілік мақсаттылықты – алға мақсат қоя білу мен 
қалауына қол жеткізе білуді атайды. Әрі көптеген ата-ана-
лар баласын қалай жігерлі, тәртіпке берік етіп тәрбиелеуге 
болады деген сұраққа жауап іздейді.
Ерік-жігер – бұл адамның саналы түрде алға қойған мақсатына 
қол жеткізу үшін сыртқы және ішкі кедергілерді (мысалы, бір ме-
зеттік албырттықты) еңсере отырып, әрекет ету қабілеті. Баланың 
ерік-жігерінің дамуы ерте балалық шақта өз қимыл-қозғалыста-
рын басқара білу қабілетіне ие болудан басталып, ұзақ үдерістен 
өтеді. Қалауын жүзеге асыруға көмектесетін қимыл-әрекет жасау 
қабілеті бірте-бірте жетіледі, белгілі бір мақсатқа, мінез-құлық 
ережелеріне сәйкес тікелей эмоционалдық ой-талапқа қарсы 
әрекет ету дайындығы артады, яғни, өзін-өзі қадағалауды және 
өзін-өзі бақылауды ерік-жігер күшіне бағындыру қабілеті дамиды. 
26
ЕРІК-ЖІГЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ
5


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау