Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет2/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

i
Ерекше санатқа жарыс ойындары жатқызылады, онда 
балалар үшін ең тартымды сәт жеңу немесе табысқа жету 
болады. Дәл осындай ойындарда мектепке дейінгі жастағы бала-
ларда табысқа қол жеткізу талпынысы қалыптасып, орнығады. 
Қиялдағы заттарды және рөлдерді қатыстырумен 
шынайы әрекеттерді қамтитын ойындардан басқа дер-
бес ойын әрекетінің сиволикалық түрі болып сурет салу 
табылады. Оған бірте-бірте түйсіну және ойлау қабілет-
тері барған сайын белсендірек қатысады. Көргенінің 
суретін салудан бала уақыт өте келе білетінін, есінде 
қалғанын және ойынан шығарғанын салу сатысына 
келеді.
Мектепке дейінгі үлкен жаста құрастыру ойыны еңбек-
тенуге айнала бастайды, ойын барысында бала тұрмы-
ста пайдалы, қажетті заттарды құрастырады, жасайды. 
Осындай ойындарда балалар қарапайым еңбек қабілет-
терін және дағдыларын меңгереді, заттардың физика-
лық қасиеттерін біле бастайды, тәжірибелік ой-өрісі 
белсенді дамиды. Ойында бала үй тұрмысындағы көпте-
ген құралдарды және заттарды пайдалануды үйренеді. 
Оның өз әрекеттерін жоспарлау қабілеті пайдала бола-
ды және дамиды, қолмен жасалатын қимылдары және 
ақыл-ой еңбегі, ой-қиялы және түйсігі жетіле түседі. 
4
3-7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
1


Мектеп жасына дейінгі бала тұлғасының қалыптасуын-
да баланың ынтасы мен қалауы бір-бірімен үйлесе 
бастауы, маңызы жоғары және орташа ынта-қалау-
лары айқындалуы маңызды мәнге  бола бастайды, 
соның арқасында албырт, жағдайда байланысты 
мінез-құлықтан белгілі бір ережемен немесе үлгімен 
реттелетін мінез-құлыққа көшу жүзеге асады.
Жалпы, ойындар әртүрлі болуы мүмкін – тыныш және 
қимыл-қозғалысты қажет ететін, балалардың түйсігін 
және сезімдерін, ой-қиялын және нақты дағдыларын 
дамытатын ойындар. Бұл ойындарды көшеде де, күн-
шуақты күні де, жаңбырлы күні де, тәуліктің кез-келген 
уақытында ойнауға болады. Олардың көмегімен бала-
лардың көңілін көтеруге, оларды өзара жақындастыруға 
және достастыруға, сонымен қатар, көп дағдыларға 
үйретуге, әрі осылайша дамуына қолғабыс етуге болады. 
3 ЖАСТАН 6 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА КЕЛЕСІЛЕРДІ 
ҮЙРЕНУ ҚАЖЕТ:
зейін қою;
мұқият болу;
айналадағыларды бақылау және олардан үйрену;
басқалармен ынтымақтастықта болу;
сенім білдіру;
өз бетімен әрекет ете білу;
бастама көтере білу;
ұстамдылықты шыңдау;
күйзелісті еңсеру және бойын босаңсыта білу;
өз-өзін бақылау;
өз тәнінің оң бейнесін дамыту;
епті қозғалу.
5
3-7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
1


СІЗ БАЛАҢЫЗҒА ҰСЫНА АЛАТЫН ОЙЫН ТҮРЛЕРІ 
«Бірінші әріп»: балаңызға өзінің аты басталатын әріптен сөз-
дер құрауды ұсыныңыз. Бірнеше мысал келтіріңіз.
«Мен не көріп тұрмын»: баланың назарын қазір сіздерді не 
қоршап тұрғанына аударыңыз. Сұрақтар қойыңыз: топта қанша 
бала бар, ұлдар көп пе, жоқ қыздар ма; қандай ойыншықтар-
ды көріп тұрсың; кім қолына дорба, ал кім сөмке ұстап тұр; 5 
минут ішінде қанша ақ түсті көлік өтеді және т.с.с.
«Тор–сызық»: қағазға тор көз салып, әрқайсысының ішінде 
сызықша қойыңыз. Соңында біреуі қалғанша, оларды кезекпен 
сызып отырыңыздар. Кім соңғы болып сызса, сол жеңіледі.
«Тезірек сана»: қорапта қанша қарындаш, сөреде қанша кітап, 
сөзде қанша әріп бар екенін және т.с.с. тез санап шығу керек.
«Бірге жина»: таза парақтардың жоғарғы жағына 1-ден 5-ке 
дейін нөмір қойып, балаға беріңіз. Журналдарды қарап отырып, 
ол белгілі бір санатқа жататын заттарды тауып, қиып алуы тиіс. 
Содан соң, бірінші параққа бір санатқа жататын затты, екінші 
параққа – бір заттың екі суретін (екі бәтеңке, екі қалам) және 
т.б. жапсырыңыздар.
«Шимай жазу»: баламен бірге қағазға бірін-бірі қиып өтетін 
түзу және қисық сызықтар салыңыздар. Содан соң, осы сы-
зықтар арасында пайда болған жерлерді әртүрлі түстермен, 
секпілдермен, тор көздермен, ирек сызықтармен және т.с.с. 
бояп шығыңыздар.
«Әріптерді, сандарды қос»: қағаздың әр жеріне баспа әріптер 
немесе сандар жазыңыз. Оларды рет-ретімен бір-бірімен 
жалғап шығу керек.
«Жуынатын бөлмедегі ойындар»: бас жуғанда сабындалған 
шаштан бір мүсін жасап шығару керек. Бала сол «өнер туынды-
сын» көруі үшін айнаға қаратыңыз.
«Мұрныңды жу, қолыңды жу»: баланы жуындырып жатқанда 
қызықты болуы үшін денесінің әр мүшесі туралы тақпақ айтуға 
болады. Мысалы: дос бол сабын, сумен сен, жиі - жиі жуын сен, 
тәңертең де кешке де, жуын күндіз - кешке де, жуынсаң сен әр-
дайым, аппақ бетің, маңдайың, тазалықтың досы, су дегенің осы.
«Естеліктер»: балалар ата-анасының, бауырларының өмірінен 
алынған қызықты оқиғаларды тыңдағанды ұнатады. Бір күні 
кешке ескі отбасылық альбомды ашып, суреттерге кім түсіріл-
генін, қашан және қайда түсірілгенін айтып беріңіз.
«Балалық шақтағы фотосуреттер»: барлық отбасы мүшелерінің 
балалық шағындағы фотосуреттерін жинаңыз. Бала суреттегі 
адамның қай отбасы мүшесі екенін табуға тырысып, оның 
қалай өзгергенін көріп, мәз-мейрам болады.
6
3-7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
1


«Менің журналым»: үйдегі журналдарды қарап отырып, бала 
өз журналын жасай алады. Оған бірнеше парақ қағаз, желім, 
фломастер беріп, қандай да бір тақырыпқа арналған журнал 
жасауды ұсыныңыз. Жұмысты аяқтаған соң, журналында не 
«жазылғанын» «оқып берсін».
ЖЕКЕ МЕ, ТОПТЫҚ ПА, ҚАЙСЫСЫ ДҰРЫС?
Тек жеке ғана емес, сонымен қатар топтық дамытушы ойындар-
ды қолданған жөн. Балаларға епті қимылдауға, бастама көтеру-
ге, өзге балалармен және ойын жүргізушісімен бірлесе әрекет 
етуге, мұқият, жинақы болуға мүмкіндік беретін қимыл-қозға-
лысты талап ететін ойындар өте маңызды.
Ойындар балалардың қимыл-қозғалыстық қабілеттерін ғана 
дамытуға емес, сондай-ақ, олардың танымдық қабілеттерін 
де дамытуға бағытталуы тиіс. Көзді, жалпы көру қабілетін 
дамытуға септесетін ойындар мен жаттығулар балаларға 
көзбен көруден алынған мәліметті мұқият саралауға, қозғалы-
стағы заттарды басқаруға, қашықтықты дұрыс шамалауға және 
кеңістікте бағыт-бағдар табуға көмектеседі.
Аяқ-қол, көз бен құлақ, бүкіл денені жаттықтыруға арналған 
ойындар жалпы дененің жекелеген мүшелерінің сезімталдығын 
дамытуға септігін тигізеді және олардың бір-бірімен бірлесе 
қызмет атқаруын арттырады, бұл, сөзсіз, балаға күнделікті 
өмірінде, балабақшада да, мектепке барғанда да қолғабыс 
болады.
Мысалы; а) бормен қабырғаға 2–3 үлкен әріп, сан немесе шең-
бер салыңыз; балақай допты лақтырып, әрбір суретке тигізуі 
тиіс; б) баладан 2–3 метр қашықтықта шағын жәшік немесе 
қорап қойыңыз, бала допты лақтырғанда, оны қорапқа түсіруге 
тырысуы керек. Жаттығулар көру, есту және кинестикалық (бұл-
шық ет қимылы) қабілеттері арқылы түйсіну дағдысын жетіл-
діреді, кеңістікті және ырғақты сезінуін дамытады. Балалардың 
табиғи әуесқойлығын оятуға және қанағаттандыруға, оқу-білім 
алуға дайындығын қалыптастыруға ықпал ету керек, ойында 
бүкіл денесін қимылға келтіруге және өз ойын сөз қолданбай, 
шығармашылық жолмен жеткізуге мүмкіндік беру керек. Ой-
ындар мінезі күрделі, тұйық және гипербелсенді балалардың 
топқа кірігуін, сонымен қатар, бірлесе жұмыс жасау үдерісін 
жеңілдетеді. Ұстамды болуға және мектепке дейінгі жастағы 
бала үнемі тап болатын кедергілерді еңсере білуге баулиды.
7
3-7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
1


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау