Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
1
«
«
A
A
l
l
t
t
y
y
n
n
O
O
n
n
l
l
i
i
n
n
e
e
»
»
ж
ж
ү
ү
й
й
е
е
с
с
і
і
н
н
д
д
е
е
э
э
л
л
е
е
к
к
т
т
р
р
о
о
н
н
д
д
ы
ы
қ
қ
б
б
а
а
н
н
к
к
т
т
і
і
к
к
қ
қ
ы
ы
з
з
м
м
е
е
т
т
т
т
е
е
р
р
д
д
і
і
б
б
е
е
р
р
у
у
қ
қ
а
а
ғ
ғ
и
и
д
д
а
а
л
л
а
а
р
р
ы
ы
Бекітілген
Уәкілетті орган атауы
Шешім №
Шешім күні
Банк Басқармасы
24/01/17
24.01.2017
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
2
МАЗМҰНЫ
1-бап. Қолданылатын терминдер
2-бап. Электрондық банктік қызметтердің тізбесі
3-бап. Жүйеде Электрондық банктік қызметтерді беру тәртібі, тәсілі мен талаптары.
4-бап. Тараптардың міндеттері және құқықтары
5-бап. Қауіпсіздік рәсімдері
6-бап. Банктің комиссиялық сыйақысы
7-бап. Тараптардың жауапкершілігі
8-бап. Электрондық банктік қызметтерді берудің тоқтата тұру, жаңғырту және тоқтату
9-бап. Форс-мажор
10-бап. Қорытынды ережелер
1-бап. Қолданылған терминдер
1.1. Осы Ережелердің мәтінінде бас әріппен берілген терминдер осы Ережелерде оларға
берілген түсіндіруге ие, егер басқа түсіндіру тікелей мәтінде болмаса.
Келісім-шарт
«Altyn Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету келісім-шарты.
Клиенттің
автоматтандырылған
жұмыс орны (бұдан әрі
- АЖО)
Клиенттің Жүйеде жұмыс істеуі үшін бағдарламалық-техникалық
құралдарда орнатылған бағдарламалық кешен.
Түпнұсқаландыру
Банк Қауіпсіздік рәсімдерінің талаптарына сәйкес Электрондық
құжатты жасау дұрыстығы мен оның түпнұсқалылығын растау
Банк
«Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес банкі),
оның филиалдарын қоса алғанда.
Үзінді көшірме
Белгілі уақыт кезеңінде Клиенттің Шоты жайлы тиісінше
рәсімделген құжат (қағаз түрінде немесе электронды түрде).
Қолданыстағы
заңнама
Белгіленген тәртіпте қабылданған нормативтік құқықтық
актілерден тұратын Қазақстан Республикасы заңнамасы.
Клиент
Заңды тұлға не болмаса заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі
(филиал, өкілдік) - осы Қағидалар мен Шартқа сай Шот иесі.
Операциялық уақыт
Банктің нұсқауларды, нұсқауларды орындауды тоқтата тұру не
осындай нұсқауларды кері қайтып алу туралы өкімдерді, сонымен
қатар Банктің өзге де операциялары бойынша нұсқаулықтарды
және/немесе
құжаттарды
қабылдауды
жүзеге
асыратын
Операциялық күн уақытының нақты кезеңі. Жүзеге асырылатын
операциялардың/Банктің беретін қызметтерінің әртүрлі түрлері
үшін операциялық уақыт әртүрлі бола алады. Операциялық уақыт
туралды ақпарат Банктің Тарифтерінде көрсетіледі және Банктің
ресми сайтында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы не Заңды
тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптарына
және/немесе Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Клиенттің назарына
жеткізіледі.
Операциялық күн
Банктің нұсқауларды, нұсқауларды орындауды тоқтата тұру не
осындай нұсқауларды кері қайтып алу туралы өкімдерді, сонымен
қатар Банктің өзге де операциялары бойынша құжаттарды
қабылдауды (Операциялық уақыт шегінде) және өңдеуді жүзеге
асыратын Банктің белгілеген (уақыт өте келетін Банк бір жақты
тәртіпте өзгерте алатын ) Жұмыс күні уақытының кезеңі. Банк
Операциялық күннің өзгертілетіні туралы Клиентке хабарлауға
құқылы, бірақ хабарлауға міндетті емес.
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
3
Пайдаланушы
Шартқа сәйкес Жүйеге қатынау құқығы және Электрондық банктік
қызметтерді алуға, сонымен қатар «AltynBank» АҚ-да («Қазақстан
Халық Банкі» АҚ еншілес банкі) ашылған, банк шотындағы (-
тарындағы) ақшаға иелік етуге өкілеттіктер берілетін, Өтініште
Клиенттің көрсеткен адамы.
Қағидалар
Банктің ресми сайтында (www.altynbank.kz) орналастырылған,
«Altyn Bank» АҚ («Қазақстан Халық банкі» АҚ еншілес банкі)
«Altyn Online» жүйесінде электрондық банктік қызметтерді беру
қағидалары
Қауіпсіздік рәсімдері
Электрондық банктік қызметтерді алуға оның құқығын белгілеу
мақсатында Электрондық құжаттарды жасау, беру және алу
барысында Клиентті сәйкестендіру және авторластыру үшін,
сонымен
қатар
құпиялылықты
қамтамасыз
ету
мен
Түпнұсқаландыру
және Банкке жіберуден
кейін
берілетін және
алынатын Электрондық құжаттардың мазмұнында өзгерістер
болдырмау үшін арналған ақпаратты қорғаудың ұйымдастыру
шаралары мен бағдарламалық-техникалық құралдарының кешені.
Жұмыс күндері
Банктің операцияларды жүргізу және мәмілелерді жасау үшін ашық
болатын күндері (сенбіден, жексенбіден және Қазақстан
Республикасындағы өзге ресми демалыстардан басқа) немесе
шетелдік
валютада
қаражаттың
халықаралық
аударымы
жағдайында, Қазақстан Республикасында және осындай шетелдік
валюта заңды төлем құралы болып табылатын елде операцияларды
жүргізу үшін банктің ашық болатын күні.
Пайдаланушының
нұсқаулығы
https://altynonline.kz/
сайтында орналасқан Жүйемен жұмыс жасау
бойынша нұсқаулықтар.
Жүйе
«Altyn Online» жүйесі - Ғаламтор желісі арқылы Клиент пен Банк
арасында Электрондық құжаттармен алмасу жолымен Клиенттің
Банкте ашылған өзінің банктік шоттарын алыстан басқаруға
мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету.
Тарап немесе
Тараптар
Шарт жасаған Банк және/немесе Клиент.
Шот
Банктік шот шарты, Бнктік салым шарты және аясында банк
шоттары ашылатын, Банк пен Клиенттің арасында жасалған өзге де
шарттар негізінде ашылған кез-келген валютадағы Клиенттің
Банктік шоты. Мұнда тағы да тиісті шарт бойынша бір немесе
бірнеше банктік шоттар ашылатын жағдайлар да ескеріледі.
Тарифтер
Клиентке көрсететін банктік қызметтері үшін Банктің комиссиялық
сыйақы мөлшерін анықтайтын тарифтері.
eToken pass
құрылғысы
Жүйеге кіру және Электрондық құжаттарды түпнұсқаландыру
барысында Клиентті сәйкестендіруге арналған электрондық сандық
символдардың (бұдан әрі - Қауіпсіздіктің бірреттік коды) бірегей
бірізділігін сұраныс бойынша өз бетінше түрлендіруге Клиентке
мүмкіндік беретін қарқынды сәйкестендіру құрылғысы.
Электрондық
банктік қызметтер
Шартпен және Қағидалармен белгіленген тәртіпте және жағдайларда
Жүйе арқылы алыстан Клиентке Банк берген банктік қызметтер.
Электрондық құжат
Банк үшін кез-келген форматта жіберіле алатын, бірақ ақпарат
электрондық форматта берілген және eTokenpass құрылғысымен
түрлендрілген Қауіпсіздіктің бірреттік коды түрінде қарқынды
сәйкестендірумен расталған, Шартқа, Қағидаларға сәйкес Жүйе
арқылы Клиент берген кез келген құжат, ескертулер, сұраныстар,
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
4
тапсырмалар,
нұсқаулықтар,
нұсқаулар
және
басқа
да
хабарламалар.
1.2. Осы Қағидалар Банкте бір және одан да көп шоттардың болуына байланысты Банк пен
Клиент арасындағы қатынастарды реттейді. Осы Қағидалар барлық осындай Шоттар үшін
жарамды.
1.3. Осы ҚағидаларҚолданыстағы заңнама талаптарына және Банктің ішкі құжаттарына
сәйкес әзірленіп, дайындалған.
2-бап. Электрондық банк қызметтерінің тізбесі
2.1. Электрондық құжаттарды пайдаланатын Жүйе арқылы жүзеге асуы мүмкін
Электрондық банктік қызметтердің тізімі:
1)
ұлттық валютада аударымдарды жүзеге асыруға арналған электрондық төлем
тапсырмаларын қабылдау;
2)
шетелдік валютадағы аударымдарды жүзеге асыруға арналған электрондық төлем
тапсырмаларын қабылдау;
3)
Клиенттің шетелдік валютаны айырбастауына (сатып алу/сату/ айырбастау)
электрондық өтініштер қабылдау;
4)
Клиентке электронды түрде үзінді көшірмелер беру (Шот жағдайы жайлы үзінді
көшірмелер, Шот бойынша алдын-ала үзінді көшірмелер);
5)
валюталық бақылауға байланысты құжаттарды экспорттық-импорттық валюталық
бақылау қатысушыларынан қабылдау құжаттар (келісімшарттар, инвойстар, келісімдер,
төлемге арналған шоттар, қосымша келісімдер және т.б.), келісімшарттың есептік
нөмірін беруге арналған өтініштерді есепке алмағанда;
6)
хаттармен (хаттар, сұраныстар, ескертулер,
нұсқауларды жою/тоқтата тұру
туралы
өкімдер және т.б.) алмасу;
7)
жинақ ақшалар шотын ашуы/жабуы және банктік салым жасау/алу және банк
салымы шарт талаптарына сай басқа операциялар;
8)
Банкте Клиенттің қосымша ағыдағы шоттарын ашу/жабу және ағымдағы шот
шарты талаптарына сай басқа операциялар;
9)
тиісті шарт талаптарына сай конверсиялық мәмілелер жасау;
корпоративтік төлем карточкасын шығаруға/қайта шығаруға, лимиттер мен
шектеулерді қоюға/өзгертуге өтініштерді қабылдау және даулы транзакцияны
қарастыру.
2.2. Электрондық банктік қызметтердің осы тізімін Банк осы Қағидаларға өзгерістер/
толықтырулар енгізумен және/немесе Заңды тұлғаларға бенктік қызмет көрсетудің жалпы
талаптарына сәйкес өзге де тәсілдермен Банктің ресми сайтында (
www.altynbank.kz
) ақпарат
орналастыру жолымен біртараптық тәртіпте (Клиентпен келісімпей) өзгертуі мүмкін.
Қағидалардың 2-бабының 2.1. тармағында келтірілген тізбеге енбейтін төлемеу
сипатындағы кез-келген басқа ақпаратты жіберуге жол беріледі, бірақ ақпарат Банк тарапынан
міндеттемелердің туындау негіздемесі болып табылмайды.
2.3. Банктің көрсетілетін Электрондық банктік қызметтер көрсету бойынша алынатын
комиссия мөлшері Тарифтермен анықталған.
3-бап. Жүйеде Электрондық банктік қызметтерді беру тәртібі, тәсілі мен талаптары
3.1. Жүйемен жұмыс істеу үшін Клиент келесідей бағдарламалық-техникалық
құралдардың болуын өздігінен қамтамасыз етуі қажет:
1) Microsoft Windows 7 Service Pack 1 және одан жоғары операциялық жүйе;
2) 5.0-тен бастап Microsoft Internet Explorer браузері;
3) 33,6 Кб/с және одан жоғары жылдамдықта Ғаламторға қатынау;
4) құжаттармен жұмыс істеу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету – қауіпсіздік
жүйесінің өзекті жаңартуларымен Microsoft Office; Adobe Acrobat Reader;
5) қосылған желілік және жергілікті принтердің болуы;
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
5
6) өзекті жаңартылған базалары бар вирусқа қарсы БҚЕ болуы.
3.2. Жүйеде жұмыс істеу үшін Клиент Қолданыстағы заңнама талаптарына және Банктің
ішкі талаптарына сай тиісінше рәсімделген құжаттар пакетін беруі қажет.
3.3. Банк Клиентке үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз Жүйеде жұмыс істеу үшін «ДБО
BS Client» ақпаратты өңдеу және сақтау бағдарламасын қолдануға айрықша емес лицензия
береді. Клиент мұндай бағдарламаны өзгертпеуге, талдау жасамауға, көшірмеуге,
жарияламауға және көшірмесін бермеуге, сол сияқты Жүйені пайдалануға және көшіруге кез-
келген үшінші тарапқа көмектеспеуге міндеттенеді.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді берген сәттен бастап Банк авторлық құқық жайлы Қазақстан
Республикасы заңнамасында қарастырылған мүліктік құқықтарды қорғау мерзімі ішінде,
Шарттың әрекет етуінің барлық уақытында бағдарламалық қамтамасыз етуге келесідей
мүліктік құқық - пайдалануға құқықты береді
Шартқа сай Банк Клиентке Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтамасыз
етуді пайдалануға мүліктік құқық береді.
3.4. Клиент Шарттың 2-қосымшасына не болмаса Банк қарастырған басқа үлгіге сай
өтінішті толтыру жолымен Жүйедегі тиісті операцияларды жүргізуге Клиент тиісінше
уәкілеттік ететін Пайдаланушыларды өз бетінше анықтайды. Банк растаушы құжаттарға қарсы
Жүйедегі Пайдаланушылардың өкілеттіліктерінің сай келуін тексеруге құқылы, бірақ міндетті
емес. Банк анықтайтын, қажет болған жағдайда, Клиент тиісті хабарламаны алғаннан кейін
және Банк белгілеген мерзімде Жүйедегі Клиент атынан операцияларды жүзеге асыруға
Пайдаланушылардың өкілеттілігін растайтын құжатты Банкке беруге міндетті.
3.5. Жүйеге Клиенттің қатынауына Банктік Операциялық күні ішінде Клиентке кепілдік
беріледі және
https://altynonline.kz/
мекен-жайы бойынша Ғаламтор арқылы қорғалған
байланыс каналдары бойынша қашықтан беріледі. Банктің Операциялық күні Банкпен
белгіленеді және Банкпен біржақты тәртіпте өзгертіле алады. Операциялық күннің ұзақтылығы
және/немесе оның өзгертулері туралы ақпарат Банктік ресми сайтында (
www.altynbank.kz
)
және/немесе Тарифтерде және/немесе Үзінді көшірмелерде орналастырылады.
3.6. Жүйеге кіру үшін Банк Клиентке Шарттың 2 қосымшасы бойынша Клиенттің
Өтінішінде көрсетілген әр Пайдаланушыға береді: пайдаланушының аты (логин), бірреттік
парольмен ПИН-хатқалта, Клиенттің Шарт бойынша Элеткрондық банктік қызметерді алу үшін
ғана пайдалануға құқылы болатын, eToken pass құрылғысы.
eToken pass құрылғысы және ПИН-хатқалта Клиенттің бірінші басшысының (не Клиенттің
осындай әрекеттерге уәкілетті тұлғаның) қолымен және мөрдің баспа-таңбасымен (болған
кезде) куәландырылған, eToken pass құрылғысы және ПИН-хатқалтаны қабылдап-өткізу актісі
бойынша беріледі.
3.7. Клиент eToken pass құрылғысына мұқият қарауға және оны үшінші тұлғаларға
бермеуге, Жүйеге үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруі үшін логинді және парольді таратпауға
міндеттенеді.
3.8. Жүйеден Клиентті ағытқан және/немесе eToken pass құрылғысы сынған кезде,
eToken pass құрылғысы Клиентте қалады.
3.9. Электрондық банктік қызметтерді ұсыну Жүйедегі Клиенттің табысты сәйкестендіру
және Электрондық құжаттарды түпнұсқаландыру кезінде жүзеге асырылады.
3.10 Электрондық құжаттар Банктік Операциялық уақыты ішінде орындалуға қабылдану
тиіс.
3.11. Электрондық құжаттарды Пайдаланушы жасайды, eToken pass құрылғысымен
куәландырылады және Клиенттің уәкілетті Пайдаланушысы (-лары) Банкке Жүйе арқылы
береді. Банк, тіпті олар Шарт талаптарымен және/немесе Қағидалармен қарастырылмаған
Клиенттің уәкілетті өкілдері тарапынан ықпалшара және/немесе кез келген басқа қолдау
берілмесе де, егер олар қай уақытта болмасын Клиент Банкке берген өзге де тапсырмалардың
талаптарына қарсы келсе де, Банк осындай Электрондық құжаттарды тиісті түрде жасалған,
куәландырылған және Клиент атынан берілген деп санауға құқылы. Банк Клиенттің
тапсырмаларының және/немесе оларды беретін тұлғалардың өкілеттіктерінің түпнұсқалығын
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
6
тексеруді жүргізуге міндетті емес. Клиенттің уәкілетті өкілдерінің қолдарымен және мөрмен
куәландырылған,
Электрондық құжат сканерленген құжат түрінде берілген жағдайда, Банк
осындай қолдар мен мөрдің түпнұсқалығын тексермейді, сонымен қатар Электрондық құжатты
Өтінішке сай Клиенттің уәкілеттік берген Пайдаланушының куәландырған кезінде осындай
құжатқа нақты қол қойған тұлғалардың өкілеттіктерін тексермейді.
3.12. Клиент Электрондық құжаттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңнамасына сай толтыруға міндетті, Пайдаланушының нұсқаулығында болатын талаптарды
есепке алады, сонымен қатар Электрондық құжаттарды қате рәсімдегені үшін ықтимал
келтірілген шығындарды қоса алғанда, барлық жауапкершілік Клиенттің мойнына артылады.
3.13. Жүйе арқылы Электрондық банктік қызметтер көрсету Қазақстан
Республикасының заңнамасын сақтаумен жүзеге асырылады.
3.14. Банктің Электрондық құжаттарды қабылдауы, Банктің Электрондық құжаттарды
орындаудан бас тарту, Электрондық құжаттарды орындау бойынша әрекеттерді жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, осы Қағидаларға, Шартқа және
банктік шотының тиісті шартына және/немесе Заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің
жалпы талаптарына, сонымен қатар Клиенттің нақты Шоты бойынша Банк пен Клиент
арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін басқа Шарттарға сай жүзеге асырылады.
3.15. Электрондық құжатты алған соң Банк Операциялық күн ішінде Электрондық
құжатты алуды, өңдеуді немесе жөнелтуді растайтын электрондық хабарламаны кері береді
(«қабылданды», «өңделуде», орындалды» және басқалары).
3.16. Егер қандай да бір себеп бойынша Клиент Жүйе арқылы Электрондық құжаттарды
уақытылы жібере алмаса, ол тиісті түрде рәсімделген құжаттарды Банкке қағаз түрінде талапқа
сай жеткізу бойынша шаралар қолдануы тиіс.
3.17. Банк Клиенттің жазбаша жүгінуі немесе Пайдаланушының/Клиенттің уәкілетті
тұлғасының Банкке Қағидалардың 10-бабында нөмірі көрсетілген телефон бойынша ауызша
жүгінуі негізінде Пайдаланушының (-лардың) Жүйесіне кіруге (Электрондық банктік
қызметтер көрсетуді ұсынуды тоқтата тұрады) бұғат қояды.
3.18. Жүйеге кіруді бұғаттауды Пайдаланушының/уәкілетті тұлғаның өтініш жасау және
оны сәйкестендіру сәтінен бастап қысқа мерзімде Банк жүзеге асырады. Сәйкестендіру
Пайдаланушының/уәкілетті тұлғаның келесі параметрлері бойынша жүзеге асырылады:
Пайдаланушының/уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, Пайдаланушының/уәкілетті
тұлғаның жеке басын растайтын құжаттардың нөмірі және жарамдылық мерзімі.
4-бап. Тараптардың міндеттері және құқықтары
4.1. Тараптар міндетті:
1) Электрондық құжаттарды пайдалану барысында Шарттың, Қағидалардың және
Қолданыстағы заңнаманың нормалары мен талаптарын басшылыққа алуға;
2) ақпараттың телекоммуникациялар, өңдеу, сақтау және қорғау жүйелерін компьютерлік
вирустарының және Жүйеге және Тараптарға зиян келтіруге қабілетті бағдарламаларының
жоқтығына тексерілген жұмысқа қабілетті және жарамды жабдықта ғана қолдануға;
3) басқа Тарапқа телекоммуникациялар жүйесіне рұқсат етілмеген кіруге күдік келтіретін
барлық жағдайлар жайлы, сонымен қатар eToken pass құрылғысының жоғалуының,
ұрлануының барлық жағдайлары жайлы дереу хабарлауға;
4) Қолданыстағы заңнамамен, Шартпен, Қағидалармен және/немесе Банк пен Клиент
арасындағы басқа да келісімдермен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда,
Электрондық банктік қызметтер ұсыну және алу барысында, Электрондық құжаттар
құрамындағы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге.
4.2. Банк құқылы болады:
1) Жүйеге рұқсатсыз кіруге күмәндану жағдайында орындауға Электрондық құжаттарды
қабылдаудан Клиентке бас тартуға;
2) Жүйені қорғау механизмдеріне өз көзқарасы бойынша өзгерістер енгізуге;
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
7
3) Жүйеге рұқсатсыз кіруге күмәнданған жағдайда Жүйеге Клиенттің кіруін бұғаттауға;
4) Шот бойынша қозғалыстар болмаған және/немесе қатарынан үш ай бойы (ағымдағы
шоттар бойынша) Клиенттің Шотында ақша болмаған жағдайда Жүйеге Клиенттің кіруін
бұғаттауға. Шот бойынша қозғалыстар болмаған және он екі айдан артық Шотта ақша болмаған
жағдайда, Шарттан бас тарту арқылы Шартты бұзуға;
5) Электрондық құжаттардың бөлшектерін Клиенттен растауға сұраныс жасау, Жүйе
Пайдаланушыларының өзекті тізімдерін сұрату жолымен, сонымен қатар өзге де тәсілдермен
Жүйе жұмысының қауіпсіздігін көтеруге бағытталған кез келген іс-шаралар жүргізуге;
6) жеке деректерді жинауға және өңдеуге, с.і. оларды мемлекеттік органдармен және
үшінші тұлғалармен, кез келген мақсаттарда жіберуді, трансшекаралық жіберуді жүзеге
асыруға, Клиентке банктік қызмет көрсетуді беру мақсаттарын қоса алғанда, бірақ онымен
шектелмей, Банкті тексеруге және аудит жүргізуге, Клиентпен және Шартпен байланысты
тәуекелдерге сақтандыруды жүзеге асыруға, Шарт бойынша қарызды өндіруге, Шарт бойынша
үшінші тұлғалардың Банктен кеңестер алуына. Соған қоса Банк Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасы мен ішкі рәсімдерге сай алынған жеке деректерді қорғау мен
құпиялылығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге міндеттенеді;
Шартпен, заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптарын, Қағидалармен
және Қолданыстағы заңнамамен қарастырылған басқа да құқықтарды пайдалануға.
4.3. Банк міндеттенеді:
1) Осы Шартты жасап, Клиент Банк Тарифтеріне сай комиссиялық сыйақы төлеген соң
Клиентті Жүйеде тіркеуге, Клиентке Жүйемен жұмыс істеуді бастау үшін пайдаланушы атын
(логин), бірреттікпаролі бар ПИН-хатқалтаны, eToken pass құрылғысын беруге;
2) Клиент сұранысы бойынша құрамында орнату және Жүйемен жұмыс істеу жөніндегі
Пайдаланушы нұсқаулығы бар нұсқаулықтар/оқу материалдарын беруге;
3) Қағидаларға, Шартқа сәйкес Электрондық қызметтерді беруге, соның ішінде eToken
pass құрылғысының Қауіпсіздіктің біреттік кодымен расталған Жүйе арқылы Банкке берілген,
Шоттан ақша аударуға Клиенттің нұсқауларын орындауға;
4) Банк тарифтеріне сәйкес комиссиялық сыйақыны Клиенттің төлеген кезінде, Жүйенің
жұмыс істеу мәселелері бойынша техникалық көмекті Клиентке беруге;
5) Жүйеге рұқсатсыз кіруіне күмәндану туралы Клиенттен ескерту алған немесе
Клиенттің АЖО рұқсатсыз кіруіне күмәнданулар байқалған жағдайда, Банк барлық мән-жайды
анықтау үшін Жүйенің көмегі арқылы бағытталған, Электрондық құжаттары бар барлық
операцияны дереу бағыттау тиіс;
6) Банк құпиясын құрайтын ақпаратқа рұқсат етілмеген қатынау, оны рұқсат етілмеген
өзгерту, рұқсат етілмеген төлемді жүзеге асыру және/немесе ақша аударымы және өзге рұқсат
етілмеген әрекеттер анықталған кезде, бұл туралы осындай әрекеттер жол берілген Клиентке
олар анықталғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға және осындай
әрекеттердің салдарын жою және олардың қайталануын болдырмау үшін дерек барлық қажетті
шараны қолдануға.
4.4. Клиент міндетті болады:
1) Жүйе қауіпсіздігіне қатысты Банктің Қауіпсіздік рәсімдері талаптарын және барлық
басқа да нұсқауларды сақтауға. Клиент Жүйеге және Клиенттің компьютерлік және
коммуникациялық жүйелерінде сақталған және оны пайдаланумен ақпараттарға рұқсаттың
болуымен және оны пайдаланумен байланысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруды және
тұрақты қайта қарауды енгізу бойынша жауапкершілікті алуға міндетті болады.
2) жеке қаражаттары есебінен Ғаламтор желісіне кіруді қамтамасыз етуге және оны
пайдаланғаны үшін байланысты жеткізушілердің қызметтеріне өз бетінше төлем жасауға;
3) Қолданыстағы заңнама мен осы Ережелердің талаптарына сай төлем құжаттарын
рәсімдеуге.
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
8
4) үшінші тараптың Жүйесін түрлендірмеуге, декомпиляцияламауға, тираждамауға және
табыстамауға;
5) осы Ережелерге сай қолданылатын өзінің бағдарламалық-техникалық құралдарының
жұмыс жағдайын жеке шоты есебінен ұстауға;
6) eToken pass құрылғысымен жұмыс істейтін қауіпсіздіктің Бірреттік кодымен расталған
Электрондық құжаттар Банкқа жеткізіледі;
7) Пайдаланушылар рұқсатының, құқығының және өкілеттіліктерінің деңгейін өз
бетінше қадағалауға;
8) Банкқа берілген
тұрақты формасында
Өтініш-арызда көрсетілген Пайдаланушы
өкілеттілігін тоқтату/өзгерту жайлы Банкты уақытылы құлақтандыруға және Жүйедегі мұндай
тұлғаларға рұқсатты блокқа қоюға жазбаша нұсқауды дереу беруге.
Жүйені қолдануды Банк берген Жүйені пайдалану бойынша нұсқауларға және
ұсыныстарға толық сәйкестікте Жүйені қолдануды жүзеге асыруға.
4.5. Клиент құқылы болады:
1) Шартқа және Қағидаларға сай Жүйеде қызмет алуға;
2) Банкпен келісім жасау бойынша Банк Тарифтерімен белгіленген Банкке комиссиялық
сыйақы төлеумен eToken pass қосымша құрылғыларын алуға;
3) бірінші басшының немесе
осындай әрекеттерге уәкілетті тұлған
ың қолымен және
Клиент мөрінің баспа-таңбасымен куәландырылған өтінішті Банкке беру жолымен
Пайдаланушылардың, уәкілетті тұлғалардың тізіміне өзгертулер енгізуге; Өтініш Жүйе
бойынша Банкке беріле алады, бұл ретте ол бірінші басшымен немесе Клиенттің
осындай
әрекеттерге уәкілеттік берген тұлғамен Жүйеде
куәландырыла алады.
4) Банкпен келісім жасау бойынша, Клиентке бұрын берілген ПИН-хатқалта жоғалған
жағдайда, Жүйеге кіру үшін қажетті бірреттік паролі бар жаңа ПИН-хатқалта алуға;
5) Банктан Шарт пен Қағидаларды тиісінше орындауды талап етуге;
Шарттың 5-бабының 5.2. тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шартты бұзуға.
4.6. Осы арқылы Клиент сендіреді:
1) Клиенттің Пайдаланушылары мен уәкілетті тұлғаларының жеке деректеріне, Шарт
және Қағидалар, Шартқа берілген қосымша келісімдер бойынша Банкке тапсырылған және
болашақта тапсыруға жататын жеке деректеріне қатысты, сонымен қатар Қолданыстағы
заңнамаға және/немесе Банктің ішкі құжаттарына сай осындай жеке деректерді жинау, өңдеу
қажеттілігі туындаған басқа да жағдайларда, Клиент «Жеке деректер мен оларды қорғау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтаумен Пайдаланушылар мен Клиенттің
уәкілетті тұлғаларынан жеке деректерді жинауға және өңдеуге, үшінші тұлғаларға, с.і. Банкке
жеке деректерді беруге, жеке деректерді Банктің өңдеуіне келісімді алғанына;
2) Банк анықтаған қажеттілік жағдайында Клиент Банкке Клиент Пайдаланушылар мен
Клиенттің уәкілетті тұлғаларынан жеке деректерді жинау мен өңдеуге, жеке деректерді үшінші
тұлғаларға, с.і. Банкке беруге, Банктің жеке деректерін өңдеуге келісімдерді жинауды құжаттық
дәлелдеуді ұсынатынына, ал келісімдердің болуын құжаттық дәлелдеудің мүмкін болмауы
кезінде осындай келісімдерді жинайды және Банкке оларды алғанын дәлелдейтініне;
3) Клиенттің Пайдаланушылары мен уәкілетті тұлғаларынан Банктің олардың жеке
деректерін, соның ішінде «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының талаптарына сай трансшекаралық тапсыруды жүзеге асыруына алдын-
ала келісімін алғанына; Банктың талабы бойынша Клиент Банкке олардың барлығы жайлы
құжаттық дәлелді ұсынатынына;
4) Жүйе арқылы өткізілетін операциялар бойынша Қолданыстағы заңнама талаптарына
сай кепілдік беретініне.
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
9
5-бап. Қауіпсіздік рәсімдері
5.1. Қауіпсіздік рәсімдері Клиентті және оның Электрондық банктік қызметтерді алу
құқығын дұрыс сәйкестендіруге, олардың негізінде Клиентке Электрондық банктік қызметтер
берілетін Электрондық құжаттардың мазмұнындағы қателіктерді/немесе өзгерістерді
анықтауға, банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды және
ол ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
5.2. Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету бойынша барлық рәсімдер Клиенттің
пайдаланушылық жеке компьютерлерінде, Ғаламтор жүйесінде және Клиент пен Банк
Жүйесіндегі серверлерде орындалады.
5.3. Жүйеде тапсырылатын және қабылданатын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету
мақсатында Ғаламтор желісі арқылы банктік қызмет көрсетудің қосымшалары үшін
стандарттық салалық шифрлау болып табылатын Ғаламтор арқылы жеке банктік қызмет
көрсетудің барлық қосымшасымен бірге 128-bit SSL шифрлау (қауіпсіз қосылыстар хаттамасы)
қолданылады.
5.4. Клиент 128-bit шифрлауды қолдауы бар браузердің болуын қамтамасыз ету керек.
5.5. Жүйеге кіру кезінде және Банктің Электрондық банктік қызметтерді көрсетуі кезінде
Пайдаланушыны сәйкестендіру мақсатында Жүйеде келесі сәйкестендіру деректері
қарастырылған: пайдаланушының аты (логин), пароль, еToken pass Құрылғысымен жасаған
Қауіпсіздіктің бірреттік коды.
5.6. Жүйеге алғашқы кіру кезінде Пайдаланушы пайдаланушының есімін (логинді) және
Банк ұсынған парольді қолданады.
5.7. Жүйеге алғашқы кіруді жүзеге асырғаннан кейін Пайдаланушы Банк ұсынған
парольді жеке өзінің пароліне алмастыруға міндетті. Үшінші тұлғалардың Жүйе мен еToken
pass Құралғысына кіруінен қорғау мақсатында келесідей ең төмен талаптарға сай парольдерді
пайдалану ұсынылады:
1. Парольде пайдаланушының есептік жазбасы немесе оның кез келген бөлігі болмауы
керек.
2. Пароль кем дегенде 8 (сегіз) символдан тұруы қажет.
3. Парольде келесі төртеудің санынан үш санаттың символдары болуы керек:
- A-дан Z-ға дейін ағылшын әліпбиінің жазу әріптері;
- a-дан z-ға дейін ағылшын әліпбиінің кіші әріппен жазулары;
- сандар (0 ден 9дейін);
- арнайы символдар (мысалы, !, $, #, %).
5.8.
eToken pass Құрылғысын пайдалана отырып, Электрондық құжатты
түпнұсқаландырғаннан кейін, редакциялау, сондай-ақ Электрондық құжат мазмұнында өзгерту
мүмкін емес, егер тек қана Клиент Жүйеде Электрондық құжаттың Түпнұсқаландырылуын өз
бетімен алып тастамаса. Электрондық құжатты дұрыс ұстауға барлық жауапкершілік Клиентке
жүктеледі.
5.9. Электрондық құжатты Банкке жіберу кезінде, eToken pass Құрылғысын пайдалана
отырып, Жүйе қайта Түпнұсқаландыруды талап ете алады, егер Клиент осы Электрондық
құжатқа бұрын қол қоймаған болса.
5.10. Пайдаланушы кез-келген үшінші тұлғаларға өзінің пайдаланушы есімін (логинін),
паролін, еToken pass Құрылғысын жариялауға, тапсыруға құқылы емес, оларды кез-келген
үшінші тұлғаларға қол жетпейтін, олардың сақталуын және тұтастығын кепіл ететін орында
сақтауға міндетті.
5.11. Пайдаланушы Жүйеге кіру үшін бірнеше рет (қатарынан бес мәртеден артық) қате
парольді ендіру жағдайында Пайдаланушының Жүйедегі есептік жазбасын Банк автоматты
түрде бұғаттайды. Есептік жазбаны бұғаттағаннан кейін Пайдаланушының Жүйеге берілген
рұқсаты тоқтатылады. Есептік жазбаны бұғаттаудан шығару мақсатында Пайдаланушыға
Банктің Корпоративтік өнімдер
басқармасына
жүгіну керек. Бұғаттаудан шығару Банктің ішкі
рәсімдерінің негізінде шығарылады.
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
10
5.12. Клиенттің пайдаланушының есімін (логинін), паролін және Қауіпсізідіктің
бірреттік кодын қате ендіруі Банктің Электрондық банктік қызмет көрсетуден бас тартуына
негіз болып табылады.
5.13. Қауіпсіздік мақсатында Жүйеде Пайдаланушының Жүйеде белсенді әрекеттерінің
ұзақ уақыты ішінде (15 минуттен астам) болмауы жағдайында Пайдаланушының Жүйедегі
ағымдағы сессиясын ажырату қызметі қарастырылған. Жүйеге қайта кіру үшін Пайдаланушы
кіру рәсімін қайта жасау керек. Сонымен қатар Пайдаланушының ағымдағы сессиясында
болмауы кезінде жұмыс орнын қалдыруға тыйым салынады.
5.14. Клиент Жүйені, eToken pass Құрылғысын, сонымен қатар оның компьютерлік
жүйелерінде сақталып жатқан ақпараттын орнату, қолдау және үнемі бақылау, және, ішінара,
парольдерді бақылау үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады.
5.15. Клиент өзі білетін немесе күдіктенетін Жүйеге кез-келген рұқсатсыз кіру немесе
рұқсатсыз операция туралы Банкке жедел түрде хабарлауға міндетті болады.
5.16. Клиент Клиенттің барлық Пайдаланушылары мен Уәкілетті тұлғалары Қауіпсіздік
рәсімімен таныс екенін және оны орындайтыны туралы дәлелдейді.
5.17. Клиент Банкті барлық сотқа жүгінулер мен сот қарауларынан қорғауға, Клиенттің
осы бапқа сай өз міндеттерін орындамауы немесе дұрыс орындамауы нәтижесінде Банкқа
келетін шығындар, шығыстар мен зардаптарды өтеуге келіседі.
6-бап. Банктің комиссиялық сыйақысы
6.1. Банк Банктің ресми сайтында (www.altynbank.kz) орналастырылған, Бекітілген
Тарифтерге сай осы Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін комиссиялық сыйақыларды
алуға құқылы.
Осы Шарт бойынша қызметтер көрсеткені үшін комиссиялық сыйақыны алу тәртібі Заңды
тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптарымен анықталған. Клиент Банкке осы
Шарт бойынша көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялық сыйақыны, сонымен қатар Клиенттің
Электрондық құжаттарын орындауға байланысты Банктік жұмсаған барлық шығындарын
Банктік тарифтеріне сәйкес Банктің Шотын тікелей дебеттеу арқылы сөзсіз алуға келісім береді.
6.2. Банк Клиенттен комиссиялық сыйақыны алуға мүмкіндік болмау жағдайында
Шарт бойынша қызметтерді көрсетуді тоқтатуға немесе олардан бас тартуға құқылы. Ол туралы
Банк Шарт бойынша қызметтерді тоқтату/бас тарту күнінен бастап Клиентке 10 (он) жұмыс
күні ішінде жазбаша түрде немесе электрондық тәсілмен хабарлайды. Клиент қызметтер үшін
төлеу жағдайында Банк Клиентке жазбаша түрде немесе электрондық тәсілмен
хабарландырумен қоса Клиентке қызметін көрсетуді қайта жаңартуға құқылы.
6.3. Шетелдік валютада банк қызметтерін, соның ішінде Электрондық басқа қызметтерін
көрсету кезінде қолданылатын валюталар айырбасы курсын анықтау тәртібі Заңды тұлғаларға
банктік қызмет көрсетудің жалпы талаптарымен анықталған.
7-бап. Тараптардың жауапкершілігі
7.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін
Тараптар Шартқа, осы осы Қағидаларға және Қолданыстағы заңнамаға сай жауапты болады.
7.2. Тараптардың ешбірі Электрондық құжаттарды пайдалану, соның ішінде қате
Электрондық құжаттарды орындау кезінде, егер ол құжаттарды Тараптардың бірі қажетті түрде
рәсімдеп жіберген, ал басқа Тарап тексеріп қабылдау нәтижесінде біріншінің кінәсынан емес
басқа Тараптың шығындары үшін жауапты болмайды.
7.3. Банк электрондық төлем құжаттардың негізінде операцияларды өткізудің
уақытылығы мен дұрыстығы үшін Шарт пен осы Қағидаларға сай жауапты болады.
7.4. Клиент үшінші тұлғалардың, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, кез-келген
негізде/себеппен АЖО, eToken pass Құралғылары, кіру парольдері туралы ақпаратқа қол
жеткізген Клиенттің контрагенттері/жұмысшыларының кез келген әрекеттерінің нәтижесінде
шығындар үшін, егер ол Клиенттің абайсыздығы, немқұрайдылығы және/немесе әдейі
жасағанынан орын алған болса, Банк жауапты болмайды.
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
11
7.5. Банк, егер Клиент Банкті Клиент Өтінішінде көрсеткен Пайдаланушылардың
өкілеттіктерінің тоқталуы немесе оның көлемінің өзгерілуі туралы уақытылы
хабарламаған/хабарламаған
жағдайда
Клиенттің
Электрондық
құжаттарын
орындағаны/орындамағаны/орындаудың дұрыстығы үшін жауапты болмайды.
7.6 Банк электрондық құжаттарды дұрыс рәсімделмеуіне байланысты кез-келген
шығындар үшін жауапты болмайды.
7.7 Жеке деректерді жинау және өңдеу үшін, жеке деректерді үшінші тұлғаға, соның
ішінде Банкке, тапсыруға келісімнің жоқтығы, сонымен қатар осы Қағидалардың 4.6
тармағының қарастырылған келісімдердің жоқтығы үшін жауапкершілік Клиенттің мойнына
артылады. Жеке деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұзу үшін Банкке кез келген шараларды қолдану жағдайында Клиент Банктің талабы бойынша
Банктің кез келген шығындары мен шығыстарын толықтыруға міндетті болады.
7.8. Клиенттің уәкілетті тұлғасының кіру парольдерін, пайдаланушылардың есімдерін
(логиндерін) жариялау, үшінші тұлғаларға, себебіне қарамастан, тапсыру нәтижесінде орын
алған шығындарды толықтыру, нақты шығынды, алынбаған пайданы қоса алғанда, мәселелері
Клиент пен Клиенттің Уәкілетті тұлғасы арасында Банктің қатысуынсыз шешіледі.
8-бап. Электрондық банктік қызметтерді берудің тоқтата тұру,
жаңғырту және тоқтату
8.1. Банктің Клиентке Электрондық банктік қызметтерді беруді тоқтата тұру және
тоқтату негіздемелері болып табылады:
1) Клиенттің өз міндеттемелерін, сонымен қатар Шартпен және/немесе Қағидалармен
көзделген Қауіпсіздік рәсімдерін бұзуы;
2) Операциялық күн ішінде Электрондық банктік қызметтерін көрсетуді қамтамасыз
ететін техникалық құралдардың жарамсыздығы;
3) Операциялық күн ішінде ағымдағы, кезектен тыс немесе апаттық қызмет көрсетуді
жүргізу қажеттілігі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Заңды тұлғаларға банктік қызмет
көрсетудің жалпы талаптарымен немесе осы Қағидалармен көзделген өзге
негіздемелер.
8.2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайдан басқа, Қағиданың
8.1-тармағында қарастырылған негіз бойынша Электронды банктік қызметтерді тоқтата тұру
немесе тоқтату жағдайында заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің Жалпы Талаптарында
көзделген тәртіпте және тәсілдің бірінде хабарды жіберу жолымен Клиентке Банк
хабарландырады. Қолжетімділігіне жоспарланған өзгертулер ықпал етуінде, Жүйе жұмысын
қамтамасыз ететін Жүйеге енгізілген өзгертулерді (жаңартуларды) қолданысқа жоспарлы енгізу
туралы Банк Клиентке мерзімінде хабарлайды, сондай-ақ оның шамаланған қол жетпестігі
уақытын Банктің интернет-ресурсына хабарламаны орналастыру жолымен келесі мекенжай
бойынша: https: // altynonline.kz/.
8.3 Электрондық банк қызметтерін алуға Клиенттің құқығының тоқтатылуына әкеп
соғатын себептерді жою кезінде, Банк Электрондық банк қызметтерін көрсетуді жаңартады.
9-бап. Форс-мажор
9.1. Егер Тараптардың біріне төменде сипатталған форс-мажор жағдайлары
міндеттемелерді орындауға кедергі жасаса немесе орындауды тоқтатса, онда Тараптың
міндеттемелерін орындауы форс-мажор жағдайлары созылған уақытына және олар Тараптың
міндеттемелерін орындауға кедергі жасау немесе тоқтату дәрежесіне сай тоқтатылады. Форс-
мажорлық жағдайлардың басталуына қарай Келісім-шартқа сай кез келген міндеттемелерді
орындау мүмкін болмаған Тарап форс-мажорлық жағдайлар басталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс
күнінен кешікпеу мерзімінде ол туралы басқа Тарапқа жазбаша түрде хабарлауы және басқа
Тарапқа қатысты шығындар мен шығыстарды азайту мақсатында барлық әрекеттерді қолдану
және өзінің Келісім-шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкіндігін қалпына келтіруі
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
12
керек. Хабарламау немесе уақытылы хабарламау, мұндай хабарламау немесе уақытылы
хабарламау тікелей талапқа сай форс-мажорлық жағдаймен туындаған жағдайлардан басқа,
Тараптың Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен
босататын негіз ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеуге құқығынан айырады.
9.2. Форс-мажор ретінде, өрттерді (Тараптардың заң бұзуы немесе немқұрайлылық
нәтижесінде орын алғандардан басқа), су тасқындарын, жер сілкінуді, соғысты (жарияланған
және жарияланбаған), төңкерістерді, ереуілдерді, азамат соғыстарын немесе жаппай
тәртіпсіздіктерді қоса, бірақ олармен шектелмей, жеңілмейтін күштің кез келген жағдайлары
болып табылады.
10-бап. Қорытынды жағдай
10.1. «AltynOnline» жүйесінде қызмет көрсетумен байланысты мәселелер бойынша
Клиентке жұмыс күндері Астананың 09-00-ден 18-00 дейін уақытында +7 727 2596998
телефоны арқылы байланысуға болады. Немесе Банкке, оның филиалдарына Банктің
(
www.altynbank.kz
) ресми сайтында көрсетілген мекен-жайлар бойынша бару арқылы.
10.2. Банк бір тарапты тәртіп бойынша байланыс деректерін, оларды Банктің
(
www.altynbank.kz
) ресми сайтында орналастырып, өзгертуге құқылы.
10.3. Клиент Банктің алдын-ала жазбаша түрде келісімісіз Келісім-шартқа байланысты кез
келген құқықтарын немесе міндеттемелерін тапсыруға құқылы емес. Осындай тапсырудың
немесе өткізудің кез келген әрекеттердің осы бапты бұзуы ретінде заңды күші және нәтижесі
болмайды.
Осы Ережелер, Келісім-шарттың ажырамайтын бөлігі ретінде, Тараптар, олардың құқық
қабылдаушылар (нәтижесінде бірнеше заңды тұлға пайда болатын немесе заңды тұлғадан бір
немесе бірнеше заңды тұлға шығарылатын Клиентті бөлу және шығару жолымен қайта
ұйымдастыру жағдайларын қоса) үшін міндетті болып табылады.
10.4. Осы Ережелер, Келісім-шарттың ажырамайтын бөлігі ретінде, Тараптардың толық
өзара түсіністігі болып табылады және өзімен Клиентке Жүйені қолдану арқылы Электрондық
банктік қызметтерді көрсетуге байланысты олардың арасындағы барлық алдын-ала жазбаша
немесе ауызша келісімдер мен келіссөздерді алмастырады. Осы Ережелермен немесе Келісім-
шартпен қарастырылмағандардың барлық жағдайларында Тараптар Банктің (
www.altynbank.kz
)
сайтында орнатылған заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің Жалпы Шарттары мен
Қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
10.5. Банк Келісім-шартқа, Ержелерге және Тарифтерге өзгерістерді ендіруде өз құқығын
сақтайды. Банк Клиентті (ендіруі Ережедердің басқа нормаларымен реттелетін Тарифтердегі,
Жүйені пайдалану кезінде ұсынылатын операциялар тізіміндегі өзгерістерден басқа) осындай
өзгерістер туралы оларды күшіне ендіру күніне дейін 10 (он) Жұмыс күнінен асырмай
хабарландыру тиіс. Хабарландыру Клиентке жазбаша хабарландыруды (Клиенттің осындай
хабарландыруды алғаны туралы дәлелдің қажеті жоқ) бағыттау және/немесе электрондық
пошта және/немесе Банктің (www.altynbank.kz) ресми сайтында ақпаратты орналастыру
арқылы орындалады. Осындай хабарландырудан кейін және Клиент өзгерістермен келіспеу
жағдайында Клиент ол туралы Банкке жазбаша түрде өзгерістердің әрекетке ендіру күнінен
кешікпей хабарлау керек, және Клиент Келісім-шарттан Келісім-шарттың 5.2-тармағының 3)
тармақшасында қарастырылған тәртіп бойынша бас тартуға құқылы, осы Ережелерде тікелей
қарастырылған жағдайлардан басқа. Клиент Келісім-шартқа, осы Ережедерге. Тарифтерге
өзгерістер енгізу туралы ақпаратты алмаумен байланысты жауапкершілік пен барлық мүмкін
болатын тәуекелдіктерді өз мойнына алады. Келісім-шартқа және/немесе Ережелерге
өзгерістерді әрекетке ендіруден кейін, егер Клиент Келісім-шарттан бас тартпаса, Келісім-шарт,
Ережелер өзгерілген түрде әрекет етуді жалғастырады.
10.6. Клиент пен үшінші тұлғалар арасындағы соттың қарауына оны тартқан жағдайдағы
Банктің кез келген шығындары, сонымен қатар Банктің Клиентпен қарым-қатынас нәтижесі
ретінде пайда болуы мүмкін және Тарифпен реттелмейтін Банктің кез келген басқа шығындары
Жалпыға бірдей ортақ ақпарат
13
Клиенттің есебіне жатады. Банк Клиентке шығындар сомасын көрсету арқылы төлеуге шотты
ұсынады. Клиент көрсетілген шотты алғаннан кейін жедел түрде оны төлеуі тиіс.
10.7. Осы Ережелер мен Келісім-шартқа қатысты барлық құжаттар Банк пен Клиент
арасында келісітірілген мемлекеттік/немеес орыс және/немесе ағылшын тілінде жасалуы керек.
Мүмкін болатын түрлі оқылым жағдайында Тараптар орыс тілінде жасалған сәйкес құжаттың
мәтінін басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |