6. Отбасында татулықтың жоқтығы. Барлық туыстар балаға
қатысты барлық мәселелерде пікірлес екенін көрсетуі тиіс. Егер
тәтті тағамдарды шектеуге шешім қабылданса – осы мәселедегі
ұстанымы берік туыс үйде жоқ болғанда балаға тәттіні ұрланып
беруге мүлдем болмайды. Баланың тамақтанатын уақыты мен
жеуі тиіс тамақ көлемі туралы шешім бір ауыздан қабылдануы
тиіс. Анасы баласын жегенінше тамақтандырса, әжесі баланың
айналасында ән салып, би билеп, «Мұрат ағасы үшін тағы бір
қасық» жегізуге тырысатын жағдайларға жол беруге болмайды.
Бала орын алған нақты бір жағдайда мүлдем абдырап қалуы
мүмкін, ал балаларға ең қарапайым шындықтарда сенімді болу
ересектерге қарағанда әлдеқайда қажетірек.
7. Отбасындағы дау-жанжал,
балаларға жақтырмай қарау
оларда толық жетілмегендік,
наразылық сезімін қалыптасты-
рады. Оның салдары тамақтану-
дағы мінез-құлықтың бұзылуы
бола алады.
Ата-аналар біржолата есіне сақтағаны жөн – бала, дәл ересектер
сияқты, жеке өзіне еш пайда әкелмеген істі ешқашан бағала-
майды. Тамақ дайындауға кеткен ақшаны және уақытты қанша
аясаңыз да – бала өз асқазанының көлемі үшін жауапты емес, ал
оның асқазаны шексіз-шетсіз емес, әрі ол анасы тамақтандыру
арасында тым аз үзіліс жасаса, аштық сезімі үшін жауапты емес.
Егер бала дайындалған тамақты түгелімен жемесе, тамақ мөл-
шерін азайту керек немесе бала ашыққанда, әлбетте, орынды
шектерден шықпай, тамақтандыруға тырысу керек.
5.Осы санатқа, сондай-ақ, өз баласын құрбыларымен және
таныстарымен сөйлескенде мақтаныш көзі ретінде бағалау
кіреді. Балақай көрші Арманның саумалдықты сүйіп жейтіні, ал
кішкентай Жанар – нағыз тілалғыш, аузына тосқанның барлығын
жейтіні үшін өз денсаулығын және тыныштығын құрбан етуге
міндетті емес.
16
БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУДАҒЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3
емдәмдік тамақтану арқылы түзетудің тиімділігі көп жағдайда
аз болады: әдетте, емдәмдік тамақтануды ұзақ уақыт бойы
ұстану қолдарынан келмейді және тамақтану тәртібіндегі
іркіліс кінә мен жайсыздық сезімінің күшейе түсуіне алып ке-
леді, оларды тек тамақ арқылы ғана жоюға болады, сондықтан,
«тамақ – кінә – тамақ» шеңбері тұйықталады.
Тамақтанудағы қиындықтар мәселесі шамадан тыс қадағала-
удан ғана емес, сондай-ақ, жеткіліксіз қадағалаудан да бола
алады. Қосулы теледидар немесе компьютер, ойыншықтар,
тамақ ішу кезінде әңгіме-дүкен құру – осының барлығы бала-
ның көңілін бөледі және тамақ ішу рәсіміне тиісінше қарауға
кедергі жасайды. Тамақ белгілі бір уақыт сәтінде баланың көңіл
бөлуін талап ететінін оған ұғындыру айрықша маңызды.
8. Ата-ана мен бала арасындағы жылудың жетіспеушілігі және
олардан ажырау мәселесі өзін-өзі бағалау қабілетінің тұрақсы-
здығына және кемел, ересек тұлғаның қалыптасуындағы қиын-
дықтарға алып келеді. Осыдан перфекционизмге (кемелдікке
ұмтылу) бейімділік, айналадағылардың мақұлауына тәуелділік
пайда болады. Көбінесе, тамақтанудағы мінез-құлықтарында
бұзылушылық бар науқас әйелдер өздерін «жолы болмаған»,
бәрін «жеткілікті дәрежеде дұрыс жасай алмайтын» деп су-
реттейді. Тіпті көп жұмыс істесе де немесе оқыса да, олардың
жасалған іс қанағаттандыратындай жеткілілікті дәрежеде
ешқашан өздеріне көңілі толмайды, өздерінің құндылығына
және маңыздылығына сенімсіз болады.
Кемел болу ниеті тұлғаның жеткілікті деңгейде қалыптас-
паған және тәуелсіз бейнесінің болмауынан бастау алады.
Өмірдің барлық салаларында үздік бола алмау тамақтанудағы
мінез-құлықтарында бұзылушылық бар науқас әйелдердің
қорқынышы мен үрейін тудырады, ал шынайы өзгерістер енгізу-
ге болатын жалғыз алаң – тән. Өз салмағын қадағалап отырып,
тәбетсіздікке шалдыққан науқас өзіне: «Мен өз өмірімді өзім
басқарамын, мен жолы болмаған бейбақ емеспін!» дейді.
Мешкейлікке душар болғандардың кемелдікке жету ниеті тамақ
мәселесіне келгенде басқа бағытта өрбиді – егер мен емдәмдік
тамақтануда үздік бола алмасам, онда мен жиіркенішті болай-
ын. Дәл осы кемелдікке ұмтылу ниетінен тамақта-
нудағы мінез-құлықта-
рында бұзылушылық бар
науқастардың салмағын
17
БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУДАҒЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3
1. Дұрыс тамақтану қағидасын ұстану – денсаулыққа пайдалы
тағам дайындау (дәнді дақылдар, көкөністер, жеміс-жидек-
тер, теңіз өнімдері, ақуызға бай азық-түлік өнімдері). Балаға
берілетін тамақта майлы, ысталған және ұннан жасалатын тағам
түрлерінен бас тартыңыз немесе азайтыңыз. Тәтті тағамдарды
қысқартыңыз – баланың тәбеті жақсарады. Балаға пайдалы
тағамдардың фаст-фуд (лезде әзірленетін) тағаммен салысты-
рғандағы артықшылықтарын түсіндіріңіз.
3. Баланы күштеп тамақтандыруға, тамақты аз жейтіні үшін
жазғыруға болмайды.
Шамамен бір-бір жарым жаста бала өз бетінше тамақ іше
бастайды. Бұл – аса қолайлы сәт, әрі оны жіберіп алуға болмай-
ды және баланы қасықпен тамақтандыруды жалғастырудың
қажеті жоқ. Бұл кезеңде ол аз тамақтанып, арықтап кетеді деп
қорықпаңыз. Әр бала өз денсаулығын сақтауы тиіс және қалып-
ты өсу қарқынын қамтамасыз етуі тиіс тәбетпен туылады. Егер
сіз қасықты баланың аузына апарып, оны қасықтан тамақтан-
дыру жалғастыра беретін болсаңыз, бала оған аузын созғанын
күтіңіз, тамақты аузына өзіңіз салмаңыз. Баланы тәрелкеге са-
лынғанның барлығын жеуге мәжбүрлемеңіз. Жалпы,
бұл жаста тәбет қандай болатынын болжау қиын,
бірақ, бірде-бір дені сау бала өз еркімен өзін
аштықпен азаптамайды.
2. Баланы нашар тәбеті үшін сөкпеңіз. Тамақ үйдегі басты мәсе-
леге айналмауы тиіс.
Тағы бір есте сақтайтын жайт, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын
жол іздеу керек. Төменде баланың тамаққа қатысты пайдалы
әдеттерін қалыптастыруға көмектесетін ережелер келтірілген:
Ата-аналар балаларының тамақтану мінез-құлқындағы
ауытқушылықтарды қалай байқай алады?
Тамақтанудағы мінез-құлқында бар қиындықтардың жанама
себептеріне келесілер жатқызылуы мүмкін:
селқостық;
ұйқышылдық;
ойындарға қызығушылықтың жоғалуы;
құрдастармен қарым-қатынастардағы қиындықтар (құр-
дастары баланың артық немесе жеткіліксіз салмағына
қатысты кемсітуі, мұқатуы мүмкін);
мектепке бутерброд апарудан бас тарту;
үлгерімнің төмендеуі;
тамақтану барысында және басқа да жағдайларда баланың
ашуға бой алдыруы;
туған күн немесе басқа да мейрамдарға баруды қаламау;
тамақты өзін мәжбүрлеп ішу.
Егер бұзылушылықтардың өрбу үдерісі айтарлықтай күрделеніп
кетсе, мамандардың – педиатр дәрігерінің, емдәмші мамандар-
дың, психотерапевтердің көмегіне жүгінген жөн, алайда, балаға
көмектесуде оның ата-анасы басты рөл ойнауы тиіс. Егер бала-
ның бойынан тамақтану мінез-құлқындағы бұзылушылықтардың
ашық немесе жасырын белгілері байқалса, мәселенің шешімін
кейінге қалдырмаған дұрыс.
18
БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУДАҒЫ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
3
Достарыңызбен бөлісу: |