Ойындар ерекше кеңістіктің қалыптасуына түрткі болады,
онда балалар жаңа тәжірибе жинайды, жаңа өмір талаптарына,
соның ішінде, мектепте қойылатын талаптарға іштей дайында-
лады. Балалар зейін қоюды, тыңдауды және бақылауды үйре-
нетіні ерекше маңызды. Осының арқасында мектепте оларға
мәліметті өңдеу және тапсырмаларды берілген үлгі бойынша
орындау оңай болады. Ойындар балалардың әуесқойлығын
оятады, әуесқойлық, өз кезегінде, тәжірибе жасау және сынау
ниетін тудырады және нәтижеге қол жеткізуге септеседі, табан-
дылық пен ерік-жігер күшін, әртүрлі мүмкіндіктерді көру және
мәселелерді шешу қабілеттерін дамытады. Осы қасиеттерге
ие балалар мектепте табысқа жетеді және жаңа міндеттерді
жақсырақ түсінеді.
Осы ойындарға қатыса отырып, балалар айналадағылармен
бірлесе сәтті әрекет ету тәжірибесін жинайды. Балалар жүгіруді
және секіруді, еңбектеуді және өрмелеуді, лақтыруды және
қағып алуды, заттармен биязы әрекеттер жасауды, мұқият
тыңдауды және қарауды, дыбыстар мен бейнелерді ажырата
білуді, кеңістікте бағыт-бағдар таба білуді, көрсетілген үлгіге
сәйкес әрекет етуді, кенеттен шыққан әуен ырғағында қозғалу-
ды, бойын босаңсытуды, күйзелісті жеңуді және көптеген басқа
дағдыларды үйренеді.
Кез-келген ойында балалар өздерін қоршаған әлемді зерт-
тейді, әртүрлі рөлдерді өздеріне «өлшеп» көреді, табыс пен
сәтсіздікті басынан кешіреді. Ойында балалардың жекелеген
табыстары немесе сәтсіздіктері маңызды емес, ең бастысы –
кішкентай адам баласының әрекет етуге дайындығы, әр бала
өзі көре алатын және түзете алатын қателік жасауға құқылы.
8
3-7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА
АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
1
ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА
АРНАЛҒАН
ЖАТТЫҒУЛАР
2
9
1. БӘРІН БАЙҚАУ (ЕЛЕУ)
Бір қатарға 5-7 (ең көбі - 10) зат немесе сурет орналастырып,
оларды жауып қойыңыз. Заттарды 10 секундқа ашып, қайта
жабыңыз да, балаларға есінде қалған барлық заттарды атауын
ұсыныңыз. Заттарды қайтадан 8-10 секундқа ашып, балалардан
заттардың қандай ретпен орналасқанын сұраңыз. Кез-келген
екі заттың орындарын ауыстырып, барлық заттарды қайтадан
10 секундқа көрсетіңіз. Балалардан қандай заттарды орны
ауысқанын сұраңыз. Заттарға қарамай, әр заттың түсін айтып
беруді сұраңыз.
2. ҮЗДІКСІЗ ІЗДЕ (ІЗДЕУ)
10-15 секунд бойы балаға айналасынан түсі (өлшемі, пішіні, ма-
териалы және т.с.с.) бірдей мейлінше көп зат табуды ұсыныңыз.
3. ЗАТ ІЗДЕУ
Ойынға қатысатын балалар бөлмеден шығады. Осы уақытта
кішкентай бір затты (сақина, өшіргіш) көрінетін жерге қойыңыз.
Балалар бөлмеге кезектесіп кіреді; оларға бөлмені бір айналып
шығып, қандай жаңа зат пайда болғанын атауға мүмкіндік
беріледі. Тапсырманы орындай алмаған бала айып ұпаймен
келесі айналымға өтеді.
A
та-аналар жиі шағымданады: «Баламыз алаңғасар
– бір орында 5 минут та байыз тауып отыра алмайды,
балабақшада да сабақта жиі көңілі бөлініп, тіпті қысқа
ертегіні де аяғына дейін тыңдай алмайды». Дәл осы
зейін қою мәселесі көп жағдайда баланың ерте бала-
лық, бала-бақша және мектеп жасында дамуы қалай
жүретінін анықтайды.
Зейін сапасы өзгермелі. Мысалы, үрейленгенде немесе шар-
шағанда зейін қою қабілеті төмендейді, қабылданатын ақпарат
көлемі тарылады. Бірақ, зейінді мақсатты түрде дамыту керек.
Төменде ұсынылған ойын-жаттығулар балаларыңызға осы істе
көмекші болады.
10
ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА
АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
2
8. ҚИМЫЛДАРДЫ ҚАЙТАЛАЙМЫЗ
Аталған ойынның тағы бір нұсқасы. Сіз қандай да бір қимылды
көрсететіз, ал балалар біреуінен немесе екеуінен басқа барлық
қимылдарды қайталайды. Мысалы, егер жүргізуші қолын жоға-
ры көтерсе – балалар шапалақ ұруы керек; қолдары екі жаққа
созылғанда - балалар аяқтарын тыпырлатады. Кім қателессе, сол
жүргізуші атанады.
9. МӘТІННЕН ҚАТЕ ІЗДЕЙМІЗ
Бір мәтіннің екі нұсқасын дайындаңыз, екіншісіне бірнеше
өзгерту енгізіңіз. Балалар қос мәтінді де оқып шыққаннан кейін,
байқаған айырмашылықтарын жазып алады. Барлық өзгері-
стерді байқаған бала жеңімпаз атанады.
10. СУРЕТТЕРДІ САЛЫСТЫРАМЫЗ
Балаларға бір-біріне ұқсас, бірақ бірқатар өзгешеліктері бар
суреттерден айырмашылықтарын табуды ұсыныңыз.
5. ЗЕЙІНДІЛІК ЖӘНЕ БАЙҚАМПАЗДЫҚ
Жүргізуші сайлаңыздар. Қалған ойыншылар сол жүргізуші
есте сақтауы тиіс дене қалыбын ұстайды. Артынша жүргізуші
бөлмеден шығады, ал ойыншылар (өзара келісіп) киімдерінде,
дене қалыптарында бірқатар өзгеріс жасайды. Кірген жүргізуші
барлығын бұрынғы күйіне келтіруі тиіс. Егер жүргізуші барлық
өзгерістерді тапса, ол ең байқампаз атанады.
6. АЙНА
Балаға қарама-қарсы тұрып, әртүрлі қимыл-қозғалыстар көр-
сетіңіз. Ол – «айна», сол қимылдарды қайталауы тиіс.
4. КІМ БӘРІНЕН МҰҚИЯТ
Баланы теріс қаратып тұрып, өз киіміңіз немесе бөлмедегі
заттар туралы сұраңыз.
7. ҰЙЫҚЫЛЫ-ОЯУ АЙНА
Алдыңғы ойынды түрлен-
діріңіз, балаға «айнаның»
ұйқысы қанбай қалып,
барлық қимылдарды бір
қимылға кешігіп көрсететінін
түсіндіріңіз.
11. СӨЗДІ ТАП
Балаға басқа сөздерде
жасырынып қалған сөздерді
табуды ұсыныңыз:
ТЕЛЕ
ДИДАР
,
ТЕР
І,
ТЫРНА
Қ,
ЖҮЗ
ІК, АЛ
МҰРТ
,
КҮН
ТІЗБЕ,
БАЛ
ЫҚ,
ЖЫЛ
ҚЫ,
ҚАС
ЫҚ,
КҮЛ
КІ,
АРА
Л, АЛД
АСПАН
,
КЕЛ
БЕТ
,
ҚАР
ҒА, ОТ
БАС
Ы.
11
ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА
АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
2
Достарыңызбен бөлісу: |