Тәжірибе көрсеткендей, кез-келген жаңа дағдыға үйрету
үдерісі баланы асықтырмаған жағдайда ғана сәттірек
және жылдамырақ жүреді. Міне, бұл жағдайда да уақы-
тынан бұрын емес, керісінше кешірек бастаған жөн.
Танымал американдық психолог Эда Лешан кезінде осы
мәселеде өзінің бір жасар қызына төзімсіздік танытқа-
нын сипаттайды. Ол қатты алаңдап, көз алдына сан түрлі
қиындықтар елестеп, осы мәселемен дәрігерге жүгінген.
Дәрігер оны мұқият тыңдап, қызы күйеуге шығарда
дәретхананы қалай пайдалануды керемет білетініне
сенімді екенін айтып, көндірген. Эда осы мәселеге
алаңдағаны соншалық, сол кезде дәрігердің әзілін жете
түсіне алмағанын және дәрігердің айтқаны орындала-
тынына күмәнданғанын айтады. Ал қазір ол әже атанып
үлгерген, әрі былай деп жазады: «Ол шынымен өте
жақсы дәрігер еді! Менің қызым бұл мәселені күйеуге
шығардан көп бұрын шешіп алды!»
СОНДА ДӘРІГЕР КӨМЕГІНЕ ҚАШАН
ЖҮГІНУ КЕРЕК:
егер балаңыз түнде дәретін жіберіп қоймауды
жетік меңгеріп алып, кенеттен, қандай да бір сізге
түсінікті немесе түсініксіз себеппен таңертең төсегі
қайтадан дымқыл болса, немесе өзге түсініксіз
белгілер пайда болса – дәрігерге баруды кейінге
қалдырмаңыз;
егер балаңыздың жасы 4-тен асса және дамуында
ешбір кешеуілдеу белгілері байқалмаса, ал төсегі
құрғақ болғаннан гөрі көбінесе дымқыл болса;
51
БАЛАНЫ ДӘРЕТХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА
ҚАЛАЙ ҮЙРЕТУГЕ БОЛАДЫ
7
егер сіз бала кешкі уақытта ішетін су/сусын көлемін
шектеуге тырыссаңыз, баланы түнде бір уақытта
түбекке отырғызуға тырыссаңыз, бірақ нәтиже
болмаса;
егер балаңыз қандай да бір созылмалы сырқатпен
ауырса, тез шаршаса, жиі қыңыр мінез көрсетсе
және төсегі көбінесе дымқыл болса – дәрігерге
қаралу қажет;
егер балаңыздың ұй-
қысы терең және оны
ояту өте қиын екенін, әрі
толығымен оянбайтынын
байқасаңыз.
Егер сырқат ушығып кетпесе – оны жеңу оңайырақ
болады.
Әртүрлі энурез түрлерін емдеу тәсілдері де әртүрлі:
арнайы ойындар мен ертегілер, арнайы жаттығулар,
дәрі-дәрмекпен емдеу, әртүрлі физиологиялық емдеу
шаралары, сендіру сеанстары.
ЕСТЕ САҚТАУЫҢЫЗ ТИІС ЕҢ БАСТЫ ЖАЙТ: ЭНУРЕЗ СЫР-
ҚАТЫНА ШАЛДЫҚҚАН БАРЛЫҚ ДЕРЛІК БАЛАЛАРДЫ
(БАС ЖӘНЕ ЖҰЛЫН МИЫНЫҢ АСА КҮРДЕЛІ ЗАҚЫМДА-
ЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАР ЕМЕС) ЕМДЕП ЖАЗУҒА БОЛАДЫ,
ӘРІ МИ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖЕТІЛІП, НЫҒАЯ БАСТАҒАН
САЙЫН БАЛАҢЫЗ БҰЛ МӘСЕЛЕНІ, ӘСІРЕСЕ, СІЗ ДҰРЫС
КӨМЕК БЕРСЕҢІЗ, ӨЗІ ШЕШЕДІ.
52
БАЛАНЫ ДӘРЕТХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА
ҚАЛАЙ ҮЙРЕТУГЕ БОЛАДЫ
7
БАЛАҒА ӨЗ
БЕТІНШЕ ӘРЕКЕТ
ЕТУГЕ ҚАЛАЙ
КӨМЕКТЕСУГЕ
БОЛАДЫ
8
53
ЕҢ БАСТЫСЫ – БАЛАҢЫЗДЫ «СӨЗСІЗ»
СҮЮ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ. ЯҒНИ, СІЗГЕ
БАЛАҢЫЗДЫҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ІС-ӘРЕ-
КЕТІ НЕМЕСЕ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҰНАМАУЫ
МҮМКІН, БІРАҚ, СІЗ ОНЫ ЕШТЕҢЕГЕ
ҚАРАМАСТАН ЖАҚСЫ КӨРЕ БЕРЕСІЗ.
СҮЙІСПЕНШІЛІКТІ КЕҢЕСТЕРДІҢ КӨМЕ-
ГІМЕН ҮЙРЕНУ ҚИЫН. СҮЙІСПЕНШІЛІК-
ТІ БІЗ БАЛАЛАРЫМЫЗДАН ҮЙРЕНЕТІН
СИЯҚТЫМЫЗ.
Кішкентай балақайлардың өз бетінше әрекет етуінің өз
артықшылықтары және кемшіліктері бар. Осы жастағы
балалармен баршаға белгілі бірқатар қақтығыстар
туындайды, бірақ, әлдекімнің осындай қақтығыстарда
не істеу керек екенін нақты білетінін білдірмейді. Ең
орындысы және маңыздысы – өзіңізге лайықтысын, әрі
аяғына дейін жеткізе алатыныңызға сенімді әрекетті
жасау.
2
-2,5 жаста дені сау баланың істей алатыны көп. Ол
жүруді, жүгіруді үйреніп алды, сұрақ қоя алады, сұрай
алады, өз қалауларын жеткізе алады. Жаңа мүмкіндік-
тер балақайды сансыз жаңа әрекеттерді байқап көруге
итермелейді, өз бетінше әрекет етуге құштарлығын
оятады.
Дәл осы уақытта балалардың ерік-жігері, өзін-өзі қа-
дағалау қабілеті қалыптасады. Барлығымыз баламыздың
жауапты және ешкімге тәуелсіз болып өскенін қалаймыз
ғой. Міне, осы тұста жанашыр, қамқор және тиімді ата-а-
на бола отырып, біз оған көмектесе аламыз.
Қараңызшы, балалар қолдарынан келетін тапсырма-
ларды қалай қуана-қуана орындайды. Ересектердің
көмегімен олар дүкен сөрелерінен тауар таңдауға, ақша
ұстап тұруға, сатып алынған заттарды себеттен шыға-
руға көмектесе алады. Кейбір үш жасар балалар дәрет-
ханаға өздері бара алады. Балалар көбінесе тамақты
өз қолымен жеуге, тағам және киім таңдау құқығын
иеленуге ұмтылады, ас дайындауға қатысқанды жақсы
көреді. Балалардың көпшілігі теледидарды немесе бей-
нефильмдерді қосуды және өшіруді тез үйреніп алады.
Алайда, балаға қай бағдарламалар лайық, ал қайсысы
лайық емес екенін ата-анасы ғана шешеді.
54
БАЛАҒА ӨЗ БЕТІНШЕ ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ҚАЛАЙ
КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
8
АЙГҮЛ – төрт жасар алғыр, әрі елгезек қыз. Ол ерте оя-
нады және балабақшаға жиналу үшін бірден киім-кешек
жиналған шкафқа бет алады. Айгүл тек ең әдемі көйлек-
терін таңдап алып, оларды балабақшадан әбден былғап
келеді, бұл оның анасына мүлдем ұнамайды. Анасы бұл
тәртіпті өзгертуге шешім қабылдады. Ол қызына екі
түрлі киім түрін таңдап алып, шкафты бекітіп қойды. Бұл
ойы жүзеге асты, енді киім-кешекке қатысты шайқас
азайды. Айгүл де ұтылған жоқ, ол бәрібір таңдау құқығын
сақтап қалды.-
Қадағалау және тиімділік сынды тәрбиелеу мәселелеріне
келсек, психологтар қажетті деңгейде ата-ана бақылауын
сақтай отырып, баланың өз бетінше әрекет ету қабілетін тиімді
дамытуға көмектесетін келесі кеңестерді ұсынады.
Балаңызды орынды мінез-құлқы үшін мақтауға қысыл-
маңыз.
Балаңызға өзінің шама-шарқы жететін тапсырмалар ғана
беріңіз.
Бәрін алдымен көрсетіп алып, артынан бірге жасаңыздар.
Бала қандай да бір сәтсіздікке ұшыраса, оған жіберген
қателігін түсіндіріп, жігерлендіруге тырысыңыз.
Дау-жанжал тууы ықтимал жағдайларда таңдау мүмкінді-
гін беріңіз және өзара тиімді келісімге келуге тырысыңыз.
Баланы өз қалауын және сезімдерін сөзбен жеткізуге
үйретіңіз.
Тыйым салу қаншалықты керек болғанымен, оны тек
шектеулі түрде қолдану керек. Бала тіл алмағанда оның
көңілін басқаға аударуға тырыссақ, қол жеткізер нәти-
жеміз де көбірек болады.
Тәрбиелеу барысында бала орынды мінез-құлық шекара-
сын анық түсінуі үшін рұқсат ету шектерін айқын белгілеу
қажет. Есіңізде болсын, бала үшін қауіпсіз орта қалыпта-
стыру жауапкершілігі түгелдей ата-аналарға артылады.
55
БАЛАҒА ӨЗ БЕТІНШЕ ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ҚАЛАЙ
КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
8
Достарыңызбен бөлісу: |