Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет9/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48

Бірақ, бала есейеді, оның ой-өрісі дамып-жетіледі. Оны әре-
кеттерді жоспарлаудың қарапайым тәсілдеріне үйретіп қойған 
пайдалы. 
Бала ата-анасымен бірге үй жинауға дайындалады. «Үй жинау 
үшін бізге не керек? Аяулым, алжапқыш, шүберектер, сыпыртқы 
мен қалақ дайындайық...» Бала нақты еңбек әрекетіне қатыса-
ды және оны ересектің басшылығымен рет-ретімен орындай-
ды: мысалы, қамыр илейді – ұн себеді, сүт құяды, тұз қосады, 
араластырады және т.б.
Бірге сурет салу арқылы баланы мақсатты, ретті әрекет етуге 
үйретуге болады. Қағаз бен қарындаш алып, баламен бірге 
талқылай отырып, күні бойғы істеріңіздің суретін рет-ретімен 
салыңыздар: «Міне, сен ояндың. Енді қандай сурет саламыз? 
Ия, сен таңғы ас іштің. Әрі қарай ше? Текшелерді салайық. Бұл 
нені білдіреді? Ойнайсың. Әрі қарай? Көшеге шығамыз ба? 
Жол, ағаш сал. Ал, міне, біз». Осы жоспар күн бойында сақталып, 
орындалады. Ұйықтар алдында суреттер арқылы барлығын еске 
түсіріп, бүкіл күнді талқылауға болады. 
Үлкенірек бала (5-6 жастан 
бастап) мұндай жоспарды өзі 
салады да, оны қызыға салы-
стырып тексереді (ересектердің 
«Сен ананы істе, мынаны істе» 
деген ұдайы тапсырмаларынан 
гөрі осындай ойын оған көбірек 
ұнайтын болады). 
Ойын балаға жаңа немесе «түйіткілді» жағдайда мі-
нез-құлық ережелерімен танысуға мүмкіндік береді. 
Осылайша, ойыншықтың көмегімен алда болатын оқиға 
қойылым түрінде көрсетіледі. Мысалы: «Біздің Ақбота 
қуыршағымыз балабақшаға барады. Ақбота, кел, аманда-
са ғой. Сенің киім салатын өз сөрең болады (көрсетеміз). 
Тамақты басқа балалармен бірге үстелге отырып ішесің 
(басқа қуыршақтармен бірге үстел басына отырғызамыз), 
төсекте ұйықтайсың. Сенің достарың болады. Сосын 
апаң келіп, сені алып кетеді». Дәл осы ойын артынан 
баламен бірге ойналады: «Көрсетші, топта балалармен 
қалай амандасасың, қалай тамақ ішесің, ұйықтайсың...». 
«Жеті лақ» ертегісі және ондағы «біреу есікті қағып 
тұр» жағдайын қойылым түрінде ойнату балаға қауіпсіз 
мінез-құлық ережелерін меңгеруге көмектеседі.
Ойын ережелерін бірге құрастыру мінез-құлық ереже-
леріне үйретеді. Мысалы, бала балабақшадан балағат 
сөздер үйреніп келеді. Ойын ойнауды ұсынып, келісіп 
алыңыздар: «Кім жаман сөз айтса, соның аузынан бақа, 
ал жақсы сөз айтқанның аузынан гүл шығады. Кімде қан-
ша гүл, ал кімде қанша бақа көп екенін санаймыз».
30
ЕРІК-ЖІГЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ
5


Мақсат таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз: «Қалай 
болғанын қалайсың және неге? Қалай ойлайсың және 
неге?» «Неге?» сұрағы әрекетке түрткі болатын себепті 
тудыру үшін қажет.
Шынайы өмірде ықтимал әрекеттердің салдарын қой-
ылым түрінде көрсету балаға шынайы өмірде ол үшін 
қауіпті болуы мүмкін қателік жасау құқығын береді, ал 
ойын түрінде жаттығу арқылы бала сол мезетте қатесін 
түзете алады, ойынды қайта ойнап, шынайы өмірде-
гі мінез-құлықтың ең дұрыс нұсқасын таңдай алады. 
«Көжек үйде жалғыз қалды. Ол қораптағы дәріні көріп, 
кәмпит екен деп жеп қойды. Оған әрі қарай не болды? 
Ол жылады, ыңыранды, оның іші ауырды, өзін жайсыз 
сезінді. Көжек, көрсетші, кәмпитке ұқсас зат көрсең не 
істеу керек? Ал енді, Аяулым айтсын».
Көптеген үй шаруасының арасында баланың орындауы 
тиіс тапсырмалары да болуы мүмкін, әрі қажет. Бала 
қолынан келетін істе ересектерге көмектескеніне риза 
болады – балада өзінің таптырмас көмекші екені туралы 
түсінігі қалыптасады.
«Аяулым балықтарға жем береді, дастарханға қасықтар-
ды, шыныларды, нан әкеліп қояды...» «Есіме түсіріп 
жіберші... Сенің көзің қырағы ғой, жіпті өткізіп жіберші... 
Сен сондай ептісің, .... алып берші, өтінемін».
Есейіп келе жатқан баланың ой-өрісі дамыған сайын 
ересектер балаға
 оқиғалардың өрбуін болжауды үйре-
теді және
 әрекеттерге адамгершілік тұрғысынан баға 
беруге итермелейді. Бұл балаға өз сезімдерінің албырт-
тығын шектеуге, әрі жалпы қағидаларды және құн-
дылықтарды басшылыққа алуға көмектеседі. Мысалы, 
ертегі кейіпкері немесе шынайы өмірдегі адам дұрыс 
жасады ма, талқылаңыздар. «Басқаша қалай жасауға бо-
лады? Қалай ойлайсың, мен не істер едім? Ал, сен ше?»
Әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында ересек адам 
бірден жауап бере салмай, «Тауып көрші, мен қазір не 
ойлап тұрмын, не сезіп тұрмын, не айтқым келіп тұр? 
Қалай ойлайсың, мен неге саған осыны айтып тұрмын? 
Неге басқаша емес, дәл осылай жасағаныңды өтіндім
неге жасамауға кеңес бердім?» деп ұсынып көру керек.
31
ЕРІК-ЖІГЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ
5


Ықтимал салдарды ауызша да болжауға және талқы-
лауға болады, ол үшін «Егер ..., не болады?» деген 
сұрақ қою керек. Осылай қиялдау ой-сананың болжау 
қызметін жаттықтырып қана қоймай, шығармашылық 
қабілеттерді де дамытады, ал ойын ата-аналар мен 
балаларды көңілдендіреді және жақындата түседі. «Егер 
орындық сөйлей алса, не болар еді?»; «Егер балалардың 
бойы ересектерден ұзын болса, не болар еді?»; «Егер 
ванна шүмегінен шырын ақса, не болар еді?» деген 
сияқты жағдайларда не болатынын бірге ойлап шыға-
рыңыздар.
Шынайы өмірдегі әрекеттерді елестету балаға өзі үшін 
жаңа жайтта сенімді сезініп, ретті, белгілі бір тәртіппен 
әрекет жасауға көмектеседі. Мысалы, бала алғаш рет 
дүкенге (әжесіне және т.б.) жалғыз өзі барғалы тұр. Бала 
өз әрекеттерін және ойларын нақты және қисынды етіп 
сипаттатуы тиіс. «Мен үйден шығамын, бұрылыста оңға 
бұрыламын, дүкенге кіремін, сөреде қандай нан бар 
екенін қарап шығамын, қалақпен түртіп көріп, жұмсағын 
таңдап аламын, дорбаға саламын, қанша тұратынын 
есептеймін, әмияннан ақшаны аламын, кассаға беремін, 
сосын үйге қайтамын». Осындай сипаттамада бала көп 
етістіктерді қолданады. Бұл балаға өз белсенділігін 
сезінуге және мақсаттарын түсінуге көмектеседі. 
5-6 жастағы болашақ бірінші сынып оқушысының өзін-өзі 
ерік-жігері арқылы қадағалау қабілетінің қалыптасуы үшін 
баланың мектепте оқуға деген ниетін ояту қажет. Осы мақсат-
пен мектеп ойынын ұйымдастыруға болады, ойын барысында 
балаға әртүрлі рөлдер беруге болады: оқушы, мұғалім, дирек-
тор... Мектепке экскурсияға барып, сыныпты көрсету, мектеп 
тәртібі, мінез-құлыққа қойылатын талаптар туралы айтып беру, 
баланы бастауыш сынып мұғалімімен таныстыру пайдалы 
болады. Мектеп ойыны оқуға деген оң көзқарас қалыптастыра-
ды. Бастапқыда ойында мұғалім рөлін ата-ана ойнайды, кейін 
осындай ойынды баланың құрбы-құрдастарын қатыстырып 
ұйымдастыруға болады. Егер бала осы ойынды жалғыз ойнауға 
талпынса, «оқушылар» рөлін қуыршақтар ойнай алады. Мектеп 
ойыны барысында мазмұны қызықты және ерекше, шағын, 
бірақ эмоционалдық тұрғыдан мағыналы тапсырмалар орында-
уды ұсыныңыз, түрлі-түсті оқу құралдарын, «үй тапсырмаларын» 
пайдаланыңыз. Ойын барысында баланың жетістіктерін мақтап 
отырыңыз. Эмоционалдық қанағаттанушылық сезімі басынан 
кешірген бала танымдық іс-әрекеттермен айналысуға талпына-
тын болады. 
5–6 ЖАС
14
32
ЕРІК-ЖІГЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ
5


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау