Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың



жүктеу 145,96 Kb.
Pdf просмотр
бет12/14
Дата20.11.2018
өлшемі145,96 Kb.
#22264
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

ресурстар бағаларына сүйене отырып айқындалады.

      11. Аудиторлық, консалтингілік, маркетингтік қызметтерінің және мердігерлік тәсілмен 

жүргізілетін жөндеу жұмыстарының шығыстары бөгде ұйымдар жүзеге асыратын, Қазақстан 

Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алынатын өндірістік сипаттағы басқа

қызметтер тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.

      12. Мемлекеттік меншікті уақытша иелікке және пайдалануға берген кезде 

мемлекеттік-жекешелік әріпестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі ағымдағы мен 

күрделі жөндеуге және негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін басқа да жөндеу-қалпына

келтіру жұмыстарына бағытталатын қаражаттар уәкілетті органмен келісілген шығындардың жылдық

сметасына сүйене отырып, тарифтің шығын бөлігіне енгізіледі.

      13. Концессия шартының негізінде жаңа объектілерді салу және пайдалану кезінде 

мемлекеттік-жекешелік әріпестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісінің есепке алу 

саясатында көзделген әдісті пайдалана отырып айқындалатын және негізгі құралдар құнының 

өсуіне алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталатын және концессия шартын 

іске асыру жағдайында салынған ақшалай қаражатты қайтару көзінің бірі болып табылатын 

амортизациялық аударымдар және концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік 

саланың объектілерін қаржыландыруға байланысты шығыстар концессия субъектісінің реттеліп 

көрсетілетін қызметтеріне тариф қалыптастыру кезінде ескеріледі.

      14. Кезең шығыстарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, 

алымдарға арналған шығыстар және бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының 

заңнамасында белгіленген мөлшерлемелерінде, тәртіпке және ақы төлеу шарттарына сәйкес 

айқындалады.

      15. Мемлекеттік-жекешелік әріпестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісіне 

мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін субсидия тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген 

шығыстарға бағытталған субсидияларды қоспағанда, тарифтің шығын бөлігін азайтуға ескеріледі.

      16. Кезең шығыстарында заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген 

мемлекеттік-жекешелік әріпестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісінің концессиялық

жобасын іске асыруға арналған қарыз қаражаты үшін сыйақыны төлеу шығыстары ескеріледі.

      Мемлекеттік-жекешелік әріпестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру 

үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақыны төлеу шығыстары тарифті 

есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 

еселік ресми мөлшерлемесін қолдана отырып есептелген соманың шегінде ескеріледі.

      Мемлекеттік-жекешелік әріпестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру 

үшін шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақыны төлеу шығыстары тарифті (

бағаны, алым ставкасын) есептеу кезінде Лондон банкаралық нарықтың 4 еселік мөлшерлемесін 

қолдана отырып есептелген соманың шегінде ескеріледі.

      Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары үшін сыйақы тарифтің шығын бөлігінің кезең

шығыстарында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді 

жоспарының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің 

болжамдық көрсеткіштерінің негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжанып отырған 

өзгерісін ескере отырып ескеріледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондон 

банкаралық нарығының мөлшерлемесі мемлекеттік-жекешелік әріпестік субъектісі, оның ішінде 

концессия субъектісі тарифті және тарифтік сметаларды бекітуге өтінімді берген күніне 

қолданылады.

      17. Мемлекеттік-жекешелік әріпестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісінің 

тарифтері мен тарифтік сметаларын қалыптастыру және бекіту кезінде мынадай шығыстар 

ескерілмейді:

      нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптар, қоймалардағы тауар - 

материалдық құндылықтар мен запастардың бүлінуі мен жетіспеушілігі, басқа өнімді емес 

шығыстар мен ысыраптар;

      реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың

амортизациялық аударымдары:

      реттеліп көрсетілетін қызметтерді өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық 

процесте пайдаланылатын, сенімгерлікпен басқаруға, мүліктік жалдауға, лизинг бойынша алынған

негізгі құралдарды пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы;

      ластандырушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төлемдер;

      сот шығындары;




      үмітсіз борыштар;

      шаруашылық шарттарды бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және 

санкциялардың басқа да түрлері, сондай-ақ кірісті жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар 

мен өсімдер;

      ұрлаудан болған залалдар;

      ақаудан болған ысыраптар;

      мемлекеттік-жекешелік әріпестік шарты, оның ішінде концессия шартында көзделгеннен 

басқа, әлеуметтік саланың объектілерін ұстау (технологиялық қажетті, сауықтыру лагерьлерді, 

мәдениет пен спорт, тұрғын үй қорының объектілерінен басқа, денсаулық сақтау, мектепке 

дейінгі балалар мекемелері, кәсіптік-техникалық училище);

      мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларын (демалыс кештерін өткізу, 

спектакльдерді, концерттерді қою) өткізу;

      кәсіпорындардың қызметкерлеріне тұрғын үйді жақсартуға, бау-бақша үйлерді және үй 

шаруашылығын жинауға берілген несиелерді (пайызсыздарды қоса алғанда) өтеу;

      бау-бақша әріпестіктерін абаттандыру (оның ішінде жолдардың құрылысы, энергиямен және 

сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру);

      ғылым мен өнер қайраткерлерімен дәрістер, көрмелер, диспуттар, кездесулер, 

ғылыми-техникалық конференциялар өткізу мен ұйымдастыру, қоғамдық ұйымдар мен 

қауымдастықтарға мүшелік жарналар;

      бұралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар, өндірістік мақсатта пайдаланылатын өнімді 

қоспағанда, жарнамалық, плакат пен баспа өнімдерін шығару;

      мемлекеттік-жекешелік әріпестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісінің 

персоналы үшін пәтерлер, тұрғын ғимараттар мен құрылыстар, жатақханаларда және қонақ 

үйлерінде орындар сатып алу, жалдау және ұстау;

      қаланы абаттандыру жұмыстарын атқару, ауыл шаруашылығына көмек көрсету және осыған 

ұқсас басқа да жұмыстар;

      білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің демалыстарына ақы төлеу;

      қызметкерлердің және олардың балаларының емделуге, демалуға, экскурсияға жолдамаларына

концессия субъектісі қаражаттарының есебінен кәсіптік ауруларды оңалтуға байланысты 

шығындарды қоспағанда, ақы төлеу;

      өз қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау органдарымен жасалған 

шарттар бойынша емханалардың қызметтеріне ақы төлеу;

      сақтандыру төлемдері (кәсіпорындар өз қызметкерлерінің пайдасына жасаған жеке және 

мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлейтін жарналар);

      қызметкерлерге қосымша берілген демалыстарға (заңнамада көзделгеннен тыс) ақы төлеу, 

қызметкердің отбасы мүшелерінің демалысты пайдалану орнына және кері жүруіне ақы төлеу, 

сондай-ақ пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

      демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсету;

      мемлекеттік-жекешелік әріпестік субъектісі, концессия қызметкерлеріне заңнамада 

көзделгеннен басқа жеңілдіктер (қызметкерлерге тамақтануды тегін немесе төмендетілген 

бағамен беру, сауықтыру топтарына абонементтерге, секцияларда, клубтарда шұғылдануға ақы 

төлеу, протездеу); 

      мектепке дейінгі мекемелердегі, санаторийлердегі және сауықтыру лагерлердегі балаларды

тамақтандыру құнын өтеу;

      ұжымдық шартта айқындалған мақсаттарға кәсіподақтарға аударымдар;

      өндірісті өнертабушылыққа және ұтымды етуге байланысты: тәжірибелік-эксперименталдық 

жұмыстарды жүргізу, өнертабушылық және жұмысты ұтымды ету ұсыныстары бойынша модельдер мен 

үлгілерді жасау және сынау (реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) 

көрсетуде қолданылатын және экономикалық тиімділігі бар жұмыстарды қоспағанда), 

өнертабушылық және жұмысты ұтымды ету бойынша көрмелерді, байқауларды, конкурстарды және 

басқа да іс-шараларды ұйымдастыру, авторлық сыйақыларды төлеу;

      қызмет көрсетуге тікелей қатысы жоқ, сондай-ақ негіздеуші материалдармен (шарттар, 

шот-фактуралар, қаржылық және басқа да құжаттар) расталмаған және тарифтердің өсуіне алып 

келетін басқа да шығыс түрлері,

      18.Тарифтің шығын бөлігін қалыптастыру мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) әуежайдың шығындарын тұтастай кәсіпорын бойынша және барлық құрылымдық бөлімшелер 

бөлінісінде мемлекеттік-жекешелік әріпестік шартының негізінде мемлекеттік-жекешелік 

әріпестікке берілген объектілерде, оның ішінде концессия шартының негізінде концессияға 




жүктеу 145,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау