Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың



жүктеу 145,96 Kb.
Pdf просмотр
бет7/14
Дата20.11.2018
өлшемі145,96 Kb.
#22264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

жағынан негізделген тарифті есептеу мыналардан:

      1) көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған тарифтің шығынды бөлігін есептеуден; 

      2) көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған тарифтің кіріс бөлігін есептеуден тұрады 

және мынадай формула бойынша есептеледі:

      Д = Тз + Р,

      мұндағы:

      Д - көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған тариф;

      Тз - тарифтің шығынды бөлігі (көрсетілетін қызметтің бірлігіне келетін нормативтік 

нақты шығындар);

      Р - тарифтің кіріс бөлігі (көрсетілетін қызметтің бірлігіне келетін пайданың жол 

берілген деңгейі).

4-тарау. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың көрсетілетін 

қызметтеріне шығынды бөлігін қызмет сапасын ескере отырып, тарифтерді қалыптастыру

      9. Көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар Ерекше тәртіпке сәйкес тарифтердің шығынды 

бөлігіне енгізіледі. 

      Тарифтердің шығынды бөлігін қалыптастыру мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) жалпы кәсіпорын бойынша және барлық құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде әуежайдың 

өндірістік шығындарын айқындау;

      2) әуежайдың көмекші қызметтерінің шығындарын бөлу;

      3) кезең шығындарын бөлу;

      4) тарифтің шығынды бөлігін айқындау.

      10. Бірінші кезеңде әуежайдың әрбір құрылымдық бөлімшесінің өндірістік шығындары 

айқындалады. Өндірістік шығыстар өндірістік штатты ұстау шығыстарынан, еңбекке ақы төлеу 

қорының аударымдарынан, материалдарға жұмсалатын шығыстарынан, негізгі өндірістік қорларға 

жөндеу жүргізу шығыстарынан, арнаулы автокөлік техникасын ұстау және қызмет көрсету 

шығыстарынан, амортизация шығыстарынан, негізгі өндірістік қорларды ұстау мен пайдалану 

шығыстарынан, материалдар, энергия және отын шығындарынан тұрады.

      11. Тарифтерді қалыптастырудың екінші кезеңінде әуежайдың көмекші қызметтерінің 

шығыстарын бөлу жүргізіледі. Соңғы өнімді шығармайтын құрылымдық бөлімшелердің өндірістік 

шығындарын соңғы өнім шығаратын бөлімшелерге көмекші қызметтер тұтынған қызметтердің санына 

тепе-тең қайта бөлінеді.

      Көмекші қызметтердің шығындарын қайта бөлу көзі әрбір құрылымдық бөлімшеге әуежайдың 

көмекші қызметінің басшысы қалыптастырған көрсетілген қызметтер туралы ай сайынғы ақпарат (

тарифті есептеу үшін базаға алынған кезең ішіндегі) болады.

      Көрсетілген ақпарат әрбір құрылымдық бөлімшеге орнатылған есепке алу аспаптарынан 

алынған көрсеткіштердің негізінде толтырылады және көмекші қызметтердің шығыстарын бөлу үшін

бастапқы құжат болып табылады. 

      Көмекші қызметтердің ішкі көрсететін қызметтерінің шығыстарын бөлу:

      Жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету қызметі, қызмет жұмысының бағыттары: 

      1) әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі - авиа ЖЖМ) 

және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету әуежайдың сыртқы тұтынушыларына көрсетілетін 

қызмет болып табылады;

      2) әуежайды автомобильдік жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі - авто ЖЖМ) 

қамтамасыз ету әуежайдың құрылымдық бөлімшелеріне көрсетілетін ішкі қызмет болып табылады.

      Әуежайды авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар авто ЖЖМ-ды 

жеткізуге, сақтауға және сатып алуға арналған шығындарды, авто ЖЖМ-мен әуежайдың қызметтерін

қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік штаттың жалақысын, еңбекке ақы төлеу қорының 

аударымдарын, авто ЖЖМ-ды сақтау және бөлу үшін қажетті негізгі өндірістік қорлардың 

материалдық шығындарын, амортизациялық аударымдарын қамтиды.

      Қызметтердің көрсетілген бағыттар арасындағы шығыстары қосымша шығыстар болып 

жинақталады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығындар қызмет бағыттарының 

арасында тепе-тең бөлінеді

      Әуежайды авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежай 

қызметтерінің арасында әрбір құрылымдық бөлімше тұтынатын авто ЖЖМ-ның мөлшеріне тепе-тең 

бөлінеді.

      Авто ЖЖМ-ның жұмсалуы туралы ақпараттың толықтығы мен шынайылығы үшін жанар-жағар май 




материалдары қызметінің басшысы әуежайдың құрылымдық бөлімшелері бөлінісінде авто ЖЖМ-ды 

тұтыну есебін жүргізеді, бұл көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстарды әуежай 

қызметтерінің арасында қайта бөлу есебін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

      Жылумен техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрі - ЖжСТҚ), 

қызмет бағыттары:

      1) әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету;

      2) әуежайды жылумен қамтамасыз ету.

      Әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету қызмет бағыты бойынша шығыстар әуежай 

қызметтерін сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге тікелей байланысты қызметтің өндірістік 

персоналына еңбекақы төлеу шығындарынан, еңбекке ақы төлеу қорының аударымдарынан, 

материалдық шығындардан, әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге тікелей байланысты 

қызметтің негізгі өндірістік қорларының амортизациялық аударымдарынан, басқа шығындардан 

тұрады.

      Осы бағыт бойынша қалыптастырылған шығыстар тұтынылған судың көлеміне тепе-тең 



бөлінеді.

      Әуежайдың жылумен жабдықтау қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежайды жылумен 

жабдықтауды қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік персоналдың еңбекақысына 

жұмсалған шығыстарды, еңбекақы қорынан аударымдарды, материалдық шығындарды, әуежайдың 

жылумен қамтамасыз ету процесіне тікелей қатысатын негізгі өндірістік қорлардың 

амортизациялық аударымдарын қамтиды.

      Көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар жылытылатын ғимараттың алаңына тепе-тең

бөлінеді.

      Көрсетілген қызмет бағыттарының арасындағы бөлінбеген ЖжСТҚ қызметінің шығыстары 

қосымша шығыстар ретінде қалыптасады және қызмет бағыттарының арасында қызмет бағыттары 

бойынша қалыптасқан тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.

      ЖжСТҚ қызметі басшысының тұтынылған судың және кәріздік сарқынды сулардың, жылудың 

саны туралы ақпараты шығыстарды бөлу жөнінде есеп айырысу үшін негіз болып табылады.

      Ұшуларды энергиямен-жарықпен техникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - ҰЭЖТҚ) қызметі, 

қызмет бағыттары:

      1) ұшу-қону жолақтарын жарықпен техникалық қамтамасыз ету;

      2) әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету.

      Әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежай 

қызметін қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік персоналдың еңбекақысына жұмсалған 

шығыстардан, еңбекақы қорының аударымдарынан, әуежайды электр энергиясымен қамтамасыз етуге 

тікелей байланысты материалдық шығындардан амортизациямен және өзге де шығыстардан тұрады. 

      Шығыстар тұтынылған электр энергиясы санының көлеміне тепе-тең бөлінеді. Шынайы 

ақпараттың көзі қызмет басшысының ай сайынғы есептері болып табылады.

      Көрсетілген бағыттардың арасындағы бөлінбеген шығыстар қосымша шығыстар ретінде 

жинақталады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығындар қызмет бағыттарының 

арасында тепе-тең бөлінеді.

      Арнайы автокөлік қызметінің шығыстары (бұдан әрі - АКҚ) мынадай қызмет бағыттары 

бойынша бөлінеді:

      1) әуеайлақ қызметін көлікпен сүйемелдеу. Қызметі ұшу-қону жолақтарын, рульдік 

жолдарын және перрондарды ұстаумен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау 

жөніндегі шығыстарды қамтиды. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде әуеайлақ қызметіне жатады;

      2) авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету қызметін (бұдан әрі - АҚӨҚҚ) 

көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі авариялық-құтқару жұмыстарымен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және 

ұстау жөніндегі шығыстар. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде АҚӨҚҚ қызметіне бөлінеді;

      3) әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді (бұдан әрі - ӘДҚ) көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі әуеайлақ диспетчерлік қызметпен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және 

ұстау жөніндегі шығыстар. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ӘДҚ қызметіне бөлінеді;

      4) жолаушыларға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі - ЖҚҚ) көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі жолаушыларды әуе кемесінің бортына (бортынан) жеткізуге тікелей байланысты 

автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. 




жүктеу 145,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау