re - меншікті капиталға сыйақы мөлшерлемесі (%);
rd - қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі (%).
Меншік капиталға арналған сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша айқындалады:
Re = rf + ra,
мұндағы,
ra - тәуекел үшін сыйақы. Тәуекелге арналған сыйақы өндірістік-технологиялық (rmex),
операциялық (rop) және қаржылық (rfin) тәуекелдерден тұрады.
Әуежайдың өндірістік құзыреттілігіне байланысы жоқ себептермен болған технологиялық
авариялардан болған табыстың шығынын жабуға арналған өндірістік-технологиялық (rmex) тәуекел
саланың, олар көзделген табыстың, негізгі құралдардың және тауар-материалдық қордың шығынына
алып келуі мүмкін тәуекелдерге ұшырау дәрежесін көрсетеді.
Осы көрсеткішті есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
rmex = Za/Ce,
мұндағы,
Za - бір жыл ішінде орта есеппен авариялар мен зілзала салдарларын жоюға арналған
шығындар.
Авариялардың саны бойынша деректер болмаған және авариялардың болу ықтималдығын
анықтау мүмкін болмаған кезде негізгі құралдардың тозу дәрежесі бойынша технологиялық
тәуекелді бағалау үшін амортизациялық аударымдардың үлестерін ранжирлеу шәкілін пайдалану
ұсынылады:
Негізгі құралдардың тозу дәрежесіне қарай технологиялық тәуекелді айқындау шәкілі
Әдістеменің
көрсетілген.
1 қосымшада
(rop) Жұмыстардың көлемін төмендетуден алынған табыстың шығынын жабуға арналған
операциялық тәуекелдер (жұмыстардың көлемдері ұлғайған жағдайда осы тәуекел қолданылмайды)
мынадай формула бойынша айқындалады:
rop = 0.5*(V-Znep)/се*∆V/V,
мұндағы,
V - есепті кезең ішіндегі осы көрсетілетін қызметтерден алынған пайда (табыс),
Znep - есепті кезең ішіндегі ауыспалы (қызметтердің көлеміне қарай) шығындар немесе
і-й көрсетілетін қызметіне болжамдалған мән,
Се - қызметке жатқызылған негізгі құралдардың баланстық құны,
V - болжамдалған жыл ішінде і-қызметінен алынған табыстың өзгеруі
D
Операциялық тәуекелдің нысаны тәуекел түрлерінің көпшілігі үшін қабылданғанындай, 0-
ден 5% дейінгі шектерде шектелген.
Ұйымның қаржылық ресурстарының шығыны ықтималдығына байланысты қаржылық тәуекел (rfin)
, мынадай формула бойынша анықталады:
rfin = баз*(1-H)* | /Ce,
p
D p
мұндағы,
баз - ұйымның есепті жыл ішіндегі жалпы табысы,
p
Н - пайдаға салық мөлшерлемесі,
- қызмет пайдасаның түсу деңгейі,
Қаржылық тәуекелдің мәні тәуекел түрлерінің көпшілігі үшін қабылданғанындай, 0-ден 5%
дейінгі шектерде шектелген.
Акционерлік капиталға арналған сыйақының құны қарыз қаражатына арналған сыйақы құнынан
кем емес шама болып табылады.
rd = rf+ДП,
мұндағы,
rf - тәуекелсіз мөлшерлеме, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейіне тең қабылданады;
ДП - егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алса, табиғи монополия субъектісі
шығарған және сол мерзімде айналымдағы мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты айналымда
болатын борыштық міндеттемелерге сыйлықақы негізінде айқындалатын табиғи монополия
субъектісі бойынша тәуекел үшін борыштық сыйлықақы. Өзге жағдайда, ол көрсетілетін қызметтің
осындай түрімен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас кредиттік рейтингісі
бар басқа табиғи монополиялар субъектілерінің тәуекелі үшін борыштық сыйлықақыларды ескере
отырып айқындалады.
6-тарау. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың көрсетілетін
қызметтеріне қызмет сапасын ескере отырып, тарифтің кіріс бөлігінің деңгейіне әсер
ететін қосымша коэффициенттер
16. Әуежайларда сапа жүйесінің жұмыс істеуі кәсіпорынның әуежайлық көрсетілетін
қызметтерді көрсету сапасын арттыру саласындағы саясатын іске асыруға бағытталған.
Әуежай көрсетілетін қызметтерге сапа жүйесі (ИСО 9000-2001) бойынша алған сапа
сертификаты реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтің кіріс бөлігін 10%-ға арттыруға
көтермелейді.
17. Көрсетілетін қызметтердің сапалық көрсеткіштері ұлғайған жағдайда тарифтің кіріс
бөлігін ұлғайту жүргізіледі:
1) табиғи монополия субъектісінің еңбек өнімділігі коэффициентін 10%-ға ұлғайтқан
сайын көрсетілетін қызмет тарифінің кіріс бөлігін 1%-ға ұлғайту жүргізіледі;
2) қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын негізгі кұралдар мен материалдық емес
активтерді жаңарту коэффициенті 10%-ға ұлғайтылған сайын көрсетілетін қызмет тарифінің кіріс
бөлігі 1%-ға ұлғаяды.
18. Көрсетілетін қызметтердің сапасы төмендеген жағдайда тарифтің кіріс бөлігін бір
көрсетілетін қызмет бірлігіне төмендету Әдістеменің
сапалы қызмет
2 қосымшадағы
көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі.
Табиғи монополиялар саласына
жатқызылған әуежайлардың
көрсетілетін қызметтеріне
қызмет сапасын ескере отырып,
тарифтерді есептеу әдістемесіне
1 қосымша
Негізгі құралдардың тозу дәрежесін айқындау шәкілі
Тозу дәрежесі %
30%
дейін
30 - 40% 40 - 50%
50%
жоғары
Өндірістік-технологиялық тәуекелдің мәні (
rmex)
0,3
0,5
0,75
1
Табиғи монополиялар саласына
жатқызылған әуежайлардың
көрсетілетін қызметтеріне
қызмет сапасын ескере отырып,
тарифтерді есептеу әдістемесіне
2 қосымша
Сапалы қызмет көрсеткіштері
Әуежайдың сапалы қызмет көрсеткіштері
Тарифтің кіріс бөлігінің
төмендеу пайызы