1 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті»



жүктеу 41,5 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2018
өлшемі41,5 Kb.
#11154
түріКонкурс


 



 

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 

Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға 

орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру 

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: 

 

С-О-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен 

тіл  табысуы,  аналитикалық,  ұйымдастырушылық,  стратегиялық  ойлау,  көшбасшылық,  әдептілік,  сапаға 

бағдарлану,  тұтынушыға  бағдарлану,  сыбайлас  жемқорлыққа  төзбеушілік;  жұмыс  тәжірибесі  келесі 

талаптардың  біріне  сәйкес  болуы  тиіс:  1)  мемлекеттік  қызмет  өтілі  төрт  жылдан  немесе  осы  санаттағы 

нақты  лауазымның  функционалдық  бағыттарына  сәйкес  салаларда  жұмыс  өтілі  бес  жылдан  кем  емес, 

оның  ішінде  мемлекеттік  органның  штат  кестесінде  көзделген  келесі  төменгі  санаттағы  лауазымдарда 

немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының 

мемлекеттік  әкімшілік  лауазымдарында  не  саяси  лауазымдарда  бір  жылдан  кем  емес;  2)  мемлекеттік 

қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе 

арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) жоғары 

оқу  орындарынан  кейінгі  оқу  бағдарламалары  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

жанындағы  білім  беру  ұйымдарында  мемлекеттік  тапсырыс  негізінде  немесе  шетелдің  жоғары  оқу 

орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар 

бойынша  оқуды  аяқтаған  жағдайда  мемлекеттік  қызмет  өтілі  екі  жылдан  кем  емес,  оның  ішінде 

мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, 

C-2,  C-O-2,  D-2,  D-O-2  санаттарынан  төмен  емес  лауазымдарда  немесе  «А»  корпусының  мемлекеттік 

әкімшілік  лауазымдарында  не  саяси  лауазымдарда  бір  жылдан  кем  емес  немесе  ғылыми  дәрежесінің 

болуы;  4) осы санаттағы нақты  лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес  салаларда  жұмыс өтілі 

бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес. 

"Б"  корпусының  мемлекеттік  әкімшілік  лауазымына  орналасудың  кейбір  мәселелері  туралы 

Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  қызмет  істері  министрінің  2015  жылғы  29  желтоқсандағы  №  12 

бұйрығы. 

Қазақстан 

Республикасының 

Әділет 

министрлігінде 



2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді. 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.  «Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  министрлігінің 

Медициналық  қызметке  ақы  төлеу  комитеті»  ММ,  010000,  Астана  қаласы,  Орынбор  көшесі  8, 

Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, анықтама үшін телефоны:                  8 (7172) 74-30-28, факс: 8 (7172) 

74-32-37,  e-mail: 

k.nurekenova@mzsr.gov.kz

,  «Б»  корпусы  бос  әкімшілік  мемлекеттік  лауазымға 

орналасуға конкурс жариялайды:  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық 

қызметке ақы төлеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, С-О-1 санаты, 1 

бірлік. 

Функционалдық міндеттері: Комитеттің аумақтық департаментінің қызметіне жалпы басшылық 

ету; кадрды іріктеу және орналастыру; ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеу, БҰДЖ-

ны  қаржыландыру  және  ақпараттық-талдамалы  сүйемелдеу  механизмін  жетілдіру  мәселелері  бойынша 

мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік  даму  министрлігі  ведомстволарының  аумақтық  бөлімшелерімен,  ғылыми  және  ақпараттық 

орталықтармен,  меншік  нысанына  қарамастан  медициналық  кәсіпорындармен,  халықаралық  және 

үкіметтік  емес  ұйымдармен,  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен,  заңды  және  жеке  тұлғалармен  өзара  іс-

қимылды  қамтамасыз  ету;  ТМККК  қызметтер  берушісін  таңдау  жұмысын  ұйымдастыру;  республикалық 

бюджет  қаражатының  есебінен  қаржыландырылатын  стационарлық  және  стационарды  алмастыратын 

көмек  көрсету  кезінде  ТМККК  көлемдеріне  және  медициналық  қызметтерге  ақы  төлеуге  сараптама 

жүргізу;  қызметтер  берушілерге  экономикалық  ықпал  ету  шараларын  қолдану,  бөлінген  бюджет 

қаражатын  нысаналы  пайдалануды  және  игеруді  қамтамасыз  ету;  Комитетке  талдамалы  және  басқа  да 

есептерді  уақтылы  ұсынуды  қамтамасыз  ету;  құзыреті  шегінде  нормативтік  құқықтық  актілерді 

дайындауға  қатысу.  Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  2016-2019 

жылдарға  арналған  «Денсаулық»  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  міндетті  әлеуметтік  медициналық 

            

Санат 

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты 

Min (тенге) 

Max (тенге) 

C-О-1 

182 387 

246 514 



 



 

сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмысқа қатысу. 



Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар:  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік 

қамтамасыз  ету  саласындағы  жоғары  білім  (медицина)  (жалпы  медицина,  стоматология,  медицина, 

қоғамдық денсаулық сақтау)  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және  бизнес саласындағы  жоғары 

білім (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті 

басқару), магистрлік дәреженің бар болуы. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен 

тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға 

бағдарлану,  тұтынушыға  бағдарлану,  сыбайлас  жемқорлыққа  төзбеушілік.  Осы  санаттың  лауазымдары 

бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. 

 

Конкурс  комиссиясы  жұмысының  ашықтылығы  мен  объективтілігін  қамтамасыз  ету  үшін  оның 



отырысына байқаушылар шақырылады. 

Конкурс  комиссиясының  отырысына  байқаушылар  ретінде  Қазақстан  Республикасы 

Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында 

белгіленген  тәртіпте  аккредиттелген  бұқаралық  ақпарат  құралдарының,  басқа  мемлекеттік  органдардың, 

қоғамдық  бірлестіктердің  (үкіметтік  емес  ұйымдардың),  коммерциялық  ұйымдардың  және  саяси 

партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Байқаушы  ретінде  конкурс  комиссиясының  отырысына  қатысу  үшін  тұлғалар  әңгімелесу 

басталғанға  дейін  бір  жұмыс  күнінен  кешіктірмей  персоналды  басқару  қызметіне  (кадр  қызметіне) 

тіркеледі.  Тіркелу  үшін  тұлғалар  персоналды  басқару  қызметіне  (кадр  қызметіне)  жеке  басын 

куәландыратын  құжаттың  көшірмесін,  осы  Қағидалардың  30-тармағында  көрсетілген  ұйымдарға 

тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады. 

Осы  Қағидалардың  15-тармағында  көрсетілген  тұлғаның  келісімі  бойынша  конкурс 

комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік 

органның  қызметкері  болып  табылмайтын,  бос  лауазымның  функционалдық  бағыттарына  сәйкес 

облыстарда  жұмыс  тәжірибесі  бар  тұлғалар,  сондай-ақ  персоналды  іріктеу  және  жоғарылату  бойынша 

мамандар,  басқа  мемлекеттік  органдардың  мемлекеттік  қызметшілері,  Қазақстан  Республикасының 

Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады. 

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, 

не  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  сот  тәртібінде  конкурс  комиссиясының  шешіміне 

шағымдана алады. 

Жалпы  конкурсқа  қатысатын  және  әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар  оны  кандидаттарды 

әңгімелесу  жіберу  туралы  хабардар  ету  күнінен  бастап  бес  жұмыс  күн  ішінде  конкурс  жариялаған 

мемлекеттік органдарда өтеді. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы 

өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) 

бiлiмi  туралы  құжаттардың  нотариалдық  куәландырылған  көшiрмелерi; 4)  еңбек  қызметін  растайтын 

құжаттың  нотариалдық  куәландырылған  көшiрмесi; 5)  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау 

министрінің  міндетін  атқарушының  2010  жылғы  23  қарашадағы  №  907 бұйрығымен  бекітілген 

(Нормативтік  құқықтық  актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  2010  жылы  21  желтоқсанда  №  6697 

болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке 

басын 


куәландыратын 

құжаттың 

көшірмесі; 

7)  құжаттарды  тапсыру  сәтінде  заңнаманы  білуіне  тестілеуден  өткені  туралы  шекті  мәннен  төмен  емес 

нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 8) конкурсқа 

қатысу  үшін  құжаттарды  тапсыру  сәтінде  уәкілетті  органда  жеке  қасиеттерін  бағалауды  өту  туралы 

қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі). 

Құжаттар,  жалпы  конкурс  туралы  хабарландыру  соңғы  жарияланған  күнінен  бастап  10  жұмыс 

күні ішінде тапсырылуы тиіс. 

Бос  мемлекеттік  әкімшілік  лауазымға  орналасуға  үміткерлерге  арналған  тестілеу 

бағдарламасы: 

С-О-1  cанаты  үшін:  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тілін  білуге  арналған  тест  (20 

сұрақ),  ұзақтығы  20  минут; Қазақстан  Республикасының Конституциясын  (15  сұрақ),  «Қазақстан 

Республикасының  Президенті  туралы»  (15  сұрақ),  «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  туралы»  (15 

сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік 

қызметі  туралы»  (15  сұрақ),  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы»  (15  сұрақ),  «Әкімшілік 

рәсімдер  туралы»  (15  сұрақ),  «Нормативтік  құқықтық  актілер  туралы»  (15  сұрақ),  «Жеке  және  заңды 

тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 

(15  сұрақ)  Қазақстан  Республикасының  заңдарын  бiлуге  арналған  тестер. Бірінші  бағдарлама  бойынша 

тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 

сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 

дұрыс жауапты құрайды. Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге 

арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды. 



жүктеу 41,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау