Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың



жүктеу 145,96 Kb.
Pdf просмотр
бет8/14
Дата20.11.2018
өлшемі145,96 Kb.
#22264
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖҚҚ қызметіне бөлінеді;

      5) жүктерге, поштаға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі - ЖПҚҚ) көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі жүктерді, қол жүктерін ӘК бортына (нан) жеткізуге тікелей байланысты 

автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖПҚҚ қызметіне бөлінеді;

      6) жанар-жағар материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті (бұдан әрі - ЖЖМҚ) 

көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі әуе кемесін авиа ЖЖМ және басқа сұйықтықтар құюға тікелей байланысты 

автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде авиа ЖЖМ-мен қамтамасыз ету ЖЖМҚ 

қызметінің бағытына бөлінеді. 

      Қызметі авто ЖЖМ жеткізу мен бөлуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және 

ұстау жөніндегі шығыстар толық көлемде авто ЖЖМ-мен қамтамасыз етудің ЖЖМҚ қызметінің 

бағытына бөлінеді.

      7) авиациялық қауіпсіздік қызметін (бұдан әрі - АҚҚ) көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі әуежай аумағын патрульдеуге тікелей қатысты автокөлікті пайдалану және ұстау 

жөніндегі шығыстар толық көлемде АҚҚ қызметіне бөлінеді;

      8) ҰЭЖТҚ көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі ҰЭЖТҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті 

пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ҰЭЖТҚ қызметіне бөлінеді;

      9) жылу техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету қызметін (бұдан әрі - ЖжСТҚ) 

көліктік сүйемелдеу. 

      Қызметі ЖжСТҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті 

пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖжСТҚ қызметіне бөлінеді;

      10) инженерлік-авиациялық қызметті (бұдан әрі - ИАҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ИАҚ 

қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау 

жөніндегі шығыстар.

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ИАҚ қызметіне бөлінеді;

      11) әкімшілік-басқару персоналын көліктік сүйемелдеу. 

      Әкімшіліктің автокөлігін пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. 

      Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде әкімшілік шығыстарға жатады;

      12) жалпы пайдаланудағы көліктер. 

      Жалпы мақсаттағы автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар. 

      Осы бағыт бойынша шығыстар қызметтердің тікелей шығындарына тепе-тең бөлінеді. 

      Арнайы автокөлік қызметтің көрсетілген бағыттары арасында бөлінбеген шығыстары қосымша

шығыстар ретінде қалыптасады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан қызмет бағыттарының 

арасында тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.

      12. Қызметтерге арналған тарифтердің шығынды бөлігін қалыптастырудың үшінші кезеңінде 

табиғи монополия субъектісінің кезең шығыстары бөлінеді. 

      Кезең шығыстары мынадай көрсеткіштерге тепе-тең бөлінеді:

      жалпы шаруашылық шығыстар - табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтердің әрбір 

түрі бойынша өндірістік шығындарға тепе-тең;

      салықтар мен алымдар (негізгі құралдарға байланысты) табиғи монополия субъектісі 

көрсететін қызметтердің әрбір түріне жатқызылатын активтердің қалдық құнына тепе-тең;

      банктерге сыйақы төлеуге арналған шығыстар - қызметтерді көрсету үшін кредит алынған 

ақша қаражатының оларға қатысу дәрежесі бойынша бөлінеді.

      13. Төртінші кезеңде тарифтің шығынды бөлігі анықталады.

      Әуеайлақ қызметінің шығыстары қызметтің екі бағытының арасында - ұшу-қону жолақтарын 

ұстауға және әуе кемелеріне арналған тұрақтар алаңдарын ұстауға - тепе-тең бөлінеді.

      Әуе кемесінің ұшуын-қонуын қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметке арналған 

тарифтің шығынды бөлігі осы қызметті көрсетуге арналған шығындарды көрсетілетін қызметтің 

нақты көлеміне бөлу арқылы анықталады. Осы қызметті көрсету жөніндегі шығындар - бұл мынадай

шығыстар жиынтығы:

      негізгі құрылымдық бөлімшелер - әуеайлық қызметінің қызмет бағыты ұшу-қону жолақтарын 

ұстау, АҚӨҚҚ, ӘДҚ, ҰЭЖТҚ қызметінің бағыты ұшу-қону жолақтарын жарықпен техникалық 

қамтамасыз ету;




      көрсетілген негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;

      осы көрсетілетін қызметке жатқызылған кезең шығыстары. Осы көрсетілетін қызметке 

арналған тарифтің шығынды бөлігі - авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті 

көрсетуге арналған шығындарды қызметтің нақты көлеміне бөлу арқылы анықталады. 

      Осы қызметті көрсету жөніндегі шығындар - бұл шығыстар жиынтығы:

      АҚҚ, ДҚ негізгі құрылымдық бөлімшелері;

      аталған негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;

      осы көрсетілетін қызметке жатқызылған кезең шығыстары.

      Әуе кемесіне тұрақ орнын беру және қону әуеайлағында әуе кемесіне тұрақ орнын беру 

жөнінде көрсетілетін қызметтер бойынша шығынды бөлігін анықтау:

      әуе кемелері үшін тұрақ орнын ұстау қызметінің бағыты бойынша қалыптасқан әуеайлақ 

қызметінің шығыстары екі көрсетілетін қызмет арасындағы бағыт бойынша - қону әуежайында 

өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, 

жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 6 жүк тасымалдайтын және 

жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 

      3 сағат бойы тұрақ орнын беру жөнінде және базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орын 

беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге осы көрсетілетін қызметтердің нақты көлеміне тепе-тең 

бөлінеді;

      аталған негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;

      осы қызметтерге жатқызылатын кезең шығыстары. 



5-тарау. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың көрсетілетін 

қызметтеріне қызмет сапасын ескере отырып, тарифке енгізілетін пайданы қалыптастыру

      14. Көрсетілетін қызметтердің тарифіне енгізілетін пайда қолданысқа енгізілген 

активтер кұнының және қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда 

мөлшерлемесінің негізінде айқындалады:

      Р = А*ПМ,

      мұндағы:

      Р - көрсетілетін қызметтер бойынша пайда, (теңге).

      А - көрсетілетін қызметтердің біреуін көрсетуге қолданысқа енгізілген активтердің 

реттелетін базасы, (теңге),

      ПМ - пайда мөлшерлемесі (%).

      Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша реттелетін базасы қызметті 

көрсетуге қолданысқа енгізілген активтерді нақты құнының активтердің қолданысқа енгізілу 

кооффициентіне көбейтіндісі ретінде, мынадай формула бойынша анықталады:

      А = АҚ * Қеак,

      мұндағы:

      АҚ - реттеліп көрсетілетін қызметтерді (операцияларды) көрсетуге қолданысқа енгізілген

активтердің нақты кұны, (теңге),

      Қеак - қолданысқа енгізілген активтердің коэффициенті.

      Қолданысқа енгізілген активтердің коэффициенті олардың өндірістік қуаттылығына 

әуежайдың негізгі кұралдары көрсететін қызметтердің нақты көлемінің (өткен төрт тоқсанның 

ішінде немесе осының алдындағы күнтізбелік жыл үшін) арасалмағы ретінде айқындалады.

      Активтердің нақты құны қызметтерді өндіру мен ұсыну кезінде пайдаланылатын, конкурстық

негізде іріктелген тәуелсіз бағалаушылар қайта бағалау нәтижесінде алынған табиғи монополия 

субъектісінің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің қалдық кұнының негізінде 

айқындалады.

      15. Әуежайлар саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін пайда мөлшерлемесі орташа

өлшенген капитал кұны әдісі арқылы есептеледі және мынадай формула бойынша анықталады:

      АҚ = ((1 - g) * re) + (g * rd),

      мұндағы:

      g - леверидж, қаржыландырудың жалпы құрылымында табиғи монополия субъектісінің қарыз 

және меншікті капиталының ара қатынасын сипаттайтын шама, яғни негізгі кұралдарға соңғы 

жүргізген қайта бағалауды ескере отырып, барлық капиталдың кұрылымындағы нақты қарызға алған

каражаттың үлесі (меншікті және қарыз капиталының сомасы). Леверидждің деңгейі нөлден кем 

емес шама болып табылады. Субъектінің меншікті капиталының теріс мәні болған жағдайда 

леверидждің деңгейі 1-ге тең шаманы алады;



жүктеу 145,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау