Еңбек өнімділігі коэффициентінің әрбір 10%-дық
төмендеуі
1%
Негізгі кұралдарды жаңарту коэффициентінің әрбір
10%-дық төмендеуі
1%
Әуежайдың кінәсі бойынша рейстің біржолғы кідірісі
2%
Әуежайдың кінәсі бойынша рейстің қайталанған
кідірісі
5%
Әуежайдың кінәсі бойынша авиациялық оқиғаға
алғышарт
7%
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы № 62
4-қосымша
Табиғи монополиялар саласына жатқызылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты
бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың көрсетілетін
қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар саласына жатқызылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты
бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың көрсетілетін
қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Заңы 14-бабының
41-67) тармақшасына және 16-7-бабының
1-тармағының
2-
, "
" (бұдан әрі – табиғи монополиялар Заңы) 1998 жылғы 9
тармағына
Табиғи монополиялар туралы
шілдедегі, "
" (бұдан әрі – концепциялар Заңы) 2006 жылғы 7 шілдедегі, "
Концессиялар туралы
" (бұдан әрі - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік Заңы)
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ
бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде
қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше
(Нормативтік құқықтық актілерді
тәртібіне
мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8480 нөмірімен тіркелген) (бұдан әрі - Ерекше тәртіп),
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін
атқарушының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 239-НҚ бұйрығымен бекітілген Әуежайлар саласында
қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа
енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу
(Нормативтік құқықтық актілерді
қағидаларына
мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8716 нөмірімен тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 743 бұйрығымен бекітілген Өз қызметін
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты бойынша жүзеге асыратын
табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына,
жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12526
қағидаларына
нөмірімен тіркелген) сәйкес әзірленген және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша,
оның ішінде концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың табиғи монополиялар саласына
жатқызылған көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді есептеу тетігін анықтау үшін арналған.
2. Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) активтердің қолданылу коэффициенті - олардың технологиялық қуаттылығынан табиғи
монополия субъектісіне жатқызылған қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндірген және
ұсынған кезде табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын нақты пайдалануын (іске
қосылғанын) сипаттайтын пайыздық көрінісіндегі көрсеткіш. Концессиялық жобаларды ерекше
маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерилері концессиялар туралы Заңы 1-
бабының
сәйкес мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган айқындайды;
8) тармақшасына
2) концессия - концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға
бағытталған, концессионердің қаражаты есебінен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы
шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;
3) концессиялық жоба - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және концессиялар
туралы Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы
концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
4) концессия объектiсi-концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және
пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету
объектілері;
5) концессия шарты – концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың
құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын
жазбаша келiсiм;
6) көрсетілетін қызметтер - табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын әуежайлар
саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
7) қолданысқа енгізілген активтер - әуежайлар саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну
үшін пайдаланылатын әуежайдың негізгі құралдары мен материалдық емес активтері;
8) қызмет бағыттары - дербес, сол сияқты бір-бірімен өзара іс-қимыл жасап қызметтер
көрсетуге қатысатын белгілі бір қызмет көрсету процестерінің жиынтығы;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - осы Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін,
мемлекеттік және жекешелік әріптестер арасындағы ынтымақтастық нысаны;
10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы - "Мемлекетік-жекешелік әріптестік туралы"
Қазақстан Республикасының
сәйкес шектеулi уақыт кезеңi iшiнде iске асырылатын және
Заңына
аяқталған сипатқа ие мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөнiндегi дәйекі
iс-шаралар жиынтығы;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері - жобалануы, салынуы, құрылуы,
реконструкциялануы, жаңғыртылуы және пайдаланылуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын
іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын мүлік, мүліктік кешендер. Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік объектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында
ендірілуге жататын жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) мен инновациялар да жатады;
12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісінің
қызметтері - табиғи монополия саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның
ішінде концессия субъектісі көрсететін және белгілі тауарды тұтынушыға беру түрінде қызмет
көрсету жағдайын қосқанда уәкілетті орган ведомствосымен мемлекеттік реттеуге жататын
реттелетін қызмет;
13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және
жауапкершiлiгiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын iске асырудың өзге де шарттарын
айқындайтын мемлекеттік және жекешелік әріптестер мен өзге де тараптар арасындағы жазбаша
келiсiм;
14) тарифтің шығынды бөлігі - тарифті және тарифтік сметаларды бекіту кезінде
ескерілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия субъектісінің қызметтер
көрсетуіне байланысты шығындардың жиынтығы.
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу
критерийлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1060
қаулысымен
бекітілген Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар тізбесімен айқындалады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобасына жатқызу критерилері "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын
жоспарлау мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725
сәйкес
бұйрығына
анықталады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12717 нөмірімен
тіркелген).
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік
шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың
көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді есептеу тетігінің негізгі қағидаттары
3. Осы Әдістемеге сәйкес табиғи монополиялар саласына жатқызылған мемлекеттік -
жекешелік әріптестік шарты бойынша, соның ішінде концессия шарты бойынша көрсетілетін
әуежайлардың көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бұдан әрі - көрсетілген қызметтер)