Табиғи монополиялар саласына жатқызылған аэронавигация мен әуежайлардың



жүктеу 145,96 Kb.
Pdf просмотр
бет6/14
Дата20.11.2018
өлшемі145,96 Kb.
#22264
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу 

 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8716 болып 

қағидаларына

тіркелген) сәйкес әзірленген және әуежайлардың табиғи монополиялар саласына жатқызылған 

қызметтеріне тарифтерді қызмет сапасын ескере отырып, есептеу тетігін анықтау үшін арналған.

      2. Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) активтердің қолданылу коэффициенті - табиғи монополия саласына жатқызылған 

қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру және ұсыну кезінде табиғи монополия 

субъектісінің негізгі құралдарын, олардың технологиялық қуатына қарай нақты пайдалануды (

қолданысқа енгізілгендігін) сипаттайтын пайыздық мәніндегі көрсеткіш;

      2) көрсетілетін қызмет сапасы - мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде белгілеген 

қызметтің техникалық, технологиялық және пайдалану сипаттамаларының жиынтығы, олар арқылы 

ұсынылатын қызмет тұтынушы талаптарына жауап береді;

      3) көрсетілетін қызметтер - табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын әуежайлар

саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

      4) көрсетілетін қызметтерге арналған тікелей шығындар – белгілі бір көрсетілетін 

қызметпен тікелей себеп-салдары бар шығындар, сондықтан белгілі бір көрсетілетін қызметке 

тікелей және бір мәнді жатады; 

      5) қолданысқа енгізілген активтер – әуежайлар саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну

үшін пайдаланылатын әуежайдың негізгі құралдары мен материалдық емес активтері;

      6) қызмет бағыттары - дербес, сол сияқты бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын қызмет 

көрсетуге қатысатын белгілі бір қызмет көрсету процестерінің жиынтығы.

      Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының 

қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.



2-тарау. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың көрсетілетін 

қызметтеріне қызмет сапасын ескере отырып, тарифтерді есептеу тетігінің негізгі 

қағидаттары

      3. Осы Әдістемеге сәйкес табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың 

көрсетілетін қызметтеріне қызмет сапасын ескере отырып (бұдан әрі - көрсетілген қызметтер), 

тарифтерді есептеу тетігінің негізгі қағидаттары мыналар:

      1) құзыреті шегінде мемлекеттік органдар белгілеген талаптарға көрсетілетін қызметтер 

сапасының сәйкестігі;

      2) көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ашықтығы;

      3) табиғи монополия субъектісінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жеткілікті тиімділік 

деңгейін тарифпен қамтамасыз ету; 

      4) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің 

негізінде көрсетілетін қызметтерге тарифтердегі пайданың жол берілетін деңгейін нормалау;

      5) көрсетілетін қызметтерге тарифтерді есептеген кезде пайдаланылатын өндірістік және 

қаржылық көрсеткіштердің шынайылығы болып табылады.

3-тарау. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлардың көрсетілетін 

қызметтеріне қызмет сапасын ескере отырып, тарифтерді есептеу тетігі

      4. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтулерді жүзеге 

асыратын әуе кемелерінің ұшып-қонуын қамтамасыз ететін авиатасымалдарға қызмет көрсетуді 

қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсатта техникалық 

қонуды жүзеге асыратын (бұдан әрі - әуе кемесінің ұшып-қонуын қамтамасыз ететін) қызметтерге

тариф келесі операциялар бойынша шығындарды есептеуді қамтиды:

      1) ұшу-қону жолақтарын, рульдік жолдарын, перрондар ұсыну;

      2) әуеайлақты ұстау және пайдалануды қамтамасыз ету;

      3) әуеайлақты жарықтехникалық қамтамасыз ету;

      4) авариялық-құтқару және өртке қарсы жабдығымен қамтамасыз ету;

      5) әуежай ауданында ұшулардың қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;

      6) әуежайдан әуе кемелері ұшуларының негізгі бағыттары бойынша (әуежай орындаған 

жағдайларда ғана) аэронавигациялық ақпаратқа және аэронавигациялық жағдайға жедел өзгерістер

ұсыну;


      7) жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету және әуеайлақтық диспетчерлік қызмет 

көрсету (әуежай орындаған жағдайларда ғана);




      8) радиотехникалық қызмет көрсету (әуежай орындаған жағдайларда ғана);

      9) метеорологиялық қамтамасыз ету (әуежай орындаған жағдайларда ғана);

      10) Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық 

қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып 

өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге

(тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар 

тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағат ішінде және жүк тасымалдайтын және 

жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан 

астам тұрақ орнын беру.

      Әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің тариф 

өлшемі ең жоғары ұшу массасының 1 тоннасы болып табылады, алым мөлшерін анықтау кезінде әуе 

кемесінің ең жоғары ұшу массасы тоннамен бүтінге дейін дөңгелектеледі: 500 килограммға дейін

- азаю жағына, 500 килограмм және одан жоғары - көбею жағына. 

      5. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтулерді жүзеге 

асыратын әуе кемелерінің авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, авиа тасымалдауға 

қызмет көрсететін қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық 

емес мақсатта техникалық қонуды жүзеге асыратын қызметке арналған тариф (бұдан әрі - 

авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі) мына операциялар бойынша шығындар есебін 

қамтиды: 

      1) жолаушыларды, қол жүгін, багажды, азаматтық авиацияның әуе кемелері экипаждарының 

мүшелерін тексеру;

      2) әуежайда өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету;

      3) әуе кемелерін, жүкті, поштаны және борттық тағамды ұшар алдында тексеру;

      4) әуежайдың заңсыз араласу актілерінің жолын кесу іс-қимылдарына күші мен 

құралдарының дайындығын сақтау;

      5) тұрақтағы әуе кемелерін күзету, әуе кемесіне бөтен адамдардың өтіп кетпеуіне 

мүмкіндік бермеу;

      6) әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынатын қару, оқ-дәрі, жарылғыш, радиоактивті, 

уландырғыш, тез жанатын заттарды заңсыз алып жүруге жол бермеу;

      7) қару мен оқ-дәріні тасымалдау кезінде оларды әуе кемесінің жолаушылардан 

оқшауланған бөліктерінде багажда оғы алынған жағдайда тасымалдауды қамтамасыз ететін ерекше 

сақтық шараларын енгізу;

      8) авиаотындармен қамтамасыз ету объектілерін күзету;

      9) әуежай аймағындағы пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің қызметін 

үйлестіру.

      Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі

ең жоғары ұшу салмағының 1 тоннасы болып табылады.

      6. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтулерді жүзеге 

асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда 

өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) тиіс жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар 

тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүк-жолаушылар 

тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын

беру жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін тариф (бұдан әрі - әуе кемесіне тұрақты орын ұсыну 

бойынша қызмет) әуе кемесінің тұрақта нақты болған әрбір сағаты үшін есептеледі.

      Әуе кемесіне тұрақты орын ұсыну бойынша қызмет өлшем бірлігі ең жоғары ұшу салмағының 

1 тонна-сағат болып табылады.

      Толық емес сағат бір сағат болып есептеледі. 

      7. Базалық әуеайлақтан әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызмет 

үшін тариф бір тәулікке белгіленеді. 

      Толық емес тәулік бір тәулік болып есептеледі.

      Базалық әуеайлақтан әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің 

өлшем бірлігі ең жоғары ұшу салмағының 1 тонна-тәулік болып табылады.

      Базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді 

ішкі рейстерді жүзеге асыру кезінде ұсынылатын қызметтерге және халықаралық рейстерді жүзеге

асыру кезінде ұсынылатын қызметтерге бөлу жағдайында, соңғысын үш сағаттан астам жүзеге 

асырған кезде ішкі тарифтерге белгіленген тариф қолданылады. 

      Бұл ретте ұшу күні халықаралық рейстер үшін қолданылатын тариф қолданылады.

      8. Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне арналған экономикалық 




жүктеу 145,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау