есептеу тетігінің негізгі қағидаттары:
1) көрсетілетін қызметтер сапасының мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде
белгілеген талаптарға сәйкестігі;
2) көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыпастырудың ашықтығы;
3) табиғи монополия субъектісінің жұмыс істеуі мен дамуы үшін жеткілікті
рентабельділік деңгейін және салынған қаражатты тарифпен қамтамасыз ету;
4) қызметтерге арналған тарифтерде пайданың жол берілетін деңгейін қолданыстағы
активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің негізінде нормалау;
5) қызметтерге арналған тарифтерді есептеу кезінде пайдаланылатын өндірістік және
қаржылық көрсеткіштердің шынайлығы болып табылады.
3-тарау. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік
шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың
көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді есептеу тетігі
4. Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық
қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып
өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен
қонуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметке (бұдан әрі - әуе кемесінің ұшуы мен қонуын
қамтамасыз ету жөніндегі қызмет) тариф мынадай операциялар бойынша шығындарды есептеуді
қамтиды:
1) ұшу-қону жолағын, рульдеу жолдарын, перрондарды ұсыну;
2) әуеайлақты ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
3) әуеайлақты жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
4) авариялық-құтқару және өртке қарсы қамтамасыз ету;
5) әуежай маңында ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;
6) әуе кемелерінің әуежайдан ұшуларының негізгі бағыттары бойынша аэронавигациялық
ақпарат пен аэронавигациялық жағдайдың жедел өзгерістерін ұсыну (әуежай атқаратын
жағдайларда);
7) келуіне диспетчерлік қызмет көрсету және әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету (
әуежай атқаратын жағдайларда);
8) радиотехникалық қамтамасыз ету (әуежай атқаратын жағдайларда);
9) метеорологиялық қамтамасыз ету (әуежай атқаратын жағдайларда);
10) Коммерциялық емес мақсатта Қазақстан Республикасының әуежайларына техникалық
қонуды жүзеге асыра отырып Қазақсан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуды
жүзеге асыратын авиатасымалдауларға қызмет көрсетуді қоспағанда, жолаушылық әуе кемесіне
қонғаннан кейін үш сағат және жүк пен жүкжолаушылық сертификаттаған әуе кемелеріне қону
әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе) түсіруге жататын жүк (почта) болу кезінде алты сағат
ішінде тұрақ орнын беру.
Әуе кемесінің ұшып көтерілу және қонуын қамтамасыз ету қызметінің өлшем бірлігі ең
жоғары ұшу массасының 1 тоннасы болып табылады.
5. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің тарифі Қазақстан
Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра
отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын
авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қызметіне (бұдан әрі - авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі), тарифтер мынадай
операциялар бойынша шығындардың есебін қамтиды:
1) жолаушыларды, қол жүгін, багажды, азаматтық авиация әуе кемелері экипаждарының
мүшелерін тексеру;
2) әуежайда өткізу және объектіішілік режимді қамтамасыз ету;
3) әуе кемесін, жүктерді, почта мен борт тамағын ұшу алдында тексеру;
4) әуежайдың заңсыз араласу актілерінің жолын кесу іс-қимылдарына күші мен
құралдарының дайындығын сақтау;
5) тұрақтардағы әуе кемелерін әуе кемесіне бөгде адамдардың кіру мүмкіндігін
болдырмайтын күзету;
6) әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынатын қару, оқ-дәрі, жарылғыш, радиоактивті,
уландырғыш, тез жанатын заттарды заңсыз алып жүруге жол бермеу;
7) қару мен оқ-дәріні тасымалдау кезінде оларды әуе кемесінің жолаушылардан
оқшауланған бөліктерінде багажда оғы алынған жағдайда тасымалдауды
қамтамасыз ететін ерекше
сақтық шараларын енгізу;
8) авиаотын объектілерін күзету;
9) әуежай аймағындағы пайдаланушылардың авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің қызметін
үйлестіру.
Әуе кемесінің ұшу және қонуын қамтамасыз ету қызметінің өлшем бірлігі ең жоғары ұшу
массасының 1 тоннасы болып табылады, алым мөлшерін айқындау кезінде әуе кемесінің ең жоғары
ұшу массасы тоннада бір бүтінге дейін дөңгелектеледі: 500 килограмм дейін – аз жағына қарай,
500 килограмм – және одан жоғары көп жағына қарай.
6. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтулерді жүзеге
асыратын авиатасымалдауларға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге
және/немесе түсіруге) тиіс жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе
кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк пен жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе
кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру жөніндегі
көрсетілетін қызмет үшін тариф (бұдан әрі – әуе кемесіне тұрақты орын ұсыну бойынша қызмет)
әуе кемесінің тұрақта нақты болған әрбір сағаты үшін есептеледі.
Әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі ең жоғары
ұшу массасының 1 тонна-сағаты болып табылады.
Толық емес сағат 1 сағат болып есептеледі.
7. Базалық әуеайлақтан әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызмет
үшін тариф бір тәулікке белгіленеді.
Толық емес тәулік бір тәулік болып есептеледі.
Базалық әуеайлақтан әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің
өлшем бірлігі ең жоғары ұшу салмағының 1 тонна-тәулігі болып табылады.
Базалық әуеайлақтан әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді
ішкі рейстерді жүзеге асыру кезінде ұсынылатын қызметтерге және халықаралық рейстерді жүзеге
асыру кезінде ұсынылатын қызметтерге бөлу жағдайында, соңғысын үш сағаттан астам жүзеге
асырған кезде ішкі тарифтерге белгіленген тариф қолданылады.
Бұл ретте ұшу күніне халықаралық рейстерге қатысты тарифтер қолданылады.
8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісінің
реттеліп көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне экономикалық негізделген тарифті есептеу;
1) қызмет бірлігіне тарифтің шығын бөлігінің есебінен;
2) қызмет бірлігіне тарифтің кіріс бөлігінің есебінен тұрады және мынадай формула
бойынша есептеледі:
Д = Тз+Р,
мұндағы:
Д - мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісінің
реттеліп көрсетілетін қызметінің (тауарының, жұмысының) бірлігіне тариф;
Тз - тарифтің шығын бөлігі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде
концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметінің (тауарының, жұмысының) бірлігіне
келетін нормативтік-нақты шығындар);
Р - тарифтің кіріс бөлігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде
концессия субъекетісінің (концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметінің (
тауарының, жұмысының) бірлігіне келетін пайданың рұқсат берілетін деңгейі).
4-тарау. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік
шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың
көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шығын бөлігін қалыптастыру
9. Мемлекеттік-жекешелік әріпестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісінің
тарифіне енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың
түрлерін шектеу және мемлекеттік-жекешелік әріпестік субъектісі, оның ішінде концессия
субъектісі шығыстарының деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады.
10. Шығын бөлігіне енгізілетін материалдық шығыстар өнімнің (қызметтердің, тауарлардың
, жұмыстардың) бірлігін шығаруға шикізат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрі -
материалдық ресурстар) шығысының техникалық және технологиялық нормаларына немесе (немесе)
материалдық ресурстардың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен тендерлік (конкурстық) сатып алудың нәтижесі бойынша белгіленген материалдық