Хирургиялық құралдар және құралдарды өңдеу және тазалау барысы.
Хирургиялық құралдар- операция жасағанда және жараны таңу кезінде, сонымен қатар диагностикалық зерттеулер жүргізу барысында жасалатын хирургиялық іс-әрекеттерде пайдаланылатын құралдар жиынтығы.
Хирургиялық құралдар екі түрге бөлінеді:
жалпы хирургиялық құралдар;
арнаулы мамандандырылған құралдар:
акушер-гинекологиялық
нейрохирургиялық
оториноларингологиялық
офтальмологиялық,
травматологиялық
ортопедиялық
урологиялық
Хирургиялық құралдарға жеке бір бөлшектен бастап, механикалық, электірлі және пневматикалық тәсілмен жүретін құралдар жатады(бірнеше мыңдаған атаулы хирургиялық құралдар).
Құралдардың жасалған материалдары және сипаты
Хирургиялық құралдар көбінде металдан: никельді немесе хромды құрыш , тотықпайтын хромды құрыш, жез және басқа қоспалардан жасалады.
Тоттануға беріктігімен, әрі жеңілдігімен ерекшеленетін титан және оның қоспаларынан, сонымен қатар пластмассадан жасалған құралдарды да пайдалану кең тараған.
Пайдалану мақсатына қарай кейбір құралдарды термиялық өңдеуден өткізіп шыңдайды(құралдар қатаяды және баяу мұқалады) және күйдіреді (құралдар жұмсақ және иілгіш келеді).
Берік және қатты болу үшін арматура салу арқылы материалды нығайтады.
Құралдар түсі негізі жалтыраған, жылтыр болып келеді. Операция кезінде мұндай құралдар шағылысып, іске кедергі жасамас үшін, кейбір құралдарды күңгірт етіп жасайды (титан қоспаларынан).
Хирургиялық құралдардың көпшілік бөлігі белгілі бір шұғыл іс-әркет жасауға (өкпе хирургиясы, жасанды өңеш жасау, жүрек-қантамырлар хирургиясы және т.б. үшін) немесе белгілі бір көлемде дәрігерлік көмек көрсетуге (үлкен операциялық жинақ, кіші операциялық жинақ және басқа) арналып жинақталады. Олар әсіресе далалық-әскери және жедел жасалатын хирургиялар үшін өте қолайлы.
Құралдарды тазалу және өңдеу
Құралдар пайдаланғаннан кейін дұрыс өңделіп, тазалануы қажет, оларда жабысқан қан құрамында микробтар, жұқпалы вирустар тіпті залалсыздандырғаннан кейін де сақталып қалуы мүмкін. Сондықтан оларды ұқыпты тазалаудың маңызы өте зор.
Құралдарды өңдеу және тазалау барысы:
алдымен 20-25°С тотықтар ингибиторына 60 минутқа батырып қояды;
уақыты өткен соң ағып тұрған сумен шаяды;
одан кейін 40-50°С 0,3 -0,5 проценттік жуғыш затқа салып жібітеді;
жібіген соң сол ерітіндіде ысқышпен жуады;
жуып болғаннан кейін 3-10 минут ағынды сумен, 0,5 минут дистилденген сумен шаяды;
соңында 85°С-та кептіреді.
Хирургиялық құралдар хирургиялық шкафтарда сақталады. Сақталу барысы әр құралдың нұсқауы бойынша қадағаланып, тиісінше күтіліп ұсталынуы тиіс.
2.Интроскопияға арналған приборлар мен аппараттар.
Интроскопия- объектінің ішкі құрылысын және онда жүріп жатқан құбылыстарды дыбыс толқынының түрлі диапозондағы электромагниттік сәулелердің, тұрақты және айнымалы электромагниттік өрістің, элементтер бөлшектердің ағыны көмегімен бұзбай зерттеу. Медициналық интроскопия- медициналық диагностиканың бір тарауы. Адам ағзасын инвазисті емес зерттеумен айналысады. Физикалық әдістердің көмегімен ішкі құрылымдардың бейнесін алу. Яғни оған дыбыс толқындары(ультрадыбыс), әр түрлі толқын ұзындығындағы электромагниттік сәуле шығарулар, тұрақты және айнымалы электромагниттік өріс, радиобелсенді изотоптар шығаратын элементар бөлшектер.
Достарыңызбен бөлісу: |