20
Сығымдалған табиғи газды пайдалану, артық жоғары қысымды
қоректендіру жүйесінде болатындықтан, белгілі бір қауіпсіздік
ережелерін сақтауды талап етеді . Ауамен қосылу кезінде шек-
ті жол берілген 15 % концентрациядан асып кеткен жағдайда,
ол жанады (2,5–15 метанның ауада жарылу қаупі бар концен-
трациясы), ауа мен қоспа көлемі бойынша тұтану шегіне жеткен
кезде жарылу қаупі туындайды .
Газдың сапасы: газды бір нәрсемен сұйылтудың мәні жоқ, ол газ
құбыры арқылы құю станциясына тікелей келіп түседі .
СТГ пайдалану үшін газбаллонды
жабдықтар
Көлік құралдарының мотор отыны ретінде сығымдалған табиғи
газды (СТГ) пайдалану үшін газбаллонды жабдықтар (бұдан
әрі – ГБЖ) –автомобиль көлік құралдарының жұмысын қамта-
масыз ететін баллондарды, баллондарды монтаждау жиын-
тықтарын, жалғайтын тұрба құбырларды, электр жабдықтары
мен электрондық қондырғыларды қоса алғанда, агрегаттар,
элементтер мен тораптар жиынтығы қолданылады . ГБЖ – бұл
қозғалтқышты газ тәрізді отынмен қоректендіретін жабдық .
Халықаралық мемлекеттік стандарт МЕМСТ 31972–2013 «Авто-
мобиль көлік құралдары . Газ баллонды жабдықтар орнату тәртібі
мен процедуралары» (2014 жылғы 1 қыркүйекте қолданысқа
енгізілді) ГБЖ жиынтығы деп оны автокөлікке орнату оның тиісті
түрдегі газ отынымен функционалдық жұмыс атқару қабілетін
қамтамасыз ететін ГБЖ-ның құрамы деп түсіну керек деп бел-
гілейді . Басқаша айтқанда, ГБЖ жиынтығы қозғалтқыш пен ав-
токөліктің тұтастай алғанда оны пайдаланудың түрлі режиміндегі
қауіпсіз, тұрақты, орнықты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс .
Сондықтан СТГ қолданылатын ГБЖ жиынтығының құрамына
міндетті тәртіппен мына жинақтауыштар енгізіледі:
1) СТГ үшін Газ (ды) баллон (дар);
21
2) Қажет болған жағдайда газ өтпейтін былғары қаптамамен
жабдықталатын баллонның қосалқы жабдықтары;
3) Қысым реттеуіш (сақтандырғыш қақпақшамен жабдықта-
луы мүмкін);
4) Буландырғыш (қысым реттеуішпен қатар қолданылуы мүмкін);
5) Құю блогы;
6) Газ араластырғыш;
7) Газ инжекторы;
8) Газ өлшеуіш;
9) Қысым дачигі;
10) Температура датчигі;
11) Электронды басқару блогы (ЭМК);
12) Газ фильтрі;
13) Отын түрін қайта қосатын жүйе және электр жүйесі;
14) Қосымша автоматты қақпақша (қысым реттегішпен бір то-
рапта орындалуы мүмкін);
15) Қатты тұрба құбырлары мен иілгіш тұрба құбырлар
(шлангтар);
16) Баллонның қосалқы жабдықтарына қол вентильі, ма-
нометр, сақтандырғыш қақпақша және сақтандырғыш
құрылғы, баллонның автоматты қақпақшалар (қашықтан-
реттейтін жұмыс қақпақшалар), шектеуші құрылғы жатады .
СТГ қойылатын жалпы техникалық талаптар:
1) Стандарт талаптары мен конструкторлық құжаттамаларға
сәйкес болуы;
2) СТГ қозғалтқышының 26 МПа до 0,5 МПа қысымдағы
тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
3) ГБЖ орташа ресурсы ол орнатылатын автокөліктің орташа
ресурсынан кем болмауы тиіс;
4) ГБЖ климаттық орындау ол орнатылатын автокөліктің кли-
маттық орындалуына сәйкес болуы тиіс;
22
5) температуралар диапазонында жұмыс істеу: баллондар
–45 тен бастап+65 дейінгі градус Цельсия, қозғалтқыш
бөлігіндегі құрылғы –45 тен бастап +120 дейінгі градус
Цельсия, автокөлік бортындағы қондырғы –45 тен бастап
+80 дейінгі градус Цельсия;
6) ГБЖ конструкциясы диагностикалау, реттеу және техника-
лық қызмет көрсету үшін оның жеке құрылғысына қосылу
мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
7) Қозғалтқыштың жұмысын отынның бір түрінен екінші түрі-
не ауыстырып қосу жүргізушінің жұмыс орнынан жүзеге
асырылуы және бақылануы тиіс, ауыстыру автоматты түр-
де ІЖҚ жұмысын бұзбай, бірқалыпты; газдизельді қозғал-
тқыштар үшін қоспа беру бір уақытта жасалады;
8) Қоректендіруді борттық жүйесі ажыратылған кезде және
ІЖҚ сөндірілген кезде (оталдыру құлпының орналасуынан
тәуелсіз) газдың берілуін басқаратын электромагнит-
ті қақпақшалар беруді автоматты түрде жабуы және осы
жағдайда қозғалтқыш іске қосылғанға дейін қалуы тиіс;
9) Жоғары қысым магистралына баллоннан кейін автокөлік
төбесіне магистралды электромагнитті қақпақша орна-
тылуы тиіс;
10) СТГ баллондары жоғары қысымды магистралға орна-
тылған автобустың төбесіне автоматтыға қосымша маги-
стральды қолмен бұралатын вентильдің бетіне қол жетімді
шекте қосымша керек жарақсыз орнатылуы тиіс;
11) Егер металл газ тұрба құбырлары пайдаланылатын болса,
онда олар тігіссіз болат немесе мыс тұрбалардан жасалуы
тиіс . Мыс тұрбалар үшін резеңке немесе пластмассадан
жасалған қорғаныш қабы болуы тиіс, болатқа (тот баспай-
тынды қоспағанда) қоршаған ортаның әсеріне төзімді жа-
бын салынады;
Автокөлік құралына ГБЖ, отынның дәстүрлі түрі пайдаланыла-
тын отын жүйесін СТГ қайта жабдықтау арқылы орнатылуы мүм-
кін . Мұндай жағдайда газ отын жүйесімен бірге негізгі бензин
отынының жүйесі сақталады, ал автокөлік био отынды болып
23
шығады . Дизель автокөлігін қайта жабдықтағаннан кейін әдетте
газ дизельді отын жүйесіне айналады, онда отын ретінде газ ди-
зельді қоспа пайдаланылады (бірақ, одан да күрделірек, қым-
бат бағалы толық газ отын жүйесіне айналдырып қайта жаб-
дықталуы мүмкін) . Био отындылық, газ толтыру үшін қажеттілік
туындаған және АГҚКС бару керек болған немесе газ толтыру
желісі дамымаған аймақта болған жағдайда дәстүрлі отынға
икемді ауысуға мүмкіндік береді .
Қазақстанда пайдаланылғанына 5–7 жыл болған негізінен еу-
ропалық немесе ресейлік модификацияланған (жақсартылған)
автокөліктер 4-буынды ГБЖ пайдалануға жарамды болып ке-
леді, ол қолданылатын құрамдауыштарының жиынтығы бой-
ынша мыс . 90-жылдары кең қолданылған 2-буынды ГБЖ са-
лыстырғанда элементтері мен тораптарының конструкциялық
және электрондық жетілдірілуімен анағұрлым айрықшаланады .
Сондықтан 4-буынды ГБЖ жинағында көбінесе функционалды
түрде жоғарыда көрсетілген міндетті тізбеден бір конструкци-
яда екі немесе одан да көп жинақтауыштар қоса атқарылатын
тораптар мен элементтер пайдаланылады . Сонымен, 5 дәре-
желі қорғануды қамтитын баллон вентильі – Solenoidvalve, PSV,
Temp . valve, overFlow, manual; қатар қолданылған реттеуіш-бу-
ландырғыштар (редукторлар); бензин/дизель отынынан газға
бір қалыпты ауыстыруды, температура мен қысым датчиктерінің
дабылы бойынша газ қоспасының құрамын түзетуді, газбен
және бензин/дизель отынымен АОҚ жұмыс уақытын есептеу-
ді, пайдалану кезінде және істен шыққан жағдайда датчиктерді
автоматты түрде тестілеуді, бұзылған датчикті ажыратуды, те-
стілеу нәтижесінен кейін әрбір газ форсункасын сапқа қосуды
қамтамасыз ететін 64-разряды бар процессорлары болатын
электронды басқару блоктары (бақылаушылар) (барлығын
дайындаушы-зауыт technical-report кепілдендірген); автокөлік
жұмысының түрлі режимінде тұтану бұрышын автоматты түр-
де анықтауға, автокөліктің жүру сапасын сақтауды және отын
шығынын азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін элек-
тронды түрлендіргіш және басқа заманауи жабдықтар пайдала-
нылады .
Достарыңызбен бөлісу: |