Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Журналистика және саясаттану факультеті
Баспасөз және баспа ісі кафедрасы
СӨЖ
Эссе
Журналистикалық қызмет пен бұқаралық ақпараттың салт пен жаңашылдығы
Электронды БАҚ аудиториясын зерттеу тәсілдері
Орындаған:Қабдұлкәкім Ақерке Сансызбайқызы
Қабылдаған:Шынар Бейсенбекқызы
Астана, 2022
Кез келген уақыт кеңістігіндегі қоғам ақпаратты үнемі қажет етіп отырды және ол қажеттілік жойылған емес. Тасқа қашау арқылы бастау алған қажеттілік қазіргі қоғамдағы маңызды тетік. Қандай да бір ақпаратты дер кезінде, шынайы әрі жедел жеткізу - журналистік қызметтің басты мақсаты. Журналистика- өмір айнасы. Оның біреуді өтірік қаралап та, мақтап та жазуға құқығы жоқ. Ол өткен кезеңдігі журналистикаға да, қазіргі кездегі журналистикаға да тікелей байланысты.
Белгілі бір мамандық уақыт ағымымен дамып отырады. Ол заңдылық. Жаңа технология мен тәжірибелер тұрақталып қалмайды. Дегенмен, мамандықтың түпкі мақсаты мен атқарылар жұмысы өзгермейді.
Журналистика мен бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды бөлігі - ақпарат. Хабарлаудың бәрінен бірдей хабардар бола бермейміз. Хабарлауда ақпараттың шыны ғана ақиқат. Журналистикада ақпараттан басқа құрал жоқ.
Журналистикалық қызмет - ол әлеуметтік қажеттілік. Ақпарат қоғамнан, қоғам ақпараттан қалыс қалған емес және қалмауы тиіс. Қазіргідей желі жоқ ғасыр бұрынғы. БАҚ қоғамнан қалыс қалмады. Себебі, хат-хабар алмасып, қайнаған тіршіліктегі ақпараттармен санаңды сусындау апталық газеттердің ұдайы шығып отыруына шын мәнінде тәуелді болды. Ал, қазір интернет желісі -жедел желі қызметін атқарады. Газетті апталап күтпейсің немесе жаңалықтардың кешкі тікелей эфирін тосып отырмайсың. Тек ақпараттың шынайы, шынайылыққа сүйене негізделген және ресми парақша атынан жариялануы маңызды. Намазалы Омашевтің : “Журналистика сені таңдайтын мамандық” сөзі бар. Отыз тістің арасынан әдемі сөз шығарғандардың бәрі журналист бола алмайды немесе қолына микрофон ұстап, эфирге шыққан тілшінің бәрі нағыз журналист атағына ие бола алмайды. Себебі, ол өте көп нәрсені талап етеді. Журналист - ең алдымен, сөйлеп емес жазып білуі шарт. Айтылмаған ой жазылады, жазылған ой сақталады. Эфирге ғана шығу сенің журналист екеніңе дәлел емес. Ол халықпен бір демде болады, керек десең өрт сөндіруші, қажеті тағы болса қолына қару ұстар шекарашы, сыншы, тілші әрі талғампаз публицист. “Әлеуметтік желі ақпаратты жедел жеткізу жағынан біршама озып тұр. Алайда, ол кәсіби журналистикамен бәсекелес бола алмайды. Бір блогер ойбайлатып-аттандатып берген материалдың ар жағын байыптап зерттесеңіз ақпарат мүлде басқа қырынан ашылуы әбден мүмкін. Біз қазір көп жағдайда қоғамның аузына дүмбілез, шала-шарпы ақпарат салып жатырмыз. Ресми БАҚ арқылы да, желі арқылы да тықпыштап сала береміз. Бұрын журналистер ақпаратты саралап-сараптап, зерттеп, тексеріп барып жазатын.” - деді, бір сөзінде Серік Әбікенұлы.
Кеңес дәуірінде қазақ БАҚ-ы мен журналистикасы қысымға ұшырады. Бірақ, шындық үшін, халықтың көзін ашу үшін өліммен тұспа-тұс келді. Қазіргі журналистика еркін. Олар өз ойларын ашық жеткізуге мүдделі. Мамандықтың ерекшелігі де қайсарлық пен шындыққа деген тік қараста сияқты.
Журналистика қоғамдық-саяси және ақпараттық қызықты саласы. Ең алдымен, ол әлеуметтік құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |