47
электр өткізгіштің штатты желісімен және корпустық бөлшек-
термен қатар салынады; электр блоктары мен сымдары қозғал-
тқышқа тимеуі тиіс; сымдардың бұраулары кабинаға немесе
салонға шығарылады;
4 .отын-су мөлшерлейтін құрылғылардың қосымша бақылау
аспаптарының орнатылуын, салонда, жүк бөлігінде және ко-
пот астындағы кеңістікте болатын газ ағынының жоқтығын
бақылайтын дачиктердің болуын, ІҚТ шығатын жердегі мано-
метр мен қысым датчигін және басқа датчиктерді тексеру; жүр-
гізушінің аспаптық тақтайшасындағы басқару органын (отын
түрін ажыратып қосқыш, газ мөлшерінің индикаторымен бірге
электронды блок және т . б .) тексеру;
4. Автокөліктің ІЖҚ жұмыс істеп тұрғанда тексеру
1 . газдың кемуі мен ІЖҚ бос жүріс режимінде редуктордың қы-
зуын, ЭМК кейінгі саңылаусыздықты (от алдырғыш пен ажы-
ратып қосқышты «газ» жағдайында қосуды), барлық компо-
ненттер жұмыс қысымына ұшырау үшін ашық жағдайдағы ЭМК
бақылау; ІЖҚ қосылған кезде орнатылған элементтер қозғал-
тқыш пен айналмалы бөліктерге тимеуі тиіс;
2 . ІЖҚ жұмысын түрлі режимде бақылау (қозғалтқышты қосқан-
да, төмен және жоғары айналымда, қозғалыс кезінде, ауыспа-
лы режим кезінде және т . б .);
3 . жүргізуші қозғалыс кезіндегі газдың жұмсалу мәнін, қозға-
лыс кезіндегі бензин шығынын, автокөлікті екпін алған кезде,
салқын ауарайы кезінде және т . б . басқаруды білуі тиіс, та-
былған ескертулер туралы автопарктың техникалық қызметіне
есепке алу және шара қолдану үшін хабарлау керек .
48
Газ баллонды автобус
жүргізушілеріне қойылатын
техникалық қауіпсіздік талаптары
1 . Газ баллонды автобустарды басқаруға арнайы дайындықтан
өткен және техникалық бағдарлама бойынша көлемі 40 с . ми-
нимум тапсырған жүргізушілер жіберіледі . Бағдарлама оқыты-
латындардың назарына газ баллонды автобустардың құрылы-
сы, еңбек және қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтер мен
деректерді жеткізуді көздейді .
2 . Жүргізуші мыналарды орындауға тиіс болады:
• линияға шығар алдында бұзылу мен газ шығып тұрған жер-
лерді табу, газ аппаратуралары мен баллондардың бекітпесін
тексеру мақсатында автобусты қарап шығуы;
• газдың шығып тұрғаны білінген жағдайда бас вентильді жабу
және автобусты адамдар үшін қауіпсіз жерге апаруы;
• жүріп келе жатқан кезде газдың иісі шықса автобусты тоқта-
туы, газ шығып тұрған жерді анықтауы, мүмкін болса бұзылған
жерді жөндеуі немесе болған жайды автопаркқа хабарлауы;
• арнайы алаңшада, қозғалтқыш тоқтап тұрған және борттың
электр торабы (салмақ) ажыратылған кезде газды босатуы;
үй-жайлар автобус тұрағына тікелей жақын жерлерде немесе
от көзіне жақын жерде және адамдар болатын жерде газды
шығаруға үзілді кесілді тыйым салынады;
• ұзақ тұрғаннан кейін СТГ қозғалтқышын іске қосуды капотты
ашып қойып жасауы;
• қыс кезінде газ аппаратурасын тек ыстық сумен, бумен ыстық
ауамен ғана жылытуы тиіс, ашық отты қолдануға болмайды;
• автобуста өрт шыққан жағдайда оталдырғышты сөндіруі, ма-
гистралды және баллон вентильдерді жабуы; өртті өрт сөн-
діргішпен, құммен немесе судың шашырандысымен сөндіруі;
49
өрт кезінде жарылысты болдырмау үшін, ондағы қысымының
көтерілуіне жол бермей, баллонды қарқынды түрде суық су-
мен салқындатуы .
3 . Жүргізуші мыналарға жол бермеуі тиіс:
• газ баллонының кезекті куәландыру мерзімі өтіп кеткен авто-
бусты пайдалануға;
• баллонға газ толтыру кезінде толтыру шлангысы немесе бал-
лонның жанында тұруға, құю вентиліне үңілуге, қысымда
тұрған толтыру шлангысын ағытуға;
• гайкалар мен қосылуларды немесе қысым астындағы қо-
сылуларды тартуға, метал заттармен аппаратура мен газ құ-
бырын тоқпақтауға;
• қандай да бір ағымдық жөндеуді немесе қоректендірудің газ
жүйесін реттеуді АГҚКС аумағында жасауға;*
* Егер газ толтырылғаннан кейін қозғалтқышты іске қосқан кезде
АГҚКС аймағында «тарсылдаған дыбыс» байқалса, қозғалтқышты
дереу тоқтату, ал автобусты станцияда бар құралдың көмегімен құю
бағанынан 15 м жерге сүйреп әкету қажет.
• өз бетімен сығымдалған ауа немесе газдың қандай да бір
көзімен қоректендірудің газ жүйесін сынақтауға (К-277,
К-278, АКС-8М және т . б . қондырғылар) .
4 . Мыналарға тыйым салынады:
• бұзылған газ аппаратураларын газ баллондарымен бірге
ашық тұрақтарға қоюға;
• көлік құралын пайдалануға жауапты адамның рұқсатынсыз
автобус баллондарының орнын ауыстыруға немесе айыр-
бастауға;
• баллон мен газ жүйесіндегі вентильдері ашық автобусты ұзақ
уақыттық тұрақта қалдыруға;
• жүргізушінің кабинасында жарылу қаупі бар немесе жеңіл
тұтанатын жүктерді тасымалдауға .
5 . Автобус өрт сөндіргішпен және кигізбен жабдықталуы тиіс .
50
YUTONG автобусындағы газ
жүйесінің құрамы
Жүйенің құрамы (сызбаны қараңыз)
1 . Газ баллондар тобы
2 . Артық тоқтан сақтайтын кешенді қорғаныш қақпақшасы
3 . Манометр
4 . Босату қақпақшасы
5 . Жоғары қысымды шарлы қақпақша
6 . Жоғары қысымды фильтр
7 . Қысым датчигі
8 . Жоғары қысымды электромагнитті қақпақша
9 . Қоректендіру қондырғысы
10 . Жоғары қысымды электр қақпақшасы
11 . 1-сыныпты редуктор
12 . Төмен қысымды датчик
13 . Төмен қысымды фильтр
14 . СТГ қозғалтқышы
15 . Салқындататын дүрбі тұрба
16 . Бірінші сыныпты декомпрессор
17 . Құюды басқару панелі
18 . Газдық кері қақпақша
Достарыңызбен бөлісу: |