Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


§ 3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi 691-бап



жүктеу 16,95 Mb.
бет93/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
§ 3. Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
691-бап. Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеу

1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiнде 3 пайыз мөлшерiндегi мөлшерлемені қолдану арқылы дербес жүргiзедi.

2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған ең төмен жалақының, дара кәсiпкерлерде кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемiнде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасы қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санын негiзге ала отырып, әрбiр қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерiндегi сомаға азайтылу жағына қарай түзетiлуге жатады.

3. Осы Кодекстің ___-бабының __ және __-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады. Оңайлатылған декларация негiзiнде салықтарды есептеу есепті салық кезеңі үшін 3 пайыз көлемінде мөлшерлемемен салық салу объектісіне қолдану арқылы дара кәсіпкермен өз бетінше жүргізілед.


692-бап. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу мерзімдері

1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірілмей табыс етіледі.

2. Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-і күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.

Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге жатады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең болады.
693-бап. Жекелеген салық түрлері мен әлеуметтік төлемдерді төлеу

Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының сомасын төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудары жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүргізіледі.


§ 4. Белгіленген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимі
694-бап. Салық салу объектісі

1. Белгіленген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі осы Кодекстің __ бабында көзделген түзетулерді есепке алғандағы кіріс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалатын салық салынатын кіріс болып табылады.

2. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің кірісі осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңі ішінде алуға жататын (алынған) кірістерінен тұрады.

3. Осы бөлімнің мақсатында кіріс ретінде мыналар:

1) жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің құны;

2) акционер алатын (алған), соның ішінде заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал төмендеген кезде мүлікті бөлгенде бұрын енгізілгеннің орнына алынатын (алынған) пропорционалды түрде мүлікті бөлу жүргізілетін акциялар санына келетін төленген жарғылық капитал көлеміндегі мүліктің құны

3) қатысушы, құрылтайшы алатын, соның ішінде заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал төмендеген кезде мүлікті бөлгенде, сондай-ақ қатысушыға, құрылтайшыға заңды тұлғадағы қатысу үлесін немесе оның бөлігін қайтару кезінде бұрын енгізілгеннің орнына алынатын (алынған) пропорционалды түрде мүлікті бөлу жүргізілетін қатысу үлесіне келетін төленген жарғылық капитал көлемінде, бірақ оны сатып алуға және (немесе пайдасына мүлікті бөлу жүргізілетін қатысушы жүргізген жарғылық капиталға салымға төлемдерті төлеу сомасынан аспайтын мүліктің құны

4) эмитент өзі шығарған акциялардан алған мүліктің құны;

5) мүлікті беретін салық төлеуші үшін – ақысыз негізде берілген мүліктің құны;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімақылар мен айыппұлдар сомасы;

7) жарнамалық мақсатта сатып алынған (соның ішінде сыйға беру) тауардың құны, егер осындай тауардың бір бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күнінде қолданыстағы 5 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса,

6) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық міндеттемелерінің көлемін төмендету сомасы;

7) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, басқа тұлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және (немесе) міндеттемелердің құнын өзгертуге байланысты туындайтын табыс;

8) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес активтерді қайта бағалауға арналған резервтерді азайту есебінен бөлінбеген пайданы арттыру;

9) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс;

10) мемлекет атынан алушы үшін – жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны және (немесе) ақшалай мәні;

11) мүліктің, соның ішінде осы Кодекстің 100-бабының 11-тармағына сәйкес алынған жұмыстар, қызметтер құны;

12) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

13) міндеттемелерді есептен шығарудан кіріс;

14) күмәнді міндеттемелер бойынша кіріс қарастырылмайды.


695-бап. Кірістер

1. Осы параграфтың мақсаттары үшін салық төлеушінің барлық кірістерінің түрлері:

1) өткізуден түсетін табыс;

2) құн өсімінен түсетін табыс;

3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;

4) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

5) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

6) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;

7) дивидендтер (заңды тұлғалар үшін);

8) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;

9) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;

10) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;

11) осы тармақтың 1) – 10) тармақшаларында көрсетілмеген басқа да табыстар енгізіледі.

2. Егер табыстардың бірнеше баптарында сол бір табыстар көрсетілуі мүмкін болса, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.

Табысты қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тану табысты осы Кодекске сәйкес анықтау және тану тәртібінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бір рет есепке алынады.

3. Салық төлеушінің осы Кодекстің __ және ___-баптарына сәйкес табыстарын түзетуге құқығы бар. Бұл ретте жылдық жиынтық табыс осы Кодекстің __ және ___-баптарына сәйкес түзетулерді ескере отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген соманы анықтау оссы Кодекстің __ бөлімінде белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
696-бап. Шегерімге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібі

1. Осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезiнде шегерiмге жатады.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

3. Егер осы Кодекстің __ бабында өзгеше белгіленбесе, шегерiмдердi салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi.

Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргiзiлген салық кезеңiнде шегерiмге жатады.

4. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердiң шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерiмге жатады.


697-бап. Қосымша белгіленген шегерім

Белгіленген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші салық салынатын кірісті айқындаған кезде шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасына осы Кодекстің ___ бабында көзделген түзетулерді есепке ала отырып айқындалған кіріс сомасынан 30 пайызға тең белгіленген шегерім сомасын қосуға құқылы.

Бұл ретте осы баптың бірінші бөлігінің ережелерін қолданған жағдайда, белгіленгендерді қосқанда, шегерімге жатқызылған шығыстардың жалпы сомасы осы Кодекстің ___ бабында көзделген түзетулерді есепке ала отырып жиынтық жылдық табыстан 70 пайызынан аспауы тиіс.
698-бап. Салық салынатын табысты азайту

1. Салық төлеуші салық салынатын кірісті осы Кодекстің ___бабының ___тармағына сәйкес салық салынатын кірісті айқындаған кезде шегерімге жатқызуға жататын жұмыскердің кіріс бойынша жұмыс берушінің есепті салық кезеңінде есептелген шығыстарының бір реттік мөлшеріне төмендетуге құқығы бар.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген төмендетуді салық төлеушінің жұмыскерлерінің орташа айлық жалақысы есепті салық кезеңінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын 4 еселік ең төменгі еңбекақы мөлшерінен асатын жағдайда шағын бизнес субъектілеріне арналған осы Кодекстің ___бабының 6-тармағында белгіленген салық салудың ерекше тәртібін (ерекшелігін) қолданатын салық салушы жүргізеді.
699-бап. Корпоративтік табыс салығы сомасын есептеу

1. Таза табысқа салынатын корпоративтiк табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығын қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн мынадай тәртiппен есептеледi:

осы Кодекстiң ___-бабының 1 немесе 2-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң ___-бабында көзделген табыстар мен шығыстар, сондай-ақ осы Кодекстiң ___-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табыстың көбейтiндiсi,

алу


корпоративтiк табыс салығының осы Кодекстiң ___-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,

алу


салық кезеңiнде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы,

алу


сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салық кезеңдерiнен ауыстырылған сомасы,

алу


салық кезеңiнде сыйақы, дивидендтер түріндегі табыстан төлем көзiнен ұсталған корпоративтiк табыс салығының осы баптың 2-тармағына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын сомасы.

79-ТАРАУ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІН ӨНДІРУШІЛЕРГА АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ
700-бап. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілеріне салық салу ерекшеліктері

1. Осы тараудың мақсаттары үшін мынадай ауыл шаруашылығы өнімдерін (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты үшін – ауыл шаруашылығы өнімдері):

1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін;

2) мал шаруашылығы өнімдерін;

3) құс шаруашылығы өнімдерін;

4) ара шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға, шару немесе фермер қожалықтары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер деп танылады.

2. Осы Кодексте белгіленген, оларды қолдану шарттарына сәйкес келген кезде осындай салық режимдерін қолданысы қолданылатын қызметтері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, ауыл шаруашылығы коперативтері салық салудың мына режимдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы коперативтеріне арналған арнаулы салық режимі (бұдан әрі – арнаулы салық режимі);

2) оңайлатылған декларация негізінде немесе белгіленген шегерімдерді пайдалана отырып шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық ржимі;

3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.

3. Осы Кодекстің 703-бабы 3-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын шаруа немесе фермер қошалықтары осы баптың 2-тармағында көрсетілген салық режимдерінің бірін немесе осы Кодекстің 703-бабында белгіленген оны қолданудың қалған талаптарына сәйкес келген кезде шаруа немесе фермер қошалықтарына арналған арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.

4. Осы баптың 2-армағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген арнаулы салық режимін таңдау кезінде салық төлеуші мұндай салық режимін оны қолдану шарттарына сәйкес келген жағдайда осы Кодекстің 683-бабының5 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кем дегенде күнтізбелік бір жыл мерзімде қолданады. .

5. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы коперативтеріне, шаруа немесе фермер қошалықтарына арналған арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер өздері бекіткен салықтық есепке алу саласының ережелеріне сәйкес осындай салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда мүліктердің кірістері мен шығыстарының есебін бөлек жүргізуге міндетті.

6. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге және ауылшаруашылығы коперативтеріне, шаруа немесе фермер қошалықтарына арналған арнаулы салық режимдерін шетелдік заңды тұлғалар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қолдануға құқығы жоқ.


§ 1. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі

701-бап. Жалпы ережелер

1. Арнаулы салық режимі, төлем көзінен ұсталатын салықтарды, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, мүлік салығын, көлік құралы салығын қоспағанда корпоративтік табыс салығын немесе жеке табыс салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

2. Арнаулы салық режимі:

1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің (акцизделетінді қоспағанда), акваөсіру (балық шаруашылығы) өнімдерін өндіру, көрсетілген өнімдерді қайта өңдеу және өткізу бойынша жеке меншік өндірісі қызметіне;

2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің:

1) акцизделетін өнімді қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өткізу;

2) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді дайындау, сақтау және өткізу;

3) өзі өндірген және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін және осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді сақтау;

4) осындай кооперативтің мүшелері үшін (олар осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында) жұмыстарды орындау (көрсету) мемлекеттік және бюджеттің жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша қосалқыларды қоса алғанда;

5) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша тауарларды осындай кооперативтің мүшелеріне (олар осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында) өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің осы тармақшада көзделген тауарларды өткізуі, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалануға, сенімгерлік басқаруға, жалға беруі мемлекеттік кірістер органдарына корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде ұсынылатын тізбеде көрсетіледі.

3. Жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, салық төлеушіге арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.

Осы тармақтың талабы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және омарта шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
702-бап. Салық кезеңі

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауылшаруашылығы коперативтері не арналған арнаулы салық режимін қолдану үшін салық кезеңi күнтізбелік жыл болып табылады.


703-бап. Жекелеген салық түрлерін есептеу ерекшелігі

1. Аталған арнаулы салық режимін қолданатын мауылшаруашылығы өнімін өндіретін ауылшаруашылығы кооперативтері бюджетке төлеуге жататын мынадай сылақтардың сомасын:

1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан түскен табыс бойынша корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын салықтардан басқа) сомасын;

2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асырумен байланысты салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салық сомасын;

3) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша мүлікке салық, көлік құралдарына салық сомасын 70 пайызға төмендетуге құқылы.

2. Осы бапта көзделген корпоративтік табыс салығының сомасын азайту сондай-ақ:

1) осы Кодекстің ___-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде;

2) осы Кодекстің ___-бабының __-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғаларға берілген, бюджеттік субсидиялар түрінде алынған табыстарға қолданылады.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтарды есептеу осы арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүргізеді.
704-бап. Салықтық есептілікті төлеу және тапсыру мерзімдері

Осы Кодекстің 701-бабының 1-тармағында көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу және олар бойынша салықтық есептілікті тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүргізіледі.



§ 2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі
705-бап. Жалпы ережелер

1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану (жерді қайта пайдалану құқығын қоса) құқығында жер учаскесі бар шаруа немесе фермер қожалықтары қолдануға құқылы.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдану мақсатында жеке меншік және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы мыналар үшін:

1-аумақтық аймағы - 5 000 га;

2-аумақтық аймағы – 3 500 га;

3-аумақтық аймағы - 1 500 га;

4-аумақтық аймағы - 500 га болып белгіленген жер учаскесінің шекті алаңынан аспайды.

Осы тармақшаның мақсаты үшін мынадай жер учаскелерін аймақтарға бөлу қолданылады:

1-аумақтық аймақ: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының, Алматы қаласының топырақ-климаттық аймақтарындағы шөлді, жартылай шөлді және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлерінде орналасқан жайылымдар;

2-аумақтық аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қ. жерлері;

3-аумақтық аймақ: бірінші аумақтық аймақтың жерлерiн қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғандағы Атырау, Маңғыстау облыстарының жерлері;

4-аумақтық аймақ: бірінші аумақтық аймақтың жерлерін қоспағанда, суармалы жерлерін қоса алғандағы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қ. жерлері.

Шаруа немесе фермер қожалықтарында әртүрлі аумақтық аймақтардағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері болған жағдайда, осы тармақтың мақсаты үшін мұндай учаскелердің жиынтық алаңы осындай аумақтық аймақтарға арналып белгіленген жер учаскесінің неғұрлым шекті алаңынан аспауға тиіс.

Бұл ретте, әрбір аумақтық аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңы, мұндай аймақ үшін осы тармақта белгіленген жер учаскесінің шекті алаңының мөлшерінен аспауға тиіс.



  1. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджеттен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және шаруа немесе фермер қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және өткізу, акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, осындай қайта өңдеу өнімдерін өткізу қызметіне қолданылады.



706-бап. Салық салу объектісі

1. Салық төлеуші үшін шаруа немесе фермер қожалықтарға арналған арнаулы салық режимі қолданылатын салықтық кезеңде акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін, өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін қайта өңдеу өнімдерін өткізуден алған табыс салық салу объектісі болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріс Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде (осы баптың 6-тармағына сәйкес жүргізілетін түсетулерді есепке алғанда) алынған (алынуға жататын) кірістерден тұрады.

3. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін айқындалатын кіріс сонымен қатар мыналарды қамтиды:

1) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;

2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметте пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс (қайырымдылық көмекті қоспағанда).

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістердің мөлшері шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолдану кезінде осы Кодекстің ___ (85-98) баптарына және осы баптың 5-8 тармақтарына сәйкес айқындалады.

4. Осы Кодекстің 703-бабының 3-тармағына сәйкес қызмет түрлерінен кірістерді алған кезде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылмайтын салық төлеушілер тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және осы Кодексте белгіленген оларды қолдану шарттарына сәйкес салық салу режимдерінің бірінде олар бойынша:

1) осы Кодексте белгіленген, оларды қолдану шарттарына сәйкес болған кезде – шағын бизнес субъектілер үшін арнаулы салық режимінде салықтық есептілікті тапсыруды жүргізеді.

Бұл ретте осындай режимдер үшін шекті табыс мөлшері бойынша шектеулерді қолдану мақсаты үшін табыс мөлшері шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолданатын қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табысқа қосылмайды;

2) жалпы белгіленген тәртіпте салықтық есептілікті тапсыруды жүргізеді.

5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде салық салу мақсатында:

1) өтеусіз берілген мүлікті беруші салық төлеуші үшін – осындай берілген мүліктің құны;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын активтерді өткізу қарастырылмайды.

6. Осы тараудың мақсаты үшін бұрын танылған табыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін азайту түзету деп танылады.

Осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстар:

1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;

2) мәміле шарттары өзгертілген;

3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін өтемақылар бағалары өзгерген;

4) баға шегерістері, сату шегерістері;

5) шарт талаптарын негізге ала отырып, сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;

6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соқпаған қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.

Осы тармақшада көзделген табысты түзету:

1) салық төлеуші – дебитор таратылған кезде оны тарату теңгерімін бекіту күніне салық төлеуші – кредитор талап қоймаған;

2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.

Осы тармақшада көзделген түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.

Табыстарды түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салық кезеңінде жүргізіледі.

Осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде азайту жағына қарай түзетуді жүзеге асыру үшін табыс болмаған немесе оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда түзету бұрын табыс түзетуге жатады деп танылған салық кезеңінде жүргізіледі.

7. Егер бір ғана табыс табыстардың бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін жағдайда көрсетілген табыстар табысқа бір рет қосылады.

Салық салу мақсаты үшін табысты тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау