666-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден дивидендтер, сыйақылар және (немесе)роялти түрінде алған табыстарын салық салудан босатуға немесе оларға төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбі
1. Дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезидентке табыс төлеу кезінде немесе шегерімге сыйақылар және (немесе) роялти түрінде бейрезиденттің төленбеген табыстарын жатқызу кезінде, салық агенті тиісті халықаралық шартта көзделген салық салудан босатуды немесе төмендетілген салық мөлшерлемелерін дербес қолдануға мынадай жағдайларда:
1) бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушы (иесі) болып табылатын болса;
2) салық агентіне осы Кодекстің 654 (212)-бабы 4-тармағында белгіленген мерзімде бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат ұсынылса құқылы.
2. Түпкілікті (нақты) табысты алушыға (иеленушіге) табысты беру делдал арқылы жүзеге асырылған кезде салық агентінің бір мезгілде мынадай:
1) шартта (келісімшартта) делдал арқылы түпкілікті (нақты) сыйақы алушы (иеленуші) болып табылатын әрбір тұлға бойынша осындай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауын; бар болған жағдайда инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын); инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелу нөмірін (немесе оның аналогын)) көрсете отырып, сыйақы сомасы көрсетілген;
2) салық агентіне осы Кодекстің 654-бабы 4 –тармағында белгіленген мерзімде сыйақы алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың резиденттігін растайтын құжат ұсынылған талаптар сақталған кезде осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен жасасқан тиісті халықаралық шартта көзделген, табыс салығынан босатуға немесе оның төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
3. Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына төртінші тоқсан үшін салықтық есептілік ұсыну үшін белгіленген күннен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмей бейрезиденттүпкілікті (нақты) табыс алушының (иегер) резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
4. Салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің ??? (194)-бабында белгіленген тәртіпте төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің ??? (195)-бабында белгіленген мерзімде аударылуға жатады.
5. Бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) табысының төлем көзінен ұсталған табыс салығын бюджетке салық агенті аударған жағдайда, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидентке қайтаруға құқығы бар.
Бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) табысының төлем көзінен ұсталған табыс салығын бюджетке салық агенті аударған жағдайда, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидентке қайтаруға құқығы бар. Артық ұсталған табыс салығын бейрезидентке қайтаруды салық агенті ж.ргізеді.
Бұл ретте түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) бейрезидент салық агентіне:
1) делдалмен жасасқан, мұндай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауын, болған кезде инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірін (немесе оған ұқсасты), инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оған ұқсасты) көрсете отырып, мұндай бейрезиденттің сыйақы сомасы көрсетілген шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесін;
2) мұндай бейрезидентке кіріс сыйақы түрінде есепке жазылған кезеңдегі оның резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің ??? (46)-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес бейрезидентке ұсталған табыс салығын қайтарған жағдайда салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының (иеленушінің) сыйақы түрінде табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық мөлшерлемесін немесе салық салудан босату қолданылған кездегі азайтылған сомаға төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеуді табыс етуге құқылы.
Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
667-бап. Бейрезиденттiң депозитарлық қолхаттарының базалық активі болып табылатын акциялары бойынша дивидендтер түріндегі табыстарын салық салудан ішінара босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi
1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстарды бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде бір мезгілде мынадай талаптар орындалған:
1) мыналарды:
базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті шығарған акциялар болатын депозитарлық қолхаттардың меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалардың тегін, атын, әкесінің атын (олар бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауын;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпаратты;
жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелерін немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін қамтитын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімінің болуы.
Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін мына тұлғалар:
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін ұйым; немесе
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін өзге ұйым жасайды;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті (нақты) дивидендтер алушы (иеленуші) болып табылатын адамдардың резиденттігін растайтын құжаттың болуы кезінде салық агентінің осындай түпкілікті (нақты) табыс алушы (иеленуші) резиденті болып табылатын мемлекетпен тиісті халықаралық шартта көзделген, табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Бұл ретте резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 654-бабы 4-тармағында белгіленген мерзімде кешіктірілмей салық агентіне табыс етіледі.
2. Салық агенті халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес есептелген (төленген) және ұсталған, салық ұстаудан босатылған табыстар сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін және халықаралық шарттардың атауын салық органына табыс етілетін салық есептілігінде көрсетуге міндетті.
Бұл ретте салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына бейрезидент салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті. Мұндай көшірме төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей ұсынылады.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде бейрезидентке табыстар төлеу кезінде салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударылуға жатады.
4. Салық агенті бейрезиденттің табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидент түпкілікті (нақты) табыс алушының халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға құқығы бар.
Бұл ретте бейрезидент салық агентіне:
1) базалық активі эмитент резиденттің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) мұндай бейрезидентке кіріс дивидендтер түрінде есепке жазылған кезеңдегі оның резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзім белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Бұл ретте бейрезидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
5. Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі бейрезиденттің табыстарынан табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салық кезеңіне төмендетілген салық мөлшерлемесі қолданылған кездегі табыс салығының азаю сомасына төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есептеуді табыс етуге құқылы.
Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
668-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін табыстар бойынша салық агентінің салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын табыс салығын қайтару тәртібі
1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыстар резидентке – табысты түпкілікті (іс жүзінде) алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төленген кезде бір мезгілде мынадай талаптар орындалған:
1) мыналар:
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе заңды тұлғалардың атауы;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпарат;
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы және деректемелері немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелу нөмірі мен күні қамтылатын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімі немесе депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжат болған;
депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаты болған кезде салық агентінің мұндай кірістерге осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен төлем көзінен табыс салығын салмауға немесе резидент жеке тұлғаның кірістеріне осы Кодекстің 158-бабы 2-тармағында көзделген табыс салығының мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат салық агентіне осы Кодекстің 212-бабы 3-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей ұсынылады.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін, егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың эмитент резиденті мен осындай ұйым арасында жасалған болса, Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленген ұйым жасайды.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстау қызметтерін көрсететін мынадай тұлғалардың бірі:
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленген ұйым;
клиенттердің қаржы құралдары мен ақшасын есепке алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер алу арқылы клиенттердің құжаттық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша қызмет көрсететін, сондай-ақ осындай ұстаушылардың бағалы қағаздары бойынша құқықтарды есепке алу мен растауды және бағалы қағаздарымен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын өзге де ұйым береді.
2. Салық агенті салық органына ұсынылатын салықтық есептілікте есепке жазылған (төленген) кірістердің және осы Кодекске сәйкес ұсталған, ұстаудан босатылған салықтардың сомасын, табыс салығының мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.
3. Салық агенті осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен резидентке депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді бейрезидент - депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстауға міндетті.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде аударылуға тиіс.
4. Салық агенті резидент түпкілікті (нақты) табыс алушының табыстарынан ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, мұндай резидент осы Кодекске сәйкес төленген төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқылы.
Бұл ретте резидент өзі дивидендтер түрінде табыс алған кезең үшін салық агентіне:
1) депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;
2) Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаттың;
3) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде табыс алынғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге міндетті.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды резидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аударған күннен бастап осы Кодекстің 46-бабында белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін табыс етеді.
Бұл ретте резидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
5. Салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі резиденттің табыстарынан табыс салығы ұсталған және аударылған салық кезеңі үшін резиденттер үшін көзделген салық мөлшерлемесі қолданылған немесе салық салудан босатылған кездегі азайту сомасында төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисап тапсыруға құқылы.
Аталған жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
669-бап. Халықаралық шартты тұрақты мекеме арқылы бейрезиденттiң халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түскен табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі
1. Егер бейрезидент табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстарға салық салудан босату бөлігінде оның халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.
Халықаралық шартты салық салудан босату бөлігінде қолдануға бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын құжаты болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Салық төлеуші резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.
2. Бейрезидент корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда салық сомасын, мөлшерлемені және соның негізінде мұндай мөлшерлеме қолданылған халықаралық шарттың атауын көрсетуге міндетті.
3. Халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетумен байланысты шығыстардың сомасы тікелей немесе пропорционалды әдіспен айқындалады.
Таңдап алынған әдіс жыл сайын пайдаланылады және салық төлеуші орналасқан жердегі салық органына қатысты жоғары тұрған орган болып табылатын салық органының (уәкілетті органды қоспағанда) келісімі бойынша ғана, есепті салық кезеңі басталғанға дейін өзгертілуі мүмкін.
Бір салық кезеңі ішінде шығыстарды анықтаудың біреуден көп әдіс қолданыла алмайды.
4. Шығыстарды анықтаудың тікелей әдісін қолдану кезінде бейрезидент халықаралық тасымалдау бойынша қызмет көрсетумен байланысты шығыстарды және басқа да шығыстарды бөлек есепке алуды жүргізеді.
5. Пропорционалды әдісті қолдану кезінде шығыстар сомасы салықтық кезең үшін Қазаұстан Республикасында қызметті жүзеге асырумен байланысты бейрезиденттің шығыстарының үлесі мен жалпы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Үлес халықаралық тасымал жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар сомасының Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың жалпы сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.
6. Корпоративті табыс салығы бойынша декларация тапсырған күнге резиденттікті растайтын құжат болмаған кезде бейрезидент халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы емес.
Бұл ретте корпоративті табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу кезінде бейрезидент осы Кодекстің ?? (46)-бабында көзделген талап қою мерзімі аяқталғанға дейін егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, салық органына корпоративті табыс салығы бойынша қосымша декларация мен резиденттікті растайтын басқа құжатты табыс еткен жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.
670-бап. Халықаралық шартты бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысқа салық салудан ішінара босатуға қатысты қолдану тәртібі
1. Егер бейрезидент халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болса және осындай халықаралық шартта бейрезиденттің таза табысына салық салудың осы Кодекстің ??? 199-бабында белгіленген тәртіптен өзгеше тәртібі көзделген болса, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы таза табысына оның тиісті халықаралық шартта көзделген төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Төмендетілген салық мөлшерлемесі бейрезидентте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету күніне резиденттігін растайтын құжаты болған кезде қолданылады.
Бейрезидент резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.
2. Корпоративті табыс салығы бойнша декларацияны табыс еткен күнге резиденттікті растайтын құжат болмаған кезде бейрезидент халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы жоқ.
Бұл ретте корпоративті табыс салығын бюджетке есептеу және төлеу кезінде бейрезидент осы Кодекстің ?? (46)-бабында көзделген талап қою мерзімі аяқталғанға дейін егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, салық органына корпоративті табыс салығы бойынша қосымша декларация мен резиденттікті растайтн басқа құжатты табыс еткен жағдайда халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.
671-бап. Халықаралық шартты салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан бейрезидент жеке тұлғаның алған табыстарына салық салудан босатуға қатысты қолдану тәртібі
1. Егер бейрезидент жеке тұлға табысты түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан елдің резиденті болып табылса, бейрезидент жеке тұлға халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын адамдардан алынған табыстарға салық салудан босатуды қолдануға құқығы бар.
Салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарт бейрезидентте жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынған күнге резиденттікті растайтын құжат болмаған кезде қолданылады.
Бейрезидент салық төлеуші резиденттікті растайтын құжатты жеке табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына табыс етеді.
2. Бейрезидент жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету кезінде резиденттігін растайтын құжаты болмаған кезде осы Кодекстің ???? 204-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке табыс салығын төлеуді жүргізуге міндетті.
Бұл ретте тиісті бейрезидент жеке тұлға осы Кодекстің ??? (217)-бабында белгіленген тәртіпте төленген табыс салығын бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.
672-бап. Бейрезиденттің халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен қайтаруға өтініш беру тәртібі
1. Халықаралық шарттың ережелерін қолданған кезде бейрезидент осы -бапта және осы Кодекстің ???, ??? баптарында белгіленген тәртіпте табыс салығын қайтаруға мынадай жағдайларда:
1) салық агенті осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бюджетке Қазақстан Республикасында көздерден алынған бейрезиденттің табыстарынан табыс салығын ұстаған және аударған;
2) бейрезиденттің халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкелмейтін филиалы, өкілдігі арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан табыстарынан табыс салығын есептеу және төлеу жағдайында;
3) бейрезиденттің Қазақстан Республикасында көздерден алынған табыстарынан осы Кодекстің ережелеріне сәйкес табыс салығын төлеуі жағдайында құқылы.
Бұл ретте бейрезидент салық органына төленген табыс салығын бюджеттен қайтаруға осы баптың 3 және 4-тармақтарында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып өтінішті (бұдан әрі - осы -баптың және осы Кодекстің 662 (218) және 663-баптарының мақсатында) ұсынуға міндетті.
2. Өтінішті бейрезидент уәкілетті орган бекіткен нысанда салық агенті орналасқан жердегі (тұрғылықты жеріндегі, келген жеріндегі) салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына екі данада тапсырады.
Егер салық агенті орналасқан жері бойынша (тұрғылықты жері, келген жері) тікелей уәкілетті органға бағынысты болатын салық органында тіркелген жағдайда, өтініш осы салық органына тапсырылады.
Өтінішті салық органына тапсыру күні салық органының өтінішті алған күні болып табылады.
3. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге немесе басқа да мақсаттарға келісімшарттар (шарттар, келісімдер) көшірмелері;
2) резиденттікті растайтын құжат;
3) алынған табыстар мен ұсталған немесе төленген салықтардың сомасын растайтын бухгалтерлік немесе басқа да құжаттардың көшірмелері;
4) бейрезидент Қазақстан Республикасының аумағында осы мақсаттар үшін жалдаған жұмыскерлер немесе басқа да персоналдар арқылы жұмыстарды орындаған және қызмет көрсеткен осындай жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімін растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) қосымша өтінішті заңды тұлға берген жағдайда:
құрылтай құжаттардың нотариалды куәландырылған, немесе
не құрылтайшыларды (қатысушыларды) және бейрезидент заңды тұлғаның мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжаттан) үзінді көшірмелерді табыс етеді.
Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда, мұндай бейрезидент салық агентіне:
бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған шет мемлекет құжатын (актісін) табыс етеді -Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда.
қатысушысы бейрезидент болып табылатын шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін, оның барлық қатысушылары мен географиялық орналасқан жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттің (аумақтың) атауын) және барлық шоғырландырылған топ қатысушыларының мемлекеттік және салықтық тіркеу нөмірін көрсете отырып ұйымдық құрылымын көрсететін басқа құжатты;
6) өтінішті жеке тұлға тапсырған жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін табыс етеді.
Осы тармақтың ережелері өтініш осы баптың 4-тармағына сәйкес табыс етілген жағдайда қолданылмайды.
4. Бейрезидент депозитарлы қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша алынған табыстардан табыс салығын қайтаруға өтінішті табыс ету кезінде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) мыналарды:
бейрезиденттің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде);
депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпаратты;
бейрезиденттің жеке басын куәландыратын құжаттың атауын және деректемелерін (жеке тұлға үшін), бейрезиденттің мемлекеттік тіркелу нөмірін және күнін (заңды тұлға үшін) қамтитын "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" акционерлік қоғамынан алынған шоттың көшірме үзіндісі;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар эмитентінің акционерлері жалпы жиналысының бір акция есебінен дивидендтің мөлшерін және дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күнді көрсете отырып, белгілі бір кезең үшін дивидендтер төлеу туралы шешімі;
3) келіп түскен дивидендтердің сомалары бойынша валюта шотынан көшірме үзінділер;;
4) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша табыстарды түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) болып табылатын бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат қоса беріледі.
5. Егер осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса бейрезидент олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасын қоса беруге міндетті.
6. Жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден түскен кірістерден ұсталған табыс салығын қайтаруға өтінішті Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындау, қызмет көрсету аяқталған соң бейрезидент табыс етеді.
Ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша бейрезидент салық органына өтінішті жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетудің әрбір кезеңі аяқталуына қарай табыс етуге құқылы.
Осы бөлімнің мақсатында жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге ұзақ мерзімді келісімшарт (шарт) ол жасалған күннен бастап он екі айлық кезең ішінде аяқталмаған жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге келісімшарт (шарт) болып табылады.
7. Егер халықаралық шартпен өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің ?? (46)-бабында белгіленген талап қою мерзімі аяқталғанға дейін салық органына бейрезидент өтінішті табыс етеді.
8. Салық органы өтінішті:
1) бейрезидент өтінішті осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанда берген. Бұл ретте бейрезидент өтінішті қайта беруге құқылы емес;
2) резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің ??? (219)-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;
3) бейрезидент осы баптың 3 және 4-тармақтарында айқындалған құжаттарды табыс етпеген;
4) бейрезидент осы баптың 2-тармағының ережелерін сақтамамаған жағдайларда қараудан бас тартады.
Бұл ретте салық органының өтінішті қараудан бас тарту туралы шешімі бейрезидентке оның қолын қойдыра отырып беріледі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып салық органы алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде пошта арқылы тапсырыс хатпен хабарламамен өтінішті және ұсынылған құжаттарды қоса беріп жіберіледі.
Салық органы осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша өтінішті қараудан бас тартқан жағдайда бейрезидент осы баптың 7-тармағында белгіленген мерзім аясында егер онымен жол берілген бұзушылықтар жойылса, қайта өтініш беруге құқылы.
673-бап. Бейрезиденттің өтінішін қарау тәртібі және қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
1. Салық органы бейрезиденттің осы Кодекстің 661-бабына сәйкес ұсынылған өтінішін оны бейрезидент ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Осы тармақта көзделген өтінішті қарау мерзімі мынадай:
1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген тақырыптық тексеріс жүргізу;
2) салық органы осы баптың 2, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген сұрау салу жіберген күннен бастап осындай сұрау салуға жауап алған күнге дейінгі кезеңге уақытша тоқтатылады.
2. Бейрезиденттің өтінішін қарау барысында салық органы басқа салық органдарына, мемлекеттік органдарға, шет мемлекеттердің құзыретті органдарына, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге ұйымдарға қажетті ақпарат беру туралы, сондай-ақ салықты қайтарып алуға байланысты мәселелер бойынша бейрезидентке сұрау салу жіберуге құқылы.
3. Бейрезиденттің өтінішін қарау кезінде салық органы, осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің ??? (89)-тарауында көзделген тәртіппен бейрезиденттің салықтық өтініші негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтару мәселесі бойынша тақырыптық тексеру жүргізеді.
4. Егер бейрезиденттiң Қазақстан Республикасында өкiлдiгi немесе филиалы болған жағдайда, өтiнiштi қарайтын салық органы бейрезиденттi оның осы Кодекстiң ??? 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнің өтуі кезеңiнде салық мiндеттемелерін орындауы және Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесiнiң болуы не болмауы нысанасында жоспардан тыс кешендi салықтық тексеру жүргiзуге арналған сұрау салуды өкiлдiктiң немесе филиалдың орналасқан жерi бойынша салық органына жiберуге мiндеттi.
5. Салық агенті таратылған, банкрот болған жағдайда, салық органы өтініші қаралып жатқан бейрезиденттің резиденттiк елiнiң құзыреттi органына салық агентi мен бейрезиденттiң өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат беру жөнінде сұрау салу жiберуге құқылы.
Бұл ретте осы баптың 7-тармағында көрсетілген шешім салық органдарының сұрау салуына бейрезиденттің резиденттiк елiнiң құзыреттi органынан алынған ақпарат және (немесе) таратылған немесе банкрот деп танылған салық агенті ұсынған, төлем көзінен ұсталған табыс салығы бойынша салық есептілігінің деректері негізінде қабылданады.
Шет мемлекеттің құзыретті органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жіберілген сұрау салу бойынша мәліметтер ұсынудан жазбаша бас тартқан немесе кемінде екі жылдан астам мерзімде жауап ұсынылмаған жағдайда, салық органы өтінішті қараудан бас тартуға міндетті. Бұл ретте салық төлеуші осы Кодекстің ??? (226)-бабының ережелеріне сәйкес өзара келісу рәсіміне бастамашылық жасауға құқылы.
6. Бейрезидент жеке тұлға бюджетке салық агенті болып табылмайтын адамдардан алынған табыстан табыс салығын төлеген жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген шешім осы Кодекстің ???-бабы 3-тармағында айқындалған табыс салығын қайтаруға өтінішке қоса берілген құжаттар және бейрезидент ұсынған табыс салығы бойынша салықтық есептілік деректерінің негізінде қабылданады.
7. Бейрезиденттің өтінішін қарау қорытындылары бойынша салық органы мынадай:
1) табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы;
2) табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Салық органының шешімі жазбаша нысанда ресімделеді және оған басшы немесе оның орынбасары қол қояды.
Салық органы төлем көзінен ұсталған табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған кезде ұсынылған өтініште халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасы көрсетіледі және өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және салық органының мөрімен куәландырылады.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша салық органының шешімінде:
1) шешім қабылданған күн;
2) шешім қабылдаған салық органының атауы;
3) өтініш берген бейрезиденттің толық атауы;
4) болған жағдайда бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
5) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда – бюджеттен немесе шартты банк салымынан бейрезидентке қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
6) табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған және (немесе) мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған шет мемлекеттің құзыретті органынан салық органының сұрау салуы негізінде алынған ақпарат көрсетілген негіздеме көрсетілуі тиіс.
8. Бюджетке табыс салығы төленген және салық органы табыс салығын толығымен немесе бір бөлігін қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешімнің көшірмелері мен бейрезиденттің өтініші осындай салық органымен салық агенті (салық төлеуші) орналасқан жері (тұрғылықты жері, келген жері) бойынша тіркелген салық органына жіберіледі.
Салық агенті (салық төлеуші) орналасқан жері (тұрғылықты жері, келген жері) бойынша тіркелген салық органы бейрезидентке осы Кодекстің ??? (217)-бабында көзделген тәртіпте бюджеттен табыс салығының сомасын қайтаруды осындай шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүргізеді,
9. Салық органының шешімі бейрезиденттің өтінішінің бір данасы қоса тіркеле отырып, бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.
Тапсыру күні немесе почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына бейрезиденттің белгі қойған күні салық органының шешімін бейрезиденттің алған күні болып табылады.
674-бап. Бейрезиденттің арызын қарау нәтижелері бойынша шешімдерге шағымдану тәртібі және шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
1. Бейрезидент осы Кодекстің ???-бабы 7-тармағында көрсетілген салық органының шешімімен келіспеген жағдайда, оған уәкілетті органға шағымдануға құқылы.
Шағым салық органының шешімін алған күннен кейінгі күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде жазбаша нысанда беріледі.
Бұл ретте шағымның көшірмесін бейрезидент шешіміне шағымданған салық органына жіберуге тиіс.
Шағымды уәкілетті органға берген күн арызды уәкілетті орган алған күн болып есептеледі.
2. Шағымда:
1) бейрезиденттің шағымға қол қойған күні;
2) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) не шағым беруші тұлғаның толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
3) болған жағдайда бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
4) шешіміне бейрезидент шағымданған салық органының атауы;
5) шағым беруші бейрезидент өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
6) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуі тиіс.
3. Шағымға мыналар:
1) өтініш пен салық органының шешімінің көшірмесі;
2) өтінішті қоспағанда осы Кодекстің ???-бабы 3 немесе 4-тармақтарында белгіленген құжаттар;
3) бейрезидент өзінің талаптарын негіздейтін жағдайларды растайтын құжаттар;
4) іске қатысы бар басқа да құжаттар.
4. Уәкілетті орган бейрезидентке мынадай:
1) бейрезидент осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім өткен соң шағымды берген;
2) шағымның мазмұны осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
3) резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 219-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
4) бейрезидент осы Кодекстің ???-бабы 3 немесе 4-тармақтарында белгіленген құжаттарды ұсынбаған;
5) бейрезидент осы баптың 7-тармағында көрсетілген салық органының шешіміне сотқа шағым (арыз) берген жағдайларда, бейрезиденттің шағымын қараудан бас тартады
Шағымды қараудан бас тарту туралы шешім бейрезидентке шағымды уәкілетті органға берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда жіберіледі.
Уәкілетті орган осы тармақтың 2) - 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шағымды қараудан бас тартқан жағдайда бейрезидент өзі жол берген бұзушылықтарды жоятын болса, шағымды қараудан бас тарту туралы шешімді алған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде қайта беруге құқылы.
5. Уәкілетті орган шағымды бейрезидент ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен мен ұйымдарға, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын басқа да ұйымдарға, сондай-ақ бейрезидентке оның өтінішін қарауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты ұсыну туралы сұрау салу жіберген жағдайда, бейрезиденттің шағымын қарау мерзімі осындай ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
6. Бейрезиденттің шағымын қараудың қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай:
1) табыс салығын толықтай немесе оның бір бөлігін қайтару туралы;
2) табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Уәкілетті органның шешімі жазбаша нысанда бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.
Тапсыру күні немесе почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына бейрезиденттің белгі қойған күні уәкілетті органның шешімін бейрезиденттің алған күні болып табылады.
Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде мыналар:
1) шешім қабылданған күн;
2) өтініш берген бейрезиденттің толық атауы;
3) болған жағдайда бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы);
4) қайтару туралы шешім қабылданған жағдайда – мемлекеттік бюджеттен немесе шартты банк салымынан бейрезидентке қайтаруға жататын табыс салығының сомасы;
5) төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда – мұндай шешім шығарған кезде салық органы басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған және (немесе) шет мемлекеттің құзыретті органынан салық органының сұрау салуы негізінде алынған ақпарат көрсетілген негіздеме көрсетілуі тиіс.
7. Уәкілетті орган шешімінің көшірмесі шешіміне бейрезидент шағымданған салық органына жіберіледі.
Уәкілетті орган төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, шешіміне бейрезидент шағымданған салық органы бейрезиденттің осындай салық органына бұрын ұсынған өтінішінде халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес қайтаруға жататын табыс салығының сомасын көрсетеді. Осындай салық органының уәкілетті орган шешімінің көшірмесін алған күні өтінішті куәландыру күні болып табылады. Бұл ретте өтініш басшының немесе оның орынбасарының қолымен және осындай салық органының мөрімен куәландырылады және бейрезидентке қол қойғызып тапсырылады немесе алуы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы немесе келу тәртібімен жіберіледі.
Шешіміне бейрезидент шағымданған салық органы көрсетілген шешімнің көшірмесін және осындай бейрезиденттің куәландырылған өтінішін бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын ұстауды жүргізген салық агентінің (салық төлеушінің) орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына жібереді.
675-бап. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатқа қойылатын талаптар
1. Осы бөлімнің ережелерін қолдану мақсатында бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат кіріс алушы бейрезиденттің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын, мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) Мынадай түрлердің бірінде:
түпнұсқада;
нотариат куәландырған көшiрмеде;
шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, резиденттікті растайтын электрондық құжаттың қағаз көшiрмесi түрінде табыс етілген.
Осы бөлімнің ережелерін қолдану мақсатында, бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат төленген табыс салығын халықаралық шарттың негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға арналған салықтық өтінішті бейрезидент салық органына мыналарды қоса тіркей отырып, табыс етілсе;
2) резиденті бейрезидент болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырған болса (шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналасқан құжаттан басқа);
3) лауазымды адамның қолы мен бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның мөрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте заңдастырылса;
осындай құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері табыс етілген жағдайда шет елдік нотариустың қолы мен мөрі де Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте заңдастырылған жағдайда ресми құжат болып табылады.
Осы тармақшаның ережелері мынадай жағдайларда қолданылмайды:
1) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған болса;
2) резиденттікті растайтын құжаттарды өзара мойындаудың басқа тәртібі белгіленсе:
Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен;
Осы Кодекстің ??? (226)-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімі аясында шет мемлекеттің уәкілетті органы мен құзыретті органы арасында;
Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен.
2. Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде бейрезидент Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.
Егер резиденттікті растайтын құжатта бейрезиденттің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, бейрезидент осындай құжат берілген (шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналасқан) күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.
676-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама
1. Бейрезидент Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - анықтама) егер осындай салық Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеуге жататын болса және осы Кодекстің (217)-бабына сәйкес қайтаруға жатпайтын болса, салық органынан алуға құқығы бар.
Салық агенті салық органынан анықтаманы сонымен қатар осындай салық агенті бейрезидентке есептеген және (немесе) төлеген кірістерден және осындай кірістерден ұсталған (төленген) салықтар сомасы бойынша алуға құқылы. Бұл ретте осы Кодекстің ???-бабына сәйкес сенімхаттың болуы талап етілмейді.
2. Анықтама алу үшін бейрезидент (салық агенті) мынадай салық органына салық өтінішін:
1) тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын бей резидент заңды тұлғаның кірістері бойынша – салық агентінің орналасқан жері бойынша;
2) бейрезиденттің тұрақты мекемесі – осындай тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша;
3) Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістерден өз бетінше салық төлейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасында келген (тұрғылықты) орны бойынша;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілмеген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстары бойынша – салық агентінің орналасқан жері бойынша табыс етуі тиіс.
3. Бейрезиденттің салықтық өтініші деректерінің салық төлеушінің және (немесе) салық агентінің салық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған кезде, сондай-ақ салық төлемі болмаған немесе салық төлеушіде және (немесе) салық агентінде салық өтініші берілген күні бейрезиденттердің табысынан салықты аудару бойынша салықтық берешек болған жағдайда, салық органы бейрезидентке анықтама беруден жазбаша бас тартуды жібереді.
4. Анықтама салық органы мынадай күндерден неғұрлым кеш:
салықтық өтініш берілген күннен;
бейрезиденттің есебіне жазылған табыстарының және төлеуге жататын салықтардың сомалары көрсетілген салық есептілігінің тиісті нысанын бейрезидент салық төлеуші және (немесе) салық агенті табыс еткен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей береді.
5. Бейрезидент салық органына салықтық өтінішті табыс етпеген жағдайда, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама берілмейді.
677-бап. Салық жинаудағы көмек
Шет мемлекеттің салық жинаудағы көмек көрсету жөніндегі құзыретті органы жүгінген жағдайда мұндай мәселе уәкілетті орган бекіткен тәртіпте өзара түсіністік қағидаттары негізінде қарастырылады.
Салық органы салық төлеуші резидентке шет мемлекеттің құзыретті органынан осындай резиденттің шет мемлекетте салықтық міндеттемесін орындамауына немесе толық орындамауына байланысты салықты жинауда жәрдемдесуге сұрау салу келіп түскені туралы хабарламаны жібереді.
Салық төлеуші резидент осындай міндеттеменің орындалғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етуге міндетті.
Салық төлеуші резидент осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген талаптарды орындамаған жағдайда және осындай салық төлеуші резидентте Қазақстан Республикасының бюджетіне берешегі болмаған жағдайда салық органы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте осы Кодексте көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолданады.
20-БӨЛІМ. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНА САЛЫҚ САЛУДЫҢ АЙРЫҚША ТӘРТІПТЕРІ (ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ)
678-бап. Жалпы ережелер
Осы Кодексте салық төлеушілердің мынадай санаттары үшін өзге де айрықша тәртіптер көзделген:
1) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатындар, - осы Кодекстің ____-бабының ережелеріне сәйкес;
2) оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатындар, - осы Кодекстің ____-бабының ережелеріне сәйкес;
3) бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын, - осы Кодекстің ____-бабының ережелеріне сәйкес;
4) осы Кодекстің ____-бабында көрсетілген шағын бизнес субъектілері, - осы Кодекстің ____-бабының ережелеріне сәйкес;
5) осы Кодекстің ____-бабында көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, - осы Кодекстің ____-бабының ережелеріне сәйкес;
6) арнайы эуономикалық аймақта қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, - осы Кодекстің ____-бабының ережелеріне сәйкес;
7) инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым, - осы Кодекстің ____-бабының ережелеріне сәйкес;
8) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымдар, - осы Кодекстің ____-бабының ережелеріне сәйкес;
9) коммерциялық емес ұйымдар;
10) әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
11) білім берудің дербес ұйымдары;
11) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымдар
12) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, 2020 жылға дейін.
76-ТАРАУ. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
679-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін салық салу ерекшеліктерін қолданатын салық төлеушілердің салық салынатын кірісін айқындауы
Осы тарауда белгіленген салық салудың ерекшеліктерін қолданатын салық төлеуші:
1) жеке (корпоративті) табыс салығы бойынша – осы тарауда белгіленген тәртіпте;
2) төлем көздеріне салынатын кірістерден табыс салығын есептеу және ұстау бойынша салық агентінен, - осы Кодекстің ___ және 19-тарауларында белгіленген тәртіпте;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген салықтар мен бюджетке төлемдер бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіпте салық міндеттемелерін орындайды.
690-бап. Патент құнын есептеу
1. Патент құнына дара кәсіпкердің жеке табыс салығы (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) мен әлеуметтік төлемдердің төлеуге жататын сомалары қосылады.
2. Жеке табыс салығының сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдардың салық салу объектісін қоспағанда, салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану жолымен жүргізіледі.
Сауда саласында қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер патент құнына қосылатын сомаларын есептеуді 1 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық салынатын екінші деңгейлі банктер растайтын қолма қол ақшасыз есеп айырысу арқылы алынатын кірістерді қоспағанда салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.
Екінші деңгейлі банктер патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің қолма қол есеп айырысулары бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпте салық органына табыс етілген дара кәсіпкерлердің өтініштерінің негізінде табыс етеді.
3. Патент құнына қосылатын әлеуметтік төлемдерін есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
4. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп айырысуда көрсетілген табыс мөлшерінен асса, дара кәсіпкерлер бес жұмыс күні ішінде асқан сомаға қосымша салық есептілігі түрінде есеп айырысуды тапсыруға және осы сомадан салықтар төлеуді жүргізуге міндетті.
Егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің ___ бабында белгіленген табыс мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
Аталған есеп айырысудың негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.
5. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы (оны мерзімінен бұрын тоқтату жағдайларын қоса алғанда) есеп айырысудыта көрсетілген табыстың мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкерлер патент құнының азаю сомасына қосымша салық есептілігі түрінде есеп айырысуды табыс етуге құқылы.
Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің ??? (602)-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің ??? (429)-бабының 3) тармақшасында белгіленген шекті табыс сомасынан асқан жағдайда, осы Кодекстің ___-бабының __ және ___-тармақтарында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнінен бастап алынған дара кәсіпкердің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салынады.
7. Дара кәсiпкер iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |