Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Салықты есептеу тәртібі



жүктеу 16,95 Mb.
бет96/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
745-бап. Салықты есептеу тәртібі

1. Бюджетке төленуге жататын пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы салық салу объектілерінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негізінде айқындалады.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік жыл ішінде, осы Кодекстің 736-бабында келтірілген шкалаға сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені қолданады.

Бұл ретте жер қойнауын пайдалану құқығын берген (ауысқан) жағдайда бір келісімшарттың шеңберінде жалпы мәлімделген жылдық көлеміне сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығын беру (ауысу) нақтылығына қарамастан, жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша өндірудің осындай жер қойнауын пайдалануға қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың мөлшерлемелері қолданылады.

Бюджетке төленетін пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеудің дұрыстығын және толық төленуін қамтамасыз ету мақсатында көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органына жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша көмірсутектерді өндірудің алдағы жылға жоспарланған көлемі туралы мәліметтерді ағымдағы күнтізбелік жылдың 20-шы қаңтарына дейін табыс етеді.

3. Егер есепті күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өндірілген көмірсутектердің нақты көлемі осындай келісімшарт бойынша жоспарланған көлемге сәйкес келмесе және пайдалы қазбаларды өндіру салығы мөлшерлемелерінің өзгеруіне әкеп соқса, жер қойнауын пайдаланушы есепті жылға есептелген пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету жасауға міндетті.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасына түзету есепті салық жылының соңғы салық кезеңіндегі декларацияда осы Кодекстің 736-бабына сәйкес айқындалған өндірілген көмірсутектердің нақты көлеміне сәйкес келетін пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесін есепті салық жылының 1-3-тоқсанындағы пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларацияларда есептелген салық базасына қолдану жолымен жүргізіледі.

Жүргізілген түзетулерді ескеретін пайдалы қазбаларды өндіру салығының сомасы есепті жылдың соңғы салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемелері болып табылады.
746-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді


п/п


Жылдық өндіру көлемі

Мөлшерлемелер,

%-бен



1

2

3

1.

250 000 тоннаға дейін қоса алғанда

5

2.

500 000 тоннаға дейін қоса алғанда

7

3.

1 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда

8


4.

2 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда


9


5.

3 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда


10


6.

4 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда


11


7.

5 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда


12


8.

7 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда


13


9.

10 000 000 тоннаға дейін қоса алғанда


15


10.

10 000 000 тоннадан жоғары


18


Мұнайды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, оның ішінде заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығының, экспортқа рента салығының, роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі есебіне мемлекет атынан алушыға өткізген және (немесе) берген жағдайда немесе осы Кодекстің 732-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіппен өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда, белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады.

Шикі газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды.

Ішкі нарықта шикі газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай мөлшерлемелер бойынша төленеді:

п/п


Жылдық өндіру көлемі

Мөлшерлемелер,

%-пен



1

2

3

1.

1,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда

0,5

2.

2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда

1,0

3.

2,0 млрд. текше м.-ден жоғары

1,5

2. Рентабельдігі төмен, қоюлығы жоғары, суланған, шағын дебетті, игерілген (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) санаттарына жатқызылатын кен орындары (кен орындары топтарын, кен орнының бір бөлігін) немесе тау-кендік бөлу шекарасының жоғарғы нүктесінен 3500 метрден және тау-кендік бөлудің төменгі нүктесінен 4000 метр аспайтын және төмен тереңдіктегі кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық мөлшерлемелерін көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
§2. Базалық құрылыс материадарын қоспағанда, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы
747-бап. Салық салу объектісі

Минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.

Осы бөлімнің мақсаттары үшін, салық кезеңі ішінде нормаланған ысыраптардың көлемі шегеріле отырып, минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемі айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі болып табылады.

Нормаланған ысыраптардың көлемі осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасы негізінде белгіленеді.
748-бап. Салық базасы

1. Салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында минералды шикізат:

1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикізат;

2) құрамында бір мезгілде осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалар және пайдалы қазбалардың басқа да түрлері бар минералдық шикізат;

3) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбаларды қоспағанда, басқа да пайдалы қазбалар бар минералды шикізат;

4) кен орнында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндірілген минералды шикізат;

5) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін минералды шикізат болып бөлінеді.

3. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны:

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңінде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады.

Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиісті салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтіндісі ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.

Осы баптың мақсаттары үшін бағаны бағамдау пайдалы қазбаның шетел валютасындағы Лондон металдар биржасында немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген және "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының Metal Bulletin" журналында, "Metal-pagesLimited" баспасының "Metal-pages" журналында жарияланатын баға бағамдалуын білдіреді.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, орташа биржалық баға мынадай формула бойынша айқындалады:



мұнда:

S - пайдалы қазбаға салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;

Р1, Р2..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон металдар биржасында бағалардың бағамдалуы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

n - салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.

Пайдалы қазбаға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:



мұнда:

Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

Сn1 - пайдалы қазбаға Cash бағасының күн сайынғы бағамдалуы;

Сn2 - пайдалы қазбаға Cash Settlement бағасының күн сайынғы бағамдалуы.

Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:

, мұнда:

S - алтынға, платинаға, палладийге салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;

Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері алтынға, платинаға, палладийға бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

Е – тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

n - салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.

Алтынға, платинаға, палладийге бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы мынадай формула бойынша айқындалады:

, мұнда:

Рn - бағалардың күн сайынғы орташаландырылған бағамдалуы;

Сn1 - алтынға, платинаға, палладийге a.m. (таңертеңгі фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;

Сn2 - алтынға, платинаға, палладийге p.m. (кешкі фиксинг) бағалардың күн сайынғы бағамдалуы.

Күмiске орташа биржалық баға салық кезеңiндегі күмiске бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:

, мұнда:

S - күміске салық кезеңіндегі орташа биржалық баға;

Р1, Р2,..., Рn - салық кезеңі ішінде Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында бағалардың бағамдалуы хабарланған және жарияланған күндері күміске бағалардың күн сайынғы бағамдалуы;

Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

n - салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.

Пайдалы қазбаға орташа биржалық баға осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы әрбір пайдалы қазба түрінің барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберіндегі құрылымдық бөлімшеге берілген көлемге қолданылады.

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбалар құны:

осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен;

минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің құны - оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде, ал кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану үшін басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге берген жағдайда - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;

3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны - бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады.

4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері есепті салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген немесе Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығында тіркелген бағалардың ресми бағамдалуы бар пайдалы қазба түрлеріне қатысты қолданылады.

5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбаны қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізбеген жағдайда, олардың құны мұндай өткізу орын алған соңғы салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде айқындалады.

6. Келісімшарт қолданылған кездің басынан бастап бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткізу мүлдем болмаған жағдайда:

1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны - осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен;

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерінің құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде;

3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлеріне жатқызылатын, 20 пайызға ұлғайтылған өндіру мен бастапқы өңдеудің (байытудың) нақты өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалады.

Осы баптың 4-тармағында көрсетілген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбаларды кейіннен өткізген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу орын алған салық кезеңіндегі өткізудің орташа өлшемді нақты бағасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларына түзету енгізуге міндетті.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығының есептелген сомаларын түзетуді жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткізу болған салық кезеңінің алдындағы он екі айлық кезеңіне жүргізеді. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңінің салық міндеттемесі болып табылады.

7. Осы баптың мақсатында салық кезеңі үшін өткізудің орташа өлшемді бағасы мына формула бойынша айқындалады:

Б ор. = (V1 ө.п. х Б1ө. + V2 ө.п. * Б2 ө. … + Vn ө.п. * Бn ө.) / V жалпы өткізу, мұндағы:

V1 ө.п., V2 ө.п., …, Vn ө.п. – салық кезеңінде өткізілетін пайдалы қазбалардың әрбір партиясының көлемдері;

Б1 ө., Б2 ө., …, Бn ө. – салық кезеңінде әрбір партия бойынша пайдалы қазбаларды өткізудің нақты бағалары;

n – салық кезеңінде өткізілген пайдалы қазбалар партиясының саны;

V жалпы өткізу – салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өткізудің жалпы көлемі.

Жер қойнауын пайдаланушы өткізудің орташа өлшемді бағасын салық кезеңінде өндірілген кең таралған пайдалы қазбалардың және емдік балшықтардың барлық көлеміне, оның ішінде кейіннен қайта өңдеу үшін бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық бөлімшеге өндірудің өндірістік өзіндік құны бойынша берілген және (немесе) тауарлы өнім өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған көлемдерге қолданады.
749-бап. Пайдалы қазбаларды өндіруге салық мөлшерлемелері

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, пайдалы қазбаларды, оның ішінде жаңа ғана бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізатты өндіруге арналған салық мөлшерлемелері мынадай өлшемде белгіленеді:


р/с





Пайдалы қазбалардың, оның ішінде жаңа ғана бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат

мөлшерлемелер

1

2

3

4

1.

Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi

Хром кені (концентрат)

16,2 %

Марганец, темір-марганец кенi (концентраты)

2,5 %

Темір кенi (концентраты)


2,8%

Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс)

18,5 %

2.

Металлдар

Мыс

5,7 %

Мырыш

7,0 %

Қорғасын

8,0 %

Алтын, күміс, платина, палладий

5,0 %

Алюминий

0,25 %

Қалайы

3,0 %

Никель

6,0 %

3.

Құрамында металдар бар минералды шикізат

Ванадий

4,0 %

Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар

6,0 %

4.

Құрамында сирек кездесетін металдар бар минералды шикізат

Ниобий, лантан, церий, цирконий

7,7 %

Галлий

1,0 %

5.

Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикізат

Селен, теллур, молибден

7,0 %

Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, талий, гафний, рений, осмий

6,0 %

6.

Құрамында радиоактивті металдар бар минералды шикізат

Радий, торий

5,0 %

7.

Құрамында металл еместер бар минералды шикізат

Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар

0 %

Фосфориты

4,0 %

Бор ангидриті

3,5 %

Барит

4,5 %

Тальк

2,0 %

Флюориттер

3,0 %

Воластонит

3,5 %

Шунгит

2,0 %

Графит және басқалар

3,5 %

 

Жарқырауық тас шикізаты:




8.

Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикізат

Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар

12,0 %

9.

Құрамында жасанды тастар бар минералды шикізат

Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар

3,5 %

10.

Құрамында техникалық тастар бар минералды шикізат

Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, циркон, асбест, слюда және басқалар

2,0 %

11.

Сирек металлдар


Литий, бериллий, тантал, стронций

7,7%


12.

Жерде сирек кездесетін металдар


Празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютеций, иттрий

6,0%

13.

Кенге жатпайтын қатты пайдалы қазбалар

Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломит, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас

0,02 АЕК


Кенге жатпайтын өзге шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы

0,06 АЕК

Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында су бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпат жыныстары, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-далалық шпат), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас

0,02 АЕК


Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілетін пайдалы қазбалардың барлық түріне және минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0 пайыздық мөлшерлеме бойынша төленеді.

Бұл ретте өндірілуі баланстан тыс қорлардың құрамынан рентабельділігі төмен кен орындарында жүзеге асырылатын, пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданылатын редакциядағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарымен белгіленген мөлшерлеме және салық салу базасы бойынша есептелген роялти мөлшерінде белгіленетін пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізу жағдайларын қоспағанда, баланстан тыс қорлардың құрамынан, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін алынатын пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізген жағдайда өндіруге салық мөлшерлемесі 0 пайыз мөлшерінде салынатын қолданылмайды.

2. Пайдалы қазбаларды 700 метрден артығырақ тереңдіктен жерасты тәсілімен (шахта) өндірген жағдайда пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық мөлшерлемелеріне осы баптың 1-тармағында белгіленген 0,7 төмендету коэффиценті қолданылады.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы мұндай өндіру көлемі бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықты есептеу мақсатында пайдалы қазбалардың физикалық көлемінің бөлек есебін жүргізуге міндетті. Мұндай бөлек есеп болмаған жағдайда, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі.
§ 3. Базалық құрылыс материалдарына, жерасты суларына және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығы

750-бап. Салық салу объектісі

Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген құрылыс материалдары, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мынадай жағдайларда:

1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендік суларды сору үшін жерасты суларын жер қойнауына кері айдағанда;

2) меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзіне тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға өндірілген жерасты суларын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланбаған жағдайда;

3) өзiнiң шаруашылық мұқтаждары үшiн мемлекеттік мекемелер өндiретін жерасты сулары бойынша төленбейді.
жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау