Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Қатты пайдалы қазбаларды, старательдікті барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қойылатын бонусты есептеу ерекшеліктері



жүктеу 16,95 Mb.
бет95/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
730-бап. Қатты пайдалы қазбаларды, старательдікті барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қойылатын бонусты есептеу ерекшеліктері

Қатты пайдалы қазбаларды, старательдікті барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қойылатын бонусты есептеу сомасы республикалық бюджет туралы және қол қойылатын бонусты төлеу күніне қолданыста болатын заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіште көрініс тапқан мөлшерлемелерден шыға отырып есептеледі:






Атауы

Мөлшерлеме

1

Барлауға арналған лицензия




2

Өндіруге арналған лицензия




3

Старательдікке арналған лицензия




3.1

берілген аумақтың алаңы 0,3 шаршы шақырымға дейін болған кезде




3.2

берілген аумақтың алаңы 0,3-тен 0,5 шаршы шақырымға дейін болған кезде




3.3

берілген аумақтың алаңы 0,5-тен 0,7 шаршы шақырымға дейін болған кезде





731-бап. Салық кезеңі

Қол қойылатын бонус төлемінің мерзімі басталатын күнтізбелік тоқсан қол қойылатын бонус бойынша салық кезеңі болып табылады.


732-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша, салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.

2. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қойылатын бонус салық төлеушінің орналасқан жері бойынша осындай лицензия берілген күннен кешіктірілмей төленеді.

Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қойылатын бонустың төленген сомасын қайтару, есепке алу жүргізілмейді.

3. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұндай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.

4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын базалық құрылыс материалдарын барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алынған кезде қол қойылатын бонус Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес осындай рұқсат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.

733-бап. Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-і күніне дейiн табыс етедi.
84-ТАРАУ. ТАРИХИ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ТӨЛЕМ
734-бап. Жалпы ережелер

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.
735-бап. Төлеушілер

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, келісімшарттарды жасасқанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.

2. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы тарихи шығындарды өтеу бойынша бір мезгілде мынадай шарттарды сақтаған кезде:

қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңнамасына сәйкес 2017 жылдың 31 желтоқсанынан кейін берілсе;



қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақ, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңнамасына сәйкес, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген аумаққа енбейтін болса төлемді төлеуші болып табылмайды.
736-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі

1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептейді және бюджетке:

1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдерін қоспағанда, құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем түрінде;

2) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу үшін құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде төлем түрінде төлеуге жатады.

2. Тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем бойынша міндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары бойынша жасалуға тиіс болғанымен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиісті келісімдер жасалмаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған, өнімді бөлу туралы келісімді қоса алғанда, уәкілетті мемлекеттік органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды.
737-бап. Төлеу тәртібі мен мерзімдері

1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет жұмсаған тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейінгі өндіру басталған кезден бастап орналасқан жері бойынша мынадай тәртіппен төлейді:

1) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10-шы сәуірінен кешіктірмей төлейді;

2) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы келісімшарттың қолданылу мерзімінен аспайтын, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.

Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.

2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органы шетел валютасында бекіткен болса, онда:

1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгiлеу үшiн төлемнің теңгемен жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның бірiншi күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген сома 2009 жылғы 1 қаңтардың алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi;

2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарының алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбір күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi.

3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейіннен өндіруді көздемейтін барлау жүргізуге арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейді.
738-бап. Салық декларациясы

1. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшеріне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырады.

2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалы қазбаларды өндіруге кіріскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей тоқсан сайын тапсырады.

86-ТАРАУ. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДIРУ САЛЫҒЫ
739-бап. Жалпы ережелер

1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.

2. Жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, өндірілетін минералдық шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты суларының және емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы осы тарауда белгіленген мөлшерлеме және тәртіппен төленеді.

3. Салық кезеңінде өндірілген көмірсутектердің, жерасты суларының, емдік балшық пен пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тастауға жатады. Технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі көмірсутектердің, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың тиісті түрлері (сорттары) үшін ұлттық стандарттарында аталған технологиялық сынап көрудің ең төменгі массасымен шектеледі.
740-бап. Төлеу ерекшеліктері

1. Пайдалы қазбаларды өндiру салығы, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкiн.

Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 715-1-баптың 1-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 93-бабында белгіленген.
741-бап. Төлеушілер

Старательдікке арналған лицензия шеңберінде ғана қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберінде мемлекеттік меншік болып табылатын техногендiк минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, көмісутектерді, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.



§ 1. Көмірсутектерге арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығы
742-бап. Салық салу объектісі

1. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген көмірсутектердің нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.

2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген көмірсутектердің жалпы көлемі:

1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін өткізілген мұнайға - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген мұнайдың көлеміне;

2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеуге берілген мұнайға - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген және жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген мұнайдың көлеміне;

3) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған мұнайға - жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген, салық кезеңі ішінде өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған мұнайдың көлеміне;

4) осы Кодекстің 93-бабына сәйкес мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда берген мұнайға;

5) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған шикі газға бөлінеді.

Егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаттарында өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған шикі газ деп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарға сәйкес осы келісімшарт шеңберінде:

жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде көмірсутектер дайындауда отын ретінде;

технологиялық және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждар үшін;

ұңғыма сағасында мұнайды қыздыру үшін және бекітілген жобалық құжаттарға сәйкес мұнайды өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне ауыстырып тиеу орнына дейін тасымалдау кезінде;

жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде пайдаланылатын электр энергиясын өндіру үшін;

осы баптың 5-тармағында көзделген жер қойнауына кері айдау жағдайларын қоспағанда, бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін;

көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен жобалық құжаттарда көзделген көлемде өндіруші мұнай ұңғымаларын пайдаланудың газлифтілік (механикаландырылған) тәсілі мақсатында пайдаланылған табиғи газ танылады.

Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндірген және осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт шеңберінде мұнай-газ аймақтарында қабат қысымын ұстап тұру мақсатында бекітілген жобалық құжаттарда көзделген көлемде жер қойнауына кері айдау үшін пайдаланылған шикі газ да өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған шикі газ деп танылады;

6) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілген сұйытылған мұнай газына сәйкес келетін көлемде сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газға бөлінеді. Бұл ретте, сұйытылған мұнай газының мұндай көлемін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу үшін міндетті болып табылады;

7) жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газға;

8) тауарлы көмірсутектерге – егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы тармақтың 1)-7) тармақшаларында көрсетiлген шикi мұнай, газ конденсаты мен табиғи газ көлемдерiн шегере отырып, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт шеңберiнде өндiрген көмірсутектердің жалпы көлемiне бөлiнедi.

3. Осы баптың 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланылған табиғи газ және (немесе) сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газ көлемі деп көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарда көрсетілген көлемдер шегінде осындай пайдаланылған табиғи және (немесе) ілеспе газдың нақты көлемі танылады.

4. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеу үшін не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеуге кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін жер қойнауын пайдаланушыда шикі мұнайдың нақты көлемін және олардың тиісті көлемін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының қабылдау фактісін растайтын коммерциялық және тауарға ілеспе құжаттарының түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін, ал осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізуді растау үшін - тиісті көлемі үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының нақты сатып алу бағасын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырған көшірмелері болуға міндетті.

Мұндай құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері болмаған жағдайда мұнайдың тиісті көлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсаттары үшін тауарлы көмірсутектер ретінде қаралады.

5. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бекітілген жобалық құжаттарда көзделген мұнай алу коэффициентін ұлғайту мақсатында жер қойнауына кері айдалатын көлемде шикі газ бойынша төленбейді.
743-бап. Салық базасы

Салық кезеңінде өндірілген көмірсутектер көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
744-бап. Көмірсутектер құнын айқындау тәртібі

1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде өндірілген мұнайдың құны мынадай тәртіппен:

1) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін үшінші тұлғаға өткізген кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына не үшінші тұлғаға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына кейіннен өткізу үшін өткізілген мұнайдың нақты көлемі мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытының өнімнің бір бірлігі үшін нақты сатып алу бағасының көбейтіндісі ретінде;

2) жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеу үшін алыс-беріс шикізаты ретінде берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына өңдеуге алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде - жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде өңдеу үшін берген не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мұнай өңдеу зауытына алыс-беріс шикізаты ретінде кейіннен беру үшін үшінші тұлғаға өткізілген және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған мұнайдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде;

3) жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне мұнайды заттай нысанда берген кезде - осы Кодекстің 93-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы мемлекет атынан алушыға пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа салынатын рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне мұнайды заттай нысанда берген нақты көлемінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын беру бағасының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде өндірген тауарлы көмірсутектердің құнын өндірілген тауарлы көмірсутектер көлемі мен осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен салық кезеңінде есептелген өнімнің бірлігі үшін әлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындайды.

3. Мұнайдың әлемдiк бағасы салық кезеңіндегі бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.

Осы тармақтың мақсаты үшін бағаны бағамдау "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts Crude Oil Marketwire" дереккөзінде жарияланған ақпараттар негізінде салық кезеңінде "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) мұнайының стандартты сортының әрбірін жеке алғанда шетел валютасындағы мұнай бағасын бағамдауды білдіреді.

Осы дереккөзде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда, шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар:

"Argus Media Ltd" компаниясының "Argus Crude" дереккөзінің деректері бойынша;

жоғарыда көрсетілген дереккөздерде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сорттарына бағалар туралы ақпарат болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады.

Мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін өндірілген мұнайдың өлшемнің стандартты жағдайларына және мұнайдың паспортта көрсетілген сапасына келтірілген нақты тығыздығы мен температурасын есепке ала отырып, баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ұлттық стандартқа сәйкес жүргізіледі.

Бұл ретте қатты пайдалы қазбаларды өндіруге салықты есептеу мақсатында өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру орташа өлшемді баррельдеу коэффициентінің негізінде мына формула бойынша жүзеге асырылады:

К барр. орт. = (V тонн 1 х К барр.1 + V тонн 2… х К барр.2... + V тонн n х К барр.n) / V тонн Σ, мұндағы:

К барр. орт. – үтірден кейінгі төрт белгіге дейін нақты есептелетін орташа өлшемді баррельдеу коэффициенті;

V тонн – мұнай өнімдерінің әрбір партиясының көлемі;

К барр.1, К барр.2 ... + К барр.n –өндірілген мұнайдың әрбір тиісті партиясы бойынша сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттері;

V тонн Σ – метрикалық тоннада көрсетілген салық кезеңінде өндірілген мұнайдың жалпы көлемі;

Мұнайдың әлемдік бағасы мына формула бойынша айқыналады:



мұнда:

S – салық кезеңіндегі мұнайдың әлемдік бағасы;

P1, P2 ..., Рn - салық кезеңі ішінде бағаларының бағамдалуы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Е - тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

n - салық кезеңіндегі бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.

Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:



мұнда:

Pn - бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Сn1 - "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сорты бағасының күнделікті бағамдалуының төменгі мәні (min);

Сn2 - "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) шикі мұнайы стандартты сорты бағасының күнделікті бағамдалуының жоғарғы мәні (max).

Жер қойнауын пайдаланушы "Юралс Средиземноморье" (Urals Med) немесе "Датированный Брент" (Brent Dtd) мұнайының белгілі бір стандартты сортына мұнайды жатқызуды мұнайды беруге арналған шарттар негізінде жүргізеді. Беруге арналған шартта мұнайдың стандартты сорты көрсетілмесе немесе жоғарыда көрсетілген стандартты сорттарға қатысы жоқ мұнайдың сорты көрсетілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай шарт бойынша берілген мұнай көлемін әлемдік орташа бағасы салық кезеңі ішінде ең жоғары болып табылатын мұнайдың сондай сортына жатқызуға міндетті.

4. Шикі газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бірлiктерiн бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды ескере отырып, салық кезеңiндегі бағалардың шетел валютасындағы күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады.

Осы тармақтың мақсаттары үшін бағаны бағамдау "The Mcgraw-Hill Companies Inc" компаниясының "Platts European Gas Daily" дереккөзінде жарияланған ақпарат негізінде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының салық кезеңі ішінде шетел валютасындағы бағамдалуын білдіреді.

Осы дереккөзде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға:

1) "Argus Media Ltd" компаниясының "Argus European Natural Gas" дереккөзінің деректері бойынша;

2) жоғарыда көрсетілген дереккөздерде "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газына баға туралы ақпарат болмаған кезде Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалған басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады.

Табиғи газдың әлемдік бағасы мына формула бойынша анықталады:



мұнда:

S – шикі газдың салық кезеңіндегі әлемдік бағасы;

P1, P2..., Pn – салық кезеңі ішінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндері бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Е – тиiстi салық кезеңiндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

n - салық кезеңінде бағалардың бағамдалуы жарияланған күндердің саны.

Бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы мына формула бойынша айқындалады:



мұнда:

Рn – бағалардың күн сайынғы орташа арифметикалық бағамдалуы;

Сn1 - "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күн сайынғы бағамдалуының төменгі мәні (mіn);

Сn2 - "Zeebrugge Day-Ahead" табиғи газы бағасының күнделікті бағамдалуының жоғарғы мәні (max).

5. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген және (немесе) өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі газдың, сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газдың құны мынадай тәртіппен:

1) жер қойнауын пайдаланушы өндірген шикі газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізген кезде - осы Кодекстің 738-бабының 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын салық кезеңінде қалыптасқан өткізудің орташа өлшемді бағасының негізінде;

2) осы Кодекстің 732-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес сұйытылған мұнай газын өндіру үшін өндірілген ілеспе газды пайдаланған кезде және (немесе) өндірілген шикі газды өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған кезде – нақты көлемін шығару ретінде:

сұйытылған мұнай газын өндіру үшін пайдаланылған ілеспе газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының;

жер қойнауын пайдаланушы өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдаланған шикі газдың және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының нақты көлемі ретінде;

Егер шикі газ мұнаймен ілестіріле өндірілсе, шикі газды өндірудің өндірістік өзіндік құны мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде:

шикі газдың бір мың текше метрі 0,857 тонна мұнайға сәйкес келетін қатынасында айқындалады;

3) Осы Кодекстің 732-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы өндірілген шикі газды пайдаланған кезде – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған шикі газдың нақты көлемі мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өндірістік өзіндік құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

6. Көмірсутектердің стандартты сорттарының әлемдік бағасын уәкілетті орган осы Кодексте белгіленген тәртіппен әрбір салық кезеңі бойынша айқындайды және ол есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.

жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау