Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БЕЙРЕЗИДЕНТ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ



жүктеу 16,95 Mb.
бет90/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97

73-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН БЕЙРЕЗИДЕНТ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
650-бап. Салық салынатын табысты анықтау

1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 200-бабында өзгеше белгіленбесе, бейрезидент заңды тұлғаның салық салынатын табысын анықтау, оның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін табысынан корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстің осы бабының және ????(83-149)-баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

2. Бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық кірісін тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай кіріс түрлері:

1) осы Кодекстің 632 (192)-бабының 1-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар;

2) осы Кодекстің ??? (85)-бабының 1-тармағында көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасына енгізілмеген табыстар;

3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден, оның ішінде қызметшілер немесе басқа да жалданған персонал арқылы алған табыстар;

4) бейрезидент заңды тұлғаның басқа мемлекеттердегі құрылымдық бөлімшелерінің табыстарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан алатын осы бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырылатын қызметіне ұқсас немесе біртектес табыстары құрайды.

Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық кірісіне осы Кодекстің ???192-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған кірістер қосылмайды.

3. Бейрезидент кәсіпкерлік қызметті өзінің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесімен бірлесіп орындалатын бір жобаның немесе байланысты жобалардың шеңберінде Қазақстан Республикасында да, одан тысқары жерлерде де жүзеге асыратын жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс осындай тұрақты мекеменің табысы болып есептеледі.

4. Қазақстан Республикасындағы бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесі өндірген тауарларды бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан басқа құрылымдық бөлімшесі өткізетін жағдайда, егер ол осындай немесе осы сияқты қызметпен дәл сондай немесе ұқсас жағдайларда айналысатын оқшауланған және жекелеген заңды тұлға болса және өзі соның тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент заңды тұлғаға тәуелсіз әрекет ететін болса, ол алуы мүмкін табыс бейрезидент заңды тұлғаның осындай тұрақты мекемесінің табысы болып есептеледі.

5. Тұрақты мекеменің табысы осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының нормалары ескеріле отырып, айқындалады.

6. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің ??? (192)-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған кірістерді алуға бағытталған шығыстарды қоспағанда, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістерді алумен тікелей байланысты шығыстар, олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде жұмсалғанына қарамастан, шегерімге жатады.

7. Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемеге:

1) осы бейрезидент заңды тұлғаның меншігін немесе зияткерлік меншігін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін роялти, гонорарлар, алымдар және басқа да төлемдер;

2) бейрезидент заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне көрсеткен қызметтері үшін табыстар;

3) осы бейрезидент заңды тұлғаның өзінің тұрақты мекемесіне берген қарыздары бойынша сыйақылар;

4) бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен табыстар алуымен байланысты емес шығыстар;

5) құжатпен расталмаған шығыстар;

бейрезидент заңды тұлғаның осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында айқындалған, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары ретінде табыс етілген соманы тұрақты мекемеден шегерімге жатқызуға құқығы жоқ.
651-бап. Таза табысқа салық салу тәртібі


  1. Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.

Таза табыс мынадай тәртіппен айқындалады:

осы Кодекстің ??? (133)-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің ??? (137)-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын табыс

алу

осы Кодекстің ???147-бабының 1-тармағында немесе 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ осы Кодекстің ??? 137-бабына сәйкес шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысты көбейту жолымен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы.



2. Таза табысқа корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі.

3. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға таза табысына корпоративтік табыс салығын бюджетке төлеуді корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізуге міндетті.


652-бап. Жекелеген жағдайларда табыстарға салық салу тәртібі

1. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден табыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 198-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген табыстарды төлеуді жүзеге асыратын салық агенті бір мезгілде:

1) бейрезидент заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесімен филиал, өкілдік ашпай жасалған келісімшарт болмаған;

2) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша филиал, өкілдік ашпай бейрезидент заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі, тұрақты мекемесі жазып берген шот-фактура болмаған жағдайларда көрсетілген табыстардан корпоративтік табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды жиырма пайыз мөлшерлеме бойынша шегерімдерді жүзеге асырмай жүргізеді.

Салық агенті бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзінен ұстаған корпоративтік табыс салығы аталған бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің салық міндеттемелерін өтеу шотына есепке алуға жатқызылады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға тұрақты мекеменің құрылуына әкелген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра бастаған күннен бастап корпоративтік табыс салығын осы Кодекстің ??? (198) және ??? (199)-баптарына сәйкес ретроспективті тәртіппен есептейді және тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша салық органына көрсетілген табыстарды қоса отырып, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс етеді.

Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы осы тармаққа сәйкес осындай бейрезидент заңды тұлғаның табысынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады. Азайту салық агентінің салықты ұстағанын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.

Осы тармаққа сәйкес бейрезидент заңды тұлғаның табыстарынан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы оң айырма қоса алғандағы келесі он салық кезеңіне ауыстырылады және осы салық кезеңдерінің бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын біртіндеп азайтады.

Егер тұрақты мекеменің құрылуына әкелген қызметті бейрезидент әртүрлі салықтық кезеңдерде жүзеге асыратын болса, бейрезидент салық төлеуші әрбір салық кезеңі үшін салық декларациясын табыс етуге міндетті.


  1. Осы Кодекстің ??? (562)-бабының талаптарын бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелмеген бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен алатын табыстарына жиырма пайыз мөлшерлеме бойынша шегерімдерді жүзеге асырмастан, төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.

Осы Кодекстің ??? (562)-бабында белгіленген мерзімді бұза отырып, салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген, тұрақты мекеме арқылы қызметті жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға салық салу объектілерін және тұрақты мекеме құруға әкелген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра бастаған күннен бастап ретроспективті түрде туындаған салық салуға байланысты объектілерді салықтың тиісті түрлері бойынша бастапқы ұсынылатын декларацияларда көрсетуге, салық агентінің салық міндеттемелерінен басқа, осыған байланысты туындаған салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін есептеуге және орындауға міндетті.

Бұл ретте кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра бастаған күннен бастап оны салық органында тіркеген күнге дейінгі кезең үшін осындай бейрезидент заңды тұлға есептеген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетілген кезеңге осындай бейрезидент заңды тұлғаның табысынан осы тармаққа сәйкес төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына азайтылады.

Азайту салық агентінің салықты ұстауын растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.

Егер тұрақты мекеменің құрылуына әкелген қызметті бейрезидент әртүрлі салықтық кезеңдерде жүзеге асыратын болса, бейрезидент салық төлеуші әрбір салық кезеңі үшін салық декларациясын табыс етуге міндетті.

  
74-ТАРАУ. БЕЙРЕЗИДЕНТ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
653-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстары

Бейрезидент жеке тұлғаның мынадай табыстары:

1) сыртқы сауда қызметі жөніндегі келісімшартқа байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді қоспағанда, осы сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізумен байланысты төлемдер;

2) резидент сатып алушылар төлеген сатып алу кезіндегі борыштық бағалы қағаздар бойынша жинақталған (есептелген) сыйақылар сомалары;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыруға лицензиясына ие және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміндегі осындай дивиденттер мен сыйақыларды аудару күніндегі бағалы қағаздар бойынша дивиденттер мен сыйақылар;

4) егер осы тармақтың 3) тармақшасында өзгеше белгіленбеген болса, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, бір мезгілде мынадай:

дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтері құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне елу пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салуға жатпайды.

Егер дивидент төлейтін заңды тұлғаның акцияларының немесе қатысу үлестерінің кем дегенде елу пайызына ие салық төлеуші сол бір заңды тұлғаның акцияларын немесе қатысу үлестерін қосымша сатып алған болса, онда қосымша алынған акциялар немесе қатысу үлестеріне ие болу мерзімі қосымша алынған акциялар немесе қатысу үлестері бойынша мәміле жасасқан күнге салық төлеушіге тиесілі ең көп акция пакеттерін немесе ең көп қатысу үлесін алған күннен бастап есептеле бастайды.

Осы тармақшаның ережелері:

акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төлеуге жататын кіріс;

заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза кірістің бір бөлігі;

құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлға таратылған кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерін пропорционалды азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезінде, сондай-ақ заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін құрылтайшы, қатысушы алып қойған кезде мүлікті бөлуден түсетін кіріс түрінде резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтерге ғана қолданылады.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.

Жерасты суларын өз мұқтаждығы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;

Дивидент төлейтін заңды тұлға есептелген корпоративті табыс салығының төмендеуін қызмет бойынша, соның ішінде төмендеу көзделген инвестициялық келісімшарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша жүз пайызға көбейтетін болса, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіпте қолданылады:

егер жалпы двидент төлейтін заңды тұлға бойынша есептелген корпоративті табыс салығының жалпы сомасындағы жүз пайызға төмендетілгенкорпоративті табыс салығының үлесі елу және одан көп пайызды құрайтын болса, онда осы тармақта көзделген осындай заңды тұлғалар төлейтін дивидендтерден босату қолданылмайды;

егер жалпы двидент төлейтін заңды тұлға бойынша есептелген корпоративті табыс салығының жалпы сомасындағы жүз пайызға төмендетілгенкорпоративті табыс салығының үлесі елу пайыздан азды құрайтын болса, онда осы тармақта көзделген осындай заңды тұлғалар төлейтін дивидендтерден босату дивиденттердің барлық сомасына қолданылады;

5) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

6) өткізу күні осы қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға Ұлттық Банктің лициензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;

7) егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың кірістерін қоспағанда, бір мезгілде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;

эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;

эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай өткiзу күнiне елу пайыздан азын құрау талаптары орындалған кезде, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетін кірістер.

Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.

Егер акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларының немесе қатысу үлестерінің кем дегенде елу пайызына ие салық төлеуші бейрезидент сол заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын немесе қатысу үлестерін қосымша алса, онда қосымша алынған акциялар немесе қатысу үлестеріне ие болу мерзімі қосымша алынған акциялар немесе қатысу үлестері бойынша мәміле жасасқан күнге салық төлеушіге тиесілі ең көп акция пакеттерін немесе ең көп қатысу үлесін алған күннен бастап есептеле бастайды.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады;

8) осы Кодекстің ??? (192)-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;

9) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;

10) осы Кодекстiң ???(135-1)-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, Қазақстан Республикасынан тысқары жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде іс жүзінде жүргізген:

осындай дербес білім беру ұйымының қызметкері;

осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;

осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметін көрсететін бейрезидент заңды тұлғаның қызметкері және осындай жұмыстарды тікелей орындайтын және осындай қызмет көрсететін қызметкер болып табылатын бейрезидент жеке тұлға алған материалдық пайда;



11) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің ??? (90-бабы) 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы; 2020 жылға дейін қолданылады.

12) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есепке жазылған, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы. 2020 жылға дейін қолданылады.


654-бап. Төлем көзінен салық салуға жататын жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару тәртібі

  1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстiң ??? (200-1)-бабының 1-тармағында айқындалған табыстарды қоспағанда Қазаұстан Республикасындағы көздерден жеке тұлға резиденттің табыстары осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген мөлшерлемелер бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай салынады.

Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің ??? (87)-бабына сәйкес айқындалады.

2. Осы баптың ережелеріне қарамастан, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстің ??? (197)-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару осы Кодекстің 197-бабына сәйкес жүргізіледі.

3. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің ??? (155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің ??? (163)-бабы 2-тармағында айқындалған табыстарды қоса алғанда, бейрезидент жеке тұлғаның мынадай табыстарының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді:

жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;



жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары;

басшының қалам ақылары және (немесе) басқару органдары (директорлар кеңесі немесе басқа орган) мүшелерінің аталған адамдар өздеріне жүктелген резидентке қатысты басқарушы міндеттерін осындай міндеттер нақты орындалған жеріне қарамастан орындаумен байланысты алатын өзге де төлемдер;

жұмыс беруші болып табылатын резидент немесе бейрезидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты оған төленетін үстемақылары;

резидент бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері.

  1. Төлем көзінен салық салуға жататын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу және ұстауды салық аген осы баптың 7-тармағында көрсетілген жағдайда қоспағанда бейрезидент жеке тұлғаға табысын төлеген күннен кешіктірмей жүргізеді.

Салық агенті бейрезидент жеке тұлғаға табыс төлеуді жүзеге асыру нысаны мен орнына қарамастан, төлем көзінен жеке табыс салығын ұстайды.

5. Бюджетке бейрезидент жеке тұлғаның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы тармаққа сәйкес салық ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.

6. Кіріс шетел валютасымен төленген кезде төлем көзінен салық салынатын кіріс мөлшері кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып теңгемен қайта есептеледі.

7. Қызметі осы Кодекстің ??? (191)-бабы 9-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің шетелдік персоналды ұсынуы кезінде мұндай персоналдың Қазақстан Республикасындағы қызметінен алынған табысына төлем көзінен жеке табыс салығы салынады.

Бұл ретте бейрезидент жеке тұлғалардың табыстары, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты мұндай персонал алатын өзге материалдық пайда жеке табыс салығын салу объектісі болып табылады.

Егер ұсынылған персоналға табысты бейрезидент төлеген жағдайда, жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық базасын осы Кодекстің ??? (191)-бабының 9-тармағына сәйкес бейрезидент табыс ететін құжаттар негізінде салық агенті айқындайды.

Шетелдік персонал табысынан төлем көзінен жеке табыс салығын ұстауды салық агенті бейрезидент заңды тұлғаға шетелдік персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер үшін табыс төленген кезде жүргізеді.

Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмастан, осы Кодекстің ??? (155)-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, шетелдік персоналдың осы тармаққа сәйкес айқындалған табыстарының сомасына осы Кодекстің ??? (158)-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді.

Салық агенті орналасқан жері бойынша салықты ұстауға жататын айдан кейінгі айдың 25 күніне дейін төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығының сомасын аударуға міндетті.

8. Төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке табысты төлейтін және салық агенті деп танылған мынадай тұлғаларға:

1) дара кәсіпкерге;

2) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға. Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу

3) заңды тұлғаға, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке жүктеледі.

Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға оның филиалы, өкілдігі немесе филиал немесе өкілдік ашпаған тұрақты мекемесі Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күннен бастап салық агенті болып танылады;



  1. резидент заңды тұлғаны, соның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитент резидентіне.

Осы тараудың мақсаттары үшін резидент заңды тұлға өз шешімімен осы Кодекстің ??? (191)-бабында белгіленген тәртіппен мұндай құрылымдық бөлімше төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өз құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы;

5) заңды тұлғаға, оның ішінде осы Кодекстің ??? (191-бабының 9-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын бейрезидент оған шетелдік персоналды берген, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке;

6) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің ??? (200-1)-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптар орындалмаған кезде ??? (197) баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мүлікті сатып алатын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.

9. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезидент жеке тұлғаның табыстарынан есептелген жеке табыс салығының сомасын салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.


жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау