72-ТАРАУ. ҚЫЗМЕТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ ҚҰРУҒА АЛЫП КЕЛМЕЙТІН БЕЙРЕЗИДЕНТ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
644-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі
1. Қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтін бейрезидент заңды тұлғаның (бұдан әрі осы тараудың мақсатында - бейрезидент) Қазақстан Респбликасындағы көздерден табыстарына шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынады.
Бұл ретте төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті осы баптың 9-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында көрсетілген табыстардың сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы есептейді.
Төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыстар салығын есептеу мен ұстауды салық агенті:
1) есептелген және төленген табыстар бойынша – бейрезидентке табыстар төлеу күнінен кешіктірмей;
2) шегерімге жатқызылған, есептелген және төленбеген табыстар бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей жүргізеді.
2. Төлем көзiнен корпоративтік табыс салығын бейрезидентке табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.
3. Төлем көзінен бейрезиденттің кірісіне салық салу осы бейрезиденттің өз кірістеріне билік етуіне қарамастан, үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өзінің құрылымдық бөлімшелерінің пайдасына жүргізіледі.
4. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалады.
5. Салық агенті осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің кірістерінен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын өз қаражаты есебінен оны ұстаусыз төлеген кезде салық агентінің төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстап қалу және аудару бойынша міндеті орындалған болып есептеледі.
6. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке табысты төлейтін және салық агенті деп танылған мынадай тұлғаларға:
1) дара кәсіпкерге;
2) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.
Бұл ретте бейрезидент оның филиалын, өкілдігін Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойған күннен бастап салық агенті деп танылады.
3) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпастан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.
Бұл ретте бейрезидент филиал немесе өкілдік ашпастан оның тқрақты мекемесін Қазақстан Республикасының салық органдарында тіркеу есебіне қойған күннен бастап салық агенті деп танылады.
4) бейрезидент заңды тұлғаға, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі эмитентіне;
5) осы баптың 9-тармағының 8) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған кезде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 192-бап 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген мүлікті сатып алатын бейрезидент заңды тұлғаға жүктеледі.
7. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша бейрезиденттің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу, серіктестіктің жеке капиталы есебінен, оның ішінде бейрезиденттің салым құнын ұлғайтуға алып келген оның резервтың капиталы есебінен жарғылық капитал мөлшерін ұлғайту табысты төлеу деп түсініледі.
Осы бөлімнің мақсатында салық салу объектілерін осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес түзету кезінде пайда болатын дивидендтерге салық салу кезінде кірісті төлеу деп осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес кірісті айқындау түсініледі.
Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім кірісті төлеу күні болып табылады.
8. Бейрезиденттермен жасалған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жұмыстардың, қызметтердің алуан түрлерінің орындалуын, көрсетілуін көздейтін ережелер болған кезде, осы бапта белгіленген төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау тәртібі жұмыстардың, қызметтердің әр түріне жеке қолданылады. Бірыңғай өндірістік-технологиялық цикл шеңберінде бейрезидент орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің әрбір кезеңі бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында жұмыстардың, қызметтердің жеке түрі ретінде қаралады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша бейрезиденттің жалпы табыстар сомасы Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға негізделіп бөлінуге тиіс.
Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға бейрезиденттің жалпы табыс сомасын бөлу негізділігін растайтын, Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасалған есептік құжаттаманың көшірмелерін қызметтер алушыға табыс етуге міндетті.
Осы баптың ережелеріне сәйкес бейрезиденттің Қазақстан Республикасында салық салынуға тиісті табысының сомасын төмендетуге әкеп соққан бейрезиденттің табысын осындай бөлу болмаған немесе негізсіз бөлген кезде, Қазақстан Республикасында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де бейрезиденттің жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған жиынтық табыс сомасы салық салуға жатады.
9. Мыналар:
1) осы тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер салық салынуға жатпайды.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілген болса, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстарды ескере отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады.
Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуге, жұмыстар орындауға арналған шығыстар енгізілген болса, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома мұндай шығыстардан бөлек көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады;
2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
3) бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақыларды есептеу күнінде Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай дивидендтер мен сыйақылар;
4) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, егер осы тармақтың 3), 5) тармақшаларында өзгеше белгіленбесе, бiр мезгiлде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлеу күнiне елу пайыздан азын құрау талаптары орындалған кездегі дивидендтер салық салынуға жатпайды.
Егер дивиденттер төлейтін заңды тұлға қызмет бойынша, оның ішінде, азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын бір жүз пайызға азайтуды жүргізсе, осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:
егер дивидендтер төлейтін заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы жүз пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі елу және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерден босату қолданылмайды;
егер дивидендтер төлейтін заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы жүз пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі елу пайыздан аз болса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерден босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады.
Осы тармақта көрсетілген салық төлеушінің акциялар мен қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар мен қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастыруы нәтижесінде алған болса, акциялар мен қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.
Егер дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның акцияларының немесе қатысу үлестерінің кемінде елу пайызын иеленетін салық төлеуші сол заңды тұлғаның акцияларын немесе қатысу үлестерін қосымша сатып алса, онда қосымша сатып алынған акциялар мен қатысу үлестерін иелену мерзімі қосымша сатып алынған акциялар немесе қатысу үлестері бойынша мәміле жасау күні осындай салық төлеушіге тиесілі акциялардың немесе қатысу үлестерінің ең көп топтамасын сатын алу күнінен бастап есептеледі;
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өзінің құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде салған мүлкін қоспағанда, заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғадағы қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтер бойынша қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкінің дивидендтер төлейтін заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды;
уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетіндерді қоспағанда, заңды тұлғалар-жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін дивидендтер, егер осы тармақтың 3) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеуші-бейрезиденттің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төленетін заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы дивидендтер есептелген, алдыңғы айдың бірінші күніне аталған кезеңде жеке меншіктегі және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатты тараппен өзара байланысты болып табылатын заңды тұлғаға – резидентке тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде отыз бес пайызын кезекті қайта өңдеуді (бірінші қайта өңдеуден кейін) он екі айлық кезең ішінде жүзеге асырады.
Егер қызметі бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды дивидендтерді төлейтін заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жағдайда, оның ішінде инвестициялық шарт шеңберінде жүзеге асырылатын, сол бойынша осындай азайту көзделген болса, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:
Егер жүз пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі тұтастай алғанда заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 50 және одан көбірек пайызды құраса, онда осы тармақта көзделген, осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушыға төленетін дивидендтерді босату қолданылмайды;
Егер жүз пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі тұтастай алғанда заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушы бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында кемінде 50 пайызды құраса, онда осы тармақта көзделген, осындай заңды тұлға-жер қойнауын пайдаланушыға төленетін дивидендтерді босату дивидендтердің барлық сомасына қолданылады.
Осы тармақта көрсетілген салық төлеушінің акциялар мен қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар мен қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастыруы нәтижесінде алған болса, акциялар мен қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.
Егер дивидендтер төлейтін, акциялардың немесе қатысу үлестерінің кемінде елу пайызын иеленетін салық төлеуші қосымша сол заңды тұлғаның акцияларын немесе қатысу үлестерін иеленсе, онда қосымша акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімі, осындай қосымша акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену бойынша мәмілелер жасалған күнге салық төлеушіге тиісті болатын акциялардың неғұрлым көбірек пакетін немесе көбірек қатысу үлестерін иеленген күннен бастап есептелетін болады.
Осы тармақтың мақсатында кейіннен қайта өңдеуге бағытталған көмірді қоса алғандағы минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде кез келген қайта өңдеудің нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;
кейіннен қайта өңдеуде әрі қарай пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеудің өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.
Осы тармақтың ережелері тек заңды тұлға-резидентінен алынған дивидендтерге мынадай түрде қолданылады:
акциялар бойынша, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі түріндегі табыс;
жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшы, қатысушы енгізген мүлікті қоспағанда, заңды тұлғаны тарату кезінде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн пропорционалды түрде азайту арқылы не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу арқылы жарғылық капиталды азайту кезiнде, сондай-ақ заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бөлігін құрылтайшыға, қатысушыға қайтару кезінде мүлікті бөлуден түсетін табыс;»;
6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;
7) Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың саудасын ұйымдастыруға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында немесе осы қор биржасының ресми тізімдерінде өткізу күні болатын бағалы қағаздардың шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;
8) уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғалардың табыстарын қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғада немесе консорциумда қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құнның артуынан түсетін табыстар, егер осы тармақтың 7) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент-заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін осындай консорциумда өткізетін концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент-заңды тұлға немесе өзіндегі қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлға активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының елу пайыздан аспайтын осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi құрау талаптары орындалған кезде қолданылады.
Осы тармақта көрсетілген салық төлеушінің акциялар мен қатысу үлестерін иелену мерзімі, егер мұндай акциялар мен қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастыруы нәтижесінде алған болса, акциялар мен қатысу үлестерінің бұрынғы меншік иелерінің иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрінде айқындалады.
Егер акциялардың немесе қатысу үлестерінің кемінде елу пайызын иеленетін салық төлеуші қосымша сол заңды тұлғаның акцияларын немесе қатысу үлестерін иеленсе, онда қосымша акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімі, осындай қосымша акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену бойынша мәмілелер жасалған күнге салық төлеушіге тиісті болатын акциялардың неғұрлым көбірек пакетін немесе көбірек қатысу үлестерін иеленген күннен бастап есептелетін болады.
Жерасты суларын және (немесе) базалық құрылыс материалдарын өз мұқтаждығы үшін өндірудің айрықша құқығына ие болғандықтан ғана пайдаланушы болып табылатын осындай жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың мақсатында, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін, алдыңғы айдың бірінші күніне аталған кезеңде жеке меншіктегі және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өндірістік қуатты тараппен өзара байланысты болып табылатын заңды тұлғаға – резидентке тиесілі көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде отыз бес пайызын кезекті қайта өңдеуді (бірінші қайта өңдеуден кейін) он екі айлық кезең ішінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды.
Кейіннен қайта өңдеуге бағытталған, көмірді қоса алғандағы минералдық шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта бөлуде кез келген қайта өңдеудің нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей бағытталған;
кейіннен қайта өңдеуде әрі қарай пайдалану мақсатында бастапқы қайта өңдеудің өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат ескеріледі.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын адамдардың (адамның) мүлкінің, акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады;
9) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;
10) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін табыстар;
11) осы Кодекстің ???-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
12) 2012 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда есептелген осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің ???(90)-бабы 2-1-тармағында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы. 2020 жылға дейін қолданыста болады.
13) осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, борышты кешіру осы Кодекстің 90-бабының 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша берешек сомасы. 2020 жылға дейін қолданыста болады.
645-бап. Төлем көзінен табыс салығының мөлшерлемелері
1. Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары егер өзгеше осы баптың 2-тармағында көзделмеген болса, мынадай мөлшерлемелер бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:
1) осы баптың 2) – 5) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің ???? (192)-бабында айқындалған табыстар – жиырма пайыз;
2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – он бес пайыз;
3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – бес пайыз;
4) халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар – бес пайыз;
5) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти – он бес пайыз.
2. осы кодекстің ??? (192) бабында айқындалған уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның кірістері, жиырма пайыз сөлшерлеме бойынша.
646-бап.Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын аударудың тәртібі мен мерзімдері
1. Бейрезидент заңды тұлғаның кірістерінен ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салық агенті бюджетке:
1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша – кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша;
2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңіндегі соңғы күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс.
Осы тармақшаның ережесі өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;
алдын ала төлем төленген жағдайда – төленген алдын ала төлем сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс есепке жазылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс.
2. Егер бейрезиденттің табысының есептелген сомасы осы Кодекстің ??? (148)-бабында белгіленген салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда шегерімге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте бейрезидентке мұндай табысты төлеу осындай кезең өткеннен кейін жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға тиіс.
3. Төлем көзінен табыс салығының сомасын бейрезидент табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.
647-бап. Салық есептілігін табыс ету
Салық агентi өзiнің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезиденттiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмде:
1) бірінші, екінші және үшінші тоқсандар үшін – бейрезидентке табыстар төлеу жүргізілген тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей;
2) төртінші тоқсан үшін – бейрезидентке табыстар төлеу жүргізілген және (немесе) бейрезиденттің есептелген, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған, осы Кодекстің ????(148)-бабында белгіленген есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге мiндеттi.
648-бап. Салық есептілігін табыс ету ерекшеліктер
Қызметін Қазақстан Республикасында филиал арқылы немесе халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің ??? бабының 7-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға әкелмейтін өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің 149-бабында белгіленген мерзімде орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етеді.
649-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстардан салықты есептеу, ұстау және аудару
1. Осы бап мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікке құқық немесе мүлікпен жасалатын мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті;
3) резидент шығарған акцияларды және жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерін;
4) осы Кодекстің ???(193)-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе ???(200-1)-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, резидент заңды тұлға шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;
5) осы Кодекстің ???(193)-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында немесе ???(200-1)-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде, бейрезидент заңды тұлға шығарған акцияларды және бейрезидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы көздерден құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.
Бұл ретте құн өсiмi мынадай тәртіппен:
1) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген мүлікті өткiзу кезінде - мүлікті өткiзу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретiнде;
2) акцияларды және қатысу үлестерiн өткiзу кезінде - осы Кодекстiң ???87-бабына сәйкес айқындалады.
Жерасты суларын өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы болып танылмайды.
2. Осы Кодекстің осы бабының және ???(133, 156, 193 және 200-1)-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) заңды тұлға активтерінің құнындағы мүлкінің үлесі акцияларды (қатысу үлестерін) өткізу немесе дивидендтерді төлеу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкі құнының (құндарының) осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құнына арақатынасы ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің осы бабының және ???(133, 156, 193 және 200-1)-баптарының мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) консорциумға қатысушылар активтерінің жалпы құнындағы мүлкінің үлесі қатысу үлестерін өткізу күніне оның (олардың) акцияларын немесе ондағы (олардағы) қатысу үлестерін қатысу үлестері өткізілетін консорциумға қатысушылар иеленетін жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) мүлкінің құны сомасының осындай қатысушылар активтерінің жалпы құны сомасына арақатынасы ретінде айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкінің құны:
1) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушыдағы қатысу үлесінің;
2) дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлға иеленетін, осындай жер қойнауын пайдаланушы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.
Дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның барлық активтері баланстық құнының сомасы осындай заңды тұлға активтерінің жалпы құны болып танылады.
Активтердің баланстық құны дивидендтер төлейтін немесе оның (ондағы) акциялары (қатысу үлестері) өткізілетін заңды тұлғаның немесе ондағы қатысу үлестері өткізілетін консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе осындай консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:
1) дивидендтер төлеген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күнгі жеке қаржы есептілігінің;
2) дивидендтер төленген немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығы сатып алушыға берілген күні жеке қаржы есептілігі болмаған кезде – дивидендтер төлеу немесе акциялардың (қатысу үлестерінің) меншік құқығын сатып алушыға беру күнінің алдындағы соңғы есепті күнгі жеке қаржы есептілігінің деректері негізінде айқындалады.
3. Осы Кодекстің 632-бабының 9-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, бейрезиденттің осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстары осы Кодекстің ???(194)-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.
4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мыналарды:
1) сәйкестендіру нөмірін және (немесе) резиденттік еліндегі оның аналогын және көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) өткізуші және сатып алушы заңды тұлғаның атауын және (немесе) жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
2) көрсетілген акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағаларын;
3) жасалған мәміле бойынша табыс төлеу күнін;
4) мәміле жасасқан жылдың алдындағы соңғы үш жылда ол өз қызметін жүзеге асырған мемлекеттердің тізімін қоса алғанда, сатып алушының бұрынғы қызметі туралы мәліметтерді;
5) басқа тұлғалармен мүлікті өткізуші тұлғаның үлестестігі туралы мәліметтерді (тікелей немесе жанама қатысу мөлшерін) көрсете отырып, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді.
5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан мәліметтер алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзіне сатылы тұрғыда тікелей бағынысты салық органына бір мезгілде хабарлай отырып, осы Кодекстің ???197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленетін заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.
6. Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай заңды тұлғаға акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алушы туралы, сондай-ақ мұндай акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу бағасы туралы мәліметтерді жіберуге міндетті.
7. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізуші тұлға сатып алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті.
Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етпеген жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.
8. Табыс салығын төлем көзінен есептеу, ұстау және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін салық агентіне жүктеледі.
Бұл ретте бейрезидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің, сондай-ақ қызметі осы Кодекстің немесе халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтін филиалының, өкілдігінің болуына немесе болмауына қарамастан, салық агенті болып танылады.
9. Салық агенті болып табылатын бейрезидент осы Кодекстің ???(562)-бабында белгіленген тәртіпте салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
10. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, бейрезидентке табысты төлеу кезінде ұстайды.
11. Салық агенті болып табылмайтын тұлғадан осы баптың 1-тармағында көрсетілген құн өсімі түрінде табыс алатын бейрезидент осындай табыс сомасына осы Кодекстің ???(194)-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен табыс салығын есептеуді дербес жүргізеді.
12. Салық агентi табыс салығының сомасын бюджетке аударуды осы Кодекстiң ???(195)немесе 161 -бабында белгiленген мерзiмде жүргiзедi.
Осы баптың 11-тармағына сәйкес есептелген табыс салығын бюджетке аудару салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін салық агенті осы Кодекстің ???196 және 203-баптарында белгіленген мерзімде өзінің Қазақстан Республикасындағы тіркелу есебінің орны бойынша салық органына табыс етеді.
Табыс салығын осы баптың 11-тармағына сәйкес есептейтін бейрезиденттер табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекстің ??? (149-1 немесе 205)-баптарында белгіленген мерзімде табыс етеді.
13. Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентiнiң (салық төлеушінің) қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға табыс салығын салық агентінен (салық төлеушіден) табыс салығының сомасы алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бюджетке аударуға тиіс. Бейрезиденттiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін осындай резидент заңды тұлға салық агентінен табыс салығының сомасы алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, резидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға салық агентi (салық төлеуші) аударған табыс салығының сомасы осындай резидент заңды тұлғаның табысы болып танылмайды.
14. Салық агентi (салық төлеуші) осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмейтін мерзімде бейрезидент үшiн құн өсiмiнен түсетін табыстардан табыс салығын төлеудi өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқығы бар.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлға осы тармаққа сәйкес табыс салығын төлеу кезінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтер алынған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бейрезиденттің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
Бұл ретте бейрезидент үшiн төленген салық сомасы жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезiнде шегерiмге жатқызылмайды.
15. Салық агентi (салық төлеуші), осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлға осы баптың 11, 12, 13 және 14-тармақтарының ережелерін қолданбаған жағдайда, мұндай міндеттемені орындау осы Кодекстің ????85 және ????86-тарауларында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаға жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |