Салық кодексі жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер


-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері



жүктеу 16,95 Mb.
бет97/97
Дата18.12.2017
өлшемі16,95 Mb.
#4751
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97

751-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

1. Базалық құрылыс материалдары мен емдік балшықтарға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын заңда белгіленген, өндірілген базалық құрылыс материалдары мен емдік балшықтың 1 тоннасы үшін бір айлық есептік көрсеткіштің мынадай мөлшерінде белгіленеді:




№ п/п

Базалық құрылыс материалдарының атауы

Мөлшерлеме, АЕК-те

1

2

3

1

Ұсақ жұмыр тас, қиыршық тас, саз, сазды тақта тастар, шойтас, суглинка, қиыршық тас-құм қоспасы, торф, сазды әктас, құрылыс құмы


0,02

2. Жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мынадай мөлшерінде белгіленеді:




№ р/с

Пайдалы қазбалардың атауы

Мөлшерлемелер, АЕК-те

1

2

3

1.

Осы кестенің 2-12-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы

1,000

2.

Табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес су тұтынушыларға және сумен жабдықтау жөніндегі ұйымдарға сумен жабдықтау қызметтерін көрсету үшін пайдаланған жерасты суы

0,001

3.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісіне өткізген жерасты суы

0,001

4.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол:




4.1.

пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде және (немесе) ол басқа жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде соңғысы пайдалану үшін көлемі есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген құжатта көрсетілген, сумен жабдықтау жүйелері бойынша іс жүзінде берілген су шегінде пайдаланған жерасты суы

0,003

4.2.

жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерге санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерді орындау үшін, оның ішінде санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды (кір жуатын, әжетхана, жуынатын, шомылатын орындарды) қамтамасыз ету үшін пайдаланған жерасты суы

0,003

5.

Өндірістік-техникалық, техногендік жерасты сулары

0,003

6.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол медициналық қызметті, жұмыскерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ жұмыскерлердің қоғамдық тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы Кодекстің 239-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін іске қосу кезінде ол пайдаланған жерасты суы

0,003

7.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өңірдің әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік сала объектілерін күтіп-ұстау үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

8.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің жұмыс өндірісі объектісінде болу кезеңінде тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

9.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) оны қайта өңдеу үшін пайдаланған жерасты суы

0,003

10.

Санаторий-курорттық ұйым (санаториялар, профилакториялар) болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтер көрсету үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

11.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтер көрсету үшін ол санаторий-курорттық ұйымдарға (санаторияларға, профилакторияларға) өткізген жерасты суы

0,003

12.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасына сәйкес туристерді орналастыру орындарын пайдалануға беру үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

13.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес балаларға арналған сауықтыру лагері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және балаларға арналған сауықтыру лагерінің жұмыс істеу мақсаттары үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

14.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындар өндіру үшін ол пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауыз су жерасты суы (4.2., 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-жолдарда көрсетілген мақсаттарға пайдаланылған жерасты суын қоспағанда)

0,250

3. Өндірілген жерасты суын бөлек есепке алу болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгіленген жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қолдану мақсатында мөлшерлеменің ең үлкен мөлшері қолданылады.


752-бап. Салық кезеңі

Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
753-бап. Төлеу мерзімдері

Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын орналасқан жерi бойынша бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
754-бап. Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруге салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi екінші айдың 15-нен кешiктiрмей береді.

87-ТАРМАҚ. ҮСТЕМЕ ПАЙДА САЛЫҒЫ
755-бап. Жалпы ережелер

1. Үстеме пайда салығы жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 743-бабына сәйкес үстеме пайда салығын төлеуші болып табылатын жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық кезеңінде есептеледі.

2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушы осы тарауда белгіленген тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша салық салу объектісін, сондай-ақ салық салумен байланысты мынадай объектілерді:

1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты;

2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табысты;

3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жылдық жалпы табысты;

4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерді;

5) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын;

6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табыс салығының есеп айырысу сомасын айқындайды.
756-бап. Төлеушілер

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар үстеме табыс салығын төлеушілер болып табылады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:

1) осы Кодекстің 715-баптың 1-тармағында көрсетілген;

2) осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемеген жағдайда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға және (немесе) өндіруге;

3) барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушылар осы тарауда белгіленген үстеме салығын төлеушілер болып табылмайды
757-бап. Салық салу объектісі

Осы Кодекстің 751-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25 пайызына тең сомадан асатын салық кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша осы Кодекстің 748-бабына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін айқындалған жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объектісі болып табылады.
758-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс

1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс осы Кодекстің 749-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табыс пен осы Кодекстің 752-бабына сәйкес есептелген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттер үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс осы Кодекстің 753-бабына сәйкес есептелген осы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен байланысты тұрақты мекеменің таза табыс салығының есеп айырысу сомасына қосымша азайтылады.
759-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табыс

Осы тараудың мақсатында салық салынатын табыс осы Кодекстің 287-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына азайтуды ескере отырып, осы Кодекстің 750-бабына сәйкес айқындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жылдық жалпы табыс пен осы Кодекстің 751-бабына сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
760-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жылдық жалпы табыс

1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жылдық жалпы табысты келісімшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы айқындау тәртібі осы баптың 2-тармағында көрсетілген осы Кодекстің 228, 234 және 235-баптарында көзделген табыстарды қоспағанда жылдық жалпы кірісті айқындау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша айқындайды.

2. Үстеме пайда салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 228, 234 және 235-баптарында көзделген табыстар осы Кодекстің 228, 258, 259, 270-баптарында көрсетілген активтерді өткізу, беру және кетудің толық құны мөлшерінде айқындалады.
761-бап. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер

1. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша шегерімдер:

1) осы Кодекстің 242-248, 252-257, 261-263, 272 -баптарына сәйкес есепті салық кезеңінде келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылған шығыстардың;

2) мыналарға:

тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық балансына;

осы Кодекстің 258, 259, 260-баптарына сәйкес пайда болған амортизацияланатын активтердің жекелеген топтарына енгізуге жататын, салық кезеңі ішінде келтірілген нақты шығындар сомасы ретінде айқындалады.

Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жалпы және (немесе) жанама активтерді сатып алу бойынша шығындар жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңі үшін шығарған тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша шегерімге жатқызуға жатады.

2. 2018 жылғы салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсатында 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін үстеме пайда салығын есептеу мақсатында шегерімге жатқызылмаған шығындардың үстеме пайда салығын есептеу мақсатында жиналған соманы бір жолғы шегерім жүргізіледі.

3. Үстеме пайда салығын есептеу мақсатында шегерімдер салық кезеңі үшін жылдық жалпы табыс сомасынан асып түскен жағдайда асып түсу шамасы аталған салық кезеңдерінің үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынбайтын табыс есебінен өтелуге ауыстырылады.
762-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салық кезеңі үшін осы Кодекстің 311-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеменің және осы Кодекстің 287-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ осы Кодекстің 298 және 299-баптарына сәйкес ауыстырылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша залалдар сомасына азайтылған, осы Кодекстің 301-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтіндісі ретінде айқындалады.
763-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы

Осы тараудың мақсаты үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңінде осы Кодекстің 643-бабының 1-тармағында белгіленген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық мөлшерлемесінің және осы Кодекстің 643-бабында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша есептелген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық салу объектісінің көбейтіндісі ретінде айқындалады.
764-бап. Есептеу тәртібі

1. Салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстің 351-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектісінің әрбір бөлігіне қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану үшін жер қойнауын пайдаланушы:

1) салық салу объектісін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын салумен байланысты объектілерді айқындайды;

2) осы Кодекстің 351-бабында белгіленген әрбір деңгей бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомаларын мынадай тәртіппен:

1 - 6-деңгейлер үшін - осы Кодекстің 351-бабында келтірілген кестенің 3-бағанында белгіленген әрбір деңгей үшін пайыздың және үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының көбейтіндісі ретінде;

7-деңгей үшін:

егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан көп болса - үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы мен үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сома арасындағы айырма ретінде;

егер үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдер сомасының 70 пайызына тең сомадан аз немесе соған тең болса - нөл ретінде айқындайды;

3) осы Кодекстің 351-бабында көзделген деңгейлер бойынша үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық кезеңінде алынған нақты таза табысты мынадай тәртіппен бөледі:

1-деңгей үшін:

егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан асса, бірінші деңгей үшін бөлінген таза табыс бөлігі бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;

егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасы бірінші деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан аз болса, бірінші деңгей үшін бөлінген таза табыс бөлігі салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс сомасына тең болады. Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу келесі деңгейлер үшін жүргізілмейді;

2 - 7-деңгейлер үшін:

егер салық кезеңі үшін үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөлігінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан асса немесе соған тең болса, осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осы тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасына тең болады;

егер салық кезеңі ішінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыс пен алдыңғы деңгейлер бойынша таза табыстың бөлінген бөлігінің жалпы сомасы арасындағы айырма тиісті деңгей үшін таза табысты бөлудің шекті сомасынан аз болса, осы деңгей үшін таза табыстың бөлінген бөлігі осындай айырмаға тең болады.

Бұл ретте үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу келесі деңгейлерге арналып жүргізілмейді.

Таза табыс бөліктерінің деңгейлері бойынша бөлінген жалпы сома салық кезеңі ішінде үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табыстың жалпы сомасына тең болуға тиіс;

4) үстеме пайда салығының тиісті мөлшерлемесін осы Кодекстің 351-бабына сәйкес таза табыстың әрбір деңгейі бойынша бөлінген бөлігіне қолданады;

5) осы Кодекстің 755-бабында көзделген барлық деңгей бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, салық кезеңі үшін үстеме пайда салығының сомасын айқындайды.
765-бап. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері, үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомасын есептеу үшін пайыздардың деңгейлері мен мөлшері

Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушы мынадай тәртіппен айқындалатын мөлшерлемелердің өзгермелі шкаласы бойынша төлейді:


Деңгей №

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлу шкаласы, шегерім сомасының пайызы

Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты бөлудің шекті сомасын есептеу үшін пайыз

Мөлшерлеме (%-да)

1

2

3

4

1

25 пайыздан кем немесе тең

25

белгіленбейді

2

25 пайыздан 30 пайызға дейін қоса алғанда

5

10

3

30 пайыздан 40 пайызға дейін қоса алғанда

10

20

4

40 пайыздан 50 пайызға дейін қоса алғанда

10

30

5

50 пайыздан 60 пайызға дейін қоса алғанда

10

40

6

60 пайыздан 70 пайызға дейін қоса алғанда

10

50

7

70 пайыздан жоғары

Осы Кодекстің 750-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес

60


766-бап. Салық кезеңі

1. Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күнтізбелік жыл ішінде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.

3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, күнтізбелік жыл басталғаннан жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.

4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы осы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша үстеме пайда салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
767-бап. Салықты төлеу мерзімі

Үстеме пайда салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төленеді.
768-бап. Салық декларациясы

Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

88-ТАРАУ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН

БАЛАМА САЛЫҚ
769-бап. Жалпы ереже

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған балама салықты
Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында сәйкес:


1) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында көмірсутекті өндіруге арналған және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарт;

2) тереңдігі жоғарғы нүктесіне тау-кендік бөлудің шекаралары
4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлудің төменгі нүктесінен
5000 метр және одан төмен кен орындары бойынша көмірсутекті
өндіруге арналған және (немесе) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасасқан заңды тұлғалар - жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың және үстеме пайда салығының орнына қолдануға құқылы.


Осы құқықты қолдану жер қойнауын пайдалануға арналған өндіру келісімшарты жасалған күннен бастап немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарт бойынша өндіру кезеңі басталғаннан тиісті келісімшарттың қолданылуы аяқталған күнге дейін жүргізіледі және өзгертуге жатпайды.

Салық төлеуші осы құқықты қолдану туралы хабарламаны өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шарт бойынша өндіру кезеңі басталғаннан бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына жібереді.

Осындай хабарлама болмаған жағдайда тарихи шығындарды
өтеу жөніндегі төлем, пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен
үстеме пайда салығы бойынша салық міндеттемесін орындау
осы Кодекстің 86-91-тарауларында көзделген тәртіппен жүзеге а
сырылады.


2. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап баламалы тәртіпті қолдану құқығы жер қойнауын пайдаланушылар осы баптың 1-тармағында көрсетілген, 2018 жылғы 1 қаңтарына дейін жасалған келісім-шарт бойынша арнайы төлемдер мен салықтар бойынша салық міндеттемесін орындауды жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қолданудың қалған барлық кезеңіне жүргізіледі және өзгертуге жатпайды, бұл туралы салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына 2018 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей хабарлама жібереді.
770-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған балама салықты есептеу тәртібі

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған балама салығы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша салық кезеңі үшін айқындалады.

2. Жер қойнауын пайдалануға арналған балама салықтың салық салу объектісі жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін жылдық жиынтық табысы пен осы Кодекстің 286-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықтың мақсаттары үшін шегерімдердің арасындағы айырмасы ретінде айқындалады.

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу мақсаттары үшін жылдық жиынтық табыс жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу мақсатында жылдық жиынтық табысқа қосуға жатпайтын теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуін қоспағанда, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және осы Кодекстің 241-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзетуді есепке алмай айқындалады.

4. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу мақсаты үшін шегерімдер корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін мыналар:

шегерімге жатпайтын, оның ішінде осы Кодекстің 246-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын немесе күрделі шығындар ретінде есепке алынуға жататын сыйақы;

шегерімге жатпайтын теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуі ;

шегерімге жатпайтын есептелген (есепке жатқызылған) корпоративтік табыс салығының сомасы ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіпте айқындалады.

5. Егер сол және бір шығыстар (шығындар) осы баптың 4-тармағында белгіленген шығыстардың (шығындардың) бірнеше түрінде көзделген жағдайда, онда жер қойнауын пайдалануға арналған балама салықты есептеу кезінде аталған шығыстар (шығындар) тек бір рет шегеріледі.

6. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықтың салық салу объектісінің жүргізу жолымен және осы Кодекстің 761-бабында белгіленген мөлшерлемемен жүргізіледі.
771-бап. Салық мөлшерлемесі

Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық осы Кодекстің 734-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен есептелген мұнайдың әлемдік бағасын негізге ала отырып, мына мөлшерлемелер бойынша есептеледі:


р/с№

Әлемдік баға

Мөлшерлеме %-бен

1

2

3

1.

бiр баррель үшiн 50 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

0

2.

бiр баррель үшiн 60 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

6

3.

бiр баррель үшiн 70 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

12

4.

бiр баррель үшiн 80 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда

18

5.

бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларына дейiн қоса алғанда


24

6.

бiр баррель үшiн 90 АҚШ долларынан жоғары


30


772-бап. Салық кезеңі

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салық үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып табылады.

2. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт
күнтізбелік жыл ішінде жасалса, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.


3. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған
келісімшарттың қолданысы күнтізбелік жылдың соңына дейін
өткен болса, күнтізбелік жыл басталғаннан жер қойнауын
пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.


4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін күшіне енген
ер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың
қолданысы осы күнтізбелік жылдың соңына дейін өткен болса,
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

773-бап. Салықты төлеу мерзімі

Жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы с
алық салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке
декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төленуге жатады.

774-бап. Салық декларациясы

Салық төлеуші жер қойнауын пайдалануға арналған баламалы
салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық
органына салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.



89-ТАРАУ. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУГЕ САЛЫҚ ЖӘНЕ КӨМІРСУТЕК БОЙЫНША ЭКСПОРТҚА РЕНТА САЛЫҒЫ, РОЯЛТИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНІМДІ БӨЛУ БОЙЫНША ҮЛЕСІ ЖӨНІНДЕГІ САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН ЗАТТАЙ НЫСАНДА ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ

775-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салық міндеттемесін заттай нысанда орындау тәртібі

1. Роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін ақшалай нысанда орындау мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

1) осы Кодекстің 715-бабында көрсетілген, өнімді
бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған
келісімшартта роялтиді және (немесе) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының беруі көзделген;


2) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау
есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет
атынан алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған кезде уақытша, толық немесе ішінара заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.


2. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау үшін:

1) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің
715-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен
жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не осындай келісімде және (немесе) келісімшартта көзделген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға береді;


2) мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, пайдалы қазбаларды дербес немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға арқылы өткізеді.

Жер қойнауын пайдаланушы міндеттемені заттай нысанда орындауы есебіне алынған пайдалы қазбаларды өткізуді мынадай:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) айқындылылық;

4) адалдық;

5) әділдік;

6) мейлінше жоғары пайда алу;

7) ілеспе шығыстарды мейлінше азайту қағидаттарын сақтай отырып, жүзеге асырады;

3) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелген мөлшерде ағымдағы төлемдерді айқындайды және бюджетке аударады;

4) жер қойнауын пайдаланушы, мемлекет атынан алушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша декларацияны (ағымдағы төлемдердің есебін) орналасқан жеріндегі салық органдарына осы Кодексте көзделген тәртіппен және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етеді.

3. Күнтізбелік тоқсан салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін заттай нысанда орындауы үшін салық кезеңі болып табылады.

Салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушы салық
міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы
қазбаларды іс жүзінде өткізуден алынған ақшаны төлеу
бөлігіндекүнтізбелік жыл мемлекет атынан алушы үшін салық кезеңі болып табылады.


4. Салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда
берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.


5. Жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай
нысанда орындау туралы декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей табыс етеді.


6. Мемлекет атынан алушы орналасқан жеріндегі салық органына:

1) салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей табыс етеді.

Осы Кодекстің 204-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін табыс етуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін оны кері қайтарып алуға жол берілмейді;

2) күнтізбелік жыл үшін салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Мемлекет атынан алушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындауға байланысты қызметке қатысты корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс етпейді.

7. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ағымдағы төлемдерді қоспағанда, салық кезеңі ішінде мемлекет атынан алушы тоқсан сайын салықтарды заттай нысанда төлеу есебіне ағымдағы төлемдерді айқындайды және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударады.

Алдыңғы салық кезеңдері үшін алынған, бірінші тоқсанда өткізілген пайдалы қазбалар бойынша ағымдағы төлемдер алдыңғы күнтізбелік жылдың төртінші тоқсаны үшін заттай нысандағы ағымдағы төлемдердің қосымша есебінде көрсетілуге жатады және осы баптың 8-тармағында
белгіленген мерзімде бюджетке аударылады.


Ағымдағы төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес
өтелуге жататын, осындай өткізу бойынша шығыстар азайтыла
отырып, тиісті салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өткізуден алынған
ақша мөлшерінде бюджетке аударылады.


8. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы
декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін
күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер
қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды
өткізуден алынған ақшаны төлеуді мемлекет атынан алушы жүзеге асырады. Мұндай төлеу өнімді бөлу туралы тиісті келісімде (келісімшартта)
және (немесе) осы Кодекстің 715-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген валютада жүзеге асырылады.


Заттай нысандағы салық міндеттемесінің күнтізбелік
жыл үшін мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.


9. Төлеу (аудару) кезінде төлем құжаттарында мемлекет атынан алушының атауы мен сәйкестендіру нөмірі де көрсетіледі.

10. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемінің ақшалай мәнге аударылғандағы мөлшерінде айқындалады.

11. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша
пайдалы қазбалардың физикалық көлемі жер қойнауын пайдаланушы
үшін салық кезеңінде берілуге жататын пайдалы қазбалардың
физикалық көлемі мен салық кезеңінде нақты берілген
пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.


Пайдалы қазбалардың физикалық көлемі осы Кодекстің
715-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерге
(келісімшарттарға), Қазақстан Республикасының Президенті
бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес айқындалған шартты бағалар қолданыла отырып, ақшалай мәнге аударылады.


Осы Кодекстің 715-бабында көзделген, өнімді бөлу
туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан
Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта шартты бағаларды айқындау тәртібі болмаған
жағдайда, мұндай шартты бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.


12. Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған
салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық
көлемі мемлекет атынан алушы үшін Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне
сәйкес есептелетін салық міндеттемесін орындау есебіне заттай
нысанда алынған пайдалы қазбалардың есепті күнтізбелік жылда
өткізуге жататын физикалық көлемі мен есепті күнтізбелік жылда
нақты өткізілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі
арасындағы айырма ретінде айқындалады.


Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған
салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық
көлемі мемлекет атынан алушы үшін есепті күнтізбелік жылдағы
орташа өлшемді нақты баға қолданыла отырып, бірақ осы
баптың 11-тармағында көзделген орташа өлшемді шартты бағадан кем болмайтындай ақшалай мәнге аударылады.

776-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi

1. Осы Кодекстің 708-бабының 2-тармағында және
730-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда, салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.


2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын
және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын төлеудің
ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық немесе iшiнара жүргізілуі мүмкін.


3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген
пайдалы қазбаларды өндіру салығының және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығының мөлшері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде ақшалай мәнде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.


Міндеттемені орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы
заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау,
оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.


4. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы
қазбаларды өндіру салығын және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеуі көзделетін қосымша келісім жасалған кезде онда:


1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы,
көмісутектер бойынша экспортқа рента салығы түрінде
Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін мемлекет атынан алушы;


2) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін жеткізу пункті, шарттары және мерзімдері міндетті түрде көрсетіледі.

5. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру
салығын және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығын
төлеу есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбаларды
салық төлеушінің беру мерзімдері осы Кодексте белгіленген осы салықтар мен төлемдерді ақшалай нысанда төлеу мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.


6. Мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, көмірсутектер экспортқа рента салығының тиесілі сомасын осы Кодексте белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімдерінде ақшалай нысанда бюджетке аударады.

7. Мемлекет атынан алушы салық төлеушінің пайдалы қазбалардың тиiстi көлемін өзіне уақтылы әрі толық беруiне бақылауды дербес жүзеге асырады.

Салық төлеуші Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және көмірсутектер бойынша экспортқа рента салығының бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына салық төлеуші пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауапты болады.

8. Салық төлеуші және мемлекет атынан алушы орналасқан


жері бойынша салық органдарына осы Кодексте белгіленген шикі мұнай, газ конденсаты бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығының және экспортқа
рента салығының мөлшерлері және төлеу (беру) мерзімдері туралы осы Кодексте белгіленген мерзімде заттай нысанда және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша есептілік ұсынады.

Қазақстан Республикасының

Президенті
жүктеу 16,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау