«Қостанай облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118 «А», анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 54-94-86, 54-94-93, электрондық пошта: 7142382@prokuror.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. Қостанай облысы прокуратурасы Аппаратындағы құқық қорғау қызметтері орталығының жұмысы бойынша тобының бас маманы, C-О-5 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83 353 тенгеден 112 376 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
1. Қостанай облысы прокуратурасының құқық қорғау орталығы операциялық залының тиісінше жұмыс істеуін ұйымдастыруын қамтамасыз етеді (әрі қарай - ҚҚО);
2. ҚҚО-қа келушілерді қарсы алады және анықтама түрінде ақпарат береді;
3. Арызданушы берген мәліметтерге сәйкес ҚҚО автоматтандырылған жұмыс орнында формулярды толтырып ҚҚО-ның прокурорына жолдайды;
4. ҚҚО-ның кезекші прокурорының жеке қабылдауынан жеке карточкаларын толтыруын рәсімдейді және «Қадағалау» БААЖ-не мәліметтерді енгізеді;
Күнделікті арызданушылар санының есебін жүргізу;
6. Апта сайын және ай сайын ҚҚО-ның өткізген жұмысы бойынша есебін жүргізеді;
7. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері және білім беру ұйымында құжаттандыру және құжаттарды басқару ережесіне сәйкес (әрі қарай - Ереже) қабылдау, есеп, жүйелеу, тіркеу, алғашқы өндеу, іріктеу жүргізеді, барлық кіріс және шығыс, соның ішінде «ҚБПҮ» белгісімен хат-хабарды сұрыптау және әрі қарай бағыты бойынша жолдайды;
8. ҚҚО-ның жұмысы бойынша тобында іс-жүргізу бойынша жұмысын қамтамасыз етеді;
9. Тиісті реестрлерді жүргізу арқылы бақылау жүргізеді, ҚҚО қызметкерлерімен тәртіпті сақтау және жоғары тұрған прокуратуралардың тапсырмаларын орындалуын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыруын, электронды және қағаз күйіндегі қадағалау өндірісінің құжаттарды тиісінше рәсімделуін тексереді;
10. Бекітілген номенклатураға сәйкес, орындалған құжаттарды номенклатуралық істерге топтайды, азаматтардың арызы бойынша қадағалау өндірістерін қалыптастырады;
11. Ведомстволық мұрағатта тұрақты және уақытша сақталу барлық іс-жүргізумен аяқталған құжаттарды іріктеуін, есебін және сақталуын жүзеге асырады;
12. ҚҚО-ның жұмысы бойынша тобы басшысының өзге де міндеттерін орындайды.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Жоғары білім: (құқық және экономика негіздері); құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қарым-қатынастар, тарих, филология, аудармашылық іс); әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, мұрағаттық іс жүргізу, құжаттама жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс өтілі: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. Арқалық қаласы прокуратурасының бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік; Лисаковск қаласы прокуратурасының бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік; Қостанай аудандық прокуратурасының бас маманы, C-R-4 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73 266 тенгеден 99 103 тенгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында және мекемелерінде құжаттандыру және құжаттарды басқару Ережелеріне сәйкес (әрі қарай – Ереже), барлық кіріс және шығыс хат хабарларын, сонымен қатар «ҚБПҮ» белгісі бар хат хабарларды бағыты бойынша іріктеуді, бастапқы өңдеуді, тіркеуді, жүйлендіруді, есебін, қабылдауды және әрі қарай жолдауды жүргізеді;
2. Қала прокуратурасында іс жүргізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді;
3. Тиісті тізімдер жүргізу арқылы қала прокуратурасының қызметкерлерімен жоғары тұрған прокуратуралардың тапсырмаларын орындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, электрондық құжаттарды лайықты рәсімдеу және өтініштер бойынша қағаз түріндегі қадағалау өндірістерін жүргізеді;
4. Орындалған құжаттарды бекітліген номенклатураға сәйкес істерге топтастырады, азаматтардың өтініштері бойынша қадағалау өндірістерін қалыптастырады.
5. Іс жүргізумен аяқталған барлық құжаттардың ведомстволық мұрағатта үнемі, сонымен қатар уақытша сақталуына іріктеу, есебін және сақталуын жүзеге асырады.
6. Ведомстволық ақпараттық жүйелерде және мәліметтер базасында бекітілген формаға сәйкес тиісті бөліктерді қалыптастырады және толтырады.
7. Басшының жұмысын жасау және қамтамасыз ету бойынша техникалық қызметтер атқарады, оның тапсырмасы бойынша басқа да міндеттерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:
Жоғары: білім (құқық және экономика негіздері); құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі); гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қарым-қатынастар, тарих, филология, аудармашылық іс); әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, мұрағаттық іс жүргізу, құжаттама жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету).
Орта білімнен кейінгі рұқсат етіледі: құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі); қызмет көрсету, экономика және басқарма (есеп және аудит, экономика, іс-жүргізу және мұрағаттық іс жүргізу, аудармашылық іс).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс өтілі: Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы істері бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының 2017 жылдың 21 ақпандағы № 40 Бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің Қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Жалпы конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар құжаттарды «Қостанай облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118 «А», анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 54-94-86, 54-94-93, немесе электрондық пошта арқылы: 7142382@prokuror.kz уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынады. Құжаттарды электронды түрде уәкілетті органның электрондық пошта мекен-жайына немесе «E-gov» Үкімет электронды порталы арқылы олардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін әңгімелесуге дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырылады. Анықтама үшін 8 (7142) 54-94-86, 54-94-93.
Құжаттарды тапсырмаған жағдайда, тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуге өткізілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, кадр қызметімен құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған жағдайда және егер конкурс жарияланған лауазымды қызмет бойынша еңбек өтілі талап етілмесе еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесін тапсыру талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні аралығында Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 118 «А», 5 қабат Қостанай облысының прокуратурасы ғимаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сондай-ақ жіңішке мамандық лауазымына конкурс өткізу кезінде мемлекеттік органның басшысының келісімімен конкурстық комиссия отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурстық комиссия отырысында бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасының Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген аккредиттелған тәртіпте, басқа мемлекеттік органның қоғамдық бірлестіктері (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдар және саяси партиялар, мемлекеттік қызмет ісі бойынша уәкілетті орган жұмысшылары қатыса алады (бұдан әрі-уәкілетті орган).
Конкурстық комиссия отырысына бақылаушы ретінде қатысу үшін тұлға қазметкерлерді басқару қызметінде (кадр қызметі) әңгімелесу өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешікпей тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға кадр қызметіне жеке куәлігіннің көшірмесін немесе электронды көшірмесін, және осы Ереженің 26 тармағында көрсетілген, ұймға жататынын растайтын құжаттардың көшірмесін немесе электронды көшірмесін тапсырады.
Сарапшы ретінде конкурсты жариялаған мемлекеттік органның қызметкері емес, осы салада жұмыс тәжірибесі бар, лауазымды қызметтің функционалды бағыттарына сәйкес келетін, соның ішінде ғылыми салада, сондай-ақ қызметкердің орын алмастыру және таңдау бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органның мемлекеттік қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Парламент және маслихат депутаттары қатыса алады.
Бақылаушылар сәйкес мемлекеттік органның, сондай-ақ уәкілетті орган басшылығына жазбаша түрде өз ойларын жеткізуге болады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспкеген жағдайда уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 5 жұмыс күні ішінде сот тәртiбiнде шағымдана алады.
05.10.2018 ж.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________ __________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Приложение 3
к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса «Б»
Форма
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |