Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет49/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   124

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ - мемлекеттік маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз ҚР ерекше тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)

КУЛЬТУРНЫЕ ЦЕННОСТИ - предметы культурного наследия светского и религиозного характера, а также
иные ценности, имеющие историческое, художественно научное или иное культурное значение (ст. 1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)

МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заттары, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар құндылықтар («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)

КУМУЛЯТИВНОЕ ГОЛОСОВАНИЕ - способ голосования, при котором на каждую участвующую в голосовании акцию приходится количество голосов, равное общему числу членов органов общества (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)

КУМУЛЯТИВТІК ДАУЫС БЕРУ - дауыс беруге қатысушы әрбір акцияға директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санына тең дауыс саны келетін дауыс беру тәсілі («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 ҚРЗ 1-бап)

КУПОН ПО ДОЛГОВЫМ ЦЕННЫМ БУМАГАМ - сумма, выплачиваемая (подлежащая выплате) эмитентом сверх номинальной стоимости долговых ценных бумаг в соответствии с условиями выпуска (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

БОРЫШТЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР БОЙЫНША КУПОН - эмитенттің шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтін (төлеуге тиіс) сомасы (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 10-бап)

КУРСАНТЫ - военнослужащие составов солдат (матросов), сержантов (старшин), обучающиеся в учебных частях (центрах), средних или высших военных учебных заведениях (ст. 1 ЗРК «О воинсқой обязанности и воинсқой службе» от 8 июля 2005 года № 74)

КУРСАНТТАР - оқу-жаттығу бөлімдерінде (орталықтарында), орта немесе жоғары әскери оқу орындарында оқитын сарбаздар (матростар), сержантгар (старшиналар) құрамының әскери қызметшілері («Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 ҚРЗ 1-бап)

КУРТАЖ - вознаграждение, выплачиваемое посреднику при совершении сделки с векселем (п.п.н.з ЗРК «О вексельном обращении в РК» от 28 апреля 1997 года № 97)

КУРТАЖ - вексельмен мәміле жасалған кезде делдалға төленетін сыйақы («ҚР вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 97 ҚРЗ о.з.ц.ү.)

 

ЛАБОРАТОРИЯ ВЕТЕРИНАРНО-САНИТАРНОЙ ЭКСПЕРТИЗЫ - юридическое лицо или специализированное подразделение юридического лица, осуществляющее ветеринарно-санитарную экспертизу продуктов и сырья животного происхождения, реализуемых на рынках и (или) в других местах (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЗЕРТХАНАСЫ - базарларда және (немесе) басқа орындарда өткізілетін жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлімшесі («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІҚРЗ 1-бап)

ЛАБОРАТОРИЯ ПО ЭКСПЕРТИЗЕ КАЧЕСТВА СЕМЯН - юридическое лицо, аттестованное в установленном порядке на право проведения исследований сортовых и посевных качеств семян на соответствие их требованиям государственных стандартов и иных нормативных документов в области семеноводства (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

ТҰҚЫМ САПАСЫНА САРАПТАМА ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ ЗЕРТХАНА - тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына белгіленген тәртіппен аттестатталған заңды тұлға («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II ҚРЗ 1-бап)

ЛАБОРАТОРНЫЕ СОРТОВЫЕ ИСПЫТАНИЯ - установление принадлежности семян к определенному сорту и определение сортовой чистоты семян путем проведения лабораторного анализа (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

ЗЕРТХАНАЛЫҚ СОРТТЫҚ СЫНАҚТАР - тұқымдардың белгілі бір сортқа тиістілігін белгілеу және зертханалық талдау жүргізу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕВЕРЕДЖ - соотношение между размерами обязательств и собственного капитала эмитента (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ЛЕВЕРЕДЖ - эмитенттің міндеттемелері мен өз капиталы мөлшерлерінің арақатынасы («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕГАЛИЗАЦИЯ ИМУЩЕСТВА - процедура признания государством прав на имущество, выведенное из законного экономического оборота в целях сокрытия доходов и (или) не оформленное в соответствии с законодательством РК либо оформленное на ненадлежащее лицо (ст. 1 ЗРК «Об амнистии в связи с легализацией имущества» от 5 июля 2006 года № 157)

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ - табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) ҚР заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиеcілі емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі («Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі № 157 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕГИТИМАЦИОННЫЕ ЗНАКИ - фишки, жетоны определенного номинала, заменяющие наличные деньги, реализуемые через кассы игорного заведения и используемые в игорных заведениях для участия в азартных играх (ст. 1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)

ЗАҢДАСТЫРЫЛҒАН БЕЛГІЛЕР - ойын мекемесінің кассалары арқылы сатылатын және құмар ойындарға қатысу үшін ойын мекемелерінде пайдаланылатын, қолма-қол ақшаны алмастыратын белгілі бір номиналдағы фишкалар, жетондар («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕГКОВОЙ АВТОМОБИЛЬ - автотранспортное средство, предназначенное для автомобильной перевозки пассажиров и багажа и имеющее не более восьми мест для сидения, исключая место водителя (ст. 1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476)

ЖЕҢІЛ АВТОМОБИЛЬ - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орны сегізден аспайтын автокөлік құралы («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ЛЕКАРСТВЕННАЯ СУБСТАНЦИЯ - лекарственное средство, предназначенное для производства лекарственных препаратов (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК СУБСТАНЦИЯ - дәрілік препараттарды өндіру үшін пайдаланылатын дәрілік заттар («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕКАРСТВЕННАЯ ФОРМА - определенное состояние лекарственного средства, придаваемое для достижения удобства его применения и необходимого лечебного и профилактического эффекта (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ТҮР - дәрілік заттың қолайлы қолданылуына және қажетті емдік әрі алдын алу әсеріне жетуі үшін келтірілетін белгілі бір жай-күйі («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕКАРСТВЕННОЕ РАСТИТЕЛЬНОЕ СЫРЬЕ - части растений (корни, корневища и клубни, трава, цветки, плоды и семена, стебли, кора, листья), содержащие биологически активные вещества и используемые как лекарственные средства, а также для производства и изготовления лекарственных средств (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫ - құрамында биологиялық белсенді заттар бар және дәрілік зат ретінде, сондай-ақ дәрілік заттарда өндіру және дайындау үшін пайдаланылатын өсімдіктердің бөліктері (тамырлары, түп тамырлары мен түбірлері, шөбі, гүлдері, жемісі мен тұқымдары, сабақтары, қабығы, жапырақтары) («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ СРЕДСТВА - средства, представляющие собой или содержащие фармакологически активные вещества, предназначенные для профилактики, диагностики и лечения заболеваний, а также изменения состояния и функций организма: лекарственное вещество, лекарственная субстанция, лекарственное сырье природного происхождения, лекарственные ангро- и балкпродукты, лекарственные препараты, иммунобиологические медицинские препараты. К лекарственным средствам приравниваются парафармацевтики, медицинская техника и изделия медицинского назначения (линзы контактные и для коррекции зрения, предметы и материалы, изделия, инструменты, устройства, приборы, аппаратура), используемые в целях диагностики, профилактики и лечения заболеваний (cт. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ЗАТТАР - аурулардың алдын алуға, оларды диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзасының күйі мен функцияларының өзгеруіне арналған фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе олардан тұратын құралдар: дәрілік зат, дәрілік субстанция, табиғи текті дәрілік шикізат, дәрілік ангро- және балк өнімдері, дәрілік препараттар, иммунобиологиялық медициналық препараттар. Аурулардың диагностикасы, алдын алу және емдеу мақсатында пайдаланылатын парафармацевтикалар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар (көзге салынатын және оны түзейтін линзалар, керек-жарақтар және материалдар, бұйымдар, құрал-саймандар, құрылғылар, аспаптар, аппаратура) дәрілік заттарға теңестіріледі («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕКАРСТВЕННЫЙ ПРЕПАРАТ - лекарственное средство в определенной лекарственной форме (cт. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТ - белгілі бір дәрілік түрдегі дәрілік зат («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕКАРСТВЕННЫЙ ФОРМУЛЯР - утверждаемый руководителем организации здравоохранения перечень лекарственных средств, сформированный для оказания гарантированного объема бесплатной медицинской помощи с учетом профиля организации, наличие которых обязательно в достаточных количествах (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ФОРМУЛЯР - денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітетін, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттардың жеткілікті мөлшері болуға міндетті ұйымның бейіні ескеріле отырып қалыптастырылған дәрілік заттардың тізбесі («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕС - природный комплекс, формирующийся на определенной территории, на основе совокупности древеной и кустарниковой растительности живой природы, взаимодействующий с окружающей средой, и имеющий важное экологическое, экономическое и социальное значение (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСИСТОСТЬ - степень покрытия лесом какой-либо территории, определяемая отношением покрытых лесом земель к ее общей площади, выраженная в процентах (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАНДЫ ӨҢІР - қайсыбір аумақта орман өсуінің жердің жалпы алаңына орман өскен жердің қатысы арқылы анықталып, процентпен белгіленетін дәрежесі (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСНИЧЕСТВО - структурное подразделение государственного учреждение лесного хозяйства, располагающееся в его границах, предназначенное для планирования и выполнения лесозяйственных мероприятии, расчета объемов лесопользования (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАНШЫЛЫҚ - орман иеленушінің өз шекарасын-да орналасқан, орман шаруашылығы іс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемін есептеуге арналған құрылымдық бөлімшесі (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСНОЙ ГЕНЕТИЧЕСКИЙ РЕЗЕРВАТ - участок леса с ценной в генетико-селекционнном отношении частью популяции вида, подвида растении (ст. 4 ЛК РК 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАННЫҢ ГЕНДІК РЕЗЕРВАТЫ - өсімдіктер түрі, түр тармағы популяцияларының гендік-селекциялық тұрғыдан құнды бөлігі бар орман учаскесі (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСНОЙ МАСТЕРСКИЙ УЧАСТОК - часть территории лесничества в составе двух и более лесных обходов, закрепляемая за одним мастером леса и предназначенная для выполнения лесохозяйственных мероприятий (ст. 4 ЛК РК 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ШЕБЕРІНІҢ УЧАСКЕСІ - орманшылық аумағының құрамында екі және одан да көп орман қарау аймағы бар бір орман шеберіне бекітілген және орман шаруашылығы іс-шараларын орындауға арналған бір бөлігі (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСНОЙ ОБХОД - часть территории лесничества, закрепляемая за одним лесником для ее охраны, определяемая в порядке, установленном Лесным кодексом и иными нормативными правовыми актами РК (ст. 4 ЛК РК 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ҚАРАУ АЙМАҒЫ - орманшылық аумағын күзету үшін бір орманшыға бекітіліп берілетін, Орман кодексте және ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен айқындалатын бір бөлігі (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСНОЙ ПИТОМНИК - участок территории лесного фонда, предназначенный для выращивания посадочного материала древесных и кустарниковых пород (ст. 4 ЛК РК 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ПИТОМНИГІ - орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсіруге арналған учаскесі (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСНОЕ СЕМЕНОВОДСТВО - комплекс мероприятий по заготовке, обработке, хранению и использованию лесных семян, контролю за их качеством и происхождением, направленных на получение семян с ценными наследственными свойствами и высокими посевными качествами (ст. 4 ЛК РК 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - тұқымқуалаушылық қасиеттері құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегіне бақылау жасау жөніндегі іс-шаралар кешені (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСНОЕ ХОЗЯЙСТВО - отрасль экономики, осуществляющая деятельность по изучению и учету лесного фонда, включающая мероприятия по его охране и защите, воспроизводству лесов и лесоразведению, регулированию лесопользования и контролю за его осуществлением (ст. 4 ЛК РК 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ - орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі іс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын экономика саласы (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСНЫЕ КУЛЬТУРЫ - искусственно созданные насаждения из лесных древесных и кустарниковых пород (ст. 4 ЛК РК 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН АҒАШТАРЫ - орманның сүрікті ағаш және бұта тұқымдастарынан қолдан отырғызылған екпелер (2003 жылғы № 477 8 шілдедегі ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСОВЛАДЕЛЬЦЫ - государственные организации, которым участки государственного лесного фонда предоставлены на праве постоянного землепользования, а также физические и негосударственные юридические лица, в чьей собственности находятся участки частного лесного фонда в соответствии с Лесным кодексом (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ИЕЛЕНУШІЛЕР - мемлекеттік орман қоры учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген мемлекеттік ұйымдар, сондай-ақ Орман кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскесі меншігінде болатын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСОВЛАДЕНИЕ - право владения и пользования участками государственного лесного фонда, предоставляемое Правительством РК государственным лесовладельцам для ведения лесного хозяйства и лесопользования, функционирования особо охраняемых природных территории, а также право владения, пользования и распоряжения частным лесным фондом, предоставляемое частным лесовладельцам в порядке установленном Лесным кодексом (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ИЕЛЕНУ - орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс істеуі үшін мемлекеттік орман иеленушілерге ҚР Үкіметі беретін мемлекеттік орман қоры учаскелерін иелену мен пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушілерге Орман кодексте белгіленген тәртіппен берілетін жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСОПОЛЬЗОВАНИЕ - юридически и экономически регламентированная деятельность по использованию лесных ресурсов и полезных свойств леса (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ПАЙДАЛАНУ - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін пайдалану жөніндегі заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСОПОЛЬЗОВАТЕЛЬ - физическое или юридическое лицо, которому предоставлено право временного лесопользования в порядке, установленном Лесным кодексом (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ПАЙДАЛАНУШЫ - Орман кодексте белгіленген тәртіппен уақытша орман пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСОРАЗВЕДЕНИЕ - создание и выращивание искусственных лесных насаждении на территориях, не находившихся ранее под лесом (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ӨСІРУ - бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерін қолдан отырғызу және өсіру (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСОСЕКА - участок леса, отведенный для рубок всех видов или находящийся в стадии рубки (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

КЕСПЕАҒАШ АЙМАҒЫ - ағаш кесудің барлық түрлері үшін бөлінген немесе ағаштары кесілу сатысындағы орман учаскесі (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕСОХОЗЯЙСТВЕННЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ - комплекс организационных и технических мероприятии по охране, защите лесного фонда, воспроизводству лесов и лесоразведнию, регулированию лесопользования, проводимых на основе материалов лесоустройства (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ІС-ШАРАЛАРЫ - орман орналастыру материалдары негізінде жүргізілетін орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман пайдалануды реттеу жөніндегі кешенді ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ЛЕТНАЯ ГОДНОСТЬ - техническое состояние гражданского воздушного судна, которое отвечает лесотехническим характеристикам, параметрам и летным качествам гражданского воздушного судна (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании гражданской авиации» от 15 декабря 2001 года № 271)

ҰШУ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ - азаматтық әуе кемесінің ұшу техникалық сипаттамаларына, параметрлеріне және ұшу сапаларына сай азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі («Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕТОПИСЬ ПРИРОДЫ - свод сведений системных наблюдений, осуществляемых научными подразделениями государственных природных заповедников, государственных национальных природных парков, государственных природных резерватов и государственных региональных природных парков, за состоянием экологических систем и объектов государственного природнс-заповедного фонда, ведущихся по единой методике (ст. 1 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

ТАБИҒАТ ЖЫЛНАМАСЫ - мемлекеттік табиғи қорық-тар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар және мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ғылыми бөлімшелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйіне бірыңғай әдістеме бойынша жүзеге асыратын жүйелі байқаулар мәліметтерінің жиынтығы («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 1-бап)

ЛЕЧЕНИЕ - комплекс медицинских услуг, направленных на устранение и (или) приостановление заболевания, а также предупреждение его прогрессирования (ст. 1 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430)

ЕМДЕУ - ауруларды жоюға және (немесе) бетін қайтаруға, сондай-ақ олардың асқынуын болғызбауға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430 ҚРЗ 1-бап)

ЛЖЕПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО - создание коммерческой организации без намерения осуществлять предпринимательскую или банковскую деятельность, имеющее целью получение кредитов, освобождение от налогов, извлечение иной имущественной выгоды или прикрытие запрещенной деятельности, причинившее крупный ущерб гражданину, организации или государству (ст. 192 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІК - яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру (16 шілдедегі 1997 жылғы № 167 ҚР ҚК 192-бап)

ЛЖЕПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО - создание коммерческой организации без намерения осуществлять предпринимательскую или банковскую деятельность, имеющее целью получение кредитов, освобождение от налогов, извлечение иной имущественной выгоды или прикрытие запрещенной деятельности, не причинившее крупный ущерб физическому лицу, организации или государству (ст. 154 КР КоАП от 30 января 2001 года № 155)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау