Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет57/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   124

 

НАБЛЮДЕНИЕ СТАТИСТИЧЕСКОЕ - планомерный, научно организованный сбор данных о явлениях и процессах социально-экономической жизни путем регистрации по заранее разработанной программе. Государственные статистические наблюдения состоят из общегосударственных и ведомственных статистических наблюдений (ст. 2 ЗРК «О государственной статистике» от 7 мая 1997 года № 98-І)

СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЙҚАУ - әлеуметтік-экономикалық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы деректерді алдын ала әзірленген бағдарлама бойынша тіркеу арқылы жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырып жинау. Мемлекеттік статистикалық байқаулар жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардан тұрады («Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы № 98-І ҚРЗ 2-бап)

НАВИГАЦИОННЫЕ СИСТЕМЫ - навигационные средства, представляющие совокупность нескольких бортовых устройств с различными принципами действия, а также средств, основанных на совместном использовании бортового и наземного оборудования (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР - жұмыс істеу принциптері әр алуан бірнеше борттық құрылғылардың, сондай-ақ борттағы және жердегі жабдықтарды бірлесе пайдалануға негізделген құралдардың жиынтығы болып табылатын навигациялық құралдар («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)

НАГРАДЫ ДЛЯ МНОГОДЕТНЫХ МАТЕРЕЙ - «Алтын алка» (Золотая подвеска) «Кумыс алка» (Серебряная подвеска) (ст. 27 ЗРК «О государственных наградах РК» от 12 декабря 1995 года № 2676)

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН НАГРАДАЛАР - «Алтын алқа» (Золотая подвеска), «Күміс алқа» (Серебряная подвеска) («ҚР мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 ҚРЗ 27-бап)

НАВИГАЦИОННЫЕ СРЕДСТВА - специальные технические устройства, позволяющие получать необходимую информацию для целей самолетовождения (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

НАВИГАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР - ұшақты ұшыру мақсатында қажетті ақпарат алып отыруға мүмкіндік беретін арнайы техникалық құрылғылар («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)

НАВИГАЦИЯ - период времени, в течение которого возможно судоходство (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

НАВИГАЦИЯ - кеме қатынасын жасау мүмкін болатын уақыт кезеңі («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)

НАДЗОР - действия уполномочного органа исполнения нормативных правовых актов РК, условий лицензий и международных договоров в пределах своей компетенции в целях регулирования процесса использования атомной энергии (ст. 1 ЗРК «Об использовании атомной энергии» 14 апреля 1997 года № 93-І)

ҚАДАҒАЛАУ - атом энергиясын пайдалану процесін реттеу мақсатында уәкілетті органның өз құзыреті шегінде ҚР нормативтік құқықтық актілерінің, лицензиялар мен халықаралық шарттар ережелерінің орындалуын тексеру жөніндегі іс-әрекеті («Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 ҚРЗ 1-бап)

НАДЗОРНАЯ ИНСТАНЦИЯ - суд, рассматривающий в порядке надзора дело по жалобе, протесту стороны на вступившие в законную силу судебные решения предшествовавших судебных инстанций (ст. 7 УПК РК от 13 де-кабря 1997 года № 206)

ҚАДАҒАЛАУ САТЫСЫ - тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағым, наразылығы бойынша істі қадағалау тәртібінде қарайтын сот (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)

НАЕМ (АРЕНДА) ЖИЛИЩА - предоставление жилища или части его нанимателю (арендатору) в постоянное или временное владение и пользование за плату (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)

ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУ (ЖАЛҒА БЕРУ) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін ақы төлеттіріп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)

НАЗНАЧЕНИЕ ХЛЕБОПРИЕМНОГО ПРЕДПРИЯТИЯ - хлебоприемные предприятия признаются товарным складом общего пользования (ст. 13 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)

АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ - астық қабылдау кәсіпорындары жалпы пайдаланылатын тауар қоймасы деп танылады («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II ҚРЗ 13-бап)

НАИЛУЧШАЯ ПРАКТИКА ПО ОХРАНЕ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ НА МОРЕ - общепринятая международная практика проведения нефтяных операций на море, создающая максимально низкий уровень загрязнения моря либо полностью исключающая загрязнение моря (ст. 1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)

ТЕҢІЗДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ - теңіздің мұнай операцияларын жүргізуде теңізде ластанудың ең төменгі деңгейін жасайтын не теңізді ластануды толығымен болғызбайтын жалпы қабылданған халықаралық практика («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 ҚРЗ 1-бап)

НАИЛУЧШИЕ ДОСТУПНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ - используемые и планируемые отраслевые технологии, техника и оборудование, обеспечивающие организационные и управленческие меры, направленные на снижение уровня негативного воздействия хозяйственной деятельности на окружающую среду до обеспечения целевых показателей качества окружающей среды (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ЕҢ ОЗЫҚ ҚОЛ ЖЕТІМДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР - пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерінің деңгейін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қамтамасыз етілетіндей деңгейге дейін азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететін техника және жабдық (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

НАИМЕНОВАНИЕ МЕСТА ПРОИСХОЖДЕНИЯ ТОВАРА - географическое указание, используемое для обозначения товара, особые свойства которого исключительно или главным образом связаны с местом его производства, включая природные условия и (или) человеческие факторы (ст. 1 ЗРК «0 товарных знаках, знаках обслуживания и наименования мест происхождения товаров» от 26 июля 1999 года № 456)

ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРДІҢ АТАУЫ - ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен оны шығаратын жер-мен, оның ішінде табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық көрсеткіш («Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456-І ҚРЗ 1-бап)

НАЙМОДАТЕЛЬ (АРЕНДОДАТЕЛЬ) - сторона в договоре найма жилища, являющаяся собственником жилища или выступающая от имени собственника (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)

ЖАЛҒА БЕРУШІ - тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді меншіктенуші немесе меншік иесі атынан іс-қимыл жасаушы болып табылатын тарап («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)

НАКОПИТЕЛЬНЫЙ ПЕНСИОННЫЙ ФОНД - юридическое лицо, осуществляющее деятельность по привлечению пенсионных взносов и пенсионным выплатам, а также деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами в порядке, установленном законодательством РК (ст.1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136-І)

ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)

НАЛОГИ - законодательно установленные государством в одностороннем порядке обязательные денежные платежи в бюджет, производимые в определенных размерах, носящие безвозвратный и безвозмездный характер (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

САЛЫҚТАР - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)

НАЛОГИ - налог на добавленную стоимость и акциз, взимание которых возложено на таможенные органы РК в связи с перемещением товаров и транспортных средств через таможенную границу РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

САЛЫҚТАР - тауарлар мен көлік құралдарын ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты алынуы ҚР кеден органдарына жүктелген қосылған құн салығы мен акциз (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

НАЛОГОВАЯ ЗАДОЛЖЕННОСТЬ - сумма недоимки, а также неуплаченные суммы пени и штрафов (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

САЛЫҚ БЕРЕШЕГІ - бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)

НАЛОГОВЫЙ АГЕНТ - индивидуальный предприниматель, частный нотариус, адвокат, юридическое лицо, в том числе нерезидент, осуществляющий деятельность в РК через постоянное учреждение, филиал, представительство, на которых в соответствии с Налоговым кодексом возложена обязанность по исчислению, удержанию и перечислению налогов, удерживаемых у источника выплаты (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

САЛЫҚ АГЕНТІ - Салық кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелген жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде ҚР қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)

НАЛОГОВЫЙ РЕЖИМ - совокупность норм налогового законодательства, применяемых налогоплательщиком при исчислении всех налоговых обязательств по уплате налогов и других обязательных платежей в бюджет, установленных Налоговым кодексом (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

САЛЫҚ РЕЖИМІ - Салық кодексте белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)

НАЛОГОПЛАТЕЛЬЩИК - лицо, являющееся плательщиком налогов и других обязательных платежей в бюджет (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 10-бап)

НАНИМАТЕЛЬ (АРЕНДАТОР)- сторона в договоре найма жилища, получающая в постоянное или временное пользование жилище или его часть (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)

ЖАЛДАУШЫ (ЖАЛҒА АЛУШЫ) - тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша пайдалануға алушы тарап (Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)

НАРКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОМОЩЬ - один из видов специализированной медицинской помощи, включающий в себя профилактику наркологических расстройств, диагностику, лечение и медико-социальную реабилитацию лиц, больных наркоманией (ст. 1 ЗРК «О медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией» от 27 мая 2002 года № 325)

НАРКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК - наркологиялық сырқатқа шалдығудың алдын алуды, нашақорлықпен ауыратын адамдарға диагностика жасауды, оларды емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтитын мамандандырылған медициналық көмек түрлерінің бірі («Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық әлеуметтік оңалту туралы» 2002 жылғы 27 мамырдағы № 325-ІІ ҚРЗ 1-бап)

НАРКОЛОГИЧЕСКИЕ ОРГАНИЗАЦИИ - больницы, диспансеры, центры, отделения или кабинеты, которые оказывают наркологическую помощь в порядке, установленном законодательством РК (ст. 1 ЗРК «О медико-социальной реабилитации лиц, больных наркоманией» от 27 мая 2002 года № 325)

НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАР - ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін ауруханалар, диспансерлер, орталықтар, бөлімшелер немесе кабинеттер («Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық әлеуметтік оңалту туралы» 2002 жылғы 27 мамырдағы № 325-ІІ ҚРЗ 1-бап)

НАРКОМАНИЯ - заболевание, обусловленное зависимостью от наркотического средства или психотропного вещества, либо их аналогов, приводящее к тяжелым нарушениям физических и психических функций организма (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)

НАШАҚОРЛЫҚ - организмнің физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есірткі немесе психотроптық заттарға не сол тектестерге әуес болуға байланысты ауру («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)

НАРКОТИКИ - растения, вещества или препараты, классифицированные как наркотические средства или психотропные вещества, представляющие потенциальную опасность для здоровья населения в связи с последствиями, которые может вызывать злоупотребление ими, включенные в список наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащих контролю в РК (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)

ЕСІРТКІЛЕР - есірткі немесе психотроптық заттар ретінде жіктелген, оларды теріс пайдаланғанда туындауы мүмкін зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшін ықтимал қаупі бар, ҚР бақылау жасалуға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген өсімдіктер, заттар немесе препараттар («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)

НАРКОТИЧЕСКИЕ СРЕДСТВА - вещества синтетического или природного происхождения, включенные в Список наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащих контролю в соответствии с законодательством РК, Единой конвенцией о наркотических веществах 1961 года с поправками внесенными в нее в соответствии с протоколом 1972 года о поправках к Единой конвенции о наркотических средствах 1961 года (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)

ЕСІРТКІ ЗАТТАР - ҚР заңнамасына, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен қоса 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)

НАРОДНОЕ ХУДОЖЕСТВЕННОЕ ТВОРЧЕСТВО - одна из форм народного творчества, деятельность по созданию художественных изделий декоративного назначения, осуществляемая на основе коллективного освоения и преемственного развития традиции народного искусства в определенной местности в процессе творческого ручного и (или) механизированного труда мастеров народного художественного творчества (ст. 30 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)

ХАЛЫҚ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ - халық көркем шығармашылығы шеберлерінің шығармашылық қол еңбегі және (немесе) механикаландырылған еңбегі процесінде белгілі бір жерде халық өнері дәстүрлерін ұжымдасып игеру және сабақтастықпен дамыту негізінде жүзеге асырылатын халық шығармашылығы нысандарының бірі, әсемдік мақсаттағы көркем бұйымдар жасау жөніндегі қызмет («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 30-бап)

НАРУШЕНИЕ ВЕЩНЫХ ПРАВ НА ЗЕМЛЮ - незаконное проникновение на чужой земельный участок, повлекшее причинение существенного вреда правам или охраняемым законом интересам граждан или организаций либо охраняемым законом интересам общества или государства, совершенное с применением насилия либо с угрозой его применения или группой лиц, или сопровождавшееся незаконным обыском, а равно незаконный захват чужого земельного участка (ст. 186 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ЖЕРГЕ ЗАТТАЙ ҚҰҚЫҚТАРДЫ БҰЗУ - азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан, күш қолдану арқылы не күш қолданамын деп қорқыту арқылы немесе адамдар тобымен немесе заңсыз тінтумен ұласып жасалған бөтен жер учаскесіне заңсыз кіріп кету, сол сияқты бөтен біреудің жер учаскесін заңсыз басып алу (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 186-бап)

НАРУШЕНИЕ МЕР ФИНАНСОВОГО КОНТРОЛЯ - непредставление или представление неполных, недостоверных деклараций о доходах, имуществе и других сведений, предусмотренных законодательством о борьбе с коррупцией, лицами, являющимися кандидатами на государственную должность либо на должность, связанную с выполнением государственных или приравненных к ним функций, а равно супругом (супругой) указанных лиц (ст. 532 КР КоАП от 30января 2001 года № 155)

АЗАМАТТАРДЫҢ ТЕҢ ҚҰҚЫҚТЫЛЫҒЫН БҰЗУ - адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасына сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына себептерімен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 141-бап)

НАРУШЕНИЕ ПОРЯДКА ПРОДАЖИ ОРУЖИЯ И БОЕВЫХ ПРИПАСОВ - продажа работниками организаций торговли оружия и боевых припасов к нему физическим лицам, организациям, не имеющим соответствующего разрешения (ст. 160 КР КоАП от 30 января 2001 года № 15)

ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ОҚ-ДӘРІ САТУ ТӘРТІБІН БҰЗУ - сауда ұйымдары қызметкерлерінің тиісті рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрісін сатуы (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 160-бап)

НАРУШЕНИЕ РАВНОПРАВИЯ ГРАЖДАН - прямое или косвенное ограничение прав и свобод человека (гражданина) по мотивам происхождения, социального, должностного или имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, места жительства, принадлежности к общественным объединениям или по любым иным обстоятельствам (ст. 141 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ҚАРЖЫ БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫН БҰЗУ - мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кірістер, мүлік туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәліметтерді бермеуі немесе толық емес, жалған мәліметтер беруі (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 167 ҚР ҚК 532-бап)

НАРУШЕНИЕ ТРЕБОВАНИЙ ПОЖАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ - невыполнение или ненадлежащее выполнение стандартов, норм, правил и инструкций по обеспечению пожарной безопасности, установленных в соответствии с законодательством РК (cт. 1 3PK «О пожарной безопасности» от 22 ноября 1996 года № 48)

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗУ - ҚР заңдарына сәйкес белгіленген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиісінше орындамау («Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-І ҚРЗ 1-бап)

НАСЕЛЕННЫЙ ПУНКТ - часть компактно заселенной территории республики, сложившаяся в результате хозяйственной и иной общественной деятельности граждан, с численностью не менее 50 человек, учтенная и зарегистрированная в установленном законом порядке и управляемая местными представительными органами и исполнительными органами (ст. 2 РК «Об административно-территориальном устройстве РК» от 8 декабря 1993 года)

ЕЛДІ МЕКЕН - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемінде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметі нәтижесінде қалыптасқан, заңда белгіленген тәртіпте есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын бір бөлігі («ҚР Әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ҚРЗ 2-бап)

НАУКА - сфера человеческой деятельности, функцией которой является изучение законов природы, общества и мышления, выработка и теоретическая систематизация объективных знаний о действительности в целях рационального использования природных богатств и эффективного управления обществом (ст. 1 ЗРК «О науке» от 9 июля 2001 года № 225)

ҒЫЛЫМ - табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында болмыс туралы объективті білім-білікті тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметінің саласы («Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі № 225-II ҚРЗ 1-бап)

НАУЧНАЯ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНАЯ СОБСТВЕННОСТЬ - исключительное право физического и (или) юридического лица на результаты интеллектуальной творчес-кой научной и (или) научно-технической деятельности (cт. 1 ЗРК «О науке» от 9 июля 2001 года № 225)

ҒЫЛЫМИ САНАТКЕРЛІК МЕНШІК - жеке (немесе) заңды тұлғаның санаткерлік шығармашылық ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқығы («Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі № 225-II ҚРЗ 1-бап)

НАУЧНАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - юридическое лицо, основным предметом деятельности которого является осуществление научной и научно-технической деятельности (ст. 6 ЗРК «О науке» от 9 июля 2001 года № 225)

ҒЫЛЫМИ ҰЙЫМДАР - қызметінің негізгі нысанасы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлға («Ғылым туралы» 2001 жылғы 9 шілдедегі № 225 ҚРЗ 6-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау