Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет46/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   124

КОНТРАГЕНТ - лицо, владеющее на праве собственности или иных законных основаниях прирельсовыми складами, площадками для хранения грузов, погрузочно-разгрузочными механизмами и (или) подъездными путями, примыкающими к подъездным путям другого ветвевладельца (ст. 1 ЗРК «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)

КОНТРАГЕНТ - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсіру механизмдеріне және (немесе) басқа тармақ иеленушінің кірме жолдарына жалғасатын кірме жолдарға меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде иелік ететін тұлға («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРАКТ - договор между компетентным органом и физическим или юридическим лицом (лицами) на проведение разведки, добычи, совмещенной разведки и добычи либо строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведқой и (или) добычей, составленный в соответствии с законодательными актами РК, действовавшими на момент заключения контракта (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

КЕЛІСІМ-ШАРТ - құзыретті орган мен жеке немесе заңды тұлғаның (тұлғалардың) арасында барлау, өндіру, бірлескен барлау мен өндіру жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісім-шарт жасасқан кезде ҚР қолданыста болған заң актілеріне сәйкес жасалған шарт («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРАКТ - договор на осуществление инвестиций, предусматривающий инвестиционные преференции (ст. 1 ЗРК «Об инвестициях» от 8 января 2003 года № 373)

КЕЛІСІМ-ШАРТ - инвестицияларды жүзеге асыруға арналған инвестициялық преференцияларды көздейтін шарт («Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-II ҚРЗ 1-бап)

КОНТРАКТ - договор между подрядчиком и компетентным органом на проведение нефтяных операций (ст. 1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)

КЕЛІСІМ-ШАРТ - мердігер мен құзыретті орган арасында мұнай операцияларын жүргізуге арналған шарт («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРАКТ О ПРОХОЖДЕНИИ ВОИНСКОЙ СЛУЖБЫ В ДОБРОВОЛЬНОМ ПОРЯДКЕ - договор, устанавливающий обязательства и ответственность сторон в интересах обеспечения и несения воинсқой службы по контракту (cт.1 ЗРК «О воинсқой обязанности и воинсқой службе» от 8 июля 2005 года № 74)

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ӨТКЕРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ-ШАРТ - келісім-шарт бойынша әскери қызметті қамтамасыз ету және өткеру мүддесі үшін тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт («Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРАКТНАЯ ТЕРРИТОРИЯ - территория, определяемая геологическим и (или) горным отводом, на которой подрядчик вправе проводить нефтяные операции, определенные контрактом (cт. 1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)

КОНТРАКТ-ШАРТТЫҚ АУМАҒЫ - мердігер келісім-шартта айқындалған мұнай операцияларын жүргізуге құқылы, геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРАКТНАЯ ТЕРРИТОРИЯ - территория, определяемая геологическим либо горным отводом, на которой недропользователь вправе проводить операции по недропользованию, соответствующие контракту (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҚ АУМАҚ - жер қойнауын пайдаланушы келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізуге құқылы, геологиялық не тау-кендік бөлумен айқындалатын аумақ («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРАФАКТНАЯ ПРОДУКЦИЯ - продукция, произведенная отдельными субъектами рыночных отношений в целях недобросовестной конкуренции и введения потребителей в заблуждение (ст. 1 ЗРК «О недобросовестной конкуренции» от 9 июня 1998 года № 232)

КОНТРАФАКТЫҚ ӨНІМ - нарықтық қатынастардың жекелеген субъектілерінің жосықсыз бәсеке және тұтынушыларды адасушылыққа салу мақсатында шығарған өнімі («Жосықсыз бәсеке туралы» 1998 жылғы 9 маусымдағы № 232 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРАФАКТНЫЕ ТОВАРЫ - товары, содержащие объекты интеллектуальной собственности, созданные и (или) перемещаемые через таможенную границу РК с нарушением прав правообладателя, охраняемых в соответствии с законодательными актами РК (ст. 410 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КОНТРАФАКТЫЛЫ ТАУАРЛАР - құқық иеленушінің ҚР заң актілеріне сәйкес қорғалатын құқықтары бұзыла отырып құрылған және (немесе) ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілген, интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401 ҚР КК 410-бап)

КОНТРАФАКТНЫЙ ЭКЗЕМПЛЯР ОБЪЕКТА АВТОРСКОГО ПРАВА ИЛИ СМЕЖНЫХ ПРАВ - экземпляр произведения, записанного исполнения, фонограммы, передачи организаций эфирного и кабельного вещания, изготовление, распространение или иное использование которого влечет за собой нарушение авторского права и смежных прав в силу положений Закона РК «Об авторском праве и смежных правах» либо норм международных договоров, ратифицированных РК. Контрафактными также признаются объекты авторского права и смежных прав, с которых без разрешения правообладателя удалена или на которых изменена информация об управлении правами или которые изготовлены с помощью незаконно используемых устройств, позволяющих обходить технические способы защиты объектов (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕМЕСЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІСІНІҢ КОНТРАФАКТІЛІК ДАНАСЫ - жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңның ережелеріне не ҚР бекіткен халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушінің рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген, немесе объектілерді қорғаудың техникалық әдістерін айналып өтуге мүмкіндік беретін заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегімен жасалған авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың объектілеріде контрафактілік болып танылады («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6 ҚРЗ 2-бап)

КОНТРАЦЕПЦИЯ - методы и средства предупреждения нежелательной беременности (ст. 1 ЗРК «О репродуктивных правах граждан и гарантиях их осуществления» от 16 июня 2004 года № 565)

КОНТРАЦЕПЦИЯ - қаламаған жүктілікті болдырмау әдістері мен құралдары («Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» 2004 жылғы 16 маусымдағы № 565 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРОЛИРУЕМАЯ ЗОНА - это территория, на которой действуют специальные правила по радиационному контролю, допуску и проживанию людей (ст. 1 ЗРК «О радиационной безопасности населения» от 23 апреля 1998 года № 219)

БАҚЫЛАНАТЫН АЙМАҚ - радиациялық бақылау, адамдарды жіберу және олардың тұруы жөнінде арнаулы ережелер қолданылатын аумақ («Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРОЛИРУЕМАЯ ЗОНА АЭРОПОРТА - рабочая площадь аэропорта, аэродрома, объектов аэронавигационного обеспечения полетов и прилегающая к ним территория, служебные здания, строения, склады, доступ в которые контролируется службой авиационной безопасности (cт. 1 3PK «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

ӘУЕЖАЙДЫҢ БАҚЫЛАНАТЫН АУМАҒЫ - әуежайдың, аэродромның, ұшуды аэронавигациялық қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс алаңы және кіруді авиациялык, қауіпсіздік қызметі бақылайтын жанасып жатқан аумақ, қызметтік ғимараттар, құрылыстар,қоймалар («ҚР әуe кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРОЛИРУЕМОЕ ВОЗДУШНОЕ ПРОСТРАНСТВО - пространству контролируемое радиолокационными средствами, в котором обеспечивается непосредственное управление полетом аэронавигационными организациями (ст. 10 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

БАҚЫЛАНАТЫН ӘУЕ КЕҢІСТІГІ - радиолокациялық құралдармен бақыланатын кеңістік түсініледі, онда әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары тарапынан ұшуға тікелей басқару қамтамасыз етіледі («ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 10-бап)

КОНТРОЛЬ - действия, постоянно осуществляемые полномочными органами и эксплуатирующей организацией по проверке выполнения требований норм, правил и инструкций (ст. 1 ЗРК «Об использовании атомной энергии» 14 апреля 1997 года № 93)

БАҚЫЛАУ - нормалар, ережелер мен нұсқаулықтар талаптарының орындалуын тексеру жөніндегі уәкілетті органдар мен пайдаланушы ұйымның үнемі жүзеге асыратын іс-әрекеті («Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРОЛЬ - контроль - возможность одного юридического лица определять решения другого юридического лица, возникающая при наличии одного из следующих условий: прямое или косвенное владение одним лицом самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами более пятьюдесятью процентами долей участия в уставном капитале юридических лиц либо размещенных (за вычетом привилегированных и выкупленных обществом) акций другого лица либо наличие возможности самостоятельно голосовать более пятьюдесятью процентами акций другого юридического лица; наличие возможности одного юридического лица избирать не менее половины состава совета директоров или правления другого юридического лица; включение финансовой отчетности одного юридического лица в финансовую отчетность другого юридического лица в соответствии с аудиторским отчетом; наличие возможности одного юридического лица определять решения другого юридического лица в силу договора (подтверждающих документов) или иным образом в случаях, предусмотренных нормативным правовым актом уполномоченного органа (ст. 2 ЗРК «О банках и банковсқой деятельности в РК» от 31 августа 1995 года № 2444)

БАҚЫЛАУ - бақылау - бір заңды тұлғаның мынадай шарттардың бірі: бір тұлғаның заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлға-мен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленуі не басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігінің болуы; бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлға директорлар кеңесінің немесе басқармасының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігінің болуы; бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есебіне қос-қан кезде; бір заңды тұлғаның шарттың (растайтын құжаттардың) күшімен не өзгеше түрде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда басқа заңды тұлғаның шешімін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын басқа заңды тұлғаның шешімін айқын-дау мүмкіндігі («ҚР банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 ҚРЗ 2-бап)

КОНТРОЛЬ - контроль - возможность одного юридического лица определять решения другого юридического лица, возникающая при наличии одного из следующих условий: прямое или косвенное владение одним лицом самостоятельно либо совместно с одним или несколькими лицами более пятьюдесятью процентами голосующих акций другого лица либо наличие возможности самостоятельно голосовать более пятьюдесятью процентами акций другого юридического лица; наличие возможности одного юридического лица избирать не менее половины состава совета директоров или правления другого юридического лица; включение финансовой отчетности одного юридического лица в финансовую отчетность другого юридического лица в соответствии с аудиторским отчетом; наличие возможности одного юридического лица опреде-лять решения другого юридического лица в силу договора (подтверждающих документов) или иным образом в случаях, предусмотренных нормативным правовым актом уполномоченного органа (ст. 3 ЗРК «О страховой деятельности» от 18 декабря 2000 года № 126)

БАҚЫЛАУ - бақылау - бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол: бір тұлға басқа тұлғаның дауыс беретін акцияларының елу процентінен астамын дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін не басқа заңды тұлғаның акцияларының елу процентінен астамымен дер-бес дауыс беру мүмкіндігі болатын; бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болатын; бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігі аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосылатын; бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болатын жағдайлардың бірі болған кезде туындайды («Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126 ҚРЗ 3-бап)

КОНТРОЛЬ НА СООТВЕТСТВИЕ - оценка соответствия деятельности объекта государственного финансового контроля требованиям законодательства РК (ст. 133 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

СӘЙКЕСТІККЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің ҚР заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 133-бап)

КОНТРОЛЬ ПО КАРАНТИНУ РАСТЕНИЙ - дятельность, осуществляемая должностными лицами уполномоченного органа по проверке выполнения требований норм, правил и инструкций по карантину растений (ст. 1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344-І)

ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ - уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын өсімдіктер карантині жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтар талаптарының орындалуын тексеру қызметі («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРОЛЬ ФИНАНСОВОЙ ОТЧЕТНОСТИ - оценка достоверности, обоснованности и своевременности составления и представления финансовой отчетности объектом государственного финансового контроля (ст. 133 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ БАҚЫЛАУ - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 133-бап)

КОНТРОЛЬ ЭФФЕКТИВНОСТИ - проверка и оценка экономичности, результативности и продуктивности, с которыми объект государственного финансового контроля использует средства республиканского или местных бюджетов, активы государства, гарантированные государством займы, деньги от реализации государственными учреждениями товаров (работ, услуг), гранты (ст. 133 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

ТИІМДІЛІКТІ БАҚЫЛАУ - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелілікпен және үнімділікпен пайдалануын тексеру мен бағалау (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 133-бап)

КОНТРОЛЬНЫЕ ИСПЫТАНИЯ - установление сохранности признаков сорта сельскохозяйственного растения и соответствия разновидности данному сорту (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

БАҚЫЛАУ СЫНАҚТАРЫ - ауыл шаруашылық өсімдігінің сорт белгілерінің сақталуын және әр түрінің осы сортқа сәйкестігін анықтау («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРОЛЬНЫЕ И НАДЗОРНЫЕ ФУНКЦИИ ГОСУДАРСТВЕННЫХ ОРГАНОВ - функции, осуществляемые уполномоченными законодательством государственными органами, по обеспечению соблюдения законности, выявлению и устранению причин и условий нарушения законодательства, восстановлению нарушенных прав граждан и юридических лиц, проверке точного и единообразного применения нормативных правовых актов и выполнения обязательных требований нормативных актов в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан (ст. 2 ЗРК «О борьбе с коррупцией» от 2 июля 1998 года № 267).

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ МІНДЕТТЕРІ - заңдармен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың ҚР актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 ҚРЗ 2-бап)

КОНТРОЛЬНЫЙ ПАКЕТ АКЦИЙ - пакет акций, предоставляющий право определять решения, принимаемые акционерным обществом (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)

АКЦИЯЛАРДЫҢ БАҚЫЛАУ ПАКЕТІ - акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 ҚРЗ 1-бап)

КОНТРСТАЛИЙНОЕ ВРЕМЯ - период времени, в течение которого судно находится под погрузқой сверх сталийного времени (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)

КОНТРСТАЛИЯЛЫҚ УАҚЫТ - кеме сталиялық уақыттан тыс жүк тиеліп тұратын уақыт кезеңі («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284 ҚРЗ 1-бап)

КОНФИДЕНЦИАЛЬНАЯ ИНФОРМАЦИЯ - информация, раскрытие которой предоставляет значительные преимущества для конкурентов или имеет значительные неблагоприятные последствия для заинтересованной стороны, предоставившей информацию (ст. 1 ЗРК «О мерах защиты внутреннего рынка при импорте товаров» от 28 декабря 1998 года № 337)

ҚҰПИЯ АҚПАРАТ - ашылған жағдайда бәсекелестер үшін едәуір артықшылықтар беретін немесе ақпарат берген мүдделі тараптар үшін едәуір қолайсыз зардаптары болатын ақпарат («Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 337 ҚРЗ 1-бап)

КОНФИДЕНЦИАЛЬНАЯ ИНФОРМАЦИЯ - информация, раскрытие которой предоставляет значительные преимущества для конкурентов или имеет значительные неблагоприятные последствия для заинтересованных лиц, предоставивших информацию (ст. 1 ЗРК «Об антидемпинговых мерах» от 13 июля 1999 года № 421)

ҚҰПИЯ АҚПАРАТ - ашылған жағдайда бәсекелестер үшін едәуір артықшылықтар беретін немесе ақпаратты берген мүдделі тұлғалар үшін едәуір қолайсыз зардаптары болатын ақпарат («Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 421 ҚРЗ 1-бап)

КОНФИДЕНЦИАЛЬНАЯ ИНФОРМАЦИЯ - информация, раскрытие которой предоставляет значительные преимущества для конкурентов или имеет значительные неблагоприятные последствия для заинтересованного лица, предоставившего информацию (ст. 1 ЗРК «О субсидиях и компенсационных мерах» от 16июля 1999года № 441)

ҚҰПИЯ АҚПАРАТ - ашылған жағдайда бәсекелестерге едәуір артықшылық беретін немесе ақпарат беруші мүдделі адамға едәуір қолайсыз зардаптар келтіретін ақпарат («Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 441 ҚР3 1-бап)

КОНФИДЕНЦИАЛЬНЫЕ СВЕДЕНИЯ - информация, не составляющая государственные секреты, доступ к которой ограничен в соответствии с законодательством РК или по соглашению сторон (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» 8 мая 2003 года № 412)

ЖАСЫРЫН МӘЛІМЕТТЕР - мемлекеттік құпияларды құрамайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына немесе тараптардың келісіміне сәйкес қол жеткізу шектелген ақпарат («Ақпараттандыру туралы» 2003 жылғы 8 мамырдағы № 412-II ҚРЗ 1-бап)

КОНФИДЕНЦИАЛЬНЫЕ ЭЛЕКТРОННЫЕ ИНФОРМАЦИОННЫЕ РЕСУРСЫ - электронные информационные ресурсы, не содержащие государственных секретов, доступ к которым ограничен в соответствии с законами РК или их собственником, или владельцемв случаях, предусмотренных законодательством РК (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)

ҚҰПИЯЛЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР - мемлекеттік құпияларды қамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткізу ҚР заңдарына сәйкес немесе оны ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда меншік иесі немесе олардың иеленушісі шектейді («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)

КОНФИДЕНЦИАЛЬНОЕ МЕДИЦИНСКОЕ ОСВИДЕТЕЛЬСТВОВАНИЕ - обследование лица на предмет заражения ВИЧ, основанное на сохранении врачебной тайны медицинским работником личности обследуемого лица и результатов освидетельствования (ст. 1 ЗРК «О профилактике и лечении ВИЧ-инфекции и СПИД» от 5 октября 1994 года № 176)

ҚҰПИЯ МЕДИЦИНАЛЫҚ КУӘЛАНДЫРУ - тексерілетін адамның жеке басы мен куәландыру нәтижелерінің дәрігерлік құпиясын медициналық қызметкердің сақтауына негізделген, адамның АҚТҚ жұқтыруына тексеру жүргізу («АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» 1994 жылғы 5 қазандағы № 176 ҚРЗ 1-бап)

КОНФИСКАЦИЯ - в случаях, предусмотренных законодательными актами, имущество может быть безвозмездно изъято у собственника в судебном порядке в виде санкции за совершение преступления или иного правонарушения (ст. 254 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ТӘРКІЛЕУ - заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алынуы мүмкін (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 254-бап)

КОНФИСКАЦИЯ ИМУЩЕСТВА - конфискация имущества есть принудительное безвозмездное изъятие в собственность государства всего или части имущества, являю-щегося собственностью осужденного (ст. 51 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

МҮЛІКТІ ТӘРКІЛЕУ - мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 51-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау