Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет47/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   124

КОНФЛИКТ ИНТЕРЕСОВ - деятельность или отношения, которые способны ограничить объективность и независимость органов государственного финансового контроля, ревизионных комиссий маслихатов, служб внутреннего контроля, их работников и членов (ст. 144 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ - мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының, ішкі бақылау қызметтерінің, олардың қызметкерлері мен мүшелерінің объективтілігі мен тәуелсіздігін шектей алатын қызмет немесе қатынастар (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 144-бап)

КОНФЛИКТ ИНТЕРЕСОВ - ситуация, при которой интересы профессиональных участников рынка ценных бумаг и их клиентов не совпадают между собой (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары мен олардың клиенттерінің мүдделері бір-біріне сай келмейтін жағдай («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚР3 1-бап)

КОНЦЕДЕНТ - Республика Казахстан, от имени которой выступают Правительство Республики Казахстан или местный исполнительный орган, а также уполномоченные ими на заключение договора концессии государственные органы (ст. 1 ЗРК «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167)

КОНЦЕДЕНТ - ҚР, оның атынан әрекет ететін ҚР Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын жасасуға уәкілдік берген мемлекеттік органдар («Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 ҚРЗ 1-бап)

КОНЦЕНТРАЦИЯ ПРАВ НА ПРОВЕДЕНИЕ ОПЕРАЦИЙ В ОБЛАСТИ НЕДРОПОЛЬЗОВАНИЯ - обладание одним лицом или группой лиц из одной страны тақой долей в контрактах на проведшие операций в области недропользования на территории РК или тақой долей собственности в уставном капитале организаций, являющихся недропользователями в РК, которые способны создать или создают угрозу экономическим интересам РК (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ШОҒЫРЛАНДЫРУ - бір елден шыққан бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының ҚР аумағында жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарттарда осындай үлесті иеленуі немесе ҚР экономикалық мүдделеріне қауіп төндіруі мүмкін немесе қауіп төндіретін ҚР жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталында осындай меншік үлесін иеленуі («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

КОНЦЕРТНЫЕ ОРГАНИЗАЦИИ - зрелищные организации, реализующие комплекс мер для создания условий публичного исполнения произведений литературы и искусства и популяризации художественных коллективов и отдельных исполнителей (ст. 23 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)

КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМДАР - әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 23-бап)

КОНЦЕССИОНЕР - юридическое лицо (за исключением государственных предприятий и государственных учреждений), получившее права на объект концессии в соответствии с договором концессии (ст. 1 ЗРК «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167)

КОНЦЕССИОНЕР - концессия шартына сәйкес концессия объектісіне құқық алған заңды тұлға (мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) («Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 ҚРЗ 1-бап)

КОНЦЕССИЯ - передача по договору концессии объектов государственной собственности во временное владение и пользование в целях улучшения и эффективной эксплуатации, а также прав на создание (строительство) новых объектов за счет средств концессионера с предоставлением последнему права владения, пользования и распоряжения ими либо без такового с обязательным финансированием за счет средств концессионера и передачей государству (ст. 1 ЗРК «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167)

КОНЦЕССИЯ - концессия шарты бойынша мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ концессионердің қаражаты есебінен міндетті түрде қаржыландыра отырып және мемлекетке бере отырып, концессионерді иелену, пайдалану және билік ету құқығын беріп, не онсыз, жаңа объектілерді концессионер қаражаты есебінен құру (салу) құқықтарын беру («Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 ҚРЗ 1-бап)

КОНЦЕССИОННЫЙ ПРОЕКТ - совокупность мероприятий по осуществлению концессии, реализуемой в течение ограниченного периода времени и имеющей завершенный характер (ст. 1 ЗРК «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167)

КОНЦЕССИЯЛЫҚ ЖОБА - шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы («Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 ҚРЗ 1-бап)

КОНЦЕПЦИЯ НАЦИОНАЛЬНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ - официально принятая система взглядов и мер по обеспечению защиты конституционных прав личности и граждан, ценностей казахстанского общества, основополагающих государсвенных институтов (ст. 1 ЗРК «О национальной безопасности» от 26 июня 1998 года № 233)

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ - жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын, түпқазық мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі («ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233 ҚРЗ 1-бап)

КОНЦЕНТРАЦИЯ ПРАВ В РАМКАХ КОНТРАКТА - величина доли одного из участников консорциума в заключенном с РК контракте, позволяющая данному участнику самостоятельно принимать решения по деятельности недропользователя в соответствии с контрактом (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ШОҒЫРЛАНДЫРУ - ҚР жасалған келісім-шарттағы консорциумға қатысушылардың бірінің осы қатысушыға келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша дербес шешім қабылдауға мүмкіндік беретін үлесінің шамасы («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

КОНЬЯК - алкогольная продукция с объемной долей этилового спирта сорок-сорок пять процентов, с характерным букетом и вкусом, приготовленная из этилового спирта, полученного путем прямой или двойной перегонки и выдержанного не менее трех лет в дубовых бочках или эмалированных резервуарах с использованием дубовой клепки (ст. 5 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429)

КОНЬЯК - этил спиртінің көлемдік үлесі қырық-қырық бес процент болатын, сәндік және дәмдік ерекшелігі бар, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртінен дайындалған және емен бөшкелерде немесе емен қалақшалары пайдаланыла отырып, эмальданған резервуарларда кемінде үш жыл сақталған алкоголь өнімі («Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 5-бап)

КООПЕРАТИВ СОБСТВЕННИКОВ ПОМЕЩЕНИЙ - некоммерческое объединение собственников помещений (квартир) в многоквартирном жилом доме (домах), создаваемое с целью управления объектом кондоминиума (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)

ҮЙ-ЖАЙЛАР ИЕЛЕРІНІҢ КООПЕРАТИВІ - көппәтерлі тұрғын үйдегі (үйлердегі) үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кондоминиум объектісін басқару мақсатында құрылатын коммерциялық емес бірлестігі («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)

КООПЕРАТИВНЫЙ УЧАСТОК - участок, в котором объединено определенное число пайщиков и который может создаваться по территориальному или иному признаку, определяемому уставом сельского потребительского кооператива (ст. 2 ЗРК «О сельсқой потребительсқой кооперации в РК» от 21 июля 1999 года № 450)

КООПЕРАТИВТІК УЧАСКЕ - пайшылардың белгілі бір саны біріккен және аумақтық немесе селолық тұтыну кооперативінің жарғысы белгілейтін өзге де белгі бойынша құрылуы мүмкін учаске («Селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі № 450-І ҚРЗ 2-бап)

КОРМА - продукты растительного, животного, минерального, микробиологического, химического происхождения, используемые для кормления животных, содержащие питательные вещества в усвояемой форме и не оказывающие вредного воздействия на здоровье животных (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)

ЖЕМШӨП - жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, сіңірілетін түрде құрамында қоректік заттар бар және жануарлардың денсаулығына зиянды әсер тигізбейтін өсімдік, жануар, минералдық, микробиологиялық, химиялық, текті өнімдер («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚРЗ 1-бап)

КОРМИЛЕЦ - лицо, содержащее нетрудоспособных членов семьи, состоящих на его иждивении, за счет своего дохода (ст. 1 ЗРК «Об обязательном социальном страховании» от 25 апреля 2003 года № 405)

АСЫРАУШЫ - өзінің асырауындағы отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерін өз табысы есебінен асыраушы адам («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 ҚРЗ 1-бап)

КОРМОВАЯ ДОБАВКА - вещества органического, минерального и (или) синтетического происхождения, используемые в качестве источников недостающих питательных и минеральных веществ и витаминов в рационе животных (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)

ЖЕМШӨП ҚОСПАЛАРЫ - жануарлардың рационында жетіспейтін қоректендіргіш және минерал заттар мен дәрумендердің көздері ретінде пайдаланылатын, органикалық, минералдық және (немесе) синтетикалық текті заттар («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚРЗ 1-бап)

КОРМОВАЯ СОЛЬ - соль, используемая в животноводстве в качестве минеральной добавки в пищу животным (ст. 1 ЗРК «О профилактике йододефицитных заболеваний» от 14 октября 2003 года № 489)

ЖЕМДІК ТҰ3 - мал шаруашылығында малдың азығына минералдық қоспа ретінде пайдаланылатын тұз («Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» 2003 жылғы 14 қазандағы № 489 ҚРЗ 1-бап)

КОРПОРАТИВНЫЙ ВЕБ-САЙТ - официальный электронный сайт в сети Интернет, принадлежащий обществу и отвечающий установленным уполномоченным органом требованиям. Наличие корпоративного веб-сайта для публичных компаний обязательно (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)

КОРПОРАТИВТІК ВЕБ-САЙТ - интернет желісіндегі қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін ресми электронды сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың болуы міндетті («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 ҚРЗ 1-бап)

КОРПОРАТИВНЫЙ СЕКРЕТАРЬ - работник акционерного общества, не являющийся членом совета директоров либо исполнительного органа общества, который назначен советом директоров общества и подотчетен совету директоров общества, а также в рамках своей деятельности контролирует подготовку и проведение заседаний собрания акционеров и совета директоров общества, обеспечивает формирование материалов по вопросам повестки дня общего собрания акционеров и материалов к заседанию совета директоров общества, ведет контроль за обеспечением доступа к ним (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)

КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ - директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның не қоғамның атқарушы органының қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауды және жүргізуді бақылайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, оларға қолжеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 ҚРЗ 1-бап)

КОРПОРАТИВНАЯ СИСТЕМА ЭЛЕКТРОННОГО ДОКУМЕНТООБОРОТА - система электронного документооборота, участниками которой может быть ограниченный круг организаций или пользователей, определяемый ведомственными, функциональными или иными информационными отношениями (ст. 1 ЗРК «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» от 7 января 2003 года № 370)

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНЫҢ КОРПОРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ - электрондық құжат айналымының жүйесі, оған ұйымдардың немесе пайдаланушылардың ведомстволық, функционалдық немесе өзге де ақпараттық қатынастармен айқындалатын шектеулі ортасы қатысушылар бола алады («Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ ҚРЗ 1-бап)

КОРПОРАТИВНЫЙ ФОНД - фонд, учрежденный одним юридическим лицом или несколькими юридическими лицами - коммерческими и (или) некоммерческими организациями за счет средств этих организаций (ст. 13 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)

КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебінен құрған қоры корпоративтік қор деп танылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 ҚРЗ 13-бап)

КОРРЕКТИРОВКА БЮДЖЕТОВ - внесение изменений и дополнений в постановление Правительства РК или местного исполнительного органа о реалиизации закона о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год или решения маслихата о местном бюджете на соответствующий финансовый год без уточнения в Парламенте РК или маслихате (ст. 117 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

БЮДЖЕТТЕРДІ ТҮЗЕТУ - тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы ҚР Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына ҚР Парламентінде немесе мәслихатта нақтыламай өзгерістер мен толықтырулар енгізу (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 117-бап )

КОРРЕСПОНДЕНТСКИЙ СЧЕТ - банковский счет, открытый банку в другом банке по договору корреспондентского счета, по которому осуществляются банковские операции банка и его клиентов (ст. 6 ЗРК «О платежах и переводах денег» от 29 июня 1998 года № 237)

КОРРЕСПОНДЕНТОК ШОТ - корреспондентік шот шарты бойынша банкке басқа банктен ашылған, банктің және оның клиенттерінің банк операциялары жүзеге асырылатын банктік шот («Ақша төлемімен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 ҚРЗ 6-бап)

КОРРУПЦИЯ - не предусмотренное законом принятие лично или через посредников имущественных благ и преимуществ лицами, выполняющими государственные функции, а также лицами, приравненными к ним, с использованием своих должностных полномочий и связанных с ними возможностей либо иное использование ими своих полномочий для получения имущественной выгоды, а равно подкуп данных лиц путем противоправного предоставления им физическими и юридическими лицами указанных благ и преимуществ (ст. 2 ЗРК «О борьбе с коррупцией» от 2 июля 1998 года № 267)

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мімкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 ҚРЗ 2-бап)

КОСВЕННОЕ ВЛАДЕНИЕ (ГОЛОСОВАНИЕ) АКЦИЯМИ БАНКА - возможность определять решения банка, крупного участника банка, банковского холдинга или лиц, совместно являющихся крупным участником банка, банковским холдингом, через владение акциями (долями участия в уставном капитале) юридических лиц (ст. 2 ЗРК «О банках и банковсқой деятельности в РК» от 31 августа 1995 года № 2444)

БАНК АКЦИЯЛАРЫН ЖАНАМА ИЕЛЕНУ (ДАУЫС БЕРУ) - банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі («ҚР банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 ҚРЗ 2-бап)

КОСВЕННОЕ ВЛАДЕНИЕ (ГОЛОСОВАНИЕ) АКЦИЯМИ ОТКРЫТОГО НАКОПИТЕЛЬНОГО ПЕНСИОННОГО ФОНДА - возможность определять решения открытого накопительного пенсионного фонда, крупного участника открытого накопительного пенсионного фонда или лиц, совместно являющихся крупным участником открытого накопительного пенсионного фонда через владение акциями (долями участия с уставном капитале) юридических лиц (ст. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136)

АШЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АКЦИЯЛАРЫН ЖАНАМА ИЕЛЕНУ (ДАУЫС БЕРУ) - ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры ірі қатысушысының немесе заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)

КОСВЕННОЕ ВЛАДЕНИЕ ДОЛЯМИ УЧАСТИЯ В УСТАВНОМ КАПИТАЛЕ ЛИБО ВЛАДЕНИЕ (ГОЛОСОВАНИЕ) АКЦИЯМИ ЮРИДИЧЕСКОГО ЛИЦА - возможность определять решения юридического лица, крупного участника юридического лица или лиц, совместно являющихся крупным участником юридического лица, через владение (голосование) акциями (долями участия в уставном капитале) других юридических лиц (ст. 2 ЗРК «О банках и банковсқой деятельности в РК» от 31 августа 1995 года № 2444)

ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛҒА ҚАТЫСУ ҮЛЕСТЕРІН ЖАНАМА ИЕЛЕНУ НЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АКЦИЯЛАРЫН ИЕЛЕНУ (АКЦИЯЛАРЫМЕН ДАУЫС БЕРУ) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерімен) иелену (акцияларымен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін анықтау мүмкіндігі («ҚР банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 ҚРЗ 2-бап)

КОСВЕННОЕ ВЛАДЕНИЕ (ГОЛОСОВАНИЕ) АКЦИЯМИ СТРАХОВОЙ (ПЕРЕСТРАХОВОЧНОЙ) ОРГАНИЗАЦИИ - возможность определять решения страховой (перестраховочной) организации, крупного участника страховой (перестраховочной) организации или лиц, совместно являющихся крупным участником страховой (перестраховочной) организации через владение акциями (долями участия в уставном капитале) юридических лиц (ст. 3 ЗРК «О страховой деятельности» от 18 декабря 2000 года № 126)

САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫНЫҢ АКЦИЯЛАРЫН ЖАНАМА ИЕЛЕНУ (ОЛАРМЕН ДАУЫС БЕРУ) - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі («Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126 ҚРЗ 3-бап)

КОСМИЧЕСКИЙ МОНИТОРИНГ - совокупность мероприятий, направленных на проведение наблюдений за землепользованием; передача информации на основе данных дистанционного зондирования Земли из космоса, ее обработка для оценки и прогноза состояния и продуктивности посевов сельскохозяйственных культур (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66)

ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГ - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу («Агроөнеркөсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап)

КОТИРОВКА ЦЕННЫХ БУМАГ - цена спроса и (или) предложения, объявленная по ценной бумаге в определенный момент времени на организованном рынке ценных бумаг (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ БАҒАСЫН БЕЛГІЛЕУ - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгілі бір уақыт кезінде бағалы қағаздар бойынша сұранымның және (немесе) ұсынымның жарияланған бағасы («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461 ҚРЗ 1-бап)

КОТИРОВОЧНАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ ВНЕБИРЖЕВОГО РЫНКА ЦЕННЫХ БУМАГ - юридическое лицо, созданное в организационно-правовой форме акционерного общества, осуществляющее организационное и техническое обеспечение торгов путем эксплуатации и поддержания системы обмена котировками между клиентами данного организатора торгов (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

БИРЖАДАН ТЫС БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫНЫҢ БАҒА БЕЛГІЛЕУ ҰЙЫМЫ - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттердің арасында баға белгілеу арқылы айырбастау жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техника-лык, қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

КОЧЕВАЯ ПАСЕКА - пасека, которая посредством перемещения размещается у источников медосбора или массивов энтомофильных растений (ст. 1 ЗРК «О пчеловодстве» от 12 марта 2002 года № 303)

КӨШПЕЛІ ОМАРТА - орнын ауыстырып тұру арқылы бал жинау көздерінің немесе энтомофильді өсімдіктер алабында орналасатын омарта («Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы № 303 ҚРЗ 1-бап)

КОЭФФИЦИЕНТ ЗАМЕЩЕНИЯ ДОХОДА - коэффициент, который определяет отношение социальной выплаты к размеру дохода, взятого за основу при исчислении социальных отчислений (ст. 1 ЗРК «Об обязательном социальном страховании» от 25 апреля 2003 года № 405)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау