Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет9/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
21
1-тарау
КіріСПЕ
ЗЕрТТЕуДің АЛҒЫШАрТТАрЫ 
Бүкіл әлем елдерінде көптеген балалар кедейлікте және өте қолайсыз жағдайларда 
өмір сүруде, олардың баспана, білім, денсаулықты сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету 
секілді негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын жағдайлары жоқ. Оған қоса, олар 
отбасында шиеленістер, зорлық-зомбылық, балаларға қатыгездік көрсету, олардың 
қажеттіліктерін қанағаттандырмау, ішімдік пен есірткіні асыра қолдануға байланы-
сты қиындықтар секілді жағдайлар орын алған үйлерде өседі. Сондай-ақ, көптеген 
балалар ата-аналары ажырасқан кезде, қайтыс болған кезде және отбасынан кетіп 
қалған кезде де жапа шегеді. Бір немесе бірнеше факторлардың ықпалынан тіршілік 
етуіне, әл-ауқатына және дамуына қауіп төнген бала «әлеуметтік жағынан осал бала» 
деп аталады. Сондай-ақ баланың осалдығы оның жасына, жынысына, этникалық 
тобына, дініне немесе мәртебесінің басқа да түрлеріне байланысты артады. 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
22
Бүкіл әлем бойынша осал балалар тәуекелмен 
тығыз байланысты қызметке, яғни адам са-
удасы мен адам қанаушылығына тартылу 
қаупіне ұшырайды. ЮНИСЕФ мәліметтеріне 
сәйкес, коммерциялық жыныстық қатынас са-
удасында балаларды пайдалануға БҰҰ-ның 
адам саудасының, әсіресе әйелдердің және 
балалардың саудасының алдын алу және оны 
тоқтату және оның жазасы туралы Хаттамасы, 
балалар саудасына, балалар жезөкшелілігіне 
және балалар порнографиясына (1) қатысты ба-
лалар құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясымен 
тыйым салынғанына қарамастан, екі миллион 
бала (18 жастан төмен) әлемдік коммерциялық 
жыныстық қатынас саудасына ұшырайды. Бұл 
мәліметтер негізінен жыныстық қанаушылық 
мақсатындағы балалар саудасы қауіп-қатері 
төмен және табысы мол криминалды бизнес 
болып табылатынымен түсіндіріледі (2). Оған 
қоса, біріншіден балалар саудасы балаларды 
жыныстық қанау мақсатында жүзеге асыры-
латын болса, екіншіден, балаларды еңбекпен 
қанау, үй шарушылығында пайдалану және 
қайыр сұрату (3) мақсатында жүзеге асырылады. 
Бұрынғы уақытта тек халықаралық саудаға көңіл 
бөлінетін болса, қазіргі уақытта адамдардың ішкі 
саудасына да жете көңіл бөлінуде (мысалы, бір 
мемлекет шекарасынан тыс сауда).
Халықаралық конвенцияларға сәйкес бала-
лар (18 жасқа толмаған балалар) саудасы орын 
алған жағдайда қылмыстық күнә жасалғанын 
анықтау үшін адам саудасының жүзеге асыры-
лу әдісін орнату қажеттілігі жоқ, себебі мұндай 
жағдайларда балалар келісім бере алмайды. 
Оған қоса, халықаралық немесе ішкі саудасы 
болған жағдайда да, балаларды жезөкшелікке 
салу олардың ақша үшін жыныстық қатынас не-
месе сутенердің пайдасы үшін еріксіз жыныстық 
қатынас, қорғаныссыз жыныстық қатынас, 
сондай-ақ ішімдікті және/немесе есірткіні (4) 
қолдануға мәжбүрлеу сияқты қызметтермен ай-
наласуына келісім берді дегенді білдірмейді. 
Қазақстанда әлеуметтік жағынан осал бала-
лар және сауда мен жыныстық қанаушылыққа 
қатысты балалар осалдығы бойынша зерттеу іс 
жүзінде жүргізілмеген; осылайша, балалар сауда-
сы мен жыныстық қанаушылық мәселелерінің си-
патын беретін көрініс жоқ. Оған қоса, әлеуметтік 
жағынан осал балалардың, саудаға салынған 
және жыныстық қанаушылыққа ұшыраған 
балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін тиісті мемлекеттік құрылымдар мен ба-
лаларды қорғау органдарының, сондай-ақ 
үкіметтік емес ұйымдардың қолданатын шарала-
рын талдауға бағытталған жүйелі талпыныстар 
жасалмаған. 
МүМКіНДіКТЕр ТЕңДіГіНЕ НЕГіЗДЕЛГЕН 
БАҒАЛАу 
ЮНИСЕФ қағидаларына сәйкес, барлық ба-
лалар дискриминация, жалған сенім және фа-
воритизм секілді кесірлерсіз өмір сүруі, дамуы 
және жеке басының барлық мүмкіндіктеріне 
қол жеткізуі тиіс. Бұл түсініктеме жынысы-
на, нәсіліне, этникалық тиістілігіне, дініне, 
әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, тән 
ерекшеліктеріне және географиялық жағдайына 
тәуелсіз әрбір баланың негізгі құқықтарына 
кепілдік беретін Балалар құқықтары туралы 
конвенцияға (БҚК) сәйкес келеді. Соңғы жылда-
ры ЮНИСЕФ өз бағдарламалары мен саясатына 
қарай мүмкіндіктер теңдігіне негізделген әдісті 
Негізгі халықаралық терминдер
Бала – 
18 жасқа толмаған кез-келген тұлға 
(БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясы)
Адам саудасы –
 күш қолдануға қоқан-
лоққы көрсету немесе күш жұмсау немесе 
басқа да формала, мәжбүрлеу, зорлықпен 
ұрлау, алаяқтық, алдау, өз билігін немесе 
жағдайының осалдығын асыра қолдану, 
ақы төлеу немесе адам саудасы құрбанын 
бақылауында ұстаған адамның келісімін алу 
үшін ақы төлеу немесе пайда келтіре оты-
рып сатып алу арқылы адамдарды жұмысқа 
салу, тасымалдау, табыстау, жасыру немесе 
қабылдау. Қанаушылық ұғымына кемінде 
басқа тұлғаларды жезөкшелікпен қанаушылық 
немесе жыныстық қанаушылықтың басқа да 
түрлері, мәжбүрленген еңбек немесе қызмет, 
құлдық немесе құлдыққа ұқсас іс-әрекеттер, 
еріксіздік жағдайы немесе мүшелерін алу 
сияқты іс-әрекеттер жатады (БҰҰ-ның 
Адам саудасының, әсіресе әйелдердің және 
балалардың саудасының алдын алу және оны 
тоқтату және оның жазасы туралы хаттамасы).
Бала саудасы – 
баланы қанаушылық 
мақсатымен жұмысқа салу, тасымалдау, табы-
стау, жасыру немесе қабылдау «адам сауда-
сы» ұғымына берілген анықтама көрсетілген 
ықпал ету құралдарының бірін пайдала-
нумен байланысты болмаған жағдайда, 
«адам саудасы» болып есептеледі. (БҰҰ-ның 
Адам саудасының, әсіресе әйелдердің және 
балалардың саудасының алдын алу және оны 
тоқтату және оның жазасы туралы хаттамасы). 
18 жасқа толмаған жұмысқа салынған неме-
се қанау мақсатында бір жерден екінші жерге 
тасымалданған кез-келген бала алдау және 
мәжбүрлеу секілді құралдар қолданылмаған 
жағдайда да адам саудасына ұшыраған деп 
есептелінеді. 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау