ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
15
АДАМ САуДАСЫНЫң
БАҒЫТТАрЫ
Есепте адам саудасының құрбандары барған
осы зерттеу құрамына алынған: Алматы, Астана,
Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент және
Өскемен – жеті қала бойынша адам саудасының
бағыттары көрсетілген. Географиялық карталар
мен мәліметтер тек қана шағын қалалар мен үлкен
қалаларды ғана емес, сонымен қатар транзиттік
шағын қалалар мен ақырғы межелі қалаларды
да есепке алу үшін талданды. Адам саудасының
бағыттары әрқашан да тікелей шыққан жерінен
межелі жерге
жеткізетін бағыттар болмаған,
сондай-ақ бұл бағыттар бір немесе одан көп
транзиттік қалаларды да қамтыған.
ТӘуЕКЕЛДі МіНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
іШіМДіКТі ҚОЛДАНу/АСЫрА ҚОЛДАНу
Секс-жұмыскерлер көбінесе ішімдікті
қолданғанын (70.8%) және де ішімдікті
қолдану олардың өз таңдауы болғанын (63.2%)
болғанын айтты. Секс-жұмыскерлер ішімдікті жиі
қолданған, себебі ішімдікке қаныққан кезде кли-
енттерге жыныстық қызметтер көрсету оңайға
соққан.
Салыстырар болсақ,
адам саудасы
құрбандарының 60.2% ішімдікті қолданғанын
айтты, ал 39.8% ішімдікті қолдану олардың өз
таңдауы болғанын айтты. Адам саудасының
құрбандары көбінесе ішімдікті ішуге әлдекім
итермелегенін немесе мәжбүрлегенін айт-
ты (20.4%). Клиенттер де, сутенерлер де
адам саудасының құрбандарын ішімдік ішуге
мәжбүрлеген, мұның
негізгі себебі олар адам
саудасының құрбандарының барынша емін-еркін
болып, клиенттерге жыныстық қызмет көрсетуге
құштар болуын қалады. Адам саудасының
құрбандарының айтуы бойынша, олар ішімдікті
өз еріктерімен ішкен, себебі алкогольді ішімдікті
қиын-қыстау жағдайды бастарынан өткізу
үшін, жан-тәніне бататын ауруды жасыру үшін
қолданғанын айтты. Адам саудасының бір
құрбаны мұны былайша түсіндірген: «Ішімдіксіз
жыныстық қатынасқа түсу [секспен айналасу]
қиын; бірінші арақ, сосын секс».
ЕСірТКіНі ҚОЛДАНу/АСЫрА ҚОЛДАНу
Есірткіні қолдану мен көптеген есірткілердің
заңсыз болатыны туралы дерекке қатысты тый-
ым сөздердің себебінен респонденттер есірткіні
қолданғаны туралы
толықтай ашық айта алған
жоқ. Адам саудасының құрбандары (12.5%)
секс-жұмыскерлер (10.6%) мен әлеуметтік
жағынан осал балаларға (9.3%) қарағанда аз-
дап болса да көбіне есірткіні қолданғанын айт-
ты. Есірткіні қолданатын көп адамдар есірткіні
қолдану олардың өз таңдауы болғанын айтты; тек
адам саудасы құрбандарының 3.1% әлдекімнің
оларды есірткіні қолдануға итермелегенін немесе
мәжбүрлегенін хабарлады. Адам саудасының бір
құрбаны ғана оны адам саудасының саудагерлері
есірткіні тұрақты түрде егіп отырғанын айтты.
Ол былай деді: «Олар маған күштеп укол салды.
Қаншалықты жиі салғандары есімде жоқ... бірақ
олар маған тұрақты түрде укол салып тұрды».
ЖЕЗөКШЕЛіК ПЕН ЖЫНЫСТЫҚ
ҚАНАуШЫЛЫҚ
Адам саудасы құрбандарының көпшілігі (68.0%)
және секс-жұмыскерлердің 100.0% ақша үшін
жыныстық қатынасқа түскенін айтты. Әлеуметтік
жағынан осал балалардың аздаған бөлігі (3.1%);
ақша үшін жыныстық қатынасқа түскенін айт-
ты. Бала жастағы адам саудасы құрбандарының
47.6% және секс-жұмыскерлердің 62.3% 12 жа-
стан 17 жасқа дейінгі жас аралығындағы бала-
лар жыныстық қанаушылыққа ұшырған. Адам
саудасы құрбандарының тек 20.4% және секс-
жұмыскерлердің 36.8% ғана олардың жыныстық
қанаушылығы
мен секс қызметтерін көрсету
жұмыстарына қатысуы 18 және одан жоғары жа-
стан басталған деп жауап берді; әдетте 18 жастан
22 жасқа дейінгі жас аралығында (6.3-кесте).
Жасына қарамастан жыныстық қанаушылық
құрбандары жыныстық қатынасты ақшаға
айырбастауға келісімін бермеген, содан соң
саудагерлеріне/қанаушыларына пайда түсіру
үшін жезөкшелікке еріксіз мәжбүрленген.
ҚОрҒАНЫССЫЗ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС АрҚЫЛЫ
БЕріЛЕТіН АуруЛАр
Сауалнама алынғандардың барлығынан
респонденттердің 35.9% мүшеқапсыз жыныстық
қатынасқа түскенін айтты, 21.8% мүшеқапсыз
оральдық жыныстық қатынасқа түскен. 3
респонденттің 1-і жыныстық қатынас арқылы
таралатын аурулар туралы уайымдайды және 2
респонденттің 1-і жыныстық қатынас арқылы
берілетін аурулар бойынша тексеруден өткен.
Адам саудасының құрбандарының мүшеқапсыз
жыныстық қатынасқа түсу-түспеуі негізінен
олардың саудагерлеріне және клиенттеріне бай-
ланысты болған.
Қанаушылар клиенттерге олар
жоғары бағаны төлеген жағдайда мүшеқапсыз
жыныстық қатынасқа түсуге келісім бер-
ген, сондай-ақ кейбір клиенттер мүшеқапсыз
жыныстық қатынасқа түсуді өздері талап
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
16
еткен. Кейбір секс-жұмыскерлер де сонымен
қатар клиенттер жоғары құн төлеген жағдайда
мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа түсуге дайын
болғанын айтты.
Адам саудасы құрбандарының (48.5%) және
секс-жұмыскерлердің (48.1%) шамамен жар-
ты бөлігі мүшеқапсыз оральдық жыныстық
қатынасқа түскенін хабарлады. Адам саудасының
құрбандары мен секс-жұмыскерлердің шамамен
үштен бірі апта сайын мүшеқапсыз жыныстық
қатынасқа түскенін, күн сайын, аптасына бірнеше
рет немесе аптасында кемінде бір рет жыныстық
қатынастың бұл түрімен айналасқанын айтты.
Секс-жұмыскерлердің 96.5%
және адам сауда-
сы құрбандарының 60.4% жыныстық қатынас
арқылы жұғатын аурулар бойынша тексеруден
өткенін айтты, адам саудасының құрбандары
да секс-жұмыскерлер де жыныстық қатынас
арқылы берілетін аурулардың жұғу мүмкіндігі
туралы уайымдаған, ал кейбіреулері осындай
аурулардан емделгенін айтты. Адам саудасының
көптеген құрбандары қанаушылық шырмауын-
да болғанда медициналық қызмет көмегін алуға
қолдары жетпегенін айтты. Осылайша, адам сауда-
сы құрбандары негізінен тек қашып құтылғаннан
соң немесе құтқарылғаннан соң ғана жыныстық
жолмен жқғатын аурулар бойынша тексеруден
өтіп, ем алған.
Салыстыра алғанда, көбінесе
секс-жұмыскерлер жыныстық қатынас арқылы
таралатын аурулар бойынша үнемі тексеруден
өтіп тұрған. Секс-жұмыскерлердің жыныстық
қатынас арқылы таралатын аурулар бойынша
үнемі тексеруден өтіп тұрғанын айтқандарына
қарамастан, көбісі денсаулықтарына шағым ай-
тып, жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауру-
лар мен инфекциялардың барын хабарлады.
өзіне-өзі зақым келтіру және өзіне-өзі
қол жұмсауға бағытталған іс-әрекеттер
Таң қаларлығы, сауалнама жүргізілгендердің жал-
пы санынан 27.4% өз-өздеріне қасақана зақым
келтірген және өзін-өзін өлтіруге қол жұмсағанын
айтты. Адам саудасының әрбір 3-уі (34.0%) өзіне-
өзі зақым келтіріп, қол жұмсағанын айтты. Оған
қоса, әлеуметтік жағынан осал балалардың 4-тен
1 бөлігі (27.4%) және секс-жұмыскерлердің 5-тен
1 бөлігі (20.8%) өз-өздеріне зақым келтіріп, өз-
өздеріне қол жұмсағанын айтты.
Әлеуметтік жағынан осал балалардың өз-
өздеріне зақым келтіре бастаған және қол
жұмсаған кездегі жасы 8 жастан 16 жасқа
дейінгі аралықта болды, олардың орта жасы
13.7 жас. Салыстыра алғанда, адам саудасы
құрбандарының өз-өздеріне зақым келтіріп, қол
жұмсай бастаған кездегі жасы 12 жастан 30
жасқа дейінгі аралықта болды, олардың орта
жасы 17.1 жас. Сондай-ақ секс-жұмыскерлердің
өз-өздеріне зақым келтіріп, қол жұмсай бастаған
кездегі жасы 13 жастан 21 жас аралыңында бол-
ды, олардың орташа жасы 16.6.
Респонденттер негізінен асылу, биіктен секіру,
тұншығу, дәрілерді шамадан тыс қолдану, ула-
ну, тамырын кесу және өзін-өзі өртеу сияқты
іс-әрекеттер арқылы өз-өздеріне қол жұмсаған.
Кейбір балалар/жастар өз-өздеріне қасақана
қол жұмсағандарын айтта, айталық, өзін-өзі жа-
ралау немесе ұрып-соғу.
Сауалнамаға
жауап берушілер өзіне-өзі
зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға
бағытталған іс-әрекеттерді әртүрлі себептермен
жасаған, соның ішінде:
•
ата-анасымен/қамқоршысымен кикілжің;
•
балаға қатыгездік көрсету;
•
отбасыда зорлық-зомбылық көрсету кезінде
болу;
•
ата-анасының/қамқоршыларының ажырасуы
немесе дүние салуы;
•
баладан бас тарту;
•
бауырының немесе жақын досының дүние
салуы;
•
досымен ұрысу/досынан айрылу;
•
мектептегі құрдастарының мазақ етуі;
•
институционализация;
•
жыныстық зорлық-зомбылық жасау
мақсатымен тиісу/зорлау;
•
кедейлік;
•
баладан айрылу;
•
көптеген стресстер, қиналу және түйткілді
мәселелер;
Тек адам саудасының құрбандары және
секс-жұмыскерлер өзіне-өзі зақым келтіруге
және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-
әрекеттерді жасаған себебі адам саудасының
және қанаушылықтың құрбаны болғандықтан
екенін баяндады.