ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
27
апталап және айлап жатқан. Әрбір баламен
сұхбат тек қана бір рет жүргізілді.
Зерттеу тобы жеті қаланың әрқайсысындағы
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу
орталықтарына қол жеткізуге байланысты
қиындықтар тап болды. Кейбір қалаларда
2011 жылдың шілде айынан қыркүйек айына
дейінгі уақыт аралығында кейбір қалалардағы
Орталықтар жабық болды, бізге хабарлағаны
бойынша бұл қайта құрудың себебінен (себебі
2011 жылы Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі Орталықтарды
Қазақстан Республикасының Ішкі Істер
Министрлігінен қабылдап алған). Қайта құру
барысында болған Орталықтар уақытша жабы-
лып, Орталықта орналастырылатын жетімдер
үйі немесе баспаналар секілді мемлекеттік ме-
кемелерде
орналастырылған, бұл жағдай зерт-
теу тобының балалардың осы тобын анықтап,
сұхбат алу жұмысын қиындатты. Осы мәселені
шешу мақсатында кейбір қалаларда (айталық,
Алматы, Атырау және Қарағанды) девиантты
мінез-құлықты балаларға арналған арнайы
білім беру ұйымдарындағы осал балалармен
сұхбат жүргізді. Зерттеу тобына девиантты мінез-
құлықты балаларға арналған арнайы білім беру
ұйымдарында іріктеу тобына далада тіршілік ет-
кен балалар мен секс-индустрияға тартылған
қыздарға ерекше көңіл бөле отырып, соңғы
күндері, апталарда және айларда түскен ер
және әйел жынысты 9 жастан 17 жасқа дейінгі
аралықтағы балаларды қосуға нұсқау берілді.
Әрбір баламен сұхбат тек қана бір рет жүргізілді.
ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН БЕріЛЕТіН
АуруЛАрДЫң АЛДЫН АЛу ЖӘНЕ
ДЕрМАТОЛОГИЯ ОрТАЛЫҚТАрЫНДАҒЫ
іріКТЕу ТОБЫ
Жеті қаланың әрқайсысында Жыныстық жолмен
берілетін аурулардың алдын алу және дерматоло-
гия орталықтары қызмет етеді. Мұнда жыныстық
жолмен берілетін ауруларды тексеру және олар-
ды емдеу үшін адамдарға қызмет көрсетіледі.
Негізінен,
адам саудасының құрбандарына
арналған баспаналардағы және балаларға
арналған мемлекеттік резиденттік мекемелердегі
(мысалы, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу
орталықтарынан және девиантты мінез-
құлықты балаларға арналған арнайы білім
беру ұйымдарынан) қыздар жыныстық жолмен
берілетін ауруларды тексеру және оларды емдеу
үшін Дерматология орталықтарына жіберіледі.
2011 жылдың шілде айынан қыркүйек айы-
на дейінгі уақыт аралығында Дерматология
орталықтарының әрқайсысындағы 15-20 жас
аралығындағы секс-индустрияға тартылған
және/немесе жыныстық қанаушылыққа
ұшыраған қыздармен сұхбат жүргізу мақсаты
көзделді. Жеті Жыныстық жолмен берілетін
аурулардың алдын алу және дерматология
орталықтарынан 105-140 қыздан тұратын зерт-
теуге алынатын топты іріктеу.
Зерттеу тобынан Жыныстық жолмен берілетін
аурулардың алдын алу және дерматология
орталықтарында тексеруден өтіп,
емделіп жатқан
қыздармен сұхбат жұргізу үшін әрқайсысымен
апта сайын байланыс орнату талап етілді. Кейбір
қыздар Дерматология орталықтарда тек бірнеше
сағат қана паналаса, басқалар апталап және ай-
лап жатқан. Әрбір қызбен сұхбат тек қана бір рет
жүргізілді.
КөШЕ БАЛАЛАрЫН, СЕКС-
ЖҰМЫСКЕрЛЕрДі ЖӘНЕ ДЕ ЖЫНЫСТЫҚ
ҚАНАуШЫЛЫҚҚА, САуДАҒА ҰШЫрАҒАН
ТҰЛҒАЛАрДЫ үКіМЕТТіК ЕМЕС
ҰйЫМДАрДЫң ҚОЛДАуЫМЕН АЛЫНҒАН
іріКТЕу.
Қалалардың әрқайсысында көше балалар-
мен, секс-жұмыскерлермен, адам саудасына
ұшыраған тұлғалармен тікелей жұмыс жасайтын
үкіметтік емес ұйымдар болды. Осы үкіметтік
емес ұйымдардың кейбіреуі көшіп-қонушылар
мен адам саудасына ұшыраған адамдармен
жұмыс жасайтын Халықаралық көші-қон
ұйымының серіктесі ретінде анықталған, ал
басқалар картирлеу арқылы анықталған бола-
тын. ЮНИСЕФ-пен және Омбудсмен мекемесімен
ынтымақтастық орнату барысында зерттеу тобы
зерттеуге қатыса
алатын және зерттеу тобын
көше балаларымен, секс-жұмыскерлермен және
адам саудасына ұшыраған тұлғалармен байла-
ныс орнатуда көмек көрсете алатын үкіметтік
емес ұйымдарды зерттеп, анықтады.
Әрбір таңдалған/бекітілген үкіметтік емес
ұйым зерттеу тобына 20-25 баламен/
жасөспірімдермен 2011 жылдың шілде айы-
нан қыркүйек айына дейінгі уақыт аралығында
9 жастан 17 жас аралығындағы көше ба-
лаларына, 11 жастан 23 жасқа дейінгі жас
аралығындағы секс-жұмыскерлерге және де
адам саудасына ұшыраған барлық жастағы
тұлғаларға ерекше көңіл бөле отырып сұхбат
алуға қолғабыс етеді деген мақсат қойылды.
Үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен 140-175
көше балаларының, секс-жұмыскерлердің және
де адам саудасына ұшыраған тұлғалардың ара-
сынан іріктеу жүргізу мақсаты алға қойылды.
Зерттеудің бастапқы сатысында кейбір
іріктелген/бекітілген үкіметтік емес ұйымдардың
сұхбат алу мақсаты жоспарланған халыққа қол
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
28
жетімсізділігі туралы анықталды. Осылайша,
олардың ішіндегі кейбірі зерттеуден алынып та-
сталды. Осы зерттеуде көмек көрсеткен үкіметтік
емес ұйымдардың
соңғы тізімінің құрамы
төменде беріледі:
•
«Забота» кризистік орталығы (Алматы)
•
«Сана Сезім» Әйел бастамаларының құқықтық
орталығы» Қоғамдық бірлестігі (Шымкент)
•
«Жан Жолдас» қоғамдық бірлестігі (Шымкент)
•
«Гендерлік
ақпараттық-аналитикалық
орталығы» Қоғамдық бірлестігі (Қарағанды)
•
«Мегаполис» Қоғамдық бірлестігі (Атырау)
Зерттеу тобынан көше балаларымен, секс
жұмыскерлерімен және де адам саудасына
ұшыраған тұлғалармен сұхбат жүргізу үшін
іріктелген/бекітілген үкіметтік ұйымдардың
әрқайсысымен 2011 жылдың шілде айынан
қыркүйек айына дейінгі аралықта көше балала-
рымен, секс-жұмыскерлер және де адам сауда-
сына ұшыраған тұлғалармен сұхбат жасау үшін
апта сайын байланыс орнату талап етілді. Әрбір
адаммен сұхбат тек қана бір рет жүргізілді.
ҚҰрЫЛЫМДАЛҒАН
ТЕрЕңДЕТіЛГЕН СҰХБАТ
Құрылымдалған тереңдетілген сұхбат өткізуге
арналған сауалнама парағы балалар осалдығы,
адамдар саудасы және жыныстық қанаушылық
мәселелері қозғалатын халықаралық әдебиетті
жан-жақты меңгеру негізінде әзірленді.
ЮНИСЕФ Халықаралық кеңесшісі – доктор
Робин Хаарр құрылымдалған тереңдетілген
сұхбат өткізуге арналған сауалнама парағын
әзірлеуші болып, Адам құқықтары жөніндегі
ұлттық орталықпен (Омбудсмен мекемесі)
ынтымақтастық орнату барысында сұрақтардың
дұрыстылығы
мен әдептілігін тексеріп, өңдеп
шықты. Сұхбат жүргізуге арналған сауалнама
парағы бастапқыда ағылшын тілінде дайындал-
ды, содан соң зерттеу барысында қолданылу
үшін орыс тіліне, қазақ тіліне және өзбек тіліне
алаңдық қолдану үшін аударылды. Жүргізілген
сауалнама нәтижесінде алынған мәліметтерді
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
(Омбудсмен мекемесі), халықаралық кеңесші
және жергілікті зерттеу тобы (Қоғамдық пікірді
зерттеу орталығы) аударманың дұрыстылығына
көз жеткізу мақсатында қайта тексеруден
өткізді.
Құрылымдалған тереңдетілген сұхбат өткізуге
арналған сауалнама парағы неғұрлым көбірек
ақпарат алу үшін жасалып, ашық және жабық
сұрақтардың сериясынан тұрады, алынатын
ақпарат құрамы төмендегідей:
•
жынысын, жасын, этникалық мәртебесін,
мектепке баруын, білім деңгейін, еңбек
дәрежесін, отбасының көлемін және өмір сүру
жағдайларын қоса алғанда, демографиялық
мәліметтер;
•
кедейлігі мен балалық шағындағы өмір сүру
жағдайлары;
•
балалармен
қатыгез қарым-қатынас пен
баланың қажеттіліктерін қанағаттандырмауды
қоса алғанда, баланың отбасындағы зорлық-
зомбылық тәжірибесі;
•
отбасының көшіп-қону оқиғасы;
•
үйден кету себептері және де үйден кету
шешімін қабылдаған деген отбасының қосқан
үлесі;
•
туып-өскен жерінен транзиттік межелі жер-
ге және де қалаларға/шағын қалаларға/
ауылдарға дейінгі көшіп-қону жолдары, сондай-
ақ әрбір тоқталған жерінде өткізген уақыты;
•
көшіп-қонуын ұйымдастарған тұлғаларды,
олармен бірге көшіп-қонатын тұлғаларды,
көшіп-қонуда жетекшілік ететін тұлғаларды
қоса алғанда, көшіп-қону тәжірибесі
және де бірігіп жол жүрген тұлғалардың
демографиялық мәліметтері;
•
қанаушылық және адам саудасы саласындағы
тәжірибе, оған
қоса бұл салада басшылық ет-
кендер туралы мәліметтер және де басшылық
ету әдістері туралы мәліметтер, қарыздары,
жұмыс істеу жағдайы туралы мәліметтер, дәл
осындай жағдайға душар болған тұлғалардың
демографиялық мәліметтері, адам саудасына
ұшыраудың уақытша шектеулері;
•
қашу тралы мәліметтер, оған қоса олардың
өз саудагерлерінен/қанаушыларынан қалай
қашқаны туралы мәліметтер;
•
олардың пананы/орталықты және/немесе
қолдау көрсету қызметін қалай тапқаны тура-
лы мәліметтер;
•
қашпас бұрын және қашып кеткеннен кейінгі
отбасымен байланыс туралы және өз отбасы-
на, үйіне қайта оралу ниеті туралы мәліметтер;
•
саудагерлері/қанаушыларының
мәртебесі ту-
ралы мәліметтер, оған қоса олардың ұсталуы
және де соттық тәртіп бойынша қудалануы ту-
ралы мәліметтер;
•
ішімдікті қолдану туралы мәліметтер, оған қоса
ішімдікті қолдануға оларды ынталандырғаны
немесе мәжбүрлегені туралы, ішімдікті
қолдану жиілігі туралы мәліметтер;