Мал азықтық белокты алу



жүктеу 16,35 Kb.
Дата17.01.2022
өлшемі16,35 Kb.
#33166
өнд бт 8


Мал азықтық белокты алу
Микробтар биомассасын белокты алмастырушы ретінде қолдану идеясын алғаш рет 1830 жылы Дельбрюк ұсынған болатын. Мелассаны қолдана отырып тағамдық ашытқы саңырауқұлақтарды алғаш рет алу өндірісі бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германияда жасалды, 1915 жылдың өзінде қондырғының қуаты мен 10 мың тонна ашытқы саңырауқұлақтартарды өндіреді, бірақ 1916 жылы мелассанының тапшылығынан өндіріс тоқтап қалды. 1966 жылы «бір клеткалылар белогы» деген термин пайда болды немесе SCP (Singie cell protein) деп атаған. Мал азығына қоспа ретінде пайдалануға арнап балдырлар, бактериялар, ашытқы және зең саңырауқұлақтарды қолданған. Бұл термин шартты сипатта, себебі құрғақ массаның тек 40-65 пайызы белоктан тұратыны анықталды. Әлемде жыл сайын екі миллион тоннадай SCP белок өндіріледі. Олардың адамдар мен жануарлар организміндегі қорытылғыштығы 80-90, ал өсімдік белогінікін алсақ, ол тек 60, мал белогы - 100 қорытылады екен.

1935 жылы ТМД елінде сабан гидролизаты, жүгері өзегі және ағаш үгіндісі негізінде мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды өндіретін алғашқы завод іске қосылды. Н-алкан негізінде мұнайдан бөлініп алынған (оны апарин деп атайды) бір клеткалылардан көп тонналы белокты өндіру жолға қойылған.

Микроорганизмдерді өсіру үздіксіз өсіру жағдайында арнаулы ферментерлерде жүргізіледі.

Алынған биомассаны өсіп тұрған ортадан сеператорлау немесе сүзу арқылы бөліп алады, жуады, концентрлейді, содан соң 80-90С температурада ашытқы саңырауқұлақтарды өлтіреді. Осылай алынған қаймаққа ұқсас массаны шашырата құрғатқыш қондырғыда құрғатып дайын өнімді буып-түйеді де, тұтынушыларға жөнелтеді.

1968 жылдан бері батыс Германияның «Хест» және «Империял Кемикал индастриз ЛТД» деп аталатын формаларының кәсіпорындарында «Methylophilus methylotrophus» (AS1) бактерияларының штамдарын метанолды өндіру негізінде бірклеткалық (БОО) организмдерден белокты өндіру жолға қойылды. Бұл субстрат экономикалық жағынан алғанда тиімді, өйткені метан және суда еритін Н-алкан сияқты емес, химиялық инженерия тұрғысынан көп қиындық келтірмейді.

БОБ (бір клеткалы организмдер белогы) алудың тағы бір жолы, мысалы қағаз шығаратын өнеркәсіптің өңдеуден қалған сульфат қантын субстрат ретінде пайдаланды айтуға болады. АҚШ-та осындай ерітінділерде мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды өсіреді. Финляндияда 1975 жылы сульфат қалдығы суларында Paecilomyces саңырауқұлағын өсіретін фабрика құрылып, жұмыс істейді. Оның өндірістік қуатымен жылына 10 мың тонна белок өндіріледі. Ашытқы саңырауқұлақтарды өндіру үшін сүт сарысуын қолдануға болады.

Францияның үш өнеркәсібі жылына өндірістік қуаты алты мың тонналық мал азығы мен адам тамағына қоспа жасау үшін сүт өнеркәсібінің екінші реттегі өнімі ретінде алынатын сүт сарысуын пайдаланады. Сонымен қатар, онда өндірістік қуаты жылына 10 мың тоннадай екі фабрика салынды. Бұнда шамамен БОБ-ның өндірісінің жалпы көлемінің жартысына теңін көмірсутегі шикі заттары емес, басқа субстрат арқылы қамтамасыз етеді.

БОБ-тың артықшылығына күмән келтіруге болмайды. Мысалы, 500 кг ашытқы саңырауқұлақтар тәулігіне 800 тоннадай белок түзеді. Ол барлық биомассаның 40-50 пайызын құрайды. Ал өгіз болса, ол осындай мерзім ішінде бар-жоғы 400-500г ғана белок жинай алады екен. Белоктың тиімділігін арттырудың бір тәсілі онымен ұсақ малдарды асырау болып табылады. Мәселен, екі ай бойына 8,4кг өсімдік белогымен азықтандырғанда екі килограмдай ет өндіруге болады. БОБ өндірушілер өз өнімдерін соя бұршағы белогының орнын баса алады деген ұғымнан аулақ. Қайта олар шошқаны, үй құстарын, азғана көлемде бұзауларды асырағанда осы белокты балық ұнын алмастырушы ретінде қарайды.

Адам азығы ретінде дәнді дақылдар көмірсуларында өсірілген Fusarium саңырауқұлақтарын пайдалану негізінде алынған микопротеин препараты өзін жақсы жағынан көрсетіп жүр.
Кесте 1 – Микопротеин мен ірі қара етінің салыстармалы құрамы (Smith бойынша, 1984)


Компоненттер

Құрғақ затта,  есебімен

Микопротеин

Ет

Белок

РНК


Липидтер

Күл


Жіп тіндері мен көмірсулары

44,4

1,1


13,8

3,1


37,6

68,3

іздері ғана



30,2

1,6


0


Оның құрамы толық бағалы компоненттерден тұрады (1 - кесте), жақсы қорытылады, липидтерінде холестерин болмайды және оған ет, ветчина, тауық, балық еттерінің консистенциясы мен хош иістерін беріп, органолептикалық бағалылығын арттыруға болады. Осындай жолмен дәнді дақылдар крахмалын тағамға жаратуға болатыны микопротеинді өндірудің тиімділігін дәлелдейді. Бүкіл әлемде тағамдық мақсат үшін микробтық синтез көмегімен жылына шамамен 15 мың тоннадай өнім өндіріледі.
жүктеу 16,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау