Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет5/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
13
қажеттіліктермен қамтамасыз етілмегендіктен, 
сондай-ақ ата-анасының бірінің немесе екеуінің 
де есірткі мен ішімдік қолданумен байланы-
сты қиындықтары болғандықтан. Әлеуметтік 
жағынан осал балалардың айтарлықтай бөлігінің 
айтуы бойынша, олар бағытталған жерде 
жақсырақ өмір сүремін немесе тіршілік деңгейі 
жоғары болады деп үміттенген (27.8%), үлкен 
қалада өмір сүргісі келген (24.7%), үйден кетуді 
ақша табудың жақсы мүмкіндігі деп қарастырған 
(22.0%).
Адам саудасының құрбандары да көптеген 
маңызы бар қызықтырушы факторларды 
анықтады. Атап айтсақ, адам саудасының 75.7% 
тәуелсіз болғысы келген, 72.8% бағытталған 
жерде жақсырақ өмір сүремін немесе тіршілік 
деңгейі жоғары болады деп ойлаған, 68.0% ақша 
табудың жақсы мүмкіндігі деп қарастырған, 
63.1% – үлкен қалада тұруға ниетін білдірді, 48.5% 
– ақша тауып, өз отбасыларына жібере алатын 
жақсы мүмкіндігі деп қарастырған, ал 46.6% ай-
туы бойынша, оларды үйден кетуге итермелеген 
адам бағытталған қалада ақша табудың көптеген 
мүмкіндіктері бар деп қызықтырған. Оған қоса, 
адам саудасы құрбандарының 45.6% бұрында өз 
қаласынан кетіп қалған достары болған, және де 
сол достарының ақша тауып, өз отбасыларына 
жіберіп тұрғанын көрген, ал 36.9% оларды үйден 
кетуге итермелеген достары болған. 
Секс-жұмыскерлердің көпшілігі біршама 
салмақты қызықтырушы факторларды 
анықтады, олардың ішінде мыналарды атап өтуге 
болады: олар тәуелсіз өмір сүргісі келді (84.0%), 
бағытталған жерде жақсырақ өмір сүремін 
немесе тіршілік деңгейі жоғары болады деп 
ойлаған (78.3%), үлкен қалада өмір сүргісі кел-
ген (77.4%), ақша табудың жақсы мүмкіндігі деп 
қарастырған (67.9%) және де олар үйден кетуді 
ақша тауып, оны өз отбасына жіберіп тұрудың 
жақсы мүмкіндігі деп қарастырған (54.7%). 
Секс-жұмыскерлердің айтарлықтай бөлігі аса 
маңызды қызықтырушы фактор ретінде бұрында 
өз қаласынан кетіп қалған және де ақша тауып, 
өз отбасыларына жіберіп тұрғанын көре отырып 
өз достарын анықтаған (42.5%).
АДАМ САуДАСЫ ЖӘНЕ 
ҚАНАуШЫЛЫҚ
ЖЫНЫСТЫҚ ҚҰЛДЫҚҚА ЖӘНЕ 
ҚАНАуШЫЛЫҚҚА ҰШЫрАу ЖОЛДАрЫ 
Бұл есепте балалардың/жасөспірімдердің 
жыныстық қанаушылық мақсатында адам 
саудасының саласына түсудің және жыныстық 
қанаушылыққа ұшырауының түрлі жолдары 
көрсетілген, оның ішінде:

  «бейтаныс адам саудагерінің» алдауы

  «таныс адам саудагерінің» алдауы

  «дос-адам саудагерінің» алдауы

   «көңілдес-адам саудагерінің» алдауы

  «жұмыс беруші-адам саудагерінің» алдауы

 ата-анасының немесе жанұясының басқа 
мүшелерінің баланы жыныстық құлдыққа са-
тып жіберуі

 басқа адамдардың ұрлап алуы және 
жыныстық құлдыққа сатып жіберуі

  қыздығын сату мақсатымен сатылуы
Адам саудасы мен жыныстық қануашылық сала-
сына түсу жолдарының әрқайсысы осы есепте 
жеке-жеке талданған. Жыныстық қанаушылық 
мақсатымен адам саудасының көп жағдайлары 
жыныстық пайдалану мақсатындағы ішкі 
адам саудасы болып табылады, алайда соны-
мен қоса жыныстық қанаушылық мақсатында 
халықаралық адам саудасының орын алған 
жағдайлары да бар. 
БОрЫШТЫҚ ТӘуЕЛДіЛіК
Адам саудасының құрбандары жыныстық 
қанаушылық мақсатында өз саудагерлерінің/
қанаушыларының алдында қарыздар бол-
ды да, өз қарыздарын өтеуге міндетті бол-
ды. Қарыз құрамына адам саудагерінің/
қанаушысының қызды сатып алу үшін төлеген 
ақысы, өзі тұратын жерден межелі қалаға 
дейінгі жолының ақысы кіреді. Көптеген адам 
саудагерлері құрбанның қарызына қосымша 
шығындарды қосатын: тұратын орнына, тамаққа, 
косметикаға және полицияға берілетін параға 
жұмсалатын шығындар. Қарыз адам саудасы 
құрбандарын бақылауда ұстау үшін және олар-
ды адам саудагерлерінен/қанаушылардан 
борыштық тәуелділікте ұстау үшін қолданылған. 
Кейбір адам саудагерлері/қанаушылары өз 
құрбандарын олар өз қарыздарын өтеуге жақын 
қалғанда немесе өтеген кезде сатқан. Мұндай 
жағдайларда адам саудасының құрбандары 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
14
жаңа саудагерінің/қанаушысының алдындағы 
жаңа борышты өтеуге мәжбүр болған.
ЗОрЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ, ҚОрҚЫТЫП-үрКіТу 
ЖӘНЕ БАҚЫЛАу
Адам саудагерлері адам саудасының 
құрбандарын қорқынышта ұстау үшін және 
бағындыру үшін зорлық-зомбылық жасаудың, 
қорқытып-үркітудің және бақылаудың әртүрлі 
құралдарын қолданған. Адам саудасының 
құрбандарын үнемі қадағалау үшін адам 
саудагерлері психологиялық, физикалық 
және жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. 
Зорлық-зомбылық көрсету көбінесе қатыгез, 
азапты түрде және әртүрлі жолдармен жасалған. 
Адам саудасының құрбандарының айтуы бой-
ынша, адам саудагерлері құрбандарын тәулік 
бойы тіпті олар клиенттермен болған кезде 
де қадағалау және бақылау үшін, бөлмелер 
мен дәліздерде бейнекамераларды және те-
лефонмен сөйлескен әңгімелерін тыңдауға 
арналған құрылғыларды қолданған. Бейне ка-
мералар мен телефонмен сөйлескен әңгімелерін 
тыңдауға арналған құрылғылар адам 
саудасының құрбандарын қорқытып-үркітудің, 
психологиялық бақылаудың құралы болды, 
себебі олар әрқашан да өз қанаушыларының 
қатаң қадағалауы мен бақылауы астында болды. 
Полицияға әдетте бөлмелердегі бейнетаспалар 
туралы белгілі болды да, олар мұндай жерлерге 
полициялық рейд жүргізу барысында олардың 
көзін жояды, алайда адам саудагерлері полиция 
кеткеннен соң оларды қайта ауыстырып қояды. 
Адам саудасының құрбандарын қадағалау және 
бақылау үшін, сонымен бірге олар қашып кет-
пес үшін көп жағдайда күзетшілерді жалдаған. 
Көп жағдайда адам саудасының құрбандары 
тәулігіне 24 сағат бойы күзетшілердің бақылауы 
астында болды. Әдетте күзетшілер ұрып-соғу 
арқылы құрбандарды бақылау және жазалау 
үшін, сондай-ақ қыздарды олар клиенттермен 
кездесіп, оларға жыныстық қызмет көрсететін 
сауналарға, қонақ үйлерге және пәтерлерге 
апару/осы жерлерден әкелу үшін жауапты бо-
лады. Күзетшілер сондай-ақ адам саудасының 
құрбандарының ақшаға қол жетімділігі болмас 
үшін жыныстық қызметтердің ақысын жинады.
ЕңБЕК ҚАНАуШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫМЕН 
ЖүрГіЗіЛЕТіН АДАМ САуДАСЫНЫң 
ҚҰрБАНЫНА АйНАЛу ЖОЛДАрЫ 
Зерттеу еңбек қанаушылығы мақсатымен 
жүргізілетін адам саудасы мәселелерін 
қарастырды және де құлдыққа түсудің үш жалпы 
жолын анықтады: 

  «бейтаныс адам саудагерінің» алдауы

  «жұмыс беруші-адам саудагерінің» алдауы

 қарызын өтеу үшін ата-анасының еңбек 
қанаушылығына сатуы
Осы еңбек қанаушылығы мақсатымен 
жүргізілетін адам саудасы саласына жеткізетін 
жолдарының әрқайсысы есепте талданды. Есепте 
талданған еңбек қанаушылығы мақсатымен 
жүргізілетін адам саудасының құрбанына айналу 
жағдайларында жыныс ер және әйел құрбандар 
кездеседі, сондай-ақ еңбек қанаушылығы 
мақсатымен жүргізілетін ішкі және халықаралық 
адам саудасы жағдайларының орын алғанын 
көрсетеді. 
ҚАШу ЖӘНЕ ҚҰТҚАру
Адам саудасы құрбандарының тек қана 9.7% 
оларға адам саудагерлерінен қашуға әлдекім 
көмектескенін хабарлады, ал 14.6% адам 
саудагерлері оларды ұстап алғанын айтты. 
Адам саудасының кейбір құрбандарының ай-
туы бойынша, олар қашуға деген кішкентай 
мүмкіндікті көріп тұрған кезде ғана қаша алатын
және де әдетте бұл мүмкіндік олар күзетшілері 
немесе адам саудагерлері ұқыптылық танытпай 
немесе өздерін аз ғана уақытқа қадағалаусыз 
қалдырғанын түсінген кезде туған. Адам 
саудасының басқа құрбандары клиенттің неме-
се саудагерлердің телефонын пайдаланып, өз 
отбасының мүшесіне немесе полицияға телефон 
шалып, көмек сұрау мүмкіндігін тапқан. Адам 
саудасының кейбір құрбандары өз жағдайларын 
клиенттерге түсіндіріп, оларды қашып кету-
ге көмектесуді сұраған. Адам саудагерлерінің 
кейбір құрбандарының айтуы бойынша, олар 
кейде ұрып-соғудан соң, аурадан немесе өз өзіне 
қол жұмсағаннан соң емханаға түскен кезде өз 
саудагерлерін/қанаушыларын көндірген кездер 
де болды. 
Адам саудасының кейбір құрбандарының айтуы 
бойынша, қашып кеткеннен соң, оларды көшеде 
полиция ұстап, қайта адам саудагерлеріне 
қайта апарған. Тек кейбір жағдайларда ғана по-
лиция шын мәнінде көмекке келіп, қыздарды 
қанаушылықтан босатқан. 
Адам саудасының кейбір құрбандары еңбек 
қанаушылығы мен жыныстық қанаушылық 
мақсатымен әлі де болса қанаушылық шырма-
уында және адам саудагерлерінің бақылауы 
астында болды. Бір немесе екі құрбан олардың 
қашуға жоспар құрғаны туралы ойларымен 
бөлісті, бірақ басқалар бұл туралы айтпаған. 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау