Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет2/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
6
АЛҒЫСөЗ
Осы есептік ақпараттар Норвегияның сыртқы істер министрлігі мен АҚШ-тың халықаралық даму 
жөніндегі агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауы бойынша жүргізілген, Адам құқықтары жөніндегі 
ұлттық орталық пен Қазақстандағы ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі болып та-
былады. Есептік ақпараттар ел аумағында және одан тыс жерлерде сексуалдық күндікке, адам сау-
дасына тартылған Қазақстан Республикасындағы жәбірленген жастар мен балалар жөніндегі толық 
мәліметтерді қамтиды. Есептік ақпараттармен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде танысуға болады. 
Осы зерттеуде бүгінгі уақытта әлемде көптеген балалар кедейшілікте және нашар тұрмыстық 
жағдайларда, сонымен бірге денсаулық, білім алу және әлеметтік қызметтерге қол жетімсіз жағдайларда 
өсіп жатқандығы айқындалды. Сондай-ақ көптеген балалар озбырлық орын алатын, балаларға 
зорлық-зомбылық көрсететін, балаларына қарамайтын алкогол және есірткі шегетін жанұяларда өсіп 
келеді. Балалардың басым бөлігі ата-аналары ажырасқанда, қайтыс болғанда немесе жанұясын та-
стап кеткенде қатты азап шегеді. Осы айтылған факторларды басынан өткерген балалар сексуалдық 
күндікке және адам саудасына қатысты оқиғаларға жиі тап болып жатады екен. ЮНИСЕФ келтірген 
деректер бойынша, әлемде жылына шамамен 1,2 миллионға жуық бала адам саудасының құрбаны 
болады. Миллондаған долларлық табыс болып оралатын баламалы бизнестен балалар физикалық 
және сексуалдық зорлық-зомбылық шегіп және ауыр эмоциялық зақымдар алады.
Осы есептік ақпараттар Қазақстан мен Орталық Азия аймақтарындағы жәбірленген балалар мен 
жастардың ішінде елінде немесе басқа шет мемлекеттерде адам саудасының құрбаны, сексуалдық 
және бала еңбегін пайдалану, қайыр сұрау жағдайларына тап болу қаупі жоғары екендігі жөнінде 
сенімді мәліметтерден тұрады. Есептік мәліметтерге сәйкес, бүгінгі уақытта Қазақстан ішінде бала сату 
үлкен проблемаға айналып отыр, мәселен, зерттеу үшін сұрауға алынған адам саудасының құрбаны 
болған 103 адамдардың 65% ішкі адам саудасының, ал қалған 35% халықаралық адам саудасының 
құрбаны (31% Қазақстанға басқа елдерден әкелінген, 4% Қазақстаннан әкетілген) болған. Сонымен 
бірге бұл зерттеу қорытындылары үйден кетіп қалатын балалар мен жасөспірімдер, олардың адам 
саудасының және күндіктің құрбаны болатын жолдардың факторларын ашуға түрткі болды. Өкінешке 
орай, сексуалдық күндікке, адам саудасының құрбандары болған балалар мен жастардың айтуынша, 
олар адамды сатушылар мен олардың еңбектерін пайдаланушылардың әсерінен қорғансыз жыныстық 
қатынастарға және алкогол өнімдерін пайдалануға мәжбүр болып жатады екен. Осы балалардың 
басым бөлігі, адамды сатушылар мен олардың еңбектерін пайдаланушылардың қолынан алған 
физикалық, ауыр эмоциялық зақымдаулар мен сексуалдық зорлық әсерінен болып, өзіне қол жұмсау 
және өзін-өзі зақымдау жағдайлары жиі болатындығын мойындап отыр. Алайда, сұрауға алынған 
балалар мен жеткіншектердің басым бөлігі балаларды қорғау жүйесімен, полиция қызметкерлерімен 
және сот жүйесімен, сонымен бірге осы саладағы қорғаушы қызметтерімен байланыста болған. 
Осы зерттеуге қатысқан адам саудасының құрбаны болған жәбірленген балалар мен жастардың 
мүддесі толық қорғалған. Талдау деректерінде, сексуалдық жұмыстарға күшпен тартылған (жас қыз ба-
лалар) және адам саудасының құрбаны болған жәбірленген балалар арасындағы айырмашылықтарды 
анықтау масаттарында да зерттеулер жүргізілді. Алайда, осы зерттеуге қатысқан балалар мен 
жастардың мүдделерін қорғау мақсаттарында аймақтар бойынша салыстырулар жүргізген жоқпыз. 
Осы зерттеу Қазақстандағы балалар мен жастар арасындағы адам саудасының құрбаны мен 
еңбектерін пайдаланудағы барлық жәбірленушілердің репрезентативтігіне таласа алмайды; бірақ 
ол бізге Қазақстандағы балалар мен жастар арасындағы адам саудасының құрбаны мен еңбектерін 
пайдаланудағы барлық жәбірленушілер жайында түсінік алуға мүмкіндік береді.
Осы зерттеу қорытындылары мен оған қосылған нұсқамалар Қазақстандағы бала еңбегін пайда-
лану және саудасының барлық формасын жою және ескерту бойынша кешенді ұлттық іс әрекеттер 
жоспарын жасауда, сонымен бірге бала еңбегін пайдалану және адам саудасынан зардап шеккен 
жәбірленушілерді қорғауды күшейтуде басшылыққа алынуы мүмкін. Адам саудасына қатысты сот 
процесінде зерттеулерді жетілдіруде өзінің үлесін қосуы мүмкін. Әлбетте, ол үшін мүдделі тараптар мен 
әртүрлі ұйымдар, оның ішінде мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар 
және азаматтық қоғамның басқа да институттар тартылуы тиіс.


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
7
Біз осы зерттеуге қатысқан балалар мен жастарға үлкен алғысымызды білдіреміз, өйткен олардың 
бізге берген дауыстарынсыз осы зерттеуді жасау мүмкін емес еді. Сондай-ақ біз зерттеуге септігін 
тигізген мемлекеттік органдарға, оның ішінде Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын 
қорғау жөніндегі Комитетке, Ішкі істер министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне, Еңбек және 
халықты әлуметтік қорғау министрлігі және жергілікті әкімшіліктерге, сонымен бірге көші-қон бойын-
ша халықаралық ұйымдарға, адам саудасы құрбандары мен бала құқықтарын қорғау салаларындағы 
адам саудасының құрбандарын қорғайтын орындар мен ҮЕҰ және секс-мамандарға алғысымызды 
айтамыз. Өз кезегінде біз адам саудасының құрбаны болып жәбірленген адамдар мен секс-
мамандармен сөйлесуге көмек көрсеткені үшін ЖИТС-орталықтарға, мамандандырылған тері ауыру-
лар диспансеріне, әумесерлік мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылгған орта мектепке, 
кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталықтарына үлкен алғысымызды білдіреміз. Ерекше 
алғысымызды Қазақстанға арналған осы зерттеуді әзірлеген, жинақталған көптеген деректерді 
сарапқа салған, халықаралық дәрежедегі консультант, доктор Робин Н. Хааррға және осы зерттеуге 
аймақтардан деректер жинаған «Қоғамдық пікірді зерттеу орталығына» білдіргіміз келеді.
Асқар Шәкіров
Джун Кукита
Қазақстан Республикасындағы Адам 
құқықтары жөніндегі уәкіл 
Қазақстан Республикасындағы  
ЮНИСЕФ өкілі 
 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау