Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет7/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
17
БАЛАЛАрДЫ ҚОрҒАу ЖӘНЕ 
ҚОЛДАу ҚЫЗМЕТі
ПОЛИцИЯМЕН БАйЛАНЫС ЖӘНЕ 
ҚАНАҒАТТАНу ДӘрЕЖЕСі
Әлеуметтік жағынан осал балалардың 74.1% 
полициямен байланысқан, солардың ішінен 
тек 16.1% ғана олардың мәселелерін шешу 
үшін полицияның қолданған шаралары-
мен қанағаттанған; ал әлеуметтік жағынан 
осал балалардың 46.9% тек қана белгілі бір 
дәрежеде ғана қанағаттанғанын баяндады, 
және де 37.0% олардың мәселелерін шешу үшін 
полицияның қолданған шараларымен толықтай 
қанағаттанбаған. 
Адам саудасы құрбандарының ішінде 63.1% 
полициямен байланысқан, және де тек 20.0% 
олардың мәселелерін шешу үшін полицияның 
қолданған шараларымен қанағаттанғанын 
айтты; ал 36.9% тек қана белгілі бір дәрежеде 
ғана қанағаттанса, олардың 43.1% олардың 
мәселелерін шешу үшін полицияның қолданған 
шараларымен толықтай қанағаттанбаған. 
Салыстыра келгенде секс-жұмыскерлердің 
45.3% ғана полициямен байланысқан, деген-
мен олардың 47.9% олардың мәселелерін шешу 
үшін полицияның қолданған шараларымен 
қанағаттанбағанын айтты. 
Олардың мәселелерін шешу үшін полицияның 
қолданған шараларымен қанағаттанған адам 
саудасының құрбандары полиция шамасы 
келгенше өз қолынан келетін қажетті барлық 
шараларды қолданды деп есептейді, мысалы, 
құлдықтан/қанаушылық шырмауынан босату 
үшін оларды жетімдер үйіне, қолдау қызметтерін 
көрсететін мекемелерге жіберіп, сондай-ақ 
олардың адам саудагерлеріне қарсы қылмыстық 
іс қозғау сияқты шаралар қолданған. Адам 
саудасының құрбандары көбінесе полиция өз 
міндеттерін тиісті түрде орындап, олардың басына 
түскен жағдайларын шындап қабылдаған кезде 
полицияның атқарған жұмысына қанағаттанған. 
Өкінішке орай, адам саудасының көптеген 
құрбандарында және секс-жұмыскерлерде по-
лициямен қарым-қатынас орнату тәжірибесі 
теріс нәтиже берген. Олар полиция адам 
саудагерлерінің сыбайласы болып табылады 
деп шағымданды. Адам саудасының кейбір 
құрбандары да полиция олардың адам сау-
дасы туралы шағымдары немесе арыздарын 
шындап қабылдамағандықтан полицияның іс-
әрекеттеріне қанағаттанбаушылығын білдірді. 
Адам саудасының көптеген құрбандары полиция 
олардың шағымдары бойынша тергеу жүргізіп, 
адам саудагерлерін жауапкершілікке тарту үшін 
қажетті шараларды толықтай қолданбады не-
месе тіпті ешқандай шара қолданбады деген 
пікірмен бөлісті.
Әлеуметтік жағынан осал балалардың 37% 
олардың мәселелерін шешу үшін полицияның 
қолданған шараларымен қанағаттанбағанын 
және 16% ғана толықтай қанағаттанғанын айт-
ты. Кейбір әлеуметтік жағынан осал балалар по-
лиция оларға жәрдем көрсетті және қорғады деп 
мойындады; алайда полиция балаларға көмек 
көрсету үшін өз жұмысын әрқашан да жақсы 
орындаған жоқ, сондай-ақ полиция балаларға 
қатысты зорлық-зомбылық белгілерін анықтауға, 
отбасындағы баланы қажеттіліктермен 
қамтасыз етілуін анықтауға, сондай-ақ балалар 
қанаушылыққа ұшырағанын немесе адам сауда-
сына тартылғанын анықтауға бағытталған шара-
ларды әрқашан да қолданып отырмаған. 
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕр, ҚОЛДАу ЖӘНЕ 
ҚАНАҒАТТАНу ДӘрЕЖЕСі
Әлеуметтік жағынан осал балалардың арасынан 
16.6% заңға қайшы іс-әрекеттер жасағанын ха-
барлады, тек қана 8.1% құқықтық мәселелерін 
шешу үшін өздеріне заңгерлік көмек/қолдау 
көрсетілгенін айтты. Құқықтық мәселелерін 
шешу үшін көрсетілген қызметке көбісі 
заңгерлік көмекке белгілі бір дәрежеде (61.9%) 
қанағаттанын немесе орташа қанағаттанғанын 
айтты (28.6%). 
Адам саудасы құрбандарының көбісінің 
(21.4%) құқықтық мәселелерге байланысты 
қиындықтары болған, алайда адам саудасы 
құрбандарының тек қана 16.5% құқықтық 
мәселелерін шешу үшін өздеріне заңгерлік 
көмек/қолдау көрсетілгенін айтты. Қолдау 
көрсетілгендің ішінен 47.1% құқықтық 
мәселелерін шешу үшін көрсетілген қызметке 
қанағаттанбағанын, 23.5% белгілі бір дәрежеде 
қанағаттанғанын және де 29,4 пайызы толықтай 
қанағаттанғанын хабарлады. Алайда, адам сау-
дасы құрбандары анықтаған жалпы құқықтық 
мәселелердің ішінен барлығына ортақ мәселе 
олардың құжаттарының болмауы, және де 
оларға құжаттарын алуда заң қызметтерінің 
қажеттілігі. Олар үйлеріне оралғысы келген, 
бірақ қайта алмаған, себебі оларға істің жабылу-
ын күту қажет болған. Адам саудасының кейбір 
құрбандары олардың құқықтық мәселелерге 
байланысты қиындықтары олардың адам 
саудагерлеріне қарсы қозғалған қылмыстық 
тергеуге және де соттық істерге байланысты 
болған. Адам саудасының басқа құрбандары 
олар әділеттік болуын және де материалдық 
зақымның өтелуін қалайтындарын айтты. Көп 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
18
жағдайда, қорғаушы қызметтерінің ақысын 
төлеуге адам саудасы құрбандарының 
қаржылық жағдайы болмаған, сондықтан да 
олар өтемақысыз істерін өз қолдарына алуға 
келісетін қорғаушылар мен заңгерлерге тәуелді 
болған. Алайда, олар өздерінің заңды өкілдеріне 
кей жағдайда көңілдері толмаған. 
Секс-жұмыскерлердің аздаған бөлігі олар-
да құқықтық мәселелерге байланысты 
қиындықтары болғанын (6.6%) немесе 
өздерінің құқықтық мәселелерге байланысты 
қиындықтарын шешуде қолдау алғанын (3.8%) 
айтты, дегенмен олардың көп бөлігі құқықтық 
мәселелерін шешуге бағытталып алған көмекке 
қанағаттанбаған (75.0%). Негізінен, олардың 
құқықтық мәселелері құжаттар мен олардың 
тіркелуіне байланысты болған. 
ҚОрҒАуШЫЛАрМЕН ЖӘНЕ СОТТАрМЕН 
БАйЛАНЫС ЖӘНЕ ҚАНАҒАТТАНу 
ДӘрЕЖЕСі
Сауалнама өткізілгендердің жалпынан 
респонденттердің 23.5% заңгерлер мен соттар-
мен байланысы болған; алайда тек 26.4% ғана 
соттың жауабына қанағаттанған. Шамамен 
респонденттердің 43% белгілі бір дәрежеде ғана 
қанағаттанған, ал 30.9% соттың жауабымен 
мүлдем қанағаттанбаған. 
Әлеуметтік жағынан осал балалар көбінесе 
адам саудасының құрбандарымен (17.5%) және 
секс-жұмыскерлерімен (3.8%) салыстырғанда 
заңгерлер мен соттармен байланысқан (34.0%), 
дегенмен адам саудасының құрбандары көбінесе 
соттың жауабымен қанағаттанбағанын айтты. 
ДЕНСАуЛЫҚҚА БАйЛАНЫСТЫ 
МӘСЕЛЕЛЕр, ҚОЛДАу ЖӘНЕ ҚАНАҒАТТАНу 
ДӘрЕЖЕСі 
Адам саудасы құрбандарының (60.2%) және 
секс-жұмыскерлердің (55.7%) көп бөлігі олар-
да денсаулыққа байланысты мәселелерінің 
болғанын, және де өз денсаулықтарына 
байланысты мәселелерді шешуде бірдей 
дәрежеде көмек/қолдау алғанын айтты. Адам 
саудасы құрбандарының (68.9%) және секс-
жұмыскерлердің (55.9%) көбісі денсаулыққа 
байланысты мәселелерін шешу үшін көрсетілетін 
көмекпен өте жақсы қанағаттанған. Әлеуметтік 
жағынан осал балалардың айтарлықтай бөлігі 
денсаулықтарына байланысты мәселелерді 
шешуде көмек/қолдау алғанын (44.4%) 
және де көрсетілетін көмекпен өте жақсы 
қанағаттанғанын (56.5%) айтты. 
Жыныстық қанаушылыққа ұшыраған адам 
саудасы құрбандары мен секс-жұмыскерлер 
жыныстық қанаушылыққа ұшырағанының/
жыныстық жұмысқа салынғанының нәтижесінде 
жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы 
ауруларды қоса алғанда денсаулыққа байланы-
сты мәселелері, гинекологиялық мәселелерінің 
болғанын айтты. Адам саудасы құрбандары 
бастарынан кешкен зорлық-зомбылық пен 
қанаушылық нәтижесінде пайда болған 
денсаулыққа байланысты басқа да бірқатар со-
зылмалы ауруларды анықтады. Денсаулыққа 
байланысты созылмалы аурулар қатарына мы-
налар жатады: уайымшылдық, жүрек аурулары, 
буындар мен денедегі созылмалы аурулар, бауыр 
мен бүйрек аурулары, бас аурулары, іш аурулары 
мен сүйек сынықтары. 
Көптеген әлеуметтік жағынан осал балалар 
адам саудасының құрбандары секілді дерттерге 
шалдыққанын айтты, бұл балаларға қатыгездік 
көрсетіп, олардың қажеттіліктермен қамтамасыз 
етілмегеннің нәтижесі болмақ. Бірнеше әлеуметтік 
жағынан осал қыздар өздерін зорлағанын, 
зорлаушылардан жыныстық қатынас арқылы 
берілетін ауруларды жұқтырғанын айтты. 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕр, ҚОЛДАу 
ЖӘНЕ ҚАНАҒАТТАНу ДӘрЕЖЕСі
Әлеуметтік жағынан осал балалардың 
ішінде 25.5% өздерінде психологиялық 
мәселелердің болғанын айтты; алайда тек 42.9% 
психологиялық мәселелерін шешу үшін көмек/
қолдау көрсетілгенін хабарлады. Көптеген бала-
лар өздерінің психологиялық мәселелерін шешу-
де психологиялық көмек/қолдау алғанын айтты, 
себебі резиденттік типті мемлекеттік мекемелер-
де тұратын балалар түрақты түрде психологтар-
мен байланыс орнатып тұрған. Жалпы, әлеуметтік 
осал балалардың көпшілігі психологиялық 
мәселелерін шешу үшін көрсетілетін көмекпен 
өте қанағаттанған (54.1%) немесе белгілі 
бір дәрежеде қанағаттанған (32.4%). Алайда 
әлеуметтік жағынан осал балалардың барлығы 
психологтармен байланыс оң нәтиже берді деп 
айтқан жоқ, олардың 13.5% психологпен байла-
ныс оларға айтарлық пайдасын тигізген жоқ деп 
айтты. 
Салыстыра алғанда, адам саудасы 
құрбандарының 42.7% психологиялық 
мәселелердің барын айтты, ал 39.8% 
психологиялық мәселелерін шешуде 
психологиялық көмек/қолдау алғанын айтты. 
Психологиялық мәселелерін шешуде көмек/
қолдау алған адам саудасы құрбандарының 
ішінен 70.7% алынған психологиялық көмекке/
қолдауға толықтай қанағаттанғандарын айт-
ты. Дегенмен де, адам саудасының кейбір 
құрбандары әлі де болса да көмек беруді сұрады.


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау