Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет8/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
19
Таң қаларлығы, секс-жұмыскерлердің 31.1% 
психологиялық мәселелерінің болғанын айт-
ты, алайда тек қана 25.2% ғана өздерінің 
психологиялық мәселелерін шешуде көмек/
қолдау алғандарын айтты. Көмек/қолдау 
алғандардың ішінен тек 40.7% ғана толықтай 
қанағаттанып, 22.2% қанағаттанбағандарын 
айтты. Көптеген секс-жұмыскерлер депрессия-
дан, мүшесін зақымдаушылықтан және өз-өзіне 
қол жұмсау әрекеттерінен азап шеккендерін 
айтып, жақсы психологты табуын немесе 
психологтардың олардың жұмыс орындарына 
келуін қалады. 
БіЛіМ БЕру ЖӘНЕ ЕңБЕК ДАҒДЫЛАрЫ 
ОҚЫТу 
Әлеуметтік жағынан осал балалар (91.5%) 
көбінесе адам саудасының құрбандары (27.2%) 
мен секс-жұмыскерлерге (28.3%) қарағанда білім 
алды/білім деңгейін арттыру үшін оқыды. Кәсіптік 
білім алуға қатысты айтар болсақ, әлеуметтік 
жағынан осал балалардың 20.5%, адам саудасы 
құрбандарының 17.5% және секс-жұмыскерлердің 
23.6% кәсіптік дайындықтан өтті. Бұл ретте көңілге 
қаяу түсіретін бір жайт, әлеуметтік жағынан осал 
балалар мен адам саудасының құрбандарының 
өте аз бөлігі ғана кәсіптік дайындықтан өтеді, 
ал әсіресе кәсіптік дайындықтың жоқтығы мен 
төмен білім деңгейі қосарланған кезде әлеуметтік 
жағынан осал балалар мен жастардың адам сау-
дасы мен қанаушылыққа ұшырау қаупінің төнуі 
үдейе түседі. 
Кәсіптік дайындықтың жеткіліксіздігі 
қызығушылықтың жоқтығымен байланысты 
емес. Іс жүзінде, әлеуметтік жағынан осал ба-
лалар, адам саудасы құрбандары мен секс-
жұмыскерлер әрі қарай жұмысқа орналасуға және 
де қоғамға өз үлестерін қосуға мүмкіндік беретін 
кәсіптік білім алуға ұмтылатындарын айтты. 
Көптеген секс-жұмыскерлер ерлерге жыныстық 
қатынас көрсетумен ешқандай байланысы жоқ 
жұмысқа орналасып, мансапқа қол жеткізуге 
тырысқандарын айтты; жезөкшелік олардың 
мансапқа жетуге бағытталған таңдауы болмаған. 
ТҰрҒЫН үй ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ КөШу 
МӘСЕЛЕЛЕріН ШЕШу үШіН КөрСЕТіЛЕТіН 
КөМЕК 
Адам саудасы құрбандары (27.2%) әлеуметтік 
жағынан осал балалар (13.5%) мен секс-
жұмыскерлермен (6.6%) салыстырғанда тұрғын 
үй мен көшу мәселелерін шешуде әлдеқайда 
көбірек көмек/қолдау алған. Алайда, таң 
қаларлығы, адам саудасының тек 27.2% ғана 
тұрғын үй мен көшу мәселелерін шешуде көмек/
қолдау алған. 
САуАЛНАМА АЛу КЕЗіНДЕ ШЫНАйЫ 
ЖАуАПТАрДЫ АЛуҒА БАйЛАНЫСТЫ 
ТуЫНДАҒАН ҚИЫНДЫҚТАр 
Адам саудасы құрбандарының жалпы санынан 
42.7% айтуы бойынша, оларға бастан кешкендері 
жайлы толықтай шын айту қиындыққа соққан. 
Олар өз тәжірибесі туралы толыққанды ба-
яндап бермеген немесе ақпаратты жартылай 
жасырған, себебі олар қысылғандықтан, немесе 
оларды айыптаудан қорыққандықтан, сауалнама 
алушыларға бастарынан кешкен жағдайларын 
толықтай айтуға қиналған. Бір адам саудасы 
құрбанының былай деген: «Алғашқыда мен 
ештеңе айтқым келген жоқ, бұл өте қиын».
Оған қоса, секс-жұмыскерлердің 36.8% және 
әлеуметтік жағынан осал балалардың 25.1% ба-
старынан кешкен жағдайларын толықтай айту 
қиын соққанын айтты. Бір секс-жұмыскер былай 
деген: «Менің намысыма қатты тиеді». Сондай-ақ, 
бір әлеуметтік жағынан осал баланың да былай 
айтқаны бар: «Кейде өткенді еске түсіру маған 
ұнамайды. Осында тұратын адамдардың көпшілігі 
өткен өмірлерін ұмытқысы келетіні рас».
Бұл мәліметтерді былай түсіндіруге бола-
ды, 25%-дан 42% дейінгі сауалнамаға жауап 
берушілердің санаттарына байланысты балалық 
шағы және отбасындағы өмірі, адам саудасы мен 
қанаушылыққа ұшыраған кездегі тәжірибесі
тәуекелді мінез-құлығы туралы толықтай баян-
дап бере алған жоқ. 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
20
ҰСЫНЫСТАр 
Алдын алу, қорғау, қудалау және 
ынтымақтастыққа байланысты арнайы 
дайындалған ұсыныстар ұсынылады. 
АЛДЫН АЛу
1-ұсыныс:
 Балалар саудасын болдырмауға 
бағытталған халықтың хабардарлығын арттыру 
жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу.
2-ұсыныс:
 Балалардың және жанұялардың 
әлеуметтік жағынан осал топтарын анықтау және 
адам саудасына және қанаушылыққа ұшырау 
қаупін азайту мақсатымен оларға қажетті көмек 
және қолдау көрсету
3-ұсыныс:
 Заңды түрде еңбек етуге рұқсат 
етілетін жасқа толған жасөспірімдердің лайықты 
жұмыстарға тұруы үшін қауіпсіз және заңды 
түрде көшіп-қонуына көмек көрсету.
4-ұсыныс:
 Қазақстандағы адам саудасы 
құрбаны болған балаларға деген сұранысты 
азайту. 
5-ұсыныс: 
Балалар мен жасөспірімдер ара-
сында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін алдын 
алу және қолдау қызметтерін көрсету. 
ҚОрҒАу
6-ұсыныс:
 Мемлекеттік органдардың және 
үкіметтік емес ұйымдардың бала саудасының 
құрбандарын белсенді түрде анықтауына ерекше 
көңіл бөлу.
7-ұсыныс: 
Адам саудасының құрбаны болған 
балаларға қорғаныс пен жан-жақты қолдау 
қызметтерін көрсете алатын мемлекеттік және 
үкіметтік емес ұйымдардың жүйесін дамыту. 
8-ұсыныс:
 Адам саудасы құрбаны болған 
балаға қамқоршы тағайындау. 
9-ұсыныс: 
Адам саудасының құрбаны 
болған әрбір балаға жасына, қабілетіне, 
қызығушылықтарына және мүмкіндіктеріне 
сәйкес білім алуына көмек көрсету. 
10-ұсыныс:
 Бала саудасының құрбандары ор-
наластырылатын адам саудасы құрбандарына 
арналған паналар балаларға қолайлы ойын 
аймақтарымен жабдықталуы және осы пана-
ларда балаларға арналған құрылымды шаралар 
өткізілуі тиіс.
11-ұсыныс: 
Адам саудасының құрбандарының 
таңдау мүмкіндігін тек арнайы білім қажет емес 
салалардағы еңбек ақысы төмен мамандықтарға 
даярлаумен шектемеу керек. 
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚуДАЛАу 
12-ұсыныс: 
Бала саудасына, соның ішінде 
елдің ішіндегі бала саудасына қарсы күрес са-
ласында кешенді мемлекеттік саясатты және 
заңнаманы дамыту. 
13-ұсыныс:
 Құқық қорғау органдары үшін 
этикалық және мәдени сезімталдылық бойынша 
білім беру жүйесін әзірлеу, енгізу. 
14-ұсыныс:
 Балалар саудасына қатысты 
оқиғаларды тергеу және қылмыстық қудалау 
деңгейін көтеру. 
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
15-ұсыныс: 
Мемлекеттік органдардың ара-
сында және ішінде, сонымен бірге мемлекеттік 
органдар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті 
қауым және халықаралық ұйымдар арасында 
әлеуметтік жағынан осал балаларды қорғауда 
және адам саудасына қарсы күресте тығыз 
ынтымақтастық орнату. 
15-ұсыныс:
 Балаларды қорғауды қамтамасыз 
ету үшін, әсіресе әлеуметтік жағынан осал ба-
лаларды және бала саудасының құрбандарын 
қорғау мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін 
көп салалық жауап тетіктерін әзірлеу.  


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау