Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет4/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
11
Адам саудасының көптеген құрбандары рес-
ми түрде мемлекетпен немесе үкіметтік емес 
ұйымдармен, осы ұйымдармен байланысуына 
қарамастан адам саудасының құрбаны ретінде 
анықталмаған. Адам саудасының құрбаны болған 
кейбір балалар Кәмелетке толмағандардың 
бейімделу орталықтарында табылған; оларды 
полиция және балалық шақты қорғау жүйесі 
әлеуметтік жағынан осал балалар ретінде тиісті 
санатқа жатқызбаған. Оған қоса, сұхбат жүргізу 
барысында адам саудасының кейбір құрбандары 
әлі де болса үкіметтік емес ұйымдармен және по-
лициямен байланысына қарамастан жыныстық 
және еңбекпен қанау жағдайында болды.
ДЕМОГрАФИЯЛЫҚ МӘЛіМЕТТЕр
Жынысқа қатысты: іріктеу тобының 60.5% әйел 
жынысты тұлғалар және 39.5%–ер жынысты 
тұлғалар. Әлеуметтік жағынан осал балалардың 
арасында 65.5% ер жынысты тұлғалар, ал 
34.4%–әйел жынысты тұлғалар; ал адам саудасы 
құрбандарының арасында 85.4% әйел жынысты 
тұлғалар құраса, 15.6%-ер жынысты тұлғалар 
құрады. Барлық секс-жұмыскерлер әйел жыны-
сты болды. 
Жасқа байланысты: жалпы іріктеу 
респонденттерінің жасы 7 мен 47 аралығында; 
алайда жалпы іріктеу тобының 66.7% 7 және 17 
жас аралығындағы балалар болды. Әлеуметтік 
жағынан осал балалардың жасы 8 және 17 
аралығында, осал балалардың 59.1% 15-тен 
17 жасқа дейінгі жас шамасында және 34.0% 
11-ден 14 жасқа дейінгілер. Адам саудасы 
құрбандарының жасы 7-ден 47 жасқа дейінгі 
жас шамасында болды; алайда адам саудасы 
құрбандарының 33.0% жасы 7 жастан 17-ге 
дейінгі балалар
1

Адам саудасының кейбір 18 және одан жоғары 
жастағы құрбандары іс жүзінде бала кезінде 
(18 жастан кіші) адам саудасына ұшырады, 
осылайша олар бір немесе одан көп жылдар 
бойы қанаушылыққа алынып, қашып құтыла 
алмай немесе 18 жасқа толғанға дейін немесе 
18 жастан асқанға дейін босатылмаған адам 
саудасының құрбандары болып табылады. 
Секс-жұмыскерлердің жас шамасы 16-дан 32-ге 
дейінгі аралықта болды, секс-жұмыскерлердің 
көпшілігінің жасы 18-ден 21 жасқа дейінгі 
аралықта болды (68.9%). Дегенмен, 17.9% 15-тен 
17-ге дейінгі жас шамасындағы балалар. 
Этникалық тобына қатысты: іріктеу тобының 
45.9% орыстар құрады, ал қазақтар 23.1% 
болса, өзбектердің саны бүкіл іріктелгендірдің 
ішінен 10.0% құрады. Сонымен қатар басқа да 
этникалық топтар тартылған, бірақ олардың 
саны аз болды. Ұлттық тиістіліктің азаматтыққа 
теңестірілмейтінін міндетті түрде есте сақтаған 
жөн. 
БіЛіМі 
Білімінің деңгейіне байланысты жалпы 
іріктелгендердің ішінен респонденттердің 
көпшілігінің тиісті түрде білімі болмаған неме-
се толықтай білімсіз болған: нақтырақ айтсақ, 
әлеуметтік жағынан осал балалардың 69.5%, 
адам саудасының құрбандарының 30.1%, 
секс-жұмыскерлердің 14.2% жалпы орта білім 
алмаған.
Бұл ретте атап өтетін жайт, адам саудасының 
құрбандарының (18 жастан кіші балалар) 
ішінде 55.9% әлі де заңды орта білім алмаған, 
осы балалардың, яғни адам саудасының 
құрбандарының қатарынан тек қана 32.4% мек-
тепке барған, және де тек 14.7% мектепке күнде 
барып, сабаққа қатысқан. Оған қоса, 18 жасқа 
толмаған секс жұмыскерлердің 63.2% аяқталған 
білімі болмаған, секс-жұмыскерлердің тек 5.3% 
мектепке барған. 
Сайып келгенде, әлеуметтік жағынан осал 
балалардың 69.5% аяқталған білімі болмаған, ал 
77.6% мектепке барған; және де тек 58.7% мек-
тепке тұрақты түрде барған. 
ТуЫП-өСКЕН ЖЕрі ЖӘНЕ ОТБАСЫНДАҒЫ 
өМір Сүру ЖАҒДАйЛАрЫ
Әлеуметтік жағынан осал балалардың 
көпшілігі (67.6%) қаладан шыққан. Адам са-
удасы құрбандарының көп бөлігі қаладан 
шыққандармен (45.6%) салыстырғанда шағын 
қалалардан (32.0%) және ауылдық жерлер-
ден (22.3%) болды. Секс-жұмыскерлердің 
арасындағы 50.9% қаладан болса, айтарлықтай 
бөлігінің туып-өскен жері шағын қалалар (28.3%) 
мен ауылдық аудандар (20.8%) болды. 
Респонденттердің айтарлықтай бөлігі кедейлікке 
ұқсас жағдайларда өмір сүрген. Атап айтсақ, 
адам саудасының құрбандарының 53.7% 
кедейлікке ұқсас жағдайларда өмір сүрсе, тек 
16.5% жауабы бойынша, олардың отбасыла-
ры кедейлік жағдайларын жеңілдету үшін мем-
лекеттен/қоғамнан қолдау/қаржылай көмек 
алып отырған. Көптеген секс-жұмыскерлер де 
кедейлік жағдайында өсті – 43.4% кедейлік 
жағдайында тұрды, алайда 34.9% олардың 
1
  Адам саудасының 11 құрбанының ғана жасы 26-дан жоғары болған, және де іріктеуге Қазақстандағы адам саудасы туралы және 
осындай жағдайға тап болған балалар туралы ақпарат жинау мақсатында ғана алынды. 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
12
отбасылары кедейлік жағдайларын жеңілдету 
үшін мемлекеттен/қоғамнан қолдау/қаржылай 
көмек алып отырғаны жайлы жауап берді. Ал 
енді, әлеуметтік жағынан осал балалардың 
29% отбасыларының кедейлік жағдайларында 
тұрдық деп жауап бергеніне қарамастан, 26.6% 
отбасылары кедейлік жағдайларын жеңілдету 
үшін мемлекеттен/қоғамнан қолдау/қаржылай 
көмек алып отырған деп жауап берді. 
үйДЕН КЕТу ТӘЖірИБЕСі
Әлеуметтік жағынан осал балалардың ай-
туы бойынша, олар 7 мен 17 жас аралығында 
үйлерінен кетіп қалған. Адам саудасының 
құрбандары көбінесе үйлерінен 11 мен 21 жас 
аралығында кетіп қалған, ал 30.1% 15 пен 17 жас 
аралығында кетіп қалған. Салыстыра алғанда, 
секс-жұмыскерлер көбінесе үйлерін 15 пен 21 
жас аралығында тастап кеткен, ал 43.4% 15 пен 
17 жас аралығында үйлерінен кеткен деп, және 
37.2% 18 бен 21 жас аралығында үйлерінен 
кетіп қалған. 
Әлеуметтік жағынан осал балалардың аз бөлігі 
(14.7%) ғана үйден кетуге кімнің итермелегенін 
немесе үйден кету туралы отбасы мүшесінің 
бірімен талқылағанын (16.6%) ашық айтты; 
бұл шын мәнінде мүмкін болған жағдай, себебі 
әлеуметтік жағынан осал балалар үйден қашып 
кетіп жатты. Ал адам саудасының құрбандарының 
көпшілігінің айтуы бойынша, оларды үйді та-
стап кетуге белгілі бір адам итермеледі (40.8%), 
және олардың 35.0% отбасының бір мүшесімен 
үйден кету туралы талқылағанын айтты. 
Секс-жүмыскерлердің ішінен үйді тастап ке-
туге біреу итермеледі деп жауап бергендер 
аз (16.0%) болды, алайда олардың көпшілігі 
(43.4%) отбасы мүшесінің бірімен үйден кету 
туралы талқылағанын айтты. Адам саудасының 
құрбандары мен секс-жұмыскерлер көбінесе от-
басы мүшесінің бірімен талқылаған, себебі олар 
негізінен ақша тауып, өз отбасына көмектесу 
үшін, (кедейліктен, қатыгез қарым-қатынастан 
және зорлық-зомбылықтан құтылу мақсатымен) 
өз өмірін қалыптастыру үшін кететін болған. 
үйДі ТАСТАП КЕТу ШЕШіМі: ИТЕрМЕЛЕуШі 
ФАКТОрЛАр
Әлеуметтік жағынан осал балалар көбінесе 
үйлерінен отбасындағы жиі ұрыс-керістер мен 
төбелестер (37.1%) кесірінен, себебі әкелерінде 
немесе шешелерінде есірткіні және ішімдікті 
қолдануға байланысты қиындықтар (28.6%) 
болғандықтан, себебі тек қана бір ата-анамен 
тұрғандықтан (27.8%), себебі отбасы олар үшін 
өмір сүруге қажетті, мысалы киім, азық-түлік, 
медициналық қызмет көрсету және қауіпсіз 
тіршілік ету ортасымен қамтамасыз етпегендіктен 
(24.7%) үйден кеткендерін (немесе үйден қашып 
кеткендерін) айтты. 
Адам саудасының құрбандарында олардың 
үйден кету шешімін қабылдауға әсер еткен 
итермелеуші факторлар әлдеқайда көп болған. 
Адам саудасының құрбандары көбінесе отба-
сылары кедейлікте өмір сүргендіктен (52.4%), 
отбасылары оларға өмір сүруге қажетті негізгі 
жағдайларды жасамағандықтан (49.5%), 
олардың өздерінің тұратын жерлерінде жұмысқа 
тұруға мүмкіндік болмағандықтан (44.7%), от-
басында ұрыс-керістер мен төбелестер жиі 
болғандықтан (42.7%) және де олар өте үлкен от-
басында тұрғандықтан ата-анасы жанұясының 
барлық мүшелерін асырау және қамқорлық жа-
сау қиынға соққандықтан (35.0%) үйлерінен 
кетіп қалған.
Адам саудасының құрбандарының айтарлықтай 
бөлігі тек бір ғана ата-анамен тұрғандықтан 
(25.2%), оларды ата-аналары немесе отбасының 
басқа мүшелері ұрып соққандықтан (24.3%), 
олардың әкелерінде немесе шешелерінде 
есірткіні және ішімдікті асыра қолдануға бай-
ланысты қиындықтар болғандықтан (20.4%) 
үйлерінен кетіп қалған. 
Секс-жұмыскерлердің де олардың үйден ке-
туге шешім қабылдауға әсер еткен көптеген 
итермелеуші факторлары болды. Олар көбінесе 
отбасыларының кедейлік жағдайынан (43.4%), 
олардың өздерінің тұратын жерлерінде 
жұмысқа тұруға мүмкіндік болмағандықтан 
(41.5%) үйлерінен кеткен. Оған қоса, секс-
жұмыскерлердің көп бөлігі олардың өте үлкен от-
басында тұрғандықтан ата-анасы жанұясының 
барлық мүшелерін асырау және қамқорлық жа-
сау қиынға соққандықтан (33.0%), отбасылары 
оларға өмір сүруге қажетті негізгі жағдайларды 
жасамағандықтан (32.1%), отбасында ұрыс-
керістер мен төбелестер жиі болғандықтан 
(32.1%) үйлерінен кетіп қалғандарын айтты. 
Және де, секс-жұмыскерлердің айтарлықтай 
бөлігі тек бір ғана ата-анамен, көп жағдайда ана-
ларымен тұрғандықтан (26.4%) үйлерінен кетіп 
қалғандарын айтты. 
үйДЕН КЕТу ШЕШіМі: ҚЫЗЫҚТЫруШЫ 
ФАКТОрЛАр
Қызықтырушы факторлардың ішінде әлеуметтік 
жағынан осал балалар көбіне тәуелсіз болу 
ниетін айқындаған (40.9%). Мұның себебі 
негізінен әлеуметтік жағынан осал бұл 
балалардың қиыншылықтары көп отбасынан 
шыққандығынан, сонымен қатар кедейлік, 
отбасындағы зорлық-зомбылық пен дау-жан-
жалдар, қатыгез қарым-қатынас пен балалардың 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау