серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
65
7. Dictionary of American Slang 3d edition. Edited by Roberth Champton,
Ph.D. Haper Collins Publishers NY 1995. 613 p.
Illustrated Oxford Dictionary. Oxford University Press NY 2003 1008p.
Cassel’s Dictionary of Slang. Jonathon Green. Cassel & CO 2000. 1316 p.
Түйіндеме
Берілген мақалада тәжірибие нәтижесінде «Яппи» концептінің
ассоциациялық өрісі қарастырылады. Респонденттердің жауаптары
яппи тұлғасының өмірлік стилін көрсететін 9 топқа бөледі. Бұл
лексикалық бағалық компоненттері бар.
Резюме
В статье рассматривается ассоциативное поле концепта «Яппи»,
полученное в результате проведенного ассоциативного эксперимента.
Ответы респондентов были поделены на 9 тематических групп,
описывающих образ яппи и их стиль жизни. Ассоциативное поле
концепта «Яппи» имеет описательные и оценочные компоненты,
причем оценка имеет преимущественно негативный характер.
ӘОЖ 372.881.151.212.2
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ
БІЛІМ ЖүЙЕСІ
А.Ф. Зейнулина
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
XXI ғасыр, яғни жаһандану, өркениетті заманда қоғамдық қызмет
аясында мемлекеттік тілдің қажеттілігі мен қолданысы кеңейіп, оқыту мен
үйретудің әдістемелерін жақсарту, оқытудың жаңа технологиясының озық
тәжірибесін қолдану талабы күшейіп отыр. Бүгінгі күнде ақпарат көзерінің
қоғам үшін, адамзат үшін маңыздылығы арта түскендігін күнделікті өмірде
де байқауға болады. Осы ретте білім беру жүйесінде мамандардың дамыған
ақпараттық ортада кәсіби шеберлікке жетуі бүгінгі күннің басты талабы. Бұл
тұрғыдан алғанда мамандарға кәсіби қазақ тілін оқыту саласында ақпараттық
білім жүйесінің алатын орны зор.
Ақпараттық білім жүйесі ақпараттық біліктілікті дамытудың бір
көзі. Ол негізінен топтық оқытумен қатар жеке адаммен жұмыс істеугеде
мүмкіндік береді, яғни оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы тілдік
жағдаяттарды игереді.
Вестник ПГУ №4, 2010
66
Ақпараттық білім жүйесінде әр маман иесі іздей білу, ақпаратты
талдау, сақтау, салыстыру және жаңа ақпаратты жинақтай білу дағдылары
қалыптасады. Ақпараттық білім жүйесін қалыптастыруда магистрант сыни
тұрғыдан ойлана білуге, күрделі мәселелерді шешу, бірнеше мүмкіндіктердің
ішінен бірін таңдай білу, өздігінен шешім қабылдау және оларды іске асыру
үшін өзіне жауапкершілік ала алады. Сөз жоқ, бұл оқыту мен оқу арқылы
жүзеге асады. Бұл мақсатты жүзеге асыруда алдымызға мынадай мақсаттар
қойылу қажет:
Мамандық тақырыбына қарай қажетті де қызықты мәліметтерді
даярлау;
Ең қажетті тапсырмаларды әзірлеу;
Оқыту мен оқудың жұмыс жоспарын жасау;
Ақпарат алуға болатын білім мазмұнын жүйесін жасау;
Кәсіби бағыттағы мәліметтерді тілдік модуль деңгейімен жаңа
ақпараттық технологиялар базасына тіркеу;
Аталған жоғарыдағы төрт мақсатты жүзеге асыруда магистрант алдына
төмендегідей міндеттерді қояды:
Кәсіби қазақ тілінің өз мамандығына қарай мазмұнын ажырату;
Іздену ресурстарының жоспарын жасау;
Ақпараттық мағлұматтарды зерделеу;
Кәсіби тіл дағдысының модулін жасау;
Мамандық тілін меңгерудегі нәтиже мен қорытынды;
Мамандық тілінің шығармашылық әлеуетін дамыту.
Ақпараттық білім жүйесінің мазмұнын құрастыруда ақпараттық
қызметтің біліктіліктерін, атап айтсақ, мәтіндік және кестелік ақпаратты
іздеу, қайта өңдеу, сақтай білуді қалыптастыруды және дамыту, іздеу мен
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру өлшемдері жатады.
Магистранттардың ақпараттық білім жүйесінің құрлымына мынадай
кезеңдерді енгізуге болады. Біріншіден, ақпараттық – бағдарламалық
бағыт. Бұл бағытта магистранттар өз мамандығы бойынша ақпарат
көздерінен тақырыптың материалдарын жинақтайды. Мәтін түзілімін жасап,
мазмұнымен танысады. Ақпараттық негізде түйіндеме жасап, нені үйрену
мақсатын айқындайды.
Екіншіден, рефлексиялық – бағалау бағыты. Аталмыш бағытта
магистрант ақпаратты игерудің негізгі формаларын анықтап, пайдаланылған
ақпаратттың негіздемесі, оның берілген тақырыпқа сәйкестігі, мазмұн туралы
сараптама – қорытындысы және мазмұнды игеру нәтижесі алынады.
Үшіншісі, операциялық – орындаушылық бағыт. Бұл кезеңде кәсіби тіл
меңгеруші магистрант ақпараттық білім алудың ең негізгі кезеңінен өтуге
тиіс. Бұл ретте мәтінге жоспар құру, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар құру,
сөйлемдегі сөздердің орналасу тәртібін реттеу, сөздерді мағынасына қарай
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
67
жұптастыру, теориялық сұрақтарға жауап беру – жалпы кәсіби мазмұндағы
мәтінмен кешенді түрде күрделі жаттығу жұмыстары жүргізілу қажет.
Төртіншіден, практикалық – коммуникативтік бағыт. Оқыту
бағдарламасын игерту мақсатында аталмыш бағыт мазмұны өздігінен
жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Коммуникативтік қабілетті дамыту
үрдісінде ең басты ұстанатын принцип- мамандыққа қатысты терминдерді
сауатты қолданып, лексикалық – семантикалық әр түрлі тұрғыдан түсіне
алуы қажет.
Ұсынылып отырған оқыту бағыттары магистранттарға кәсіби маман
тілін қазақ тілінде тиянақты да сауатты, мазмұнды да дұрыс қолданысқа
түсіруде келесі ұстанымдарды басшылыққа алғанымыз жөн.
- магистранттардың мамандыққа қатысты ақпараттарды қазақ тілінде
жеткізе алуы;
- негізгі тілдік категорияларды жетік меңгеруі;
- магистрант өз идеясын кәсібилік деңгейде тіл сауаттылығын
танытып,сөйлемдерді синтаксистік тұрғыдан құрастыра алу;
- мәтін мазмұнын стандартты емес нысанда жеткізе алуы, яғни
шығармашылық, уәждемелік, виртуалдық, түрлі ақпараттық – танымдық
формада болуы;
- кәсіби қазақ тілін игеруге қойылатын ақпараттық – техникалық
орындай білуі;
- магистранттардың өз мамандығына қатысты кесте,суреттер,графикалық
иллюстрациялар т.б кескіндеме жиынтықтарын апараттық – техникалық
құралдарда орындап,кәсіби қазақ тілінде шығармашылық әлеуетін таныту.
Магистранттар ақпараттық білім негізінде нақтылы тапсырма орындай
отырып, меңгеруге тиісті білім мен біліктің кешенді жүйесін жасап,
ғылымилық, түсініктілік, жүйелілік, бірізділік, сабақтастық және т.б.
дидактикалық қағидаларға негізделеді. Осы ретте магистранттардың кәсіби
тілді ақпараттық жүйеде игерудің дидактикалық жүйесі, яғни біртұтас үрдісі
қалыптасады.
Мамандыққа байланысты тілдік лексиканы оқыту әдістемесінде
тезаурустық – нысандық тәсілді қолдану әдісі түрлі профильді маман
тезаурусын қалыптастыру технологиясына жаңаша қолдануға мүмкіндік
беретін, мамандық бойынша түп нұсқалық мәтіндерді оқу үшін білім
көрсетудің күшті құралы болады, ол қоғамдық маңызы және ерекше ақпараты
бар және болашақ маманның ғылыми ой – өрісін кеңейтетін,оның қарым
– қатынастық жетіктігін тереңдететін арнайы түпнұсқалық әдебиетті оқу
үшін мамандандырылған қазақ тілі лексикасының меңгерген әр профильді
мамандардың қажеттілігін арттырады.
Магистранттарға тілдік білім жүйесін қалыптастыруда ақпараттық оқыту
бағдарламаларын құру тікелей оқу қызметінің технологиясымен байланысты. Ол
Вестник ПГУ №4, 2010
68
үшін мамандық мазмұнына бағытталған бағдарламалық және модульдік оқыту
ойларының негізінде біртұтас дидактикалық жиынтықты құру негізін жасау
қажеттілігін туғызуымыз қажет. Ол үшін кешенді оқыту әдістерін жинақтап, білім
мазмұнын анықтап алғанымыз дұрыс. Атап айтсақ, оқыту материалын талдау,
синтездеу, жалпылау арқылы теориялық әдісті жүзеге асырған тиімді.
Сонымен қатар дидактикалық мақсатта терминологиялық материалдарға
лингвистикалық сипаттама беру арқылы моделдеу жүйесін жүзеге
асыру. Мәселен, компьютерлік оқыту бағдарламасы қолданудың білімдік
кестесін құрылымдастыру, оқыту модульдерін құрастыру, компьютерлік
модульдердің ілесуін өңдеу.
Білім мазмұнын сандық және сапалық талдау, яғни статистикалық әдіс
арқылы мамандық тілінің игерілу нәтижесіне сараптама жасау мүмкіндігі
туады.
Ақпараттық білім жүйесінде әрбір жаттыққан білім жоғары деңгейдегі
тапсырмаларды орындауға көмек бере алуы тиіс. Бұл жағдайда алгоритмдік
деңгейде орындалатын жаттығулар жүргізілуі қажет. Оларды төмендегідей
сипаттауға болады:
- Ауызша сөйлеуге қажетті мамандыққа қатысты материалдармен өзара
салыстыра отырып, келесі игерілуге қатысты материалдың ерекшеліктерін
ажырата алуға негізделген болуы;
- Мамандық тіліне қатысты ауызша сөйлеу мақсатымен сөйлемді дұрыс
құрай алуға машықтандыратын болуы қажет;
- Ақпараттық тапсырмада тілдік білімнің тақырыптардың желісі үзілмей,
өзара байланысып, бірін – бірі толықтырып, жүйенің сақталуы;
- Берілген ойды, пікірді, мазмұнды жалғастыратындай болуы;
- Мамандыққа қатысты алынып отырған мәтін жиынтығында ақпарат
көзі ғылыми көзқарасын қалыптастыруға арналған болуы (реферат, рецензия,
баяндама, өз ойын, пікірін қосатын тапсырмалар).
Ақпараттық білім жүйесінде мамандыққа қатысты материалды игерту
ғана емес, сол сияқты өзінің ойын кәсіби деңгейде және ғылыми машықта
өзінің ойын айта білу, өзгенің ойын түсіне білу керек.
Қарым – қатынас үдерісінде сөйлеуші мен тыңдаушының санасы
негізінде сөйлеудің мазмұнына бағытталады, олар ойды жеткізуде тілді
қолдану жолдарын ойлап жатпайды, себебі ол іскерлік автоматталған болады,
тілді игеру автоматталған жағдайға жеткізілу керек.
Ең бастысы, магистранттар мамандыққа қатысты мәтіндердің
құрылымына талдау жасау қабілетімен жиі және жүйелі жұмыс жасалыну
қажет. Ол магистранттардың өз бетінше баяндау арқылы өз ойын айтуға
үлгі болады.
Мәтіннің құрылымына талдау жасау арқылы магистранттардың кәсіби
тілін дамыту әрекеті орындалады. Мәтіннің құрылымдық бөліктеріне түрлі
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
69
блоктық тақырыптар бөлу арқылы баяндаудың логикасын түсінуге, жалпы
мәтіннің мазмұнын есте сақтауға көмектеседі. Ақпараттық мазмұндаудың
негізгі формаларын былайша саралауға болады:
1. Мәтіннің мазмұнын толық сақтау арқылы ақпараттау.
2. Мазмұндау барысында лексикалық материалдың кейбір бөлігін
синонимдермен алмастыру.
3. Қысқаша ақпарат.
4. Пайымдау ақпарат.
5. Логикалық байланысы бұзылған мәтіндерді қалыптастырып,
ақпараттау.
Ақпараттық мазмұндау формалары арқылы магистрант кәсіби
мазмұндағы мәтіннің нақты түсінігін қалыптастырады, өз ойын дәлелдей
білу дағдысы мен іскерлігін дамытады.
Кәсіби тілдік білімді жетілдіру жүйесінің тағы бір тиімді жолы –
пайымдау. Пайымдау – мәтіннің негізгі өзегін, мазмұнын игерту болып
саналады. Ол үшін магистранттар ауызша да, жазбаша да жұмыс жасап,
төмендегідей іскерліктерді қалыптастырады:
Кәсіби мәтіндегі ойды айтудың тақырыбын талдау;
Сөйлеудің нақты түрін құру яғни талқыланған затты жан–жақты
қарастырып, біреуін таңдау;
Негізгі мағынаны қысқа әрі нақты құру;
Дәлелдеудің жүйесін құру;
Талқылаған мәселені қорытындылау;
Айтылған мәселеге өзінің ғылыми көзқарас – пікірі;
Тілдік құралдарды айтылым, жазылым үрдісінде сауатты қолдана
білу.
Кәсіби мәтінді мазмұндауға үйрету жұмысы белгілі бір жүйемен
жүргізілу қажет. Магистрант оқыған кейбір нысанды жаттап, түсініп, есінде
қалдыра білу мүмкіндігімен ерекшелену керек. Егер ол ақпараттағы сөйлемді
жатқа қайыра айтып бере алмаса, жеке сөздердің түсінуі мен түсінбеуіне назар
аударылып, түсініксіз сөздің мәні анықталады. Мұндайда жеке сөйлемдердегі
ой – пікірлерді есіне сақтап, ретімен айтып беру талап етіледі. Жеке сөйлемнің
мағынасын түсініп, жаттап алу дағдысы қалыптастырылады.
Сонымен қатар сабақта үнемі ақпараттық формуласы бар салыстырмалы
кестелерді пайдалануға болады. Грамматикадан берілетін мағлұматтарды
бекітіп, дұрыс жазуға дағдыландыру үшін төмендегідей жаттығу
жұмыстарының жүргізілгені құп болады.
1. Сұрақтар бойынша сөйлем құрастыру.
2. Аяқталмай қалған сөйлемдерді, сөздерді толықтырып жазу.
3. Көп нүктенің орнына мамандыққа қатысты сөздерді қатыстырып,
сөйлем құрастыру.
Вестник ПГУ №4, 2010
70
4. Мамандыққа қатысты жеке–жеке берілген сөздерден сөйлем
құрастыру.
5. Жалғау, жұрнақтары көрсетілмеген сөйлемдерді дұрыс жазу.
6. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастыру.
7. Өзін–өзі сыни тұрғыдан тексеру бағытындағы кешенді жатжазу
жұмысы.
8. Орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға аудару.
9. Берілген сөздерді ауызша немесе жазбаша жіктеу, септеу.
Байланыстырушы мәтіндермен жұмыс істеу магистранттардың сөйлем,
мәтіндік бірлік сияқты байланыстырушы тілдік бірліктерді тиімді игеру
дағдысын дамыту үшін керек. Бұған қоса магистранттардың сөйлеу мәнері,
сөздің астары мен мағынасы сияқты экстролингвистикалық бірліктерді
қалыптастыруға ықпал етеді. Осы ретте білім мазмұнының топтастыру
стратегиясын құрып, тест – интервью мүмкіндігін жасауға болады.
Мысалы, экономика мамандығына байланысты мынадай ақпараттық білім
бақылауының кестесін ұсынуға болады. Бұл кесте арқылы магистрант өзінің
мамандығына қатысты тілдік білімін жүйелендіріп, өзін тексере алады.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
71
Топтастыру стратегиясы
Банк
Қосымша қызметі қандай?
Ықтимал жауап:
Несие береді
Не істейді?
Ықтимал жауап:
шетел валютасымен жұмыс
істейді
Мамандыққа қатысты
мəтін мазмұны
Қандай қызмет
жасайды?
Кəсіптік тірек
сөздер, ресурсы
қандай?
Мəтіндегі сөздер
полисемиясы
Кəсіби тілдің
қолдану ортасы
мен өрісі
Кəсіби тілдің
сөздік қоры
Мəтіндегі кəсіби
сөздердің қолдану
жиілігі
Не береді?
Ықтимал жауап:
клиенттерге кепілдік береді
Не сатады?
Ықтимал жауап:
акция сатады
Не ашады?
Ықтимал жауап:
есеп шотын ашады
Нелері бар?
Ықтимал жауап:
депозиттері бар
Кәсіби қазақ тілін магистранттарға оқытуда, білім алушылардың
тұлғалық дамуындағы психологиялық ерекшеліктерін ескертуде
мол мүмкіндікке жол ашатын білімдендірудің бірі – ақпараттық
жүйенің құралдары. Осы орайда, біз оқытуды компьютерлендіру үрдісін
магистранттардың ғылыми жеке тұлға ретінде дамуына, оның субъективті
көзқарасының қалыптасуына өзіндік танымының, шығармашылық ізденісінің
ашылуына түрткі болатын, жеке тұлғалы-әрекетті қатынас шеңберінде
қарастыру керектігін өз жұмысымызға арқау етеміз. Компьютерлік оқыту
технологиясы белгілі бір мақсатты көздей отырып, пайдаланылғаңда:
ынталық, ақпаратты, қарым-қатынасты, дамытушы, бақылаушы және тағы
басқа көптеген педагогикалық мүмкіндіктер жиынтығы жүзеге асырылады.
Бұл компьютермен оқыту жағдайындағы магистранттың дербес іс-әрекетін
Вестник ПГУ №4, 2010
72
басқарудың маңызды бір аспектісі болып табылады. Қазіргі уақытта
ғалымдар іс-әрекет категориясының білім алуда методологиялық маңызын
баса көрсетеді. А.М. Леонтьев, П.Я. Гальперин, Л.С. Выготский, т.б. ғалымдар
еңбегіңде жеке тұлғаның іс-әрекетінің дамуы, оны жүзеге асыруы оның
алдына қойған мақсаттарға жетудегі міндеттерді орындауға белсенділігімен
байланысты болады деген пікір айтылады. Оқытуда компьютерді қолдану
магистрант белсенділігін арттырады. Тіл үйренуге берілетін тапсырмаларды
өз бетімен орындауға, белгілі бір проблемалық жағдаяттарды шешуге
деген талпыныс белсенділігін оятады. Білім алушының ойлау әрекетін тіл
меңгеруге қарай бағыттауда оқытудың нақты мақсаты айқын анықталуы
қажет. Бағдарламалап оқытудың басты бөліктері, яғни:
- басқарылатын объект (магистрант),
- кезең-кезеңмен жүзеге асырылар бағдарлама,
- жүйелі кері байланыс,
- басқарудың оқу үрдісінде болуы білімгерлердің өз бетімен компьютер
арқылы тіл меңгерулерін қамтамасыз ету кәсіби қазақ тілінің абыройлы
міндеті деп санаймыз. Қорыта келгенде, білім мазмұнының нәтижелілігі
үшін бұл қатысымдық бағыттағы жұмыстар жақсы нәтижелер беретінін
дәлелдеді.
әдебиеттер:
1. Тілеуова С. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2004. - 140 б.
2. Махмудов М.И. Современный урок. – М.: «Педагогика» , 1999.
3. Букенова Ж. «Кәсіби қазақ тілін меңгертуде копьютерлік оқыту
технологияларды қолдану негіздері». «Ұлағат» ғылыми-психологиялық және
педагогикалық басылым. 3. 2008.
Резюме
В данной статье рассматривается обучающая основа
информационных знаний по профессиональному казахскому языку, а
также сделан анализ методики преподавания этой системы.
Resume
The article studies the teaching basis of the professional Kazakh
language informational knowledge. The analysis of the system teaching
techniques is also introduced here.
Document Outline - 2010_№4_Часть65
- 2010_№4_Часть66
- 2010_№4_Часть67
- 2010_№4_Часть68
- 2010_№4_Часть69
- 2010_№4_Часть70
- 2010_№4_Часть71
- 2010_№4_Часть72
Достарыңызбен бөлісу: |