ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
31
3-тарау
ДЕМОГрАФИЯЛЫҚ МӘЛіМЕТТЕр
ЖӘНЕ ОСАЛДЫҚТЫң ТүрЛЕрі
Бұл бөлімде балалар/жасөспірімдердің іріктелуі, оған қоса осал балалардың, адам
саудасының құрбандарының және секс-жұмыскерлердің санатқа бөлінуі сипатта-
лады. Сондай-ақ, бұл бөлімде туып-өскен жерін, өмір сүру жағдайларын, үйден кету
тәжірибесін, үйден кетуге әсер еткен итермелеуші және қызықтырушы факторлар-
ды қоса алғанда жалпы демографиялық мәліметтер көрініс тапқан. Осы талдау ая-
сында әлеуметтік жағынан осал балалардың, адам саудасының құрбандары мен
секс-жұмыскерлердің арасындағы маңызды салыстырулар жасалған.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
32
БАЛАЛАр/ЖАСөСПіріМДЕр
САНАТТАрЫ
Балалармен/жасөспірімдермен 571
тереңдетілген сұхбат өткізілді. Әрбір сұхбат же-
ке-жеке оқылып, оқиға мазмұнының негізінде үш
санаттың біріне жатқызылды:
•
әлеуметтік жағынан осал бала —
өміріне,
саулығына немесе дамуына бір
немесе бірнеше факторлардың, соның
ішінде, басқалармен қатар, кедейліктің,
ата-анасының/қамқоршысының дүние
салуының немесе баладан бас тартуының, ата-
анасының/қамқоршысының ауыр созылмалы
ауруларының, ата-анасының/қамқоршысының
ішімдікті және/немесе есірткі заттарды асы-
ра қолдануының, балаға қатігездік жасаудың
және қараусыз қалдырудың, баладағы тәни
және/немесе ақыл-ой мүгедектігінің, негізгі
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік
болмауының салдарынан қауіп төнген, жасы
18-ге толмаған бала. Іріктеу үйлерін тастап
кеткен және көшеде өмір сүретін немесе соңғы
бірнеше күн, апта немесе айларда балалардың
өмір сүруіне арналған мекемелерге түскен осал
балаларға әдейілеп арналған.
• Адам саудасының құрбаны —
адам
саудасы туралы БҰҰ хаттамасына сәйкес
адамның басынан
өткен жағдайлары төменде
көрсетілген үш құрамдас бөліктен тұратын
болса, ол адам саудасының құрбаны болып
саналады. Бұл элементтер мыналар:
• іс-әрекет –
адамдарды жұмысқа тар-
ту, тасымалдау, табыстау, жасыру немесе
қабылдау;
• құралдар –
қоқан-лоққы көрсету немесе
күш жұмсау, мәжбүрлеу, зорлықпен ұрлау,
алаяқтық, алдау, күшін немесе осалдығын
асыра қолдану, ақы төлеу немесе адам
саудасы құрбанын бақылауында ұстаған
адамға пайда келтіру;
• мақсат –
қанаушылық мақсатымен, соның
ішінде басқа адамдарды зинақорлыққа
қолдану,
жыныстық қанаушылық, еңбек
етуге мәжбүрлеу, құлдыққа салу немесе
осыған ұқсас іс-әрекеттер, сонымен бірге
дене мүшелерін алу мақсаты.
• Секс-жұмыскер
–
басынан өткен
жағдайлардың ішінде немесе жыныстық
қызмет саласына түсу жолында оны адам
саудасының құрбаны санатына жатқызатын
құрамдас бөліктердің бір де бірі болмаған,
ақылы жыныстық қызметтер көрсететін адам.
Сұхбат мәліметтері сүйене отырып, негізінен
әлеуметтік жағынан осал балалардың, адам
саудасының құрбандарының және секс-
жұмыскерлердің арасындағы айырмашылық
жоқтың қасында деп айтуға болады. Нақтырақ
айтар болсақ, көптеген әлеуметтік жағынан
осал балалар адам
саудасының құрбанына және
секс-жұмыскерлерге айналған. Көптеген адам
саудасының құрбандары әлеуметтік жағынан
осал балалар болған және де көбісі ақылы
жыныстық қызметтер көрсеткен. Көптеген секс-
жұмыскерлер әлеуметтік жағынан осал балалар
болған, сондай-ақ іс жүзінде адам саудасының
құрбандары болған. Көп жағдайда респондент-
тер тәжірибесін толықтай түсіну үшін сұхбатты
бірнеше рет оқып шығу қажет болды, сонымен
қатар санатты дұрыс анықтаудан бұрын SPSS
мәліметтер базасымен салыстыру қажет болды.
Бұдан бұрын айтылғандай, 571 тереңдетілген
сұхбат жүргізілген болатын; алайда 103 сұхбат
(18%)
алынып тасталды, себебі респонденттер
әлеуметтік жағынан осал бала, адам саудасының
құрбаны және секс-жұмыскер атты үш санаттың
біріне де жатпаған.
3.1-кестеде құрамында 259 әлеуметтік жағынан
осал бала (55.3%), 103 адам саудасының
құрбандары (22.0%) және 106 секс-жұмыскерлер
(22.6%) бар 468 баладан/жасөспірімнен тұратын
іріктеуге сипаттама берілген.
3.1-кесте. Балалар/жасөспірімдер санаты
Саны=468
Саны
%
Әлеуметтік жағынан осал
балалар
259
55,3
Адам саудасының құрбандары
103
22,0
Секс жұмыскерлер
106
22,6
Сұхбат алынған 103 адам саудасының
құрбандарының құрамынан 65.0% ішкі адам
саудасының құрбандары болса, тек 35.0% ғана
халықаралық
адам саудасының құрбандары
болған (31.1% Қазақстанға шет елден әкелінген,
ал 3.9% Қазақстаннан шет елге тасымалданған).
Осы есептегі мәліметтер бүкіл іріктеу бой-
ынша және әрбір өлшем бойынша талдана-
ды, әлеуметтік жағынан осал балалардың,
адам саудасының құрбандарының және секс-
жұмыскерлердің арасында маңызды салы-
стырулар жүргізіледі; мұндай салыстырулар
әзірлеушілер мен мамандарға балалардың/
жасөспірімдердің осалдығы мен тәжірибесін
түсінуге, бұл салыстырулардың балалардың
адам саудасына, қанаушылыққа ұшырауы және
тәуекелмен байланысты қызметке тартылу
жолдарының маңызды болжаушысы болып та-
былатынын түсінуге мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
33
іріКТЕу ТОБЫНЫң
ДЕМОГрАФИЯЛЫҚ МӘЛіМЕТТЕрі
3.2-кестеде жеті қаланың әрқайсысында сау-
алнама алынған балалардың/жасөспірімдердің
саны мен сұхбат алынған жері көрсетілген.
Сондай-ақ, кестеде
жалпы іріктеу бойынша
алынған мәліметтер, әлеуметтік жағынан осал
балалардың, адам саудасының құрбандарының
және секс-жұмыскерлердің жекелеген топтары
бойынша мәліметтер берілген.
Айта кетерлік жайт, адам саудасының
құрбандарының 28.2% адам саудасының
құрбандарына арналған үкіметтік емес
ұйымдарда сауалнама алынған; бұл ретте 39.8%
үкіметтік емес ұйымдар арқылы табылған, ал
10.7% Жыныстық жолмен берілетін аурулардың
алдын алу және дерматология орталығында
сауалнама алынған, 9.7% ЖИТС алдын алу
және оған қарсы күрес орталықтарында,
6.8% полиция бөлімшелерінде/полиция
бөлмелерінде, 4.9% Кәмелетке толмағандардың
бейімделі орталықтарынан сауалнама алын-
ды. Бұл мәліметтер сұхбат мәліметтерімен бірге
көптеген адам саудасының құрбандарының
үкіметтік немесе үкіметтік емес ұйымдармен
байланысқандарына қарамастан,
ешқашан
да осы ұйымдар арқылы адам саудасының
құрбаны ретінде анықталмағанының көрінісі
болып табылады. Іс жүзінде, адам саудасының
құрбаны болған кейбір балалар Кәмелетке
толмағандардың бейімделі орталықтарынан
табылған; олар балалық шақты қорғау жүйесі
әлеуметтік жағынан осал балалар ретінде бұрыс
санатталған. Оған қоса, адм саудасының кейбір
құрбандары үкіметтік емес ұйымдармен және
полициямен байланысына қарамастан әлі де
болса жыныстық қанаушылық немесе еңбекпен
қанаушылық жағдайында болды.
3.2-кесте. Сұхбат алынған орын
Сауалнама
алынғандардың
жалпы саны
Саны=468
Осал балалар
Саны=259
Адам
саудасының
құрбандары
Саны=103
Секс-
жұмыскерлер
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Қала
Алматы
128
27,4
56
21,6
36
35,0
36
34,0
Астана
33
7,1
9
3,5
23
22,3
1
0,9
Атырау
9
1,9
8
3,1
1
1,0
0
0,0
Қарағанды
66
14,1
46
17,8
9
8,7
11
10,4
Көкшетау
38
8,1
20
7,7
4
3,9
14
13,2
Шымкент
91
19,4
46
17,8
20
19,4
25
23,6
Өскемен
103
22,0
74
28,6
10
3,9
19
17,9
Сұхбат алынған орын
ҮЕҰ жанындағы адам
саудасының құрбандарына
арналған баспаналар
31
6,6
1
0,4
29
28,2
1
0,9
ҮЕҰ
91
19,4
18
6,9
41
39,8
32
30,2
Кәмелетке толмағандардың
бейімделу
орталықтары
101
21,5
96
37,1
5
4,9
0
0,0
Девиантты мінез-құлықты
балаларға арналған арнайы
білім беру ұйымдары
101
21,5
101
39,0
0
0,0
0
0,0
Жыныстық жолмен берілетін
аурулардың алдын алу және
дерматология орталықтары
68
14,5
6
2,3
11
10,7
51
48,1
ЖИТС алдын алу және оған
қарсы күрес орталықтары
26
5,6
0
0,0
10
9,7
16
15,1
Полиция бөлімшелері / поли-
ция учаскелері
50
10,7
37
14,3
7
6,8
6
5,7