ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
8
ХАЛЫҚАрАЛЫҚ КЕңЕСШі ТурАЛЫ
Доктор Робин Хаарр 15 жылдан астам уақыт бойы зерттеулер жүргізу және
ситуациялық талдау, мониторинг және бағалау, саясат пен бағдарламаларға
ұсынымдар әзірлеу, кәсіби есептерді дайындау және әлеуетті жетілдіруге
бағытталған тренингтер өткізу жұмыстары бойынша ұйымдармен және мемлекеттік
органдармен бірігіп жұмыс атқарып келеді. Доктор Хааррдың балалар мен әйелдерге
қатысты зорлық-зомбылық, адамдар саудасы мен қанаушылық мәселелері, қылмыс
құрбандарына қолдау көрсету қызметтерін әзірлеу, баланы қорғау жүйесі, әділет ор-
гандарына қол жетімділік пен әділет жүйесінің жауап шаралары, сондай-ақ әйелдер
мен балалар құқықтары мәселелері саласында тәжірибесі мол.
Бұл салалардағы
қызметін ол ЮНИСЕФ, БҰҰДБ, БҰҰ-Әйелдер, ХЕҰ, ЕҚЫҰ, ЮСАИД, Ынтымақтастық
жөніндегі Швейцария бюросымен, АҚШ Сыртқы істер министрлігімен/АҚШ
елшіліктерімен біріге отырып атқарды. Доктор Хаарр Азияда, ТМД елдерінде, Орталық
және Шығыс Европа елдерінде, сондай-ақ Африкада жұмыс жасаған. Оның осы іске
деген адалдығы мен әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, жыныстық
белгілер бойынша зорлық-зомбылық, адам саудасы және қанаушылық мәселелері
бойынша, сонымен қатар қылмыс құрбандарына қолдау көрсету және де олардың
әділет органдарына қол жетімділігін қамтамасыз ету қызметтерін әзірлеу бойынша
атқарылатын қызметті басқаруы қазіргі уақыттағы
балалар мен әйелдерге, отба-
сылар мен қауымдарға оңтайлы ықпал ететін маңызды заңнамалық реформалар
мен бағдарламалардың әзірленуіне септігін тигізді. Байланыс электрондық пошта
мекен-жайы: robinhaarr@yahoo.com.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
9
ЖИЫНТЫҚТАЛҒАН ЕСЕП
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (Омбудсмен мекемесі) ЮНИСЕФ-тің
және АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (ЮСАИД), Норвегияның Сыртқы істер
министрлігінің қаржылық және техникалық қолдауымен, сондай-ақ Халықаралық
көші-қон ұйымының көмегімен Қазақстанның 7 қаласындағы балалардың/
жасөспірімдердің осал санаттары туралы осы жан-жақты зерттеудің өткізілуін алға
тартты.
Осы зерттеу негізгі төрт мақсатқа жетуді көздеді:
•
балалардың/жасөспірімдердің осалдығы туралы, олардың үйден кетуіне себеп
болатын итермелеуші және қызықтырушы факторлар туралы, адам саудасы мен
жыныстық қанаушылық саласына түсу жолдары туралы көбірек ақпарат алу;
•
жыныстық қанаушылық мақсатымен балалардың/жасөспірімдердің ішкі са-
удасы туралы, сонымен бірге осы сауда жолының
бағыттары туралы көбірек
ақпарат алу;
•
әлеуметтік жағынан осал балалардың/жасөспірімдердің және жыныстық
қанаушылық пен адам саудасына ұшыраған балалардың/жасөспірімдердің
тәуекелді қызметке тартылуы туралы көбірек ақпарат алу;
•
жыныстық қанаушылық пен адам саудасына ұшыраған әлеуметтік жағынан
осал балалар үшін балаларды қорғау жүйесінің және құрбандарға көмек көрсету
қызметтерінің қол жетімділігі туралы көбірек ақпарат алу және балаларды қорғау
жүйесінің, сондай-ақ құрбандарға көмек көрсету қызметтерінің кемшіліктерін
анықтау.
Бұл зерттеу оның нәтижелері балалық шақты қорғау жүйесін жетілдіру және
балалардың тәуекелді мінез-құлықтарына, адамдар саудасы мен жыныстық
қанаушылыққа қатысты осалдығын төмендету қызметінде Үкіметті ақпараттандыру
және қолдау мақсатында қолданылатындай арнайы Қазақстан үшін жүзеге асырылды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
10
ЗЕрТТЕу ЖОБАСЫ
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың
(Омбудсмен мекемесі)
келісімі бойынша осы
зерттеуді Қазақстанның жеті қаласында, айталық,
Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау,
Шымкент және Өскемен қалаларында өткізу
шешімі қабылданды. Осы зерттеу жобасының
құрамына 9 және 17 жас аралығындағы
әлеуметтік жағынан осал балалармен, жыныстық
қанаушылыққа ұшыраған қыздармен, 11 және
23 жас аралығындағы секс-жұмыскерлермен,
жеті қаланың әрқайсысындағы барлық
жастағы адамдар саудасының құрбандарымен
тереңдетілген сұхбаттар кіреді.
Іріктеу тобы бірқатар мекемелердің арасынан
анықталды, ол мекемелердің құрамына мына-
лар кіреді: үкіметтік
емес ұйымдар жанындағы
адамдар саудасының құрбандарына арналған
паналар; Кәмелетке толмағандарды бейімдеу
орталықтары (ҚР БҒМ); девиантты мінез-
құлықты балаларға арналған арнайы білім
беру ұйымдары (ҚР БҒМ); жыныстық жолмен
берілетін аурулардың алдын алу және дермото-
логия орталықтары (ҚР ДМ); және де көше бала-
ларымен, секс-жұмыскерлермен және адамдар
саудасына тартылған тұлғалармен жұмыс жасай-
тын үкіметтік емес ұйымдар арқылы.
Құрылымдалған тереңдетілген сұхбаттар әрбір
респондентпен өткізілді. Сұхбат барысында ре-
спондентке бастан кешкен көші-қон тәжірибесі
мен бағыт-бағдарды есіне түсіруге көместесу
мақсатында Қазақстанның географиялық карта-
сы мен Орталық Азия елдерінің әрқайсысының
картасы қолданылды.
ДЕМОГрАФИЯЛЫҚ МӘЛіМЕТТЕр
МЕН ОСАЛДЫҚ
БАЛАЛАр/ЖАСөСПіріМДЕр САНАТТАрЫ
1-кестеде құрамына 259 әлеуметтік жағынан
осал балалар (55.3%), 103 адамдар саудасының
құрбандары (22.0%) және 106 секс-
жұмыскерлер (22.6%) кіретін 468 баланың/
жасөспірімдердің ішінен соңғы іріктеуге сипат-
тама берілген. Сауалнама өткізілген 103 адам
саудасының құрбандарының ішінде 65,0%
ішкі адам саудасының құрбандары, тек 35,0%
халықаралық адам саудасының құрбандары
болды (31,1% Қазақстанға шетелдерден
әкелінген және 3,9% Қазақстаннан шетелдерге
шығарылған).
1-кесте. Балалар мен жасөспірімдер
санаттары
Саны=468
Саны
%
Әлеуметтік жағынан осал
балалар
259
55,3
Адам саудасының
құрбандары
103
22,0
Секс-жұмыскерлер
106
22,6
Әлеуметтік жағынан осал бала —
өміріне, саулығына немесе дамуына бір не-
месе бірнеше факторлардың, соның ішінде,
басқалармен қатар, кедейліктің, ата-анасының/
қамқоршысының дүние салуының неме-
се
баладан бас тартуының, ата-анасының/
қамқоршысының ауыр созылмалы
ауруларының, ата-анасының/қамқоршысының
ішімдікті және/немесе есірткі заттарды асы-
ра қолдануының, балаға қатігездік жасаудың
және қараусыз қалдырудың, баладағы тәни
және/немесе ақыл-ой мүгедектігінің, негізгі
мұқтаждықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік
болмауының салдарынан қауіп төнген, жасы
18-ге толмаған бала. Іріктеу үйлерін тастап кет-
кен және көшеде өмір сүретін немесе соңғы
бірнеше күн, апта немесе айларда балалардың
өмір сүруіне арналған мекемелерге түскен осал
балаларға әдейілеп арналған.
Адам саудасының құрбаны —
адам
саудасы туралы БҰҰ хаттамасына сәйкес
адамның басынан өткен жағдайлары төменде
көрсетілген үш құрамдас
бөліктен тұратын бол-
са, ол адам саудасының құрбаны болып санала-
ды. Бұл элементтер мыналар: іс-әрекет – адам-
дарды жұмысқа тарту, тасымалдау, табыстау,
жасыру немесе қабылдау; құралдар – қоқан-
лоққы көрсету немесе күш жұмсау, мәжбүрлеу,
зорлықпен ұрлау, алаяқтық, алдау, күшін не-
месе осалдығын асыра қолдану, ақы төлеу не-
месе адам саудасы құрбанын бақылауында
ұстаған адамға пайда келтіру; мақсат –
қанаушылық мақсатымен, соның ішінде басқа
адамдарды зинақорлыққа қолдану, жыныстық
қанаушылық, еңбек етуге мәжбүрлеу, құлдыққа
салу немесе осыған ұқсас іс-әрекеттер.
Секс-жұмыскер –
басынан өткен
жағдайлардың ішінде
немесе жыныстық қызмет
саласына түсу жолында оны адам саудасының
құрбаны санатына жатқызатын құрамдас
бөліктердің бір де бірі болмаған, ақылы
жыныстық қызметтер көрсететін адам.